Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова жеке өмірі жұмбақ болып жүрген актриса Гүлназ Жоланованың құпиясын ашып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Revue news” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Жақында продюсердің “Біз екеуміз” атты фильмі жарыққа шығады. Басты рөлде – Дәурен Серғазин, Гүлназ Жоланова, Шерхан Пірназар. 

“Гүлназ ылғи "Неге мені шақырмайсыз?", "Неге мені түсірмейсіз?" деп сұрайтын. Саған бір рөл бұйырмай жатыр деуші едім. Осы жолы бірнеше актрисаны қарадым. Гүлназға хабарлассам, "Түскім келген кезде шақырмай, декретте отырғанда шақырғаныңыз қалай?" дейді. “Балаңа қараймыз. Бүкіл түсірілім тобы бала күтуші боламыз, түсші” дедім. Тіпті балаңды өзім бағамын дедім. Сонымен фильмге Гүлназ түсетін болды", – деді Гүлнұр Мамасарипова.

  • Шоу-бизнестегі бэби-бум: Қазақстандық жұлдыздардың балаларына қойған ерекше есімдері

  • "Сіз айтатын әңгіме емес": Өмірқұл Айниязовтың жүкті келінімен түскен фотосы сынға қалды

Ал Гүлназ Жоланова жеке өмірін жариялауға әлі дайын еместігін айтты. Бірақ фильмдегі кейіпкері туралы көбірек әңгімелеп берді. 

“Бұл – менің жеке өмірім. Бұл сұрақтарға әлі жауап бере алмаймын. Ал жобаға келсек, менің кейіпкерімнің есімі – Маржан. Сондай сабырлы қыз. Өте ауқатты отбасынан шыққан, бірақ өте қарапайым. Бір аптадай сценариймен танысып, түсуге келісім бердім", – дейді актриса. 

Еске салайық, Гүлназ Жоланова тұрмысқа шығып, Тайланд еліне қоныс аударған еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.