Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ұлттық киім күнімен құттықтаймын деп сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Өнер иесі жеке парақшасына жазба жариялап, ұлттық бас киімдер туралы түсінік берді. 

“Бөрікті жас қыздарымыз кисе, сәукелемен сұлу қалыңдық ұзатылған. Орамалды жас келін, аналар тақса, әдемә кимешекті апа-әжелеріміз ораған.
Ал, сіз күнделікті өмірде бөрікпен жүрсіз бе, әлде орамал тағып, кимешек орайсыз ба? Мен орамал тағатын әдемі қызбын, сіз ше?”, – деп сауал жолдады әнші. 

  • Әлемдегі әр үшінші ядролық реактор қазақстандық уранмен жұмыс істейді – "Қазатомөнеркәсіп" басшысы

  • Түркістан облысында ер адам әйелін пышақтап, артынша өзін жарақаттаған

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, орамалға деген көзқарасын жазып жатыр. Пікірталас арасында ұнамаған ойға әнші дереу реакция білдірді. 

“Мөлдір, сіз орамал тағасыз жарасып тұр. Бірақ сіз басқа ұлттың салтын дәріптеп жүрсіз. Сізге бөрікті күнде ки деген жоқ ешкім. Сіз бөрік киетін статустан өтіп кеткенсіз. Орамалды қазақилап, қылғындырмай тартсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді” деп жазды желі қолданушысы. “Апай, сіз шашыңызды өсіріп бастаңызшы” деп жауап берді өнер иесі. Әншінің тыңдарманы орамал тағып жүрген жарасатынын айтып, қолдау білдірді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.