Спорттық жаттықтырудың ҚАҒидалары орындаған: Сарбасов М. Б. Спорттық жаттықтыру



бет1/4
Дата22.11.2022
өлшемі26.69 Kb.
#179230
  1   2   3   4
Байланысты:
СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ


Орындаған: Сарбасов М.Б.

Спорттық жаттықтыру дегеніміз қозғалыс ептілгі мен дағдысын қалыптастыруда,арнайы білім беруде, дене қуатын, психологиясын дамыту барысында жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге бағытталған дене тәрбиесінің арнайы педагогикалық үйрету және тәрбиелеу процесі. Спорттық жаттықтырудың әсерін, нәтижесін,спортшы дайындығының деңгейін анықтағанда «дайындалғандық», «жаттыққандық» және «спорттық қалып» деген ұғымдар қолданылады.
«Жаттыққандық»-дегеніміз жүйелі дене тәрбиесі жаттығуларын жасау арқылы спортшы ағзасының берілген жаттықтырудың жүктемесіне қалыптасуы және оның жұмыс қабілеттілігі деңгейінің жоғарылауы.
«Дайындалғандық»спортшының дене қуаты қасиеттерінің техникалық шеберлігінің,тактикалық және психологиялық дайындық деңгейлерінің жоғарғы деңгейге жетуі. «Дайындалғандық» термині осы аталған дайындық жақтарының кез-келгеніне жеке арналуы мүмкін.
«Спорттық қалып,спорттық бап» спортшының белгелі бір циклде спорттық жоғарғы нәтижелер көрсетуге дайын күйі.
Спорттық жаттықтыру амалдары.Дене мәдениеті жүйесінің арнайы саласы болғандықтан спорт жаттықтыруларында өзіндік амалдар қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамы спорттық жаттықтыру міндеттеріне байланысты болады.
Жаттықтырулардың негізгі амалдары дене тәрбиесі жаттығулары үш топқа бөлінеді:
I. Жарыс жаттығулары.

II.Арнайы дайындық жаттығулары.
III.Жалпы дайындық жаттығулары.
I. Жарыс кезінде орындалатын негізгі жаттығуларды жарыс жаттығулары дейміз. Барлық жарыс жаттығулары жарыс ережесіне сәйкес орындалуы керек.
II. Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс жаттығуларына дайындау үшін қолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді:

  1. Жақындататын жаттығулар-негізгі жаттығуларды меңгеруді жеңілдететін қимыл, әрекеттер.

  2. Дайындық жаттығулары -негізгі жаттығуларды меңгеруге қажет дене қуаты қасиеттерін (күш,жылдамдық,төзімділік) дамытатын жаттығулар.

  3. Жарыс жаттығуларының бір бөлшегі түрінде орындалатын жаттығулар. Мысалы, гимнасттардың орындайтын жаттығуларының бөлшектері, жеңіл атлеттердің жүгіру қашықтықтарының бөлімдері

  4. Бейнелеу жаттығулары –жарыс жаттығуларын кеңістікте бейнелеу түрінде орындалатын жаттығулар (коньки жүгірушінің дөңгелекті конькимен жүгіруі)

  5. Басқа спорт түрлерінің жаттығулары (акробатикадағы сальто жасауды, суға секірушінің қолдануы және т.б.)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет