Ўстаздыќ еткен жалыќпас



жүктеу 32.67 Kb.
Дата07.03.2018
өлшемі32.67 Kb.

Ұстаздық еткен жалықпас...


11 қыркүйек күні жыл бойы жүретін «Демалыс күн» клубының алғашқы отырысы «Ұстаздық еткен жалықпас...» тақырыбымен өтті. Сүйікті қаламыздың алдағы келе жатқан 80 жылдығына арналған қала құрдасы, мектебіміздің 43 жыл директоры болған, қаланың құрметті азаматы Бадиша Махатқызына арналды.

Тұрмысында күйкі мінезден аулақ, ер көңілді, ақжарқын Бадиша Махатқызы 1936 жылы 15 қыркүйекте Балхаш қаласында дуниеге келген.

Ұстаздықтың ауыр жүгін адал орындауды парыз санаған Б.Махатқызы еңбек жолын өзі білім алған Абай атындағы №2 мектеп мектептен бастады.

Сауатты да саналы жас ұстаздықтың қыр-сырын жетік меңгеріп, озық педагогика үлгілерін уйрене жүріп, ізденіске толы ұстаздық қызметін абыроймен атқарып, қатардағы мұғалімнен директорлыққа көтерілді.

1973 жылы М.П Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп-интернатына директор болып тағайындалды. Бұл интернаттың да жүгі жеңіл болған жоқ. Ата-аналары жоқ, денсаулықтары нашар, әлжуаз балалармен бірге, әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларының балалары тәрбиеленді. Тағдырлары тәлкекке түскен осы балалардың анасы да, әкесі де, ақылшысы да Б.Махатқызы болды.

Б.Махатқызы – әріптестерімен кеңесіп, ұжымен ақылдасып, шәкірттерімен сырласып еңбекке еткен жан.

Сондықтан да болар бұл интернатта ұстаздық мамандықты өз өмірлерінен бөліп қарамайтын, шәкірттер жүрегіне нұр құйған нелер тамаша ұстаздар мен тәрбиешілер жұмыс істейді.

Бұл да - іскер ұйымдастырушы, жүрегі үлкен Бадиша апайдың еңбегі. Өйткені, біз ол кісіден еңбекте табандылықты, өз ісіңе деген адалдықты, әрбір іске сүйіспеншілікті үйрендік.

1996-1998 жылдары әлеуметтік жағдай төмендеп, экономикалық дағдарысқа ұшырап, мектептер, балабақшалар жабыла бастаған кезде біздің интернатымызға да қауіп төнді. Бірақ Бадиша Махатқызы тағдыр талайы белгісіз болып қалған білім ошағын қиын жағдайда тастап кетпеді. Өзі қажырлық танытып, ұжымын бірлікке, ынтымақтыстыққа шақырып, қиындықты жеңудің жолдарын көрсетіп беріп отырды. Өз ісіне берілгендіктің Тыңғылықты тындырымдылықтың үлгісі осындай - ақ болар.

Бадиша апай – жаңашыл, принципшіл, өзіне де,өзгеге де талап қоя білетін білгір басшы.

Өзінің іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында тұрмыс – жағдайлары нашар, жетім балалар үшін денсаулықтарын жақсартатын, алаңсыз демалатын сауықтыру ланерін салу керек деген шешім қабылдап, оның да жолдарын тапты. Балқаш көлінің жағасында «Болашақ» лагерінің қанатын жайғызды. Табиғатынан қиындыққа төзімді, өр мінезді, қайсар басшы бұл тілегін де орындап шықты.

Балалардың денсаулықтарын түзеп, шынықтыру үшін республикалық «Бөбек» қорының президенті С.А. Назарбаеваның насихаттап жүрген П.К. Ивановтың табиғи сауықтыру яғни суық су таза ауамен емдеу әдісін, оның 12 өсиетін басшылыққа ала отырып, «Мектеп денсаулық аралы» модулінің бағдарламасын жасады. Оның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Оқушылардың жан дуниесін түлетіп, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Озвучивание души» бағдарламасын жасады. Өзі жаңа сабақ «Адамзат құндылығы» сабағын жүргізді. Әр сабағы - ашық сабақ, кез келген пән мұғалімдері сабағына қатысып, жаңа технологияларды сабақта пайдалануды уйреніп,оқушылар мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас, ұстаз мәдениетінен үлгі - өнеге алады.

Ақырын жүріп,анық бас

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,


  • деп Абай атамыз жырлағандай, оқушылар да Бадиша апайынан еңбек сүйіспеншілікті, жеңіске жетуді талпынуды, шығармашылық ізденісті, өзіне талап қоя білуді бойыларына сіңіреді. Осы балаларға жан жылуын төгіп, қамқорлығына алып, өмірден аз орындарын табуға, арман - мақсаттарына жетуге өздеріне деген сенімділікке тәрбиеледі.

Мектепті өркендетуде, материалдық-техникалық базасын нығайтуда, санитарлық-гигиеналық жағдайда жақсартуда,оның беделін көтеруде еңбегі зор.

Аяулы ұстаздың еңбекқорлығы, адамгершілігі, жайдары мінезі ұстаздарға шәкірттеріне үлгі,өшпес өнеге болып келеді.

Сондай-ақ Б. Махатқызы - мектеп ұжымының ата-аналар қауымының да құрмет тұтар қадірлі ұстазы.

Қажымай, талмай, шаршамай еткен еңбегінің жемісі, елеусіз қалған жоқ. ҚР-ның оқу – ағарту ісінің үздігі, КСРО – ның оқу ағарту ісінің үздігі «Методист – мұғалім», ҚР-ның «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы – ұстаз бақыты, ұстаз еңбегінің жемісі.

«Осылардың арасындағы ерекше атақ – халқымның берген атағы», - деп тебіренеді Бадиша апай.

Талай ұрпаққа білім нұрын құйып, талай істің басында жүрген, еңбекте талмай, тұрмыста шаршамай, еңбек етіп жүрген Б.Махатқызы – бүгінде зейнеткер.



Қазір жарты ғасыр тарихы бар, М.П Русаков атындағы санаторлық мектеп интернатының берер тәлімі, үйретер сапалы білімі ұшан теңіз. Оған өздерің кепілсіңдер...

Бадиша Махатқызының 80 жылдығына арналған кітап көрмесіне шолу жүргізіліп, «Әйел бақыты» атты фильм көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет