Бірқатар пайдалы шай түрлерін ішіп, тұрақты түрде салауатты өмір салтын ұстаса арықтауға әбден болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аргументы и факты басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Нутрициолог Екатерина Кузина арықтауға көмектесетін 6 шайдың түрін айтты.

"Зімбір шайы қабынуға қарсы қасиетке ие және зат алмасуды жақсартады. Бір кесе зімбір шайына бір шай қасық бал мен лимон шырынын қосып ішсеңіз ас қорытуыңыз жақсарып, тәбетіңізді ретке келтіресіз. Зімбір шайын салқын күйде де, ыстық күйде де іше беруге болады. Көбіне зімбір шайын “күш беретін шай” деп атайды және оны кофенің орнына ішіп жатады. Өйткені ол бой сергітетін қасиетке ие", — дейді маман.

Жасыл шай ағзадағы метаболикалық процестердің белсенді жұмыс істеуіне және метаболизмді дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, жасыл шай несеп айдайтын қасиетке ие. Осылайша шайдың бұл түрі денеден артық заттарды шығарып тастайды.

Айта кететін жағдай, егер жасыл шайға аздап майсыз сүт қоссаңыз оның диуретикалық (несеп айдау) әсері артады.

  • Мамандар дұрыс тамақтану туралы қалыптастқан қате түсініктерді анықтады
  • Дәрігер қысқа толқынды пеште жылытуға болмайтын 5 өнімді атады
  • Танымал сусын өмірге қауіпті болып шықты

Арнайы шикізаттан өндіріліп, ашытылған пуэра шайы ішек жолдарының жұмысын жақсартып, іште жиналған майдан арылуға көмекеседі.

Сонымен қатар ол қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді, тәбетті айтарлықтай төмендетеді. Шығыс елдерінің халқы пуэро шайын жылы күйінде ішеді. Шайды ыстық күйінде ішіуге кеңес бермейді.

Артық салмақтан арылғыңыз келсе тамақтан жартысағат бұрын бір кесе пуэро шайын ішіңіз немесе шайды түскі я кешкі аспен алмастырғаныңыз жөн.

Жалбыз шайы да айтарлықтай пайдалы. Оның құрамында ментол бар, ол өт жұмысын жақсартады және денедегі майлардың ыдырауына ықпал етеді.

Сондай-ақ жалбыздан жасалған шай ісінуді басып, ішектегі шіру және ашу процестерін тежейді. Жалбыз шайы тәттіге құмарлықты деген басып көмектесіп, тәбетті төмендетеді.

Гүлшетен ағзадағы майды кетіретін шөп болып саналады. Гүлшетеннен жасалған шай метоболизмді жақсартатын биологиялық белсенді заттарға бай. Ол метеоризмді емдеп, несеп айдайтын қасиетке ие. Гүлшетен шайын таңертең аш қарынға немесе әр тамақ ішкеннен кейін ішу керек. 

Улун шайын таңғажайып түсіне байланысты нефрит шайы деп атайды. Сүтті улун шайы сүт ферменттерімен өңделген тұтас жапырақтардан жасалады. Ол шайға ерекше нәзіктік пен керемет дәм береді. Атамыш шай бауыр қызметі мен метаболизмді жақсартуға көмектесетін белсенді заттар бар. 

Сарапшылар шайды сусынның дәмін сақтай алатын саз немесе фарфор ыдыстарда қайнатуға кеңес береді. Улун шайын күннің бірінші жартысында және ұйқыға жатар алдында кемінде үш сағат бұрын ішу керек.

Бұған дейін психолог әйелдердің не себепті жоқ жерден ұрыс шығаратынын түсіндірді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.