Стефан –Больцман заңы



Дата27.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#174276
Байланысты:
Cтефан

Стефан –Больцман заңы.

XX ғасырдағы ғылыми ойдың ұлы жеңісі — кванттық теорияны қалыптастыруда қызған дененің сәуле шығаруын эксперименттік зерттеу үлкен рөл аткарды. Жоғары температураға дейін қыздырғанда денеәртүрлі түске еніп, сәуле шығара бастайтынын білеміз.


Электр шамының вольфрам
қылын 3000ºС – қа дейін қыздырғанда,ол
ақ жарық сәуле шығарады
Темірді қыздырғанда,ол әуелі қызыл, содан кейін қызыл –сары, одан әрі ақ – сары түске бөленеді.

Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия 

  • Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия 
  • таратуын жылулық сәулелену деп атайды. 

  • Жылулық сәулелену құбылысы тек қызған денелерде ғана емес, салқын денелерде де орын алады. Электр шамының вольфрам қылы 3000 С-қа дейін кызғанда көзге көрінетін ақ жарық шығарса,температурасы төмендеген сайын денелер көрінбейтін инфрақызыл сәулелер шығарады. Инфрақызыл сәулелерінің жиілігі ақ жарықтың жиілігінен төмен. Сондай-ак денелердің температурасы тым жоғары болса, олар көрінбейтін ультракүлгін сәулелер шығарады. Ультракүлгін сәулелерінің жиілігі ақ жарықтың жиілігінен жоғары.

Жарық сияқты жылулык сәулелердің барлық түрлері де электромагниттік толқындар қатарына жатады. Олар бір-бірінен тек жиіліктеріне немесе толқын ұзындықтарына карай ажырайды.

  • Жарық сияқты жылулык сәулелердің барлық түрлері де электромагниттік толқындар қатарына жатады. Олар бір-бірінен тек жиіліктеріне немесе толқын ұзындықтарына карай ажырайды.

 Эксперименттік зерттеулер денелердің жылулық сәулелерді шығарумен қатар оларды жұта да алатынын көрсетті. Оны көптеген тәжірибелер растайды.

  •  Эксперименттік зерттеулер денелердің жылулық сәулелерді шығарумен қатар оларды жұта да алатынын көрсетті. Оны көптеген тәжірибелер растайды.
  • Мысалы, параболоидтық айнаға вольфрамнан жасалған спираль қылын орнатып, оны электр тоғымен инфрақызыл сәулесін шығаратындай етіп кыздырайық. Оған карама-карсы қойылған екінші айнаның фокусына қара түске боялған құрғак мақтаны іліп қойсақ, ол белгілі бір уақыттан кейін "өз-өзінен" тұтанып жана бастайды. Бұдан денелердің жылулық электромагниттік сәулелерді шығарып қана коймай, оларды жұта да алатынын көреміз. Ал қара түсті денелер сәулелерді басқа түсті денелерге карағанда көбірек жұтады. Бұл төжірибе электромагниттік толкындардың шынында да энергия таситынына көзімізді жеткізеді.

  • Өзіне түскен әртүрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды.

 Суретте абсолют қара дененің үлгісі көрсетілген.
Іші куыс ыдысқа тар саңылаудан түскен сәуле шексіз мәрте шағылады да, толық жұтылады.

Абсолют қара дененің моделі


Абсолют қара дененің сәуле шығару заңын
Стефан 1879 жылы эксперимент жүзінде, ал Больцман 1884 жылы аналитикалық формула түрінде ашқан болатын.
Йозеф Стефан
Людвиг Больцман

Стефан − Больцман заңы


Абсолют қара дененің толық сәуле шығару қабілеті оның абсолют температурасының төртінші дәрежесіне тура пропорционал.
Дененің сәуле шығару қабілеті деп белгілі температурада оның бір өлшем беткі ауданынан бір өлшем уақытта барлық жиілікте шығаратын электромагниттік сәулелерінің энергиясын айтады.
Абсолют қара дененің сәуле шығару қабілеттілігінің толқын ұзындығына тәуелділігі.
Денелердің сәуле шығару қабілетін әр түрлі температурада өлшей отырып,ғалымдар XIX ғасырдың аяғында аса мол эксперименттік мәлімет жинады. Алайда тәжірибеден алынған жылулық сәулелердің λ толқын ұзындығына байланысты Е(λ) энергия өзгерісі қисығын (1-қисық) Ньютонның да,Максвеллдің де теориялары түсіндіре алмады. Классикалық теорияға негізделіп салынған Е(λ) тәуелділігінің қисығы 3 ультракүлгін аймағында шексіздікке кетеді. Ал эксперименттік қисық 1 көрінетін ақ жарық тұсындағы максимумнан өтіп, ультракүлгін аймағында,керісінше, минимумге ұмтылады. Эксперименттік нәтиже мен классикалық теориялар арасындағы мұндай қарама – қайшылық физика тарихында “ультракүлгін апаты” деген атаққа ие болды.
жылулық сәулелену
ақ жарық
абсолют қара дене
толық сәуле шығару қабілеті

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет