Теннистен жасөспірімдер арасында Аустралияның ашық чемпионатында өтіп жатқан біріншілікте жерлесіміз Әмір Омарханов жұптық сында ширек финалға шықпады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Vesti.kz

Әмір Омарханов жұптық ойында кореялық Чанджун Киммен бірге, америкалық Кайлан Биган мен Яггер Личқа қарсы ойнады.

Алғашқы ойында қарсыластары 4:6 ұпайымен оза шапса, екінші кездесуде 6:1 ұпаймен шеберлік байқасты. 

Алайда тай-брейкте америкалық теннисшілер ұтып, Әмір омарханов пен Чанджун Ким есе жіберді. Осылайша, Кайлан Биган мен Яггер Лич Australian Open-2024 ¼ ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші жұптық ойынның ширек финалында өнер көрсете алмаса да, жекелей сында Чанджун Кимге қарсы бақталасады.

Еске салайық, теннисші Әмір Омарханов 2023 жылдың қазан айында Ванджудегі (Оңтүстік Корея) турнирде  6:7(2), 7:6(3), 6:3 есебімен басым түскен еді. Қазақстандық теннисші Оңтүстік Корея өкілі Чанджун Киммен бірге екінші айналымға өткен.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.