Алматыда Қытайдағы тағы бір жерасты дүмпуінің күші сезілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 6 наурызда  Алматы уақытымен 05 сағат 09 мин  жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді.

“Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 км жерде) орналасқан. Алматы қаласында 2 балл көрсеткіші сезілген”, – делінген мәліметте.

Еске сала кетейік, 4 наурызда Алматыдан 35 шақырым жерде магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды. Алматыда тұрғындар күші 5 балдық жерасты дүмпулерін сезінді. Кейін Төтенше жағдайлар қызметі жер сілкінісі қаупінің сақталып отырғанын хабарлады.

Магнит дауылының соңы қуатты жер сілкінісін тудыруы мүмкін бе — Сейсмолог маманмен сұхбат

"2026 жылға дейін үрейде ұстауы мүмкін": Сейсмолог жер сілкінісің күшейген тұсы мен баяулау сәті болатынын айтты

Жер сілкінісіне байланысты сенім телефоны іске қосылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновке мегаполис тұрғындарының мүддесі үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қаланың барлық қызметтерімен тығыз жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды.

Ал 5 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов үкіметке елдегі сейсмологиялық жағдайды тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.