Белгілі продюсер, журналист, отандық киноиндустрияны дамытып жүрген Гүлнұр Мамасарипова тұрмыс құрған кезді еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мамский әңгіме” подкастына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: подкастан скриншот

Продюсер тұңғышын босанғаннан кейін 6 ай ауылда тұрған. 

“18 жасымда тұрмысқа шықтым. Енем өте дана кісі болды. Тереңнен ойлап, толғанып сөйлейтін. Бірінші қызымды ата-енем бағып берді. Екінші қызым Сараны екі айына дейін бақты да кейін қолыма алдым. 1996 жылы диплом қорғауым керек еді. Сол жылы Сараны босанып, ауылға кеттім. Жолдасым прокуратураға жұмысқа тұрды. Мына жақта сабағым қалды. Академиялық демалыс алуға болатынын естіп, бірден оқуымды кейін жалғастырамын деп ойладым. Бірақ енем “баланы бізге таста да дипломыңды ал. Қалада қалған күйеуіңе ие бол!” деді. Оның сөзіне ренжіп қалдым. Кейін ақыл тоқтатып ойлансам, дұрыс айтқан екен. Жап-жас жігіт, әйелі ауылда қалған, өзі прокуратурада жұмыс істейтін еркекті бір әйел айналдырып алуы мүмкін екен. Одан кейін атам ол кезде “Вольга” көлігін күйеуіме сыйлады. Енем солардың бәрін тереңнен ойлапты. Оған да проблема керек емес. Содан кейін қалаға келдім. Күйеуімнің жанында болып, дипломымды қорғап, екі айдан кейін Сараны да қолыма алдым. Үлкен қызым Дана ата-әжесінің қызы болып қала берді”, – дейді продюсер. 

  • "Дертін біле тұра, баласын босанып, емізген": Алматы облысында АИТВ инфекциясынан 9 жасар бала көз жұмды

  • "Ұлымды перзентханадан алып шығатын адам табылмады": "Қалаулым" арқылы танылған блогер күйеуімен ажырасқанын растады

Сонымен қатар журналист алғашқы босану процесін де еске түсірді. Айтуынша, “өліп кетемін” деп ойлаған. 

“Өзіміз бала болып, бала тудық. Өте қиын кезең еді. Бір күні жолдасыма енем “Келін айы-күні жақындағасын ауылға келіп босансын” депті. Сол кезде бірауыз қарсыласпастан заттарымды жинап ауылға келдім. Күйеуім қалада қалды. Бір күні таңертең көңіл-күйім болмай, жылап тұрдым. Жалпы күйеуге ерте шыққаныма өкініп, көп жылайтын едім. Енем соны байқап, “Кім саған жастай байға шық деген, 30-ға дейін жүрмедің ба?!” деп ұрсатын. Өз аяғыңмен босаға аттадың, шыдайсың енді”, деп жігерлендіретін. Атам менің жылап жүргенімді көріп, “ауылыңа барып қайт” деді. Содан төркініме келген күні толғақ басталды. “Төркінде жатып туыпты” деген аты жаман деп, шешем сол күні “еліңе барып босан” деп машинамен алып шықты. 250 шақырым жол жүріп, бірден перзентханаға бардық. Сол жерде тұңғыш қызымды дүниеге әкелдім”, – дейді медиаменеджер.  


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.