20 жылға жуық көрермен ықыласына бөленген “Ән мен әнші” жобасының жүргізушілері Жанатбек Бәйтек мен Сержан Молдасанұлы өнер жұлдыздарына лақап ат қойып көрді. Бұл туралы “Хабарlike” бағдарламасында айтып берді. 

Фото: https://www.instagram.com/an_men_anshi.kz/

Бағдарлама жүргізушісі бүгінде лақап атпен танымал болған Қанай, Калифарния, Айри есімді жұлдыздардан бөлек, орта буын өкілдеріне қандай ат қоюға болатынын сұрады. 

“Гүлнұр Оразымбетоваға “Қайда тұрады” деген ат жарасатын сияқты. Өзінен сұрасақ, біресе Алматыда дейді. Кеше “Мен астанадан ұшып келдім” деді. Түсініксіз”, – дейді Жанатбек. 

Одан кейін Жұбаныш Жексенұлының қызуқанды мінезін көрген жоба жүргізушілері бірден “Шатақ” деген есім қойды. 

“Жексенұлын өте жақсы танимыз ғой. Достығымыз да, әзіліміз де жарасқан. Мінезі сондай шатақ. Қызуқанды жігіт. “Шатақ” деген атпен танылса, жаман болмайды”, – деп күлдірді Сержан. 

  • Бекжан Пирматов: "Бізде несиелендірудің теңдестірілген тиімді үлгісінің бірі бар"

  • Алматыда әскерге кеткен сарбаз үш ай бойы комада жатыр: Ата-анасы жігіттің өзі құлағанына сенбейді

Одан кейін, Досымжан Таңатаров пен Нұрлан Абдуллин, Саят Медеуов, Меруерт Түсіпбаеваға да лақап есім таңып қойды. 

“Досымжанның киген бөркіне қарап, “Бөрі” деп атайықшы. Ренжи қоймас. Әзіл көтеретін жігіт. Меруерт Түсіпбаеваға “Отыра салам” деген ат берейік. Ән айтып келе жатып, әркім алдына отыра салатын. Көрермен естерінде шығар?!. Архивті ақтарсақ, отыра қалып, әнін жалғастырып жатқан бейнежазбалары бар. Мадина Сәдуақасоваға “Сылқым” деген атау берейік. Ерекше образда жүретін әнші”, – деді бағдарлама жүргізушілері.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.