Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы



бет1/308
Дата02.01.2022
өлшемі11.05 Mb.
#320
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   308


Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 қарашада № 9902 тіркелді

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
      3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. «Спортшылар үшін төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 303 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8717 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159), «Казахстанская правда» 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 282 (27556) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің


      міндетін атқарушы                                   Т.Есентаев

Қазақстан Республикасы       


Мәдениет және спорт министрінің м.а.
2014 жылғы 28 казандағы       
№ 56 бұйрығына қосымша       

Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптары

1 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ ЖӘНЕ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағы

      1. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген және келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
      ересектер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-3 орынды иеленсе;
      ересектер арасындағы Әлем чемпионаттарында 1-2 орынды немесе екі рет 3 орынды иеленсе;
      2. Ойын спорты түрлерінен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
      Олимпиада ойындарында және әлем чемпинаттарында (ойын спорты түрлерінен) ақтық сынға немесе УЕФА және Еуропа лигасының ересектер арасындағы топтық турниріне шыққаны үшін.
      3. Олимпиадалық емес спорт түрлерінен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
      Әлем чемпионатында ересектер арасында 1 орынды үш рет иеленсе.
      4. Мүгедек спортшылар арасында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағымен келесі талаптарды орындаған спортшылар марапатталады:
      Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда 1-3 орын.
      Спортттық атақпен марапаттау қайта жүргізілмейді.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы»



      Біліктілік талаптары: олимпиадалық спорт түрлері бойынша төмендегі талаптардың бірін орындаған спортшымен (спортшылармен) кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар:
      ересектер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-3 орын иеленген бір спортшыны даярлау;
      немесе ересектер арасында әлем чемпионатында 1-3 орын иеленген бір спортшыны даярлау;
      немесе әлем кубогі финалында (кезең қосындысы немесе финал) 1 орын алған бір спортшыны даярлау;
      немесе Дүниежүзілік универсиадада 1 орын алған бір спортшыны даярлау;
      немесе Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында 1 орын алған бір спортшыны даярлау;
      немесе жастар (юниорлар) арасындағы әлем чемпионатында 1 орын алған бір спортшыны даярлау;
      немесе жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 1 орынды иеленген екі спортшыны немесе екі рет 1 орынды иеленген бір спортшыны даярлау;
      немесе ересектер арасындағы жазғы және қысқы Азия ойындарында (Азия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлерінен) 1 орын иеленген бір спортшыны даярлау.
      Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорттық атағымен кемінде 20 мемлекет өкілдері қатысқан жарыстарда төмендегі нәтижелерге қол жеткізген спортшыны даярлағаны үшін беріледі:
      ересектер арасындағы әлем чемпионатында 1 орынды иеленген үш спортшыны немесе үш рет 1 орын алған бір спортшыны даярлау;
      жастар (юниорлар) арасындағы әлем чемпионатында 1 орынды иеленген үш спортшыны немесе үш рет 1 орын алған бір спортшыны даярлау;
      немесе Паралимпиадалық немесе Сурдлимпиадалық ойындарда 1-3 орын иеленген 1 спортшыны даярлау;
      немесе мүгедектердің Азия және Дүниежүзілік ойындарында немесе мүгедектер арасындағы әлем чемпионаттарында 1 орын иеленген бір спортшыны даярлау.
      Ойын спорты түрлері бойынша (олимпиадалық, олимпиадалық емес) спорттық атағы төмендегі талаптардың бірін орындаған спортшыларды (кемінде 3 спортшы) немесе командаларды даярлағаны үшін:
      ересектер арасындағы Олимпиада ойындарында және әлем чемпинаттарында (ойын спорты түрлерінен) ақтық сынға немесе УЕФА (UEFA) клубтар жарысының топтық кезеңіне шықса;
      немесе ересектер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-6 орын;
      немесе жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-3 орын;
      немесе ересектер арасындағы әлем чемпионатында 1-3 орын;
      немесе ересектер арасындағы Азия чемпионатында 1 орын;
      немесе 18 жасқа дейінгі жасөспірмдер мен қыздар арасындағы әлем чемпионатындағы жоғары дивизионда 1-3 орын немесе бірінші дивизионда 1 орын;
      немесе 20 жасқа дейінгі жасөспірмдер әлем чемпионатындағы жоғары дивизионда 1-5 орын немесе бірінші дивизионда 1 орын;
      немесе ересектер арасында Еуропа чеипионатында 1-3 орын;
      немесе дүниежүзлік универсиадада немесе студенттер арасындағы әлем чемпионатында 1-3 орын;
      немесе ересектер арасында Азия ойындарында 1-3 орын иеленсе беріледі.
      Ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық атағы жоғары дәрежелі спортшылар даярлағаны үшін, ұлттық спорт түрлерін дамытуға, насихаттауға және халықаралық спорттық аренаға енгізгені үшін немесе төмендегі нәтижелерге қол жеткізгені үшін беріледі:
      ересектер арасындағы әлем чемпионатында 1 орын иеленген бір спортшыны даярлау;
      немесе ересектер арасында көкпардан Азия чемпионатында 1 орын;
      немесе ересектер арасында аударыспақтан Азия чемпионатында 1 орын
      Бір спортшы үшін спорттық атағы бір уақытта «алғашқы» жаттықтырушысына және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының тізіміне (бұдан әрі-тізім) сәйкес жаттықтырушысына беріледі.
      Халықаралық спорт аренасында қазақстандық спорттың атағын арттыру мақсатында спорттық атақ төмендегі критерийлерді сақтаған кезде көпжылдық сәтті оқу-жаттығу және тәрбиелік жұмысы үшін спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушыларға, Қазақстан құрама командаларының, спорттық қоғамдардың, ведомстволардың және клубтардың жаттықтырушыларына беріледі:
      спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу жұмысының өтілі кемінде 25 жыл;
      жаттықтырушы-оқытушы спортшылармен кемінде 3 жыл жұмыс істеген 10 жас спортшыны басқа жаттықтырушыға бұдан әрі спорттық жетілдірілуіге даярлауға беріп, кейіннен олардан үздік спортшылар шыққаны үшін.
      Спортшы белгіленген талаптарды қайта орындаған жағдайда, тізімге сәйкес басқа да жаттықтырушыларға спорттық атағы беріледі.
      Спорттық атағымен марапаттау қайта жүргізілмейді.

«Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық атағы

      1. Кемінде 20 елдің өкілдері қатысқан жарыстарға қатысу кезінде келесі талаптарды орындаған олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортшыларға беріледі:
      ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында 1-2 орын;
      ардагерлер арасындағы Азия чемпионатында 1орын.
      2. Кемінде 20 елдің өкілдері қатысқан жарыстарға қатысу кезінде келесі талаптарды орындаған олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортшыларға беріледі:
      ардагерлер арасындағы әлем чемпионатын1 орын;
      ардагерлер арасындағы Азия чемпионатында екі рет 1 орын.

2 БӨЛІМ.ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ

БАДМИНТОН

      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері


      Келесі орындарды иеленгенҚазақстан Республикасының ұлттық команда құрамына кіру:
      Олимпияда ойындарында 1-6 орын;
      Әлем чемпионатында 1-5 орын;
      Азия ойындары мен Азия чемпионатында 1-3 орын;
      Әлемдік жастар арасындағы біріншілігінде 1-3 орын;
      Азия жастар біріншілігінде 1 орын;
      Дүниежүзілік Универсиадада 1-2 орын;
      Әлем және Азия чемпионаттарында жеке категория бойынша жарыста 1-6 орындар;
      Әлем және Азия чемпионатттарында жұптық категория бойынша жарыста 1-4 орындар;
      Азия ойындарында жұптық және жеке категория бойынша 1-4 орындар;
      Әлемдік универсиадада жеке және жұптық категория бойынша 1-3 орындар;
      Жастар олимпиялық ойындарында 1-2 орындар;
      International Series, International challenge, гр.and Prix сериялары бойынша халықаралық турнирлердегі 1 орын.

Қазақстан Республикасының спорт шебері

      Қазақстан Спартакиадасы немесе Қазақстан Республикасының Кубогында командалық жарыста 1 орынды иеленген команданың құрамына кіру.
      ҚР Чемпионаты мен ҚР Спартакиядасында 1 - 3 орын жеке және 1 - 2 орын жұптық және жеке-командалық жарыста (ерлер, әйелдер, аралас);
      Қазақстан Республикасының Жастар чемпионатында жеке категория бойынша 12 орындар және жұп категориясы бойынша 1 орын;
      Қазақстан Республикасының жасөспірімдер Біріншілігінде жеке категория жарыстарында 1 орын.

Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат

      Қатысу: Қазақстан Республикасы чемпионаттарында, ҚР Кубогында (соның ішінде ашық), Қазақстан Республикасы Спартакиадасында 2-5 орындарды иеленген команда құрамында;
      Қазақстан Республикасының Жастар біріншілігінде 2-4 орындар, Жасөспірімдер Біріншілігінде 1 орын, Қазақстан Республикасы оқушылар Спартакиадасында 1-2 орындар.
      Орын алу:
      ҚР Чемпионаты мен ҚР Кубогында 4 - 12 орын жеке және 3-4 орын жұптық жарыста (ерлер, әйелдер, аралас);
      Жыл бойында СШК-ді 12 жеңсе және СШК-ді 8 жеңсе, 1-ші спорттық дәрежедегі спортшыны 8 рет жеңсе.

I разряд

      Жеңу: Жыл бойында 1дәрежедегі спортшыны 12 рет жеңсе және 1-2 дәрежедегі спортшыларды 16 рет жеңсе (8 жеңістен).

II разряд

      Жыл бойында II дәрежедегі спортшыны 12 рет жеңсе;
      Жыл бойында II дәрежедегі спортшыны 8 рет жеңсе, III дәрежедегі спортшыны 8 рет жеңсе.

III разряд

      Жыл бойында III дәрежедегі спортшыны 12 рет жеңсе
      Жыл бойында 3 дәрежедегі спортшыны 8 рет жеңсе, және I жасөспірім дәрежесіндегі спортшыны 8 рет жеңсе.

I жасөспірім разряды

      Жыл бойында I жасөспірім дәрежесіндегі спортшыны 12 рет жеңсе;
      Жыл бойында 1 жасөспірім дәрежесіндегі спортшыны 8 рет жеңсе және II жасөспірім дәрежесіндегі спортшыны 8 рет жеңсе.

II жасөспірім разряды

      Жыл бойында мектеп деңгейінен төмен емес турнирларда спортшылардың біліктілігіне қарамастан 15 рет жеңсе немесе 10 жаңа спортшылардың қатысуымен турнирде 1 орынды иелену.

БАСКЕТБОЛ

      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері
      Қазақстан Республикасы құрама командасының сапында төмендегі жарыстарға қатысу:
      Олимпиада ойындарында 1-10 орын;
      Әлем чемпионатында 1-8 орын;
      Дүниежүзілік Универсиадада 1-4 орын;
      Азия ойындары мен Азия чемпионатында 1-4 орын;
      Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 1-3 орын (16-22 жас аралығы);
      Жасөспірімдер командалары арасындағы Азия чемпионатында 1 орын (16-22 жас аралығы);
      Қазақстан Республикасының клубтық команда құрамында төмендегі жарыстарға қатысу:
      (Азия чемпиондарының кубогы):
      Клубтық командалар арасындағы Азия чемпионатында (Азия чемпиондарының кубогында)1-2 орын;

Қазақстан Республикасының спорт шебері

      Қазақстан Республикасы құрама командасының сапында төмендегі жарыстарға қатысу:
      Азия чемпионаты мен Азия ойындарында 5-8 орын;
      Жасөспірімдер командалары арасындағы Азия чемпионатында 2-4 орын (16-22 жас аралығы);
      Қарулы Күштер арасындағы әлем чемпионатында (CISM) 1-6 орын;
      Теміржолшылардың халықаралық спорттық одағының әлем чемпионатында (USIC) 1-3 орын;
      Келесі орындарды иеленген команда құрамында қатысу:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Лига чемпионатында 1-3 орын;
      Қазақстан Республикасының Спартакиадасында 1-3 орын;
      Қазақстан Республикасының Кубогында 1 орын;
      Клубтық командалар арасындағы Азия чемпионатында 3-4 орын;
      Жоғарғы Лига Қазақстан чемпионаттарының үздік он екі ойыншының тізіміне ену:
      Жоғарғы Лига чемпионы командасынан – алты адам;
      Жоғарғы Лига күміс жүлдегер командасынан – төрт адам;
      Жоғарғы Лига қола жүлдегер командасынан – екі адам.

Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат

      Келесі орындарды иеленген команда құрамында қатысу:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Лига чемпионатында 4-6 орын;
      Жоғарғы Лиганың Қазақстан Республикасы чемпионатында 1-3 орын;
      Қазақстан Республикасының Жастар чемпионатында 1-2 орын;
      Қазақстан Республикасының Оқушылар спартакиадасында, ҚР Жастар ойындарында 1-2 орын;
      Қазақстан Республикасының жасөспірімдер мен қыздар арасындағы чемпионатында 1орын (14 жастан бастап, балалар мен жасөспірімдердің баскетбол лигасы), кемінде алты команда қатысуымен;
      Республикалық Универсиадада немесе Қазақстанның студенттік ойындарында 1 орын;
      балалар үйлері мен интернаттар арасындағы ҚР чемпионатында 1 орын;

І спорттық дәреже

      келесі орындарды иеленген команда құрамында қатысу:
      Қазақстан Республикасының жасөспірімдер мен қыздар арасындағы чемпионатында (14 жастан бастап, балалар мен жасөспірімдердің баскетбол лигасы) 2-3 орындар, кемінде алты команда қатысуымен;
      балалар үйлері мен интернаттар арасындағы ҚР чемпионатында 2-3 орын;
      жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасы облыстарының, Астана мен Алматы қ.қ. біріншіліктерінде 1 орын, қатысушылардың жасы 14 жастан төмен емес және кемінде 6 команда қатысуымен;

ІІ спорттық дәреже

      жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасы облыстарының, Астана мен Алматы қ.қ. біріншіліктерінде 2 орын, қатысушылардың жасы 14 жастан төмен емес және кемінде 6 команда қатысуымен;

ІІІ спорттық дәреже

      жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасы облыстарының, Астана мен Алматы қ.қ. біріншіліктерінде 3 орын, қатысушылардың жасы 14 жастан төмен емес және кемінде 6 команда қатысуымен;

І жасөспірімдік спорттық дәреже

      ұлдар мен қыздар арасындағы кемінде 6 команда қатысуымен өткізілген Қазақстан Республикасы облыстарының, Астана мен Алматы қ.қ. біріншіліктерінде 1 орынды иеленген команда құрамында қатысу;

ІІ жасөспірімдік спорттық дәреже

      ұлдар мен қыздар арасындағы кемінде 6 команда қатысуымен өткізілген Қазақстан Республикасы облыстарының, Астана мен Алматы қ.қ. біріншіліктерінде 2 орынды иеленген команда құрамында қатысу;

ІІІ жасөспірімдік спорттық дәреже

      ұлдар мен қыздар арасындағы кемінде 6 команда қатысуымен Қазақстан Республикасы облыстарының, Астана мен Алматы қ.қ. біріншіліктерінде 3 орынды иелеген команда құрамында қатысу.

БОКС

      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері
      (ерлер) орын алу:
      Олимпиада ойындарында 1-6 орын;
      Әлем чемпионатында 1-3-ші орын және Әлем кубогының жеке және командалық есебінде 1-3-ші орын;
      Юниорлар арасындағы әлем чемпионатында 1-2-ші орын;
      Азия ойындарында 1-3-ші орын;
      Ересектер арасындағы Азия чемпионатында 1-ші орын;
      Бүкіләлемдік әскери спорттық ойындарда 1-2-ші орын;
      «А» дәрежесіндегі халықаралық турнирлерде жыл бойы 2 рет 1-ші орын;
      Жастар арасындағы Азия чемпионатында 1-ші орын және Юниорлар арасындағы әлем чемпионатында 3-ші орын;
      Әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында 1-ші орын;
      ӘБС нұсқасы бойынша Кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионатында 1-ші орын, кемінде 4 сайыс өткізуі шарт;
      ӘБС нұсқасы бойынша Кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионатында 1-2-ші орын, кемінде 4 сайыс өткізуі шарт.
      (әйелдер) орын алу:
      Олимпиада ойындарында 1-8 орын;
      Әлем мемпионатында 1-6-шы орын және Әлем кубогының жеке және командалық есебінде 1-3 орын;
      Жастар арасындағы әлем чемпионатында 1 орын;
      Азия ойындарында 1-3 орын;
      Ересектер арасындағы Азия чемпионатында 1-ші орын;
      «А» дәрежесіндегі 2 халықаралық турнирлерде 1 (3 сайыс өткізу шартымен) алу.

Қазақстан Республикасының спорт шебері



      (ерлер)
      Жасөспірімдер және жастар арасындағы ҚР Чемпионатында 1 орын, кемінде 3 сайыс өткізу шартымен;
      ҚР Жастар ойындарында 1 орын;
      Ересектер арасындағы ҚР Чемпионатында -1,2,3 орындар, кемінде 3 сайыс өткізу шартымен;
      ҚР спартакиадасында 1,2,3 орын;
      «А» дәрежесіндегі халықаралық турнирлерде 1-2 орын (3 сайыс өткізу шартымен);
      ӘБС нұсқасы бойынша Кәсіпқойлар арасындағы командалық әлем чемпионатында 2-ші орын, кемінде 4 сайыс өткізу шартымен;
      ҚР аумағында ересектер арасындағы мынандай Халықаралық турнирлерде 1-ші орын (кемінде 3 сайыс өткізу және кемінде 5 мемлекеттің қатысуы шартымен):
      1. С.Қ.Нұрмағамбетов         Алматы қ.;
      2. Е.Н.Хасанов               Алматы қ.;
      3. Қ.Абдалиев                Шымкент қ.;
      4. С.К.Қонақбаев             Павлодар қ.;
      5. Шохр-Бөлтекұлы            Ақтау қ.;
      6. И.Махамбет                Атырау қ.;
      7. Б.Ақшолақов               Ақтөбе қ.;
      8. Ғ.Жарылғапов              Қарағанды қ.;
      9. А.А.Кулибаев              Орал қ.;
      10. Р.Вахитов                Павлодар қ.
      Олимпиада чемпионы Б.Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы Халықаралық турнирде 5 мемлекеттің қатысуымен кемінде 3 сайыс өткізу шартымен (ОҚО) 1-ші орын;
      Орал мен Қорған Әйтеновтарды еске алуға арналған жастар арасындағы Халықаралық турнирде 5 мемлекеттің қатысуымен кемінде 3 сайыс өткізу шартында (Қостанай) 1-ші орын;
      Қазқстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы М.Хайрутдиновты еске алуға арналған жастар арасындағы Халықаралық турнирде 5 мемлекеттің қатысуымен кемінде 3 сайыс өткізу шартында (Алматы қ.) 1-ші орын;
      Жастар арасындағы «Жетісу Кубогі» Халықаралық турнирде 5 мемлекеттің қатысуымен кемінде 3 сайыс өткізу шартында (Талдықорған) 1-ші орын;
      Юниорлар арасындағы кемінде 3 сайысты өткізу шартымен Азия чемпионатында 1-ші орын алу.
      (әйелдер)
      Кемінде 3 сайыс өткізу шартымен ҚР Чемпионатында 1-2-ші орын;
      ҚР Чемпионатында 2 жыл қатарынан 3-орын;
      кемінде 3 сайыс өткізу шартымен ҚР спартакиадасында 1-2-ші орын;
      ҚР аумағында әйелдер арасындағы Халықаралық турнирлерде 1-ші орын:
      1. С.Қ.Нұрмағамбетова            Алматы қ.;
      2. Е.Н.Хасанова                  Алматы қ.;
      3. Қ.Абдалиева                   Шымкент қ.;
      4. С.К.Қонақбаева                Павлодар қ.;
      5. Шохр-Бөлтекұлы                Ақтау қ.;
      6. И.Махамбет                    Атырау қ.;
      7. Б.Ақшолақова                  Ақтөбе қ.;
      8. Ғ.Жарылғапова                 Қарағанды қ.;
      9. А.А.Кулибаева                 Орал қ.
      Жастар арасындағы әлем чемпионатында 2-3-ші орын;
      Азия чемпионатында 3-ші орын;
      Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 1-ші орын;
      Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-3-ші орын алу.

Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат

      (ерлер және әйелдер)
      Жастар арасында ҚР Чемпионатында 2-3-ші орын;
      жасөспірімдер арасындағы ҚР Чемпионатында 1-2 орын;
      Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның бұқаралық-спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына енгізілген республикалық турнирлерде 1-3-ші орын алу.
      (әйелдер)
      Әйелдер арасындағы ҚР Чемпионатында 3-ші орын.

І дәреже

      Бұл салмақ категориясында кемінде 1-разрядтағы 4 боксшының қатысу шартымен, облыстық, қалалық чемпионаттарда 1-3-ші орын;
      қала ауқымынан төмен емес жарыстарда жыл бойы ІІ разрядты спортшыларды 10 рет жеңу.

ІІ дәреже

      Кез келген ауқымдағы жарыстарда жыл бойы ІІІ разрядтағы спортшылардан 8 рет жеңу;

ІІІ дәреже

      Кез келген ауқымдағы жарыстарда жыл бойы жаңа спортшыларды 4 рет жеңу.

І жасөспірімдер дәрежесі (14-17 жас)

      Бұл салмақ категориясында кемінде І жасөспірімдер разрядындағы 4 спортшының қатысу шартымен қалалық, облыстық біріншілікте 1-ші орын иелену
      Кез келген ауқымдағы жарыстарда 1 жыл бойы ІІ жасөспірімдер разрядындағы спортшыларды 10 рет жеңу.

ІІ жасөспірімдер дәрежесі

      Кез келген ауқымдағы жарыстарда 1 жыл бойы ІІІ жасөспірімдер разрядындағы спортшыларды 6 рет жеңіске жеңу.

ІІ жасөспірімдер дәрежесі (14-15 жас)

      Жүйелі түрде 1,5 жыл шұғылдану және кез келген ауқымдағы жарыстарда 1 жыл бойы ІІІ жасөспірімдер разрядындағы спортшылардан 4 рет жеңіске жету

ІІІ жасөспірімдер дәрежесі (14-15 жас)

      Жүйелі түрде 1 жыл шұғылдану, техникалық әдістерді игеру және кемінде 5 сайысқа қатысу.

ІІІ жасөспірімдер дәрежесі (12-13 жас)

      Жүйелі түрде 1 жыл спортпен шұғылдану, техникалық әдістерді игеру және кемінде 3 сайысқа қатысу.

ГРЕК-РИМ, ЕРКІН ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ

      Қазақстан Республикасы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
      1-7 орын Олимпиада ойындарында ересектер арасында;
      1-6 орын ересектер арасында әлем чемпионатында ересектер арасында;
      1-3 орын Азия ойындарында ересектер арасында;
      1-2 орын ересектер арасында Азия чемпионатында;
      1-3 орын на Әлем Кубогында командалық және жеке жарыста;
      1-2 орын жастар арасында әлем чемпионатында;
      1 орын жастар арасында Азия чемпионатында;
      1-2 орын Бүкіләлемдік студенттік ойындарында;
      1 орын (FILA) халықаралық күрес федерациясы бекіткен біріккен қүрес түрлері бойынша Гран-При халықаралық турнирлерінде;
      1-2 орын Әскери қызметкерлер арасында Әлем чемпионатында;
      1 орын жасөспірімдер арасында Олимпиада ойындарында.

Қазақстан Республикасы спорт шебері

      1-3 орын ересектер арасында Қазақстан Республикасы Спартакиадасында;
      1-3 орын ересектер арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатында;
      1-2 орын 23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионатында;
      1-2 орын Қазақстан Республикасы Кубогында;
      2-3 орын жасөспірімдер арасында Олимпиада ойындарында;
      3-5 жастар арасында әлем чемпионатында;
      1-3 орын кадет арасында әлем чемпионатында;
      1-2 орын кадеттер арасында Азия чемпионатында;
      2-3 орын жастар арасында Азия чемпионатында;
      1-2 орын Қазақстан Республикасы жастар ойындарында;
      1 орын жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатында;
      1 орын Кеңес одағына еңбегі сіңген жаттықтырушы Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ересектер арасында Республикалық турнирде;
      1 орын Кеңес одағының батыры Нүркен Әбдіровты еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Республикалық турнирде;
      1 орын Кеңес одағының Социалистік еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Республикалық турнирде;
      1 орын Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесі үшін грек-рим күресінен жастар арасында Республикалық турнирде;
      1 орын Кеңес одағының батыры генерал Сабыр Рахымовты еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен жастар арасында Республикалық турнирде;
      1 орын Олимпиада чемпионы Шәміл Серіковты еске алуға арналған жастар арасындағы республикалық турнирде;
      1-2 орын «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарында;
      1-2 орын жасөспірімдер арасындағы Еуразия ойындарында.

Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат

      3-5 орын «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарында;
      5-6 орын Қазақстан Республикасының ересектер арасында Спартакиадасында;
      5-6 орын ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында;
      1-3 орын жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында;
      2-6 орын жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында;
      3-6 орын Қазақстан Республикасы жастар ойындарында;
      1 орын ересектер арасындағы облыстардың және Алматы мен Астана қ.қ. чемпионаттарында;
      2-5 орын Кеңес одағына еңбегі сіңген жаттықтырушы Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ересектер арасында Республикалық турнирде;
      2-5 орын Кеңес одағының батыры Нүркен Әбдіровты еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Республикалық турнирде;
      2-5 орын Кеңес одағының Социалистік еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Республикалық турнирде;
      2-5 орын Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесі үшін грек-рим күресінен жастар арасында Республикалық турнирде;
      2-5 орын Кеңес одағының батыры генерал Сабыр Рахымовты еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен жастар арасында Республикалық турнирде;
      2-5 орын Олимпиада чемпионы Шәміл Серіковты еске алуға арналған жастар арасындағы республикалық турнирде;
      1-3 орын Халықаралық және республикалық турнирлерде, бұқаралық-спорттық, күнтізбелік жоспарға енген жарыстарда (жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы).
      ҚР СШК нормативін орындау кезінде салмақ дәрежесінде кемінде 12 спортшы және кем дегенде 5 команда қатысуы тиіс және спортшы кемінде 3 рет жеңіске жетуі қажет.

I дәреже

      1 жыл ішінде 1-ші разрядтағы 8 спортшыны жеңу (соның ішінде 3 кездесуді таза жеңу) немесе II разрядтағы 16 спортшыны жеңу (соның ішінде 6 кездесуді таза жеңу)қалалық деңгейден төмен емес жарыстарда.

II дәреже

      1 жыл ішінде II-ші разрядтағы 6 спортшыны жеңу (соның ішінде 2 сайыста таза жеңу) деңгейі ауылдық округке аудандық жарыстардан төмен болмау.

III дәреже

      1 жыл ішінде III-ші разрядтағы 4 спортшыны жеңу немесе қалалық жарыста жаңадан қатысатын 8 спортшыдан басым түсу.

I жасөспірімдер дәрежесі (14-17 жас)

      Облыстар және қала біріншілігінде 1-ші орын алу, жарысқа 1 жасөспірімдік разрядтағы 4 спортшы қатысу керек немесе 1 жыл ішінде II жасөсіпірімдік разрядтағы 10 спортшыдан басым түсу, кез-келген деңгейдегі жарыста.

II жасөспірімдер дәрежесі (14-15 жас)

      1,5 жыл күреске қатысу және 1 жыл ішінде III жасөспірімдік разрядтағы 4 спортшыдан басым түсу, кез-келген деңгейдегі жарыста.

III жасөспірімдер дәрежесі (14-15 жас)

      жыл бойы жүйелі түрде спортпен шұғылдану, жарыстарда 5 реттен кем емес сайыс өткізу.

ВЕЛОСИПЕД СПОРТЫ ТАС ЖОЛДАҒЫ ЖАРЫС



      Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері (ерлер)

орын

Жарыс атауы

1-15

Олимпиада ойындарында уақытқа жекелей немесе топтық жарыстарда (ерлер-элита)

1-10

Әлем Чемпионатында уақытқа жекелей немесе топтық жарыстарда (ерлер-элита)

1-10

Әлем Чемпионатында уақытқа жекелей немесе топтық жарыстарда ерлер андерлер (19-22)

1-5

Азия ойындарында уақытқа жекелей немесе топтық жарыстарда (ерлер)

1

Азия Чемпионатында уақытқа жекелей немесе топтық жарыстарда (ерлер)

1-5

2.2 Элита категориясында халықаралық көпкүндік жарыста

1-10

(19-22) ерлер андерлер арасында Ұлттың Кубогінде

1-5

Жастар арасында Әлем Чемпионатында жекелей немесе группалық жарыстарда

1-3

Жастар арасында бас классификациясында Ұлттың Кубогінде группалық жарыста немесе көпкүндік жарыста




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   308




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет