Стилистика және стиль туралы



жүктеу 109.2 Kb.
Дата30.12.2017
өлшемі109.2 Kb.

3 апта

Стилистика және стиль туралы

Стилистика - тіл білімінің бір саласы. Оның зерттеу нысаны - стиль. Стиль терминінің мазмұны терең, қолданылу аясы кең. Бұл сөзді көркем өнер саласында, архитектурада, әдебиетте, лингвистикада қолданады. Лингвистикаға байланысты «стиль деп тілдегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тәсілдердің дұрыс қолданылу принциптерін айтамыз». Сөйлемдегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарының, сөздердің сөйлемде орналасу тәртібінің, тіпті сөздегі дыбыстардың өзара үйлесімділігінің де белгілі бір стильдік мәні бар.

Жалпыхалықтық тілдің негізінде қалыптасқан әдеби стильдің екі түрі бар: ауызекі сөйлеу тілінің стилі және кітаби-жазба стиль.

Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай: ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль болып бөлінеді. Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі, бір жағдайға байланысты нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің жалғауын қабылдайды. Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады.



Публицистикалық стиль

Публицистикалық стильге радио-телехабарлар тілі, газет-журналдар тілі жатады. Публицистикалық стильде қоғамдық саяси мәселе қарастырылады. Қоғамдағы әлеуметтік мәні бар өзекті мәселелерді шешуге көмектесетін, сол мәселелерді халыққа жеткізетін, үгіт-насихаттық қызмет атқаратын бұл стильдің де өзіндік белгілері бар:

тілдің эмоциональды элементтері мен сөзді образды қолдану жағынан әдеби стильге жақын;

фактіні толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын.

Публицистиканың жанрлары: бас мақала, ақпараттық хабар, очерк, памфлет, халықаралық шолу, теледидар мен радиодан берілетін әр түрлі хабарлар. Осы жанрлардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай олардың сөз қолдану ерекшелігі, тіл ерекшелігі айқындалады.

Публицистикалық стильдің ауызша түрі - шешендік сөз.

«Шешендік сөз (ораторство) - Ежелгі Греция мен Рим заманынан бері қарай көптеген халықтардың мәдени-рухани өмір-тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Шешендік өнер мен шешендік сөз бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, екеуі екі басқа түсінік атаулары: шешендік өнер актінің, яғни іс-әрекеттің атауы, ол әлеуметтік қызмет атқарады. Шешендік өнер (риторика) - өзінің нысанасы, теориясы, категориялары, тарихы бар жеке сала болып табылады. Ал шешендік сөз сол шешендік өнер иелерінің шаршы топ алдында сөйлейтін сөзі. Мұнан көпшілік алдында сөйлейтін сөздің кез келгені шешендік сөз деген ой тумаса керек. Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беру керек:

- белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында айтылатын сөз болуы керек;

- әңгіме өзегінің дәлелі (аргументі) болуы тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет;

- тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы тиіс.»


Ресми құжаттар және іс қағаздары стилі

Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады. Өздерінің аталуынан көрініп тұрғандай олардың қолданылу аясы мен практикалық қажеттілігі әр түрлі. Мысалы, іс қағаздары – басқару орындарындағы кеңселік құжаттар, ал ресми құжаттар басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар.

Кеңселік іс қағаздарына өтініш, өмірбаян, хабарландыру, хаттама, мәлімдеме, анықтама, жеке еңбек шарты, бұйрық, міндеттеме, жеке іс парағы жатады. Мұнан басқа азаматтық қатынастарды реттейтін сенім хат, қол хат, кепіл хат, келісім шарт, тапсырыс жатады. Кеңселік іс қағаздарының қалыптасып қалған белгілі бір сөздері, сөйлем үлгілері болады да, тұрақталып қалған үлгіге негізделіп жазылады. Дайын үлгіге негізделіп жазылатындықтан, мұндай қағаздарды жазу қиындық туғызбайды. Іс қағаздарында сұранамын, өтінемін, мәлімдеймін, куәландырамын, хабарлаймын деген сөздер тұрақты қолданыста болады.

Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі бір жағдайға байланысты нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің жалғауын қабылдайды.

« Ресми іс қағаздарының тілі - бір қарағанда стандартты, қалыптасқан клише түріндегі тіл сияқты болғанымен, шын мәнінде қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес сұрыпталған, жіктелген лексикалық-грамматикалық жүйесі біртұтас құрылым. Дәлірек айтқанда, ресми тілдің кеңсе іс қағаздары сияқты түрлері де, заң құжаттары да, арнаулы бланкіге толтырылатындары да қазақ тілінің тілдік жүйесін, лексикалық-грамматикалық, орфографиялық нормаларын жетік меңгеруді қажет етеді.»



Іс қағаздарының жазылу тәртібі және оған қойылатын талаптар:

- іс қағазының кімге кімнен жазылғаны, аты-жөні, лауазымы туралы толық мәліметпен қағаздың оң және жоғары жағында көрсетіледі;

- іс қағазының атауы (өтініш, мәлімдеме) жолдың ортасына жазылады;

- іс қағазының мазмұны анық, нақты, түсінікті, қысқа жазылуы тиіс;

- іс қағазында мерзім міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Іс қағаздарының мазмұнында грамматикалық формалардың жазылу ерекшеліктері болады. Мысалы, хаттаманың қаулысы ырықсыз етіс жұрнағы мен бұйрық райдың үшінші жақ формасы арқылы беріледі: жаса-л-сын, құр-ыл-сын, бекіт-іл-сін. Ал өтініш көбіне сұранамын, өтінемін деген формалармен аяқталады.

Ғылыми стиль туралы түсінік

Ғылыми стиль.

Функциональдық стильдің бір түрі - ғылыми стиль. Ғылыми стильге ғылымның әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді. Белгілі бір ғылыми еңбектің зерттеу нысаны болған зат немесе құбылыс ғылыми негізделіп, сипаттауды, дәлелдеуді қажет етеді. Ал негіздеу ғылыми сипаттау, ойлау арқылы жүзеге асады. Дұрыс ойлап, пікірдің дұрыстығын дәлелдеу, әрине, логикаға (қисын) тікелей байланысты. Логикалық жүйелі ой қорытындысы - ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми еңбек сол ғылым саласының белгілі бір заңдарына,қағидаларына бағынады, ал оған негізделген ой қорытындысы нақты, жүйелі әрі қисынды болады.

Жазба стильдің басқа түрлері сияқты ғылыми стиль де жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда, әрине, өзіндік ерекшеліктері бар. Ғылыми стиль өз ішінде шағын стильдерге бөлінеді. Бұл мәселе орыс тіл білімінде былай қарастырылады: " …в научном стиле можно отнести следующие типы текстов: 1.Академические (собственно-научные) тексты представленные следующими жанрами: монография, статья, тезисы, диссертация, научно-технические отчеты, доклады, научные сообщения, выступление. 2. Информационно-реферативные (жанры: реферат, аннотация,); 3. Справочно-энциклопедические (жанры: словарь, справочник и т. д.); 4. Научно-оценочные (жанры: рецензия, отзыв, экспертное заключение, полемическое выступление); 5. Научно-учебные (жанры: учебник, учебные пособия, лекция); 6. Научно-инструктивные (инструкция, руководство, памятка, рекомендации); 7. Научно-деловые (жанры: патент, авторское свидетельство описание изобретения, заявка, акт, постаноление, решение, отчет)". Ал қазақ тілінде ғылыми стиль шартты түрде былай бөлінеді: таза ғылыми стиль, ғылыми-оқулық стиль, ғылыми-көпшілік стиль.

Ғылыми стильдің белгілері
Ғылыми стильге ғылымының әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді. Логикалық жүйелі ой қорытындысы – ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми стиль, ғылыми-оқулық стилі, ғылыми көпшілік стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисындылық. Терминдер – ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер салалық, салааралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі – терминдер. Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшелігі болады.

  Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы, тіл білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т.б. физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т. б. Сонымен бірге белгілі бір ғылымның саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады.

  Ғылым ылғи алга басып, дамып отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз — неологизмдер — туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде пайда болған неологизмдердің өмірінің ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына, практикалық мәніне байланысты.  

Терімсөздер (термин)

Терімсөз ілімі – әр алуан ғылым мен техника салаларына, олардың қызметіне байланысты терімсөздердің жиынтығы; терімсөз жүйесі бір-бірімен ұғымдық, лексика-семантикалық, сөзжасамдық, грамматикалық деңгейде байланысты болады. Терімсөздер жүйесін, оның мағыналық және грамматикалық ерекшеліктерін, сөзжасамдық сипатын, лебіздегі қызметін зерттейтін сала – терімсөзтану делінеді.

Терімсөздің негізгі ерекшелігі – ғылым мен техника саласы бойынша белгіленген ұғымның атауы болады, ерекше анықтамасы (дефинициясы) беріледі; логикалық жүйеге негізделген нақты семантикасы, лебізде келісілген қолданысы болады. Яғни атау терімсөздік жүйеге толықтай еніп, қолданыста жүйелі жұмсалу үшін, саналы түрде келісіледі, терімсөз комиссиясы бекітеді.

Терімсөз табиғатына тән нәрсе – бірмағыналылық, дегенмен, бірмағыналылықты сақтау барлық жағдайда мүмкін бола бермейді. Өзге де тілдік бірлік сияқты терімсөздің де мазмұны мен мағынасы бар: терімсөздің мазмұны – оның әуелгі терімсөздік түсінігі де, мағынасы – терімсөз ретіндегі сипаты. Терімсөздің мағынасы мен мазмұны сәйкес келіп, бір-бірін анықтап, мағына мазмұнды ашуы тиіс.

Қазақ тіліндегі терімсөздер жүйесінің жасалуын:


  1. Төл негіздер арқылы жасалған терімсөздер;

  2. Шетел тілінен енген терімсөздердің баламалық негізде (калька) аударылуы арқылы жасалған терімсөздер;

  3. Өзгеріссіз енген шетелдік терімсөздер – деп бөлуге болады.


Тіл және лебіз

Тіл - адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың танымдық белгісі. Адамзат тіл арқылы табиғатты танып, ондағы заттар мен құбылыстарға атау береді. Ұлттық таным мен ұлттық тілдің бірлігі мен байланысы осы жерде тоғысады.

Тіл – халықтың жинаған рухани қазынасының жиынтығы, соның бәрін сақтайтын "қоймасы" болса, сол "қоймадағы" таңбалардың әртүрлі мақсатта жұмсалуы, сөйлеуші мен тыңдаушының арасында болатын әңгімеден бастап, ғылыми, көркем шығармаларда, ресми құжаттардағы қолданысы лебізді құрайды. Лебіз – тілдегі бірліктердің сөйлеу барысындағы қолданысы, жұмсалуы, белгілі бір уақыт аралығында жазбаша немесе ауызша түрде әр алуан, әр типті ақпарат беру құралына айналуы. Тіл қарым-қатынас жасаудың құралы, лебіз осы құрал арқылы сөйлеуді жүзеге асырады. Лебізде сөзді әркім өзінің ыңғайына сай, танымдық, біліктілік, білімділік деңгейіне қарай өз көзқарасын айту үшін қолданса, тілдегі бірліктердің мағынасы ортақ ұғымды таңбалайды. Лебіз адамдар арасында коммуникативтік қарым-қатынас орнатады, сондықтан ауызша лебізде дауыc ырғағы, темп, тембр, интонация т.б. қатынасады. Лебізде адамның сезімі, ой-өрісі, толғанысы, дүниетанымы, көзқарасы көрінеді. Лебізге тек ауызекі сөйлеу үлгісі ғана еніп қоймайды, жазбаша жазылған кез келген ақпараттық мәтін(ғылыми, мәдени, ресми т.б.) лебіз ретінде танылады.


А.Байтұрсыновтың "Тіл-құрал" еңбегі туралы

А.Байтұрсыновтың " Тіл-құрал " еңбегінің фонетикаға арналған бірінші бөлімі 1915 жылы алғаш рет жарық көрді. Одан кейінгі бөлімдері толықтырылып, өңделіп, бірнеше рет жарық көрген. "Тіл-құрал" – қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Бұл қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми жұмыстың басы болды. Бұл оқулық қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі бастамасы және дұрыс жазылған, жақсы бастамасы. Өйткені қазақ тілінің дыбыстық құрамының классификациясы да, сөз таптарын ажыратып, сөз тұлғаларын көрсетуде де, сөздердің септелу, тәуелдену, жіктелу тәртібін танытуда да, сөйлем түрлерін ажыратуда да күні бүгінге дейін А.Байтұрсыновтың аталған оқулықтарының негізі сақталып келеді.

Қазақ тілін талдап тануда А.Байтұрсыновтың еңбегін ерекше атау керек: ол термин жасаудағы салған ізі. Ғалым қазақ тілі фонетикасы мен грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына термин ұсынды. Осы күні қолданып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз, леп белгісі, сұрау белгісі т.б. деген лингвистикалық терминдер А.Байтұрсыновтікі.

А.Байтұрсынов терминология мәселесіне қатты назар аударған. Ол тек тіл білімі саласы ғана емес, әдебиеттанудың да терминдерін жасағаны мәлім. Бұлар да сәтті шыққан қонымды атаулар болды.

А.Байтұрсынов өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды. Ол алдымен сауат аштыруды мақсат еткен, бұл үшін "Оқу құрал" атты еңбегін жазған, одан соң қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын ана тілінде талдап, пән ретінде оқытып үйретуді мақсат еткен, ол үшін " Тіл-құрал " еңбегін жазған. Үшіншіден дұрыс оқып, дұрыс жазуға арналған "Тіл жұмсарды" дайындаған. Төртінші – сауат аштыру, тілді оқыту әдістемесін жасауды мойнына алған, бұл бағытта "Баяншы", "Әліппе" астарын жазған. Осылайша қазақ тіл білімінде өзінің құнды еңбектерін қалдырған.



  1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз, жауап жазыңыз.




  1. Терминдер түрлеріне қарай салалық терминдер, сала аралық терминдер, жалпы ғылыми терминдер болып бөлінеді. Төмендегі терминдерді түрлеріне қарай жіктеңіз:

Экологиялық дағдарыс, экологиялық алапат, экологиялық төтенше жағдай, ластану, тозу, қышқылды жаңбыр, ауа қысымы, қуаңшылық, экологиялық таза өнім, минералдық тыңайтқыш, ғаламдық жылыну, қоршаған орта, ғаламдық жылыну, биотехнология, атмосфералық айналым, қос мекенділер, сүт қоректілер, шикізат.


  1. Мәтінді оқып, стилін анықтаңыз.

Қышқылды жауын-шашын 100 жылдан астам уақыт бұрын белгілі болған. Қышқылды жауын деген сөзді ең алғаш рет 1872 жылы британ ғалымы Роберт Ангус Смидт қолданған. ХХ ғасырдың бас кезінен бастап көптеген елдерде жауған жаңбырлардың құрамында көп мөлшерде қышқылдар бар екендігі байқалған. Қышқылды жаңбыр - атмосфералық жауын-шашын түрлері. Қышқылды жауын-шашындар пайда болуының негізгі себебі, ауаның күкірт оксидімен ластануы болып табылады. Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінің көмір қышқылы мен азот қышқылы түзіледі.

Қышқылды жауын-шашындардың түзілуіндегі күкірт қос оксидінің үлесі 70%. Қышқылды жауын-шашындардың көмірқышқыл газы да үлесін қосады. Алғашқы қышқылдық жауын-шашындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған. Қышқылды жауын-шашындар солтүстік жарты шарда жақсы таралған. Скандинавия елдері, Англия, Бельгия, Дания, Польша елдеріне тән. Қышқылды жауын-шашындар топыраққа, су экожүйесіне, өсімдіктерге, архитектура ескерткіштеріне, ғимараттарға зиянды әсерін тигізеді. Қышқылды жауын-шашынның зиянды әсері әсіресе оңтустік пен тропиктік аудандарда ағыс арқылы әсер етеді.



Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған орта өзгерістерге ұшырауда. Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау кен өндірісі салалары т.б. жатады. Антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену т. б. жүзеге асуда.

Зиянды заттарға азот оксиді де де жатады. Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе ормандардағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттардан жинақталады. Атмосфераға азот қышқылының 95 пайызы көмір пайдаланғанда бөлінеді. Оның 40 пайызы автокөлік, 30 пайызы – электростанциялар, 20 пайызы өндіріс орындарындағы қазба отындардың үлесіне тиеді. Азот қышқылы табиғатта нитраттарға айналып, жауын құрамында жер бетіне түседі.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет