Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 352.03 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі352.03 Kb.

ҚР ҚН 1.03-03-2013

СН РК 1.03-03-2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

ГЕОДЕЗИЧЕСКИЕ РАБОТЫ В СТРОИТЕЛЬСТВЕ

Енгізілген мерзімі 2015-07-01

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

1.1 Осы құрылыс нормалары қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық талаптарды ескерумен, Қазақстан аумағында әрекет ететін құрылыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес дайындалған жәнегеодезиялық жұмыстардың жүргізілуін, көтерілетін құрылмалардың геометриялық параметрлерін дәлдігінің бақылануын, олардың жылжымалылығы мен деформативтілігін мониторингілеуін белгілейді.

1.2 Құжат геодезиялық жіктемелі жұмыстар құрамын, оларды орындау тәртібі мен ережелерін бекітеді, өз кезегінде оларды сақтау ғимараттар мен құрылыстардың өлшемдері мен пішіндерінің дәлдігінің, олардың аймақта орналасуының, сонымен қатар ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларының өлшемдерінің, пішіндері мен өзара орналасуының қала құрылысының талаптары мен жобалық құжаттамаға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін келесі нормативтік құжаттар сілтемелері қажет:

ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2011 Еңбекті қорғау және құрылыстағы техникалық қауіпсіздік.

МЕСТ 26433.2-94 Құрылыстың геометриялық параметрлерінің дәлдігін қамтамасыз ету жүйесі. Ғимараттар мен құрылыстар параметрлерінің өлшемдерін орындау ержелері.

МЕСТ 24846-81 Топырақтар. Ғимараттар мен құрылыстар негіздерінің деформациясын өлшеу әдістері.


3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Осы құрылыс нормаларында келесі сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылған:



3.1 Геодезиялық байлама: Координаталар мен биіктіктердің қабылданған жүйесінде аймақта бекітілген нүктелердің, ғимараттар мен олардың элементтерінің орналасуын анықтау.

3.2 Кері, тураұстама: Анықталатын нүктеде орындалатын, бұрыштық, желілік немесе желілік-бұрыштық ұстама.

3.3 Кездейсоқ қателіктер: Әр нақты өлшеуде әрекетінің сипаты белгісіз болатын қателіктер; олар тек статистикалық заңдылықтарға бағынады.

3.4 Түзету: Түзетілмеген өлшеу нәтижесіне енгізілетін шама көрсеткіші.

3.5Арту: Нүкте биіктіктерінің айырмасы.

3.6 Құрылысжіктелімі: Жоспарда және биіктігі бойынша құрылыстың немесе оның бөліктерінің орналасуын анықтау бойынша геодезиялық жұмыстар кешені.

3.7 Репер: Биіктігі белгілі геодезиялық белгі.

3.8 Геодезиялық негіз: Орналасуы олар үшін ортақ координаталар жүйесінде анықталған, аймақта немесе құрылыста белгіленген геодезиялық пункттер жиынтығы.

3.9 Орталық ось: Ғимараттың бас өсі арқылы өтетін ось.

3.10 Биіктікті деформациялық геодезиялық негіз: Негізгі құрылыстық құрылымдардың шөгуін бақылауға арналған, сыртқы биіктікті геодезиялық негіздің шоғырлану желісі.

3.11 Құрылыстың шөгуі: Негізінің тығыздалуына немесе құрылыстың (оның бөліктерінің тік өлшемдерінің азаюына байланысты құрылыстың төмендеуі.

3.12Абсолют шөгу: Геодезиялық негіздің бастапқы биіктікті тірегіне қатысты алынған шөгу шамасы.

3.13 Салыстырмалы шөгу: Құрылыстың бір нүктесіне қатысты шөгу шамасы.

3.14 Шекті қателік:Белгіленген ықтималдығы бойынша абсолют қателік шамасы бойынша өлшеу нәтижелерінен аспауы талап етілетін қателік.

3.15 Орташа квадратты қателік: Абсолют көрсеткіші бойынша үлкен өлшеу қателіктеріне әрекет ететін дәлдік бағалаудың ең сапалы критерийі болып табылатын өлшеу нәтижесі дәлдігінің сипаттамасы.

3.16 Реперлер шоғы: Үшбұрыш (шаршы және т.б.) ұшында бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан, сыртқы биіктікті тіректі геодезиялық негіздің үш немесе одан көп репері, олар бойынша арнайы бағдарлама бойынша ең тұрақты реперді анықтау мақсатында жоғары дәлдікті геометриялық ниверлирлеу орындалады.

3.17 Ағымдағы шөгінді: Алдыңғы және кейінгі циклдер белгілерінің айырмасы ретінде алынған кез келген репердің шөгу шамасы.
4 МАҚСАТТАР МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР
4.1 Мақсаттар
Пайдалану барысында ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, құрылыстық нормаларда келесі мақсаттар бекітілген:

  • Жобаны бас жоспарға сәйкес нақты көрініске шығару үшін, құрылысқа арналған геодезиялық жіктемелі негізді құру;

  • Жеке геодезиялық жұмыстарға арналған дәлдік нормалары, бұл ғимараттар мен құрылыстардың орнықтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етеді;

  • Ғимараттың геодезиялық параметрлерінің дәлдігін геодезиялық бақылау өз кезегінде ғимараттардың орнықтылығы мен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

  • Ғимарат құрылысының барысында апаттық жағдайлардың алдын алу үшін ғимараттар деформациясының геодезиялық бақылау жүргізіледі;

  • Құрылыста геодезиялық жұмыстарды орындаған кезде еңбекті қорғау.


4.2Функционалдық талаптар
4.2.1Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар тұрғызылатын объектілердің бас құрылыс жоспарларының жобаларына сәйкес орналастырылуын, жобалық құжаттамадағы геометриялық параметрлердің Қазақстан Республикасының ережелер жинақтары мен мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ететін көлемде және қажетті дәлдікпен орындалуы тиіс.

4.2.2 Құрылыс алаңында орындалатын геодезиялық жұмыстар құрамына келесі жұмыстар кіруі тиіс:

а) ғимараттар мен құрылыстардың, магистральді және алаңнан тыс желілік құрылыстардың негізгі және басты жіктемелі осьтерін нақты көрініске шығару үшін, сонымен қатар технологиялық жабдықты құрастыру үшін құрылыс алаңының жіктемелі желісінің құрастырылуын қамтиттын, құрылыс үшін геодезиялық жіктемелі негізді құру;

б) Алаңішілік(магистральдіктен басқа) сызықты ғимараттарды немесе оның бөліктерін, уақытша ғимараттарды (құрылымдарды) бөлу;

в) Егер де геодезиялық жұмыстар жобасында немесе жұмыс орындау жобасында қарастырылатын болса, бастапқы жөндеу кезеңдерінде ғимараттың (құрылымның) бөлу желісін және технологиялық жөндеу үшін бөлу желісін, сондай-ақ детальді бөлу жұмыстарын жүргізу;

г) Егер де жобалық құжаттамалармен қарастырылған, авторлық қадағалау немесе мемлекеттік қадағалау органдарымен бекітілген болса, негіздердің, ғимараттар (құрылымдардың) конструкциялардың өзгерулерін геодезиялық өлшеу.

Ғимараттар (құрылымдар) негіздерінің өзгеруін геодезиялық өлшеу дәлдігінің әдістері мен оған қойылатын талаптардыМЕСТ24846-81 қолдану қажет.

4.2.3Геодезиялық жұмыстар құрылысты жүргізудің технологиялық процестің құрамдас бөлігі болып табылады. Оларды жалпықұрылыстық, жөндеу және арнайы жұмыстардың орындалу мерзімдерімен байланысқан, берілген құрылыс алаңының бірыңғай графигімен және жобамен орындау қажет.

4.2.4Ірі және күрделі объектілерді салғанда, сондай-ақ зәулім ғимараттарды салған кезде геодезиялық жұмыстар орындау жобаларын толық және толық емес мөлшерлі жұмыстарды орындау жобалары үшін бекітілген тәртіпте құрастыру керек.

4.2.5Геодезиялық жұмыстарды орындау жобалары геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру жобасымен құрастырылған, құрылысты ұйымдастыру жобасына кіретін шешімдерді қолданумен құрастырылуы тиіс.

Құрылыс алаңында геодезиялық жұмыстарды бастамас бұрын бөлу жұмыстарында қолданылатын жұмыс сызбалары өлшемдерді, координаттарды және белгілерді (биіктіктерді) бірдей байланыстыру бойынша тексерілуі тиіс және тапсырыс берушінің техникалық қадағалауымен орындауға рұқсат берілуі тиіс.

4.2.6Геодезиялық жұмыстар қажетті дәлдікті өлшем құралдарымен жүргізілуі тиіс.

Желілі құрылымдардың құрылысы кезінде, кранасты жолдарды жөндеу кезінде, вертикалды (биіктік) жоспарлау кезінде геодезиялық жұмыстарды жүргізгенде көбіне лазерлі құрылғыларды (аспаптарды) қолдану керек.

4.2.7Құрылыс жүргізушіден (тапсырыс берушіден) геодезиялық бөлу негізін қабылдағаннан кейін сәйкесті актіні ресімдеу қажет. Тапсырыс беруші (құрылыс жүргізуші) орындалатын геодезиялық схемалардың дұрыстығын бақылай алады. Осы мақсатта, құрылыс жүргізетін тұлға қабылдауды аяқтағанға дейін көрсету үшін бекітілген белгілерді, бөлу осьтердің орналасуын бекітетін белгілерді және жөндеу белгілерін сақтап қалуы тиіс.

4.2.8Құрылыс қатысушылары – олар құрылысты жүргізетін, құрылыс жүргізуші (тапсырыс беруші), жобалаушы тұлғалар Қазақстан Республикасының қала құрылысы туралы заңнамамен қарастырылған құрылыстық бақылауды жүргізулері тиіс. Олар құрылыстық жөндеу жұмыстардың, салынатын құрылымдардың (конструкциялардың) және ғимараттың, құрылымның инженерлік техникалық қамтамасыз ету жүйелерінің, техникалық регламенттер мен жобалық құжаттамаларына сәйкестігін бағалау мақсатында құрылыстық бақылау жүргізулері тиіс.

4.2.9 МЕСТ 26433.2-94 сандық белгісі немесе көбіне таңдамалы ұқсас бақылау жүргізіледі. Бақылау жүргізетін тұлға геодезиялық бөлу негізін (дәлелдеу бойынша) тексеру бойынша жалпы кіріс бақылауын жүргізеді. Геодезиялық бөлу негізін қабылдағаннан кейін құрылыс салушымен (тапсырыс берушімен) сәйкесті актіні жасау керек.

4.2.10Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) орындалатын геодезиялық схемалардың дұрыстығының бақылауын жүргізуі мүмкін. Осы мақсатта, құрылыс жүргізетін тұлға қабылдауды аяқтағанға дейін көрсету үшін бекітілген белгілерді, бөлу осьтердің орналасуын бекітетін белгілерді және жөндеу белгілерін сақтап қалуы тиіс.
5 ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ОРЫНДАУ ЖОБАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1 Тоғыз қабаттан жоғары ғимараттарды, сондай-ақ басқа да техникалық күрделі және ірі объектілерді салған кезде ГЖЖЖ құрылыстағы қолданылатын ТНҚА талаптарының негізінде жасалуы тиіс. ГЖЖЖ мердігер (қосалқы мердігер) немесе оның тапсырысы бойынша басқа мамандандырылған ұйыммен құрастырылады. Басқа жағдайларда геодезиялық жұмыстарды орындау тәртібі мен көлемі (мөлшері) ППР-дің бір бөлімімен анықталады.

5.2 Мамандандырылған ұйымның геодезиялық жұмысты орындау жобасын орындау үшін келісімі және ауызша түрде құрастырылған техникалық тапсырма негіз болып табылады. Ал ППР құрамында құрастыру кезінде құрылыстық жөндеу ұйымының жұмыс жүргізуді дайындау тобының тапсырмасы негіз болып табылады. Тапсырма құрастырудың объемдері (мөлшерлері) мен мерзімдері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

5.3 Құрылыстық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық құжаттамаларды қайта қарау кезінде барлық өзгерістер геодезиялық жұмыстарды орындау жобасына енгізіледі.

5.4 Геодезиялық жұмыстарды орындау жобасы құрылыстық жөндеу ұйымының геодезиялық қызметімен келісіледі, орындаушы ұйымның және жобалық құжаттамаға тапсырыс беруші басшыларымен бекітіледі, бас құрылыстық жөндеу ұйымының бас инженерінің қолы қойылып, пайдалануға жұмыстарды жүргізуді бастауға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірілмей беріледі.

5.5 Геодезиялық жұмыстарды орындау жобасында құрылысты ұйымдастыру жобаларды құрастыру бойынша талаптарға қосымша және ППР үшін орындалуы тиіс:

- құрылысқа дайындық кезеңі үшін: ғимараттың орналасу схемасы және сыртқы бөлу желі белгілерінің бекітулері, материалдық және адам ресурстарында қажеттілік, геодезиялық жұмыстарды орындау графигі;

- объектіні салу үшін: ғимараттың ішкі бөлу желісін құру әдісі мен дәлдігі, орналасу схемасы және желі белгілерінің бекітулері, орталықтар түрлері; детальді бөлу жұмыстардың бақылаулы өлшемдердің орындалу түсірілімдердің әдістері мен дәлдігі, материалдық және адам ресурстарында қажеттілік, геодезиялық жұмыстарды орындау графигі;

- ғимараттар мен құрылымдардың өзгеруін, жылжуын бақылау үшін: құрылыс объектілердің өзгеруінің, жылжуының бақылауын жүргізу тәртібі мен құралдары, әдістері, дәлдігі; геодезиялық желінің схемасы, оның салуының әдістері мен дәлдігі; белгілер орталықтарының түрлері; жұмыстарды орындау графигі.

5.6 Ғимараттың сыртқы бөлу желісінің схемасына қосымша болатындар:

- желіні бекіту схемасы;

- қолданыстағы ТНҚА талаптарын ескере отыра, ғимараттың сыртқы бөлу жүйесін салу әдісімен дәлдігі туралы мәліметтер;

- бөлу осьтерін бекіту үшін ұсынылатын белгілердің конструкциялары(құрылғы-лары).

5.7 Ғимараттың жерасты бөлігін салу үшін геодезиялық жұмыстарды орындау жобасы негізгі талаптармен қатар 5.5 сәйкес келесіні қамтуы тиіс:

- детальді бөлу жұмыстардың дәлдігін;

- детальді бөлу жұмыстардың орындалу әдістерін;

- ғимарат шұқырларпішінін , инженерлік желілер трассалардың көрсетілудегі бекіту мен шығару технологиясын;

- жер және құрылыстық жөндеу жұмыстарын орындау кезінде геодезиялық бақылау технологиясын;

- орындалатын түсірілімдерді жүргізу технологиясын және орындалатын құжаттама құрастыруын.

5.8 Ғимараттың жерасты бөлігін жөндеу үшін геодезиялық жұмыстарды орындау жобасы 5.5 аталған негізгі талаптармен қатар келесіні қамтуы тиіс:

- көпқабатты ғимараттар үшін жөндеу кезеңдерінде (горизонттарында) ғимараттың ішкі бөлу желісінің салыну дәлдігін;

- жөндеу кезеңдеріне (горизонттарына) бөлу осьтерін тапсыру (беру) әдістерін;

- құрылыстық конструкцияларды және элементтерді жобалық жағдайға қою кезінде геодезиялық өлшемелердің әдісін;

5.9 Ғимараттың сыртқы бөлу желінің дәлдігі детальді бөлу жұмыстардың жүргізудің қажетті және тиісті дәлдікті қанағаттандыруы тиіс.

Егер де құрылыс алаңының бұрын орындалған бөлу желісінің дәлдігі ғимараттың сыртқы бөлу желісінің талаптарын қанағаттандырмаса, онда оның құрылысы үшін қажетті дәлдікті бөлек бөлу желісі жасалады. Онымен қоса координаттардың басы болып құрылыс алаңының бөлу желісінің бір пункті және бір дирекциондық бағыт алынады.

5.10 Ғимараттың сыртқы бөлу желіні салу дәлдігі осы техникалық кодекс рұқсаттарымен қарастырылмаған жағдайларда, берілген объектінің минималдық осьаралық өлшемнің салынуы дәлдігіне қойылатын талаптарға байланысты, ондай желінің жеке есептеуін (өлшеуін) орындайды.

5.11 Ғимараттың ішкі бөлу желі пунктерінің жобасы жағдайға редуцированиясы жөндеу кезеңінде (горизонтында) бақылау өлшемдерін алғаннан кейін жүргізіледі.

Салынған желінің теңестіру және редуцироваттау әдісі бастапқы кезеңмен қоса жөндеу кезеңінде (горизонттарында) геодезиялық жұмысты орындау жобасында берілуі тиіс.

5.12 Ғимараттың биіктігі мен қолданылатын техникалық құрылғыларға (құралдың) байланысты осьтерді жөндеу кезеңдеріне (горизонттарына) тапсыру үшін дәлдігінің талаптырын қанағаттандыратын әдістерді қолдану керек.

5.13 Детальді бөлулердің орындалуын қолданылатын ТНҚА көрсетілген дәлдікпен белгілі тәсілдердің бірімен негізгі немесе бас осьтерден қарастыру керек.

5.14 Жұмыстың әр түрі үшін орындалу құжаттамасы ретінде үлгілері геодезиялық жұмыстарды орындау жобасына қосымша болып бөлек альбоммен салынуы тиіс нысандары арқылы келтіріледі.

5.15 Егер де қолданылатын ТНҚА талаптырында қарастырылмаған болса, геодезиялық жұмыстарды орындау жобасын құрастыру кезінде орнату дәлдігі технологиялық құрылғының (оборудов.) жөндеуіне мен өлшемдері жұмыс сызбаларында (құрылғы паспорттарында, құрылғыны жөндеу нұсқаулықтарында) және техникалық тапсырмада жобалық ұйыммен қойылуы тиіс.

5.16 Құрылыс процесі кезінде және пайдалану кезінде (тіректі геодезиялық желінің жобасы, отыру маркалары мен реперлердің типтері, бақылау бағдарламасы, геодезиялық өлшеулердің әдісі) ғимараттардың өзгерістеріне геодезиялық әдістермен бақылаудың жобасы МЕСТ 24846-81талаптарына сәйкес құрастырылады.


6 ҚҰРЫЛЫС ҮШІН ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ БӨЛУ НЕГІЗІН ЖАСАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
6.1 Бөлу негізі туралы жалпы мәліметтер
6.1.1 Құрылыс үшін арналған геодезиялық бөлу негізі құрылыс алаңының бөлу желісінің жоспарлы және жоғарғы (зәулім) немесе жоспарлық – жоғарғы (зәулім) пункттерінен және ғимараттың сыртқы бөлу желісінің пункттерінен тұрады. Құрылыс алаңының бөлу желісінің жоспарлы пунктеріне қатысты ғимарат басты немесе негізгі (габариттік) осьтердің пунктерін көрсетеді. Олар объектінің дербес бөлу желісін құрайды.

Құрылыстың жоғарғы (зәулім) желісінің реперлері мен пунктеріне қатысты конструкцияларды (құрылғыларды) жобалы жағдайға биіктігі бойынша шығарады.

6.1.2 Құрылыс алаңы мен алаңнан тыс құрылымдар үшін жоспарлы және жоғарғы координаттардың жүйесін объектіні жобалауды бастамас бұрын орнатып, оларды тиісті жобалық құжаттамада қолдану керек. Жоспардағы ғимараттардың осьтерін көрсету үшін құрылыс алаңының геодезиялық жоспарлық бөлу негізі болып елді-мекен пунктінің координаттар жүйесінде анықталған полигонометриялық немесе теодолиттік пунктер қолданылады. Ғимараттар бір-біріне параллельді орналасқан жоспарда ірі өндірістік кәсіпорынның ғимараттарын орналастыру үшін құрылыс алаңының жоспарлық геодезиялық бөлу негізін құрылыстың геодезиялық тордың биіктерінде пунктермен бекітеді.

Бөлу жұмыстарының жоғары дәлдігін қажет ететін ғимараттардың құрылыстық осьтерін көрсету үшін құрылыс алаңының тиісті жоғары дәлдікті жоспарлы-жоғарғы геодезиялық негіз жасалады.

Алаңнан тыс инженерлік желілерді салу үшін олардың трассаларының бойымен жоспарлы координаттары теодолиттік немесе полигонометриялық бағыттармен, жоғарғы координаттары – нивелирлеумен анықталатын жоспарлы және жоғарғы геодезиялық белгілерді бекітеді.

6.1.3 Жоспардағы ғимарат элементтерінің және инженерлік желілердің бөлу желісіне байланысуы, осьтерді көрсету және бөлу жұмыстарын орындау үшін қажетті басқа да мәліметтер жобалық құжаттамада берілген құрылыс объектілері үшін орнатылған координаттар жүйесінде беріледі.

6.1.4 Құрылыс алаңының жоғарғы геодезиялық негізі топырақтық (грунттық) және қабырғалық реперлер, ғимарат осьтерінің бекітілу пунктері түрінде жоғарғы геодезиялық белгілер жүйесімен қамтамасыз етіледі.

6.1.5 Жоғарғы бөлу желілері нивелирлеудің II, III, IV класс бағыттарымен, сондай-ақ қажетті дәлдікті техникалық немесе тригонометриялық нивелирлеу бағыттарымен жасалады. Нивелирлеу класы құрылғыларды биіктік бойынша орнатудың техникалық рұқсаттарымен анықталады.

6.1.6 Құрылыс жоспарының жоспарлы және жоғарғы бөлу желілердің сызбалары бас жоспар масштабымен құрастырылады. Оларға қосымша қосылатын:

- ТНҚА талаптарына және мемлекеттік геодезиялық және нивелирлік желінің немесе жиналған желілер пунктері мен реперлеріне байланыстыру ерекшеліктерін ескерумен жоспарлы және жоғарғы бөлу желілерді салу дәлдігі туралы мәліметтер;

- геодезиялық пунктер орталықтарының типтерінің сипаттамасы және оларды салу әдістері.
6.2 Ғимараттардың сыртқы бөлу желісін жасаудың талаптары
6.2.1 Ғимараттың сыртқы жоспарлы бөлу желісі оның бөлу осьтерін (басты, негізгі) және жердегі нивелирлі пунктерін бекітетін (осьтік) белгілер жүйесі түрінде жасалады.

Жоғарғы бөлу желісі бөлу осьтерінің топырақтық және жоспарлық белгілерімен қабырғаларға салынған реперлермен бекітіледі.

6.2.2 Ғимараттардың күрделі конфигурациясында, олардың өлшемдерінде, сондай-ақ ғимараттар бір-бірімен технологиялық желілермен тығыз байланысқан кезде бас осьтер бөлінеді. Жоспардағы күрделі емес ғимараттарды салу кезінде негізгі осьтер бөлінеді.

6.2.3 Ғимараттардың негізгі осьтерін көрсетуін құрылыс алаңының бас жоспарына сәйкес орындау керек. Онда ғимараттардың осьтерінің жоспарлық бөлу желісінің пунктеріне байланысы көрсетілуі тиіс: қызыл сызықтардың, құрылыс торының, полигонометриялық және теодолиттік бағыттардың.

6.2.4 Басты және негізгі осьтер жерде құрылыс алаңының жоспарлы бөлу желісінің пунктерінен бөлінеді.

6.2.5 Осьтердің бөлінуін жоспарлы немесе негізгі осьтердің орналасуын анықтайтын болашақ котлован нүктелері тыс көрсетеді. Көрсетілуі тікбұрышты немесе полярлы координаттар, сызықтық немесе бұрыштық кертпелер тәсілімен асырылады. көрсетілген нүктелерге қатысты сызықтық (желілік) өлшемдермен осьтердің бойымен және көлденең қиылысуы нүктелердің орналасуы анықталады. Көлденең осьтер теодолит көмегімен тік бұрыштарды салуымен бөлінеді.

6.2.6 Ірі объектілер бөлу осьтерінің нүктелерін көрсетіп орын ауыстыруын бақылау үшін олармен полигонометриялық жол (бағыт) салады. Күрделі емес жоспарларда ғимараттардың осьтердің бөлуін бақылауын бөлу негізінің жақтары мен пунктеріне дейін өлшемдермен, ірі осьтердің сыртқа пішіні бойынша осьтердің кесінділерін өлшеумен, сондай-ақ осьтермен қалыптасқан диаганальдар мен бұрыштарды өлшеумен жүргізеді. Осьтерді бөлу дәлдігіне қойылатын талаптар ТНҚА-мен және есептеулермен қарастырылған.

6.2.7 Күрделі кәсіпорынды ғимараттарды салғанда, ғимараттардың жиынтығы және технологиялық желілердің дәлдігімен жанасуының қажеттігі туындаған кезде пунктері ғимараттың бас және негізгі осьтердің бекіту пунктерімен жанасқан арнайы бөлу желілерді бөлу керек.

6.2.8 Ғимараттардың арнайы бөлу желісінің пунктерінің координаттарын анықтау әдісі (микротриангуляция, микротрилатерация, полигонометрия, полярлы, кертпелер) қажетті дәлдікті бөлу жұмыстарына, құрылыс алаңының өлшемдеріне, ондағы жұмыс шарттарына және ғимарат формасына байланысты анықталады.

6.2.9Орындалған геодезиялық өлшемдердің нәтижелерін салыстырғаннан кейін және осьтердің бекітілу нүктелерінің координаттарын санауынан кейін оларды жобалық координаттармен салыстырады. Қажеті болса, желілік (сызықтық) және бұрыштық редукциялардың шамаларын табады. Жергілікте осьтік белгілердің орталық белгілердің орналасуын сәйкесінше өзгертеді.

6.2.10Ғимараттардың бас және негізгі осьтерін капиталды ғимараттарда якорьге бетондалған рельстер, темір, құбыр қиындылары түріндегі тұрақты белгілермен бекітеді. Белгі орталығы (координаттар сақтаушы) тесікпен немесе ойықпен белгіленеді. Уақытша белгілер жерге қағылған, басына шеге қағылған ағаш кесіндісі түрінде болады.

6.2.11Ғимараттардың бас және негізгі осьтерін бекітетін тұрақты осьтік белгілер объект пішінінің әрбір жағынан кем дегенде екеуден болуы керек.

6.2.12Осьтік белгілерді ғимараттың пішінінен тыс және орындалатын жер жұмыстары аумақтарынан тыс, уақытша және тұрақты қосымша құрылымдардың, құрылыс материалдарды сақтау және т.б. орындардан тыс жерлерге, орындауға орналастыру керек.

6.2.13Бас және негізгі осьтерді шығару бойынша бөлу жұмыстарын жүргізу дәлдігі, осьтердің геодезиялық бекіту белгілерінің типтері және оларды бекіту схемаларынқұрылыстық конструкцияларды және технологиялық құрылғыларды жөндеу кезіндегі рұқсаттарға қойылатын арнайы талаптарды ескерумен ГЖЖЖ немесе ППР негіздеу керек.

6.2.14Ғимараттың бас және негізгі осьтерін көрсету бойынша жұмыстарды орындағаннан кейін құрылыс үшін геодезиялық бөлу негізін тапсыру-қабылдау актісі және геодезиялық бөлу желілерін салу схемалары толтырылады(жасалады).
7 ҒИМАРАТТАРДЫҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗГЕНДЕ ДӘЛДІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
7.1 Ғимараттардың геометриялық параметрлерінің дәлдігіне геодезиялық бақылауы құрылыс жүргізуі технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болуы тиіс. Ғимараттың бөлу желісінің белгілері, бөлу осьтері мен сызықтар (желілер), оларға паралельді құрылғылардың қабырғалардың қырларындағы орнатылатын рискілер, реперлер, маркалар мен маяктар бақылау өлшемдердің геодезиялық негізі болып табылады. Геодезиялық бақылау құрылғының уақытша бекітілуі кезінде(операциялық бақылау), сондай-ақ соңғы бекітуден кейін (қабылдаулық бақылауы) де конструкциялардың қолданыстағы жоспарлы, жоғарғы және салыстырмалы биіктікті орналасуының анықталуын қосады.

Биіктік геодезиялық бақылау арқылы ғимараттың тіректі жазықтықтардың биіктік бойынша фактілі орналасуы тексеріледі.

Биіктік бойынша геодезиялық бақылау биіктікті немесе еңкеулі жазықтығына қатысты жөнделетін құрылғылардың (конструкциялардың) орналасуы тексеріледі.

7.2Құрылыс процесінде орындалатын геодезиялық бақылау геодезиялық құжаттамамен ресімделуі керек. Оған келесілер кіреді:

- орындалатын геодезиялық схемалар, жоспарлар, профильдер, қиғаштар және т.б.;

- геодезиялық тексеріс актілері, жұмыс журналдары.

7.3Ғимараттардың геометриялық параметрлердің дәлдігін арнайы геодезиялық бақылауды өткізеді:

- конструкцияларды немесе ғимараттар серияларын жөндегенде жаңа техноло-гияларды қолдану кезінде;

- учаскенің (лектің), бригаданың, звено жұмысының сапасының дәрежесін анықтау-дың статистикалық әдістерді енгізу кезінде;

- арбитражды органдардың, қадағалау органдардың, сондай-ақ құрылысты басқару әкімшілігінің немесе жоғары органдардың талаптары бойынша.

7.4Қабылдаулық бақылауды орындаған кезде геодезиялық орындаулық түсірімді қажет ететін құрылымдар мен ғимараттар бөліктерінің негізгі тізімі жұмыс сызбаларда жобалық ұйыммен анықталады.

7.5Ғимараттардың геометриялық параметрлердің дәлдігін геодезиялық бақылау бойынша жұмыстарды бастамас бұрын бақыланатын (қадағаланатын) параметрлердің тізімі, бақылау әдісі, бақылау жұмыстарының жоспары және оларды орындау тәртібі, өлшеу құрылғылары, құралдар, өлшемдердің схемалары да орындау жобасында көрсетіледі.

7.6Дәлдіктің геодезиялық бақылауы стандарттар, технологиялық карталар, бақылау ведомістері негізінде және өлшемдердің әдістері мен схемаларын, орнататын, бақылау нәтижелері туралы ақпаратты және қолдануы, сақтауы, жинау ережелерін бекітетін басқа да технологиялық құаттардың негізі арқылы жүргізілуі тиіс.

7.7Дәлдікті бақылауды көбіне таңдамалы түрде жүргізу керек. Толық бақылауды шектеулі өлшемдер мөлшерлері, бақылаудың жаңа технологияларын енгізгенде және стандарттардан тыс инженерлік есептерді шешу кезінде орындайды.

7.8Осьтерді, бекіту белгілерді немесе олардың створларын орналастыру схемалары, жөндеу кезеңдерінде (горизонттарында) , бөлу белгілерінің жоспарлары, сондай-ақ координаттың осьтерге байланысымен конструктивті элементтердің сызбалары дәлдікті бақылауды орындау үшін бастапқы құжаттар болып табылады.

Егер де құрамалы құрылғылардың элементтерінің осьтері олардың элементтердің сыртқы координаттар осьтеріне байланысуы нөлден айырмашылықты болса, онда осы элементтердің өлшемдері мен сыртқы қырлардың, қабырғалары, жазықтықтары бақылауға алынуы тиіс.

7.9Жоспардағы ғимараттар құрылғыларының орналасуының геодезиялық бақылауын осьтер арасындағы қашықтықтарды өлшеумен, орнатылатын немесе жөндеулі рискілермен, сондай-ақ жөнделетін детальдардың қырларымен (жазықтарымен) эталонды өлшеу құралдарын немесе арнайы шаблондарды қолданумен жүргізеді.

7.10Іргетастар құрылғаларының биіктігін элементтердің немесе біртипті элементтердің биіктігі 1 метрден артық болғанда (егер де басқа талаптар арнайы жоба құжаттамасында қарастырылмаса) отвесті рейкімен немесе деңгеймен (уровеньмен) жүргізеді.

Жоспарлық түсіру кезінде бақылауға алынған элементтер де бақылауға алынады.

7.11Ғимараттардың жерүсті бөліктерінің орналасу дәлдігінің бақылауын жоспарда және биіктікте жүргізеді. Жоспарда салынған элементтер арасындағы қашықтықты өлшейді. Олардың элементтер мен олардың осьтерге байланыстары арасындағы қашықтықты ескере отыра, мүмкінді ауытқуларды есептейді.


8 ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРҒА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ
8.1 Ғимараттар мен құрылымдардың өзгеруі, жылжуы бойынша геодезиялық бақылаулар (құрылыс объектілердің геодезиялық бақылауы) келесі мақсаттар үшін жүргізіледі:

- шамалардың абсолютті және салыстырмалы өзгерістерін есептеу әдістерін сынақтық тексеру.

- негіздердің грунттары мен ғимараттар мен құрылымдар типтерінің өзгерістерінің шекті мүмкінді шамаларын орнату үшін;

- пайдаланылатын ғимараттар мен құрылымдардың өзгерістерінің қауіптілік дәрежесін және өзгерістердің пайда болу себептерін, анықтау үшін, пайда болған өзгерістердің себептерін жою үшін қажетті шараларды уақытылы орындау үшін сандық және геометриялық мәліметтерді алу үшін;

- аса маңызды ғимараттардың, мұнаралы құрылымдардың және т.б. орналасуы мен геометриясы бойынша геодезиялық тұрақтылық мониторингі бойынша жобалық ұйымдардың талаптары және ведомстволы нұсқаулықтарды орындау үшін.

8.2 Негіздердің, іргетастардың, сондай-ақ оларға салынған ғимараттардың өзгерістері мен жылжулары (отыруы, жылжуы, бірдей емес отыруы, жылжуы) бойынша геодезиялық бақылаулар техникалық тапсырма негізінде жасалынған арнайы бағдарламада орындалады.

Ғимараттардың шамадан тыс өзгеруінің белгілерін анықтаған кезде (құрылысты аяқтағаннан кейін) немесе іргетастарды қалау уақытында бақылаулар басталуы мүмкін.

Техникалық тапсырмада көрсетілуі тиіс:

-объектінің атауы мен орналасуы (әкімшілік бөлінуі бойынша), құрылыс немесе пайдалану кезеңдері;

- құрылымдық ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы мен негізгі параметрлерімен бірге салынатын ғимараттың қандай мақсатта пайдалануы туралы, мәліметтер, іргетастың салыну тереңдігі мен типі, іргетастар негіздерінің инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық шарттары, бақылаудың мақсаттары мен міндеттері, бақылау жиілігі, өзгерістер мен жылжулардың өлшеуінің қажетті дәлдігі, пайдаланылатын ғимараттар үшін – өзгерістерді өлшеу бойынша бұрын орындалған жұмыстар бойынша мәліметтер.

Техникалық тапсырмаға қосымша салынатындар:

Ғимараттар мен инженерлік желілердің құрылыстық алаңда орналасу жоспары, өзгеріс маркаларын орналастыру жерлері жоспарларға көрсетілуімен бірінші қабаттық іргетастар жоспарлары, осьтік өлшемдермен және биіктік белгілермен ғимараттардың қиғаштары (бойымен, көлденең).

8.3 Бақылауларды жүргізу бойынша жұмыс бағдарламасы техникалық тапсырма негізінде техникалық тапсырма берген ұйымның келісуімен өлшеу жұмыстарын жүргізетін ұйыммен құрастырылады. Жұмыс бағдарламасында техникалық тапсырмада көрсетілген мәліметтермен қатар өзгерістері бақыланатын ғимараттардың бөліктері, өзгерістерді есептеу шамалары, ғимараттар үшін – жарылулар (болуы және белгі салынатын құрылыс мақсатында орнатылған белгілер туралы мәліметтер, координаттар жүйесі мен биіктік белгілер бойынша ақпарат, бұрын өзгерістер бойынша орындалған жұмыстар және орындалатын жұмыстармен байланыстылығы туралы мәліметтер, геодезиялық белгілерді салу орындарының сипатталуы, белгілер типтерінің таңдалуы, желінің алдын ала схемасы, өзгеріс өлшемдердің дәлдігін есептеу, өлшеу әдістері мен қолданылатын құралдар, құрылғылар), өлшемдер нәтижесін сараптау тәртібі көрсетіледі.

8.4 Жобалық ұйыммен бекітілген өзгерудің шартты тұрақтандыруын қамтамасыз ететін параметрлеріне жету үшін ғимараттар мен құрылымдардың өзгеруі, жылжуы бойынша геодезиялық бақылауларды құрылыс жүргізілуінің барлық кезеңдері кезінде және пайдалану кезеңінде жүргізу керек.

Пайдаланудағы ғимараттардың өзгеруі, жылжуы бойынша бақылауларды жарылғандардың, сондай-ақ грунттың тұрақты негізінің тұрақты жағдайының күрт өзгеруі кезінде жүргізу керек.

8.5 Ғимараттардың өзгеруі, жылжуы бойынша бақылаудың дайындығы, бақылаулар процесі келесі кезеңдерден тұрады:

- өлшем бағдарламасын құру;

- конструкцияны таңдау, биіктік және жоспарлы желінің тіректі геодезиялық белгілердің орналасуы және оларды орнату;

- орнатылған геодезиялық белгілердің биіктік және жоспарлы байлануы;

-ғимараттарда өзгеріс маркаларын орнату;

- биіктік және горизонталдық өзгеріс шамаларын құралдық циклдік өлшеулері және уақыт аралықтарынан кейін крендерді.

- өлшеулердің нәтижелерін саралап, сараптау.

8.6 Іргетастардың биіктік өзгерістердің (отыруының) басында бақыланатын ғимараттарға тіректі реперлерді (биіктік негізінің бастапқы геодезиялық белгілері) және өзгеріс (отыру) белгілерін орнату керек. Олар үшін биіктік өзгерістер анықталады.

Саны үштен кем емес реперлер орнатылуы тиіс:

-жолдардан, жерасты инженерлік желілерден, қоймалық және басқа да аумақтардан тыс жақтарда орнатылуы керек;

- ғимараттың басуына ұшырайтын өзгеріс грунттық массивтен тыс жерлерге;

- түсудің әсерінен, тұрақтанбаған үйінділерден, қатты және сұйық пайдалы жер қазбаларын алғаннан кейін түскен жерлерден тыс, пайда болулардан және басқа да қолайсыз инженерлі-геологиялық және гидрогеологиялық әсерлі жерлерден тыс орнатылуы тиіс;

- ғимараттан отыру грунтынан үш еселік қалыңдығының қашықтықтан кем емес;

- көліктің, машиналардың, механизмдердің дірілдерінің репердің тұрақтығына әсер тигізе алмайтын жерлерге.

- бақылаудың барлық кезеңінде нивелирлік жұмыстар үшін ыңғайлы және бөгетсіз жолы бар жерге орналастыру.

Реперлердің конструкциясы мен нақты орналасуын өлшеулерді орындайтын ұйым анықтауы тиіс. Ол жобалық, құрылыс немесе пайдаланушы ұйымдармен, сондай-ақ берілген ауданда жерастық шаруашылығы бар (кабельді, суөткізгіштік, кәрізді және басқа да инженерлік желілер) тиісті қызметтермен келісілуі тиіс.

8.7 Реперлерді ерекше грунттық жағдайларда орнатқанда:

- үйіндінің, тығыздалуы аяқталмаған құрамы бойынша бірдей емес грунттар жағдайында анкерлі немесе тамырлы грунтқа 1,5 м тереңдіктен кем емес қағылған, құдықтармен және қоршаулы грунттармен қорғалған.

- отырмалы грунттарда құмды да репердің төменгі ұшын 1 метрден кем емес тереңдікке, сазды төсемелі грунттарда – 2 метрден кем емес тереңдікке, сондай-ақ отырмалы грунт қалыңдығы 10 метрден асқан жағдайда 5 метрден кем емес тереңдікке орнату керек.

- торфты(батпақты) грунттарда тығыз, аз өзгеретін грунттарға дейін қағылған қағылмалы сваяларды қолдану керек.

- ұлғаятын грунттар үшін ұлғаятын грунттарды отыру табанынан репердің төменгі ұшын 1 метрден кем емес тереңдікке орнату керек. Ұлғаятын грунт қабатының аса үлкен болған жағдайда, репердің табаны табиғи қысымы ұлғаюдың қысымынан асатын тереңдікте орналасуы тиіс.

8.8 Реперлерді орнатқаннан кейін оған жақындағы геодезиялық пунктердің биіктік белгісі берілуі тиіс. Орналастырылатын реперлерден геодезиялық желі пунктерінің (2 км астам) қашықтығында биіктіктердің шартты жүйесін қолдануға болады.

Әрбір реперде оны орнататын ұйымның атауы және белгінің реттік нөмірі жазылуы тиіс.

8.9 Орнатылған реперлерді сақтау үшін құрылыстық немесе пайдаланушы ұйымға актімен тапсырылуы тиіс.

8.10 Отыру белгілерін құрылымдардың төменгі жағында, ғимараттың барлық периметрі бойынша және ішінде, құрылыс блоктардың жанасу орындарында, отырмалы немесе температурлық шекараларында екі жағында, қабырғалардың жанасу жерлерінде, ұстау колонналарда, аса динамикалық жүк аймақтарында, қолайсыз геодезиялық жағдайлы учаскелерде орналастырады.

8.11 Ғимараттардағы отыру белгілерінің нақты орналасуын, сондай-ақ олардың конструкциясын өлшеу жүргізетін ұйым анықтайды. Ол жобалық, құрылыстық немесе пайдаланушылық ұйымдардан келісім алады. Белгілерді ғимарат іргетасының конструкциялық ерекшеліктерін (формасын, түрін, өлшемдерін, қаттылығын) ескере отыра іргетасқа машиналармен, тұрақты және динамикалық қысымдардың оның бөліктеріне әсерін, отырудың болжамалы шамасын және бірдей отыруын, ғимаратты пайдалану ерешеліктерін, ғимараттарды өлшеу бойынша қолайлы өндіріс жағдайларын ескере отыра қамтамасыз етеді.

8.12 Ғимарат пен іргетастың горизонталды өзгерісінің және іргетас кренін өлшеу әдістерін ғимараттың және іргетастың конструкциялық ерекшеліктерін, негіз грунттарының инженерлі-геологиялық және гидрогеологиялық сипаттамаларын, қолдану мүмкіндігін және берілген жағдайларда әдістің экономикалық мақсаттылығын ескере отырып бағдарламада көрсету керек.

8.13 Ғимарат пен іргетастың горизонталдық жылжуы және крен өлшеудің қабылданған әдісіне сәйкес топырақтардың өзгеруі мүмкін аймақтардан тыс жерлерге орнатқан жөн:

- геодезиялық құрылғылы орнатуға арналған басында орталықтандырғыш құрылғылармен қамтамасыз етілген бағандар түріндегі сыртқы тұрақты тірек белгілерін орнату керек;

- бағандар түріндегі тұрақты ориентирлеу белгілері, ориентирлеу белгілері ретінде триангуляция пунктерін және ғимаратты қарауға ыңғайлы нүктелерді қолдануға болады.

Геодезиялық бақылау объектісінде өзгеру белгілерін бекітіп орнату керек.

8.14 Аса маңызды ғимараттар мен құрылымдардың биіктік және горизонталдық жылжуларын комплексті өлшеудің қажетті дәлдігін жобалық құжаттамамен бекітілген болжамалы жылжу шамаларына байланысты орындаған жөн.

Өзгерістер мен жылжулардың есептік шамалары туралы мәліметтердің болмауы кезінде типті ғимараттар мен құрылымдар үшін биіктік және горизонталдық жылжудың өлшеу дәлдіктері олардың келесідей мүмкіндік қателіктеріне сәйкес орнатылады:

-көп уақыт бойы пайдаланудағы және тасты грунттарда орналасқан ғимараттар үшін – 1- 2 мм;

- құмды, сазды және басқа да тығыздалатын грунттарда салынатын ғимараттар үшін – 2 және 5 мм.

- үйінді, отырмалы, батпақты және басқа да қатты тығыздалуға ұшырайтын грунттарда салынатын ғимараттар мен құрылымдар үшін – 5 және 10 мм.

- жерлі құрылымдар үшін – 10 және 15 мм.

8.15 Биіктік жылжуды өлшеудің әдістері мен құралдары нәтижесінің қажетті дәлдігіне байланысты қолдануы тиіс. 1 ден 2 мм дейінгі және одан да көп мүмкінді қателікті отыруды өлшегенде геометриялық және нивелирлеудің гидростатикалық әдістермен, 5 мм және одан да көп мүмкінді қателік кезінде – геометриялық және тригонометриялық нивелирлеумен, фотограмматикалық әдістермен өлшейді.

8.16 Геометриялық нивелирлеу биіктік жылжуды өлшеудің негізгі әдісі ретінде қолданылады. Тұйық бағыттағы станциялардың n саны кезінде мүмкінді қателіктен ауытқулар нивелирлеу класына сәйкес қолданылады: 0,15; 0,5; 1,5; 5,0мм.

8.17 Геометриялық нивелирлеу және басқа да нақты әдістерді қолдануға мүмкіндік болмағанда, іргетастардың биіктік жылжуларын өлшеу үшін тригонометриялық нивелирлеуді қолданыды.

Тригонометриялық нивелирлеу кезінде қарау сәулелердің ұзындығы 100-150 м шектеледі, дәлдік (Т2, T5 және олардай дәлдікті) және жоғары дәлдікті (Т0,5; Т1 және олардай дәлдікті) теодолиттер, сондай-ақ сәйкесті дәлдікті электрондық тахеометрлер қолданылады.

8.18 Басқа әдістермен өлшеуге келмейтін нүктелердің салыстырмалы биіктік жылжуларын өлшеу үшін, сондай-ақ нивелирді қолдануға жағдай болмағанда немесе адамның өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін аса қауіпті орындарда гидростатикалық нивелирлеу (жылжымалы штангілі құралмен немесе стационарлы гидростатикалық жүйелерін) қолданады.

8.19 Отыруды, ауытқуды, крендерді және басқа да өзгерістерді бақыланатын нүктелер санының көп болуы кезінде, олардың орындарында белгіленген, геодезиялық өлшеулер үшін қолайсыз, бірақ фотоға түсіру пунктінен көрінетін жағдайда фотограмметриялық (стереофотограмметриялық) әдісті қолданады.

8.20 Ғимараттар мен құрылымдардың горизонталды жылжулары створлық бақылау, бөлек бағытты, полярлы (электрондық тахеометр көмегімен), триангуляция, фотограмметриялық немесе оларды араластыру әдістерін қолдануға болады. Горизонталды жылжуды өлшеу әдістері қажетті өлшеу дәлдігіне байланысты қолданылуы тиіс.

8.21 Ғимараттардың горизонталды жылжуларын өлшеудегі створлық бақылау әдісін ұзақ пішінді объектілер үшін ғимарат бойымен оптикалық көрсетудің барында немесе створдың тұрақты ұштық тұрақты белгілерін орналастыру мүмкіндігінде қолданады. Жармадан марканың ауытқуын бұрышын өлшеуді окулярлы немесе оптикалық микрометрмен қамтылған дәлдікті немесе жоғары дәлдікті теодолитпен жүргізу керек. Тірек белгіден маркаға дейін 100 м немесе одан да кем қашықтықта кіші бұрыштарды өлшеудің орташа квадраттық қателігі 2” артық болмауы тиіс, 600-1000 м қашықтықта – 0,5”.

Шек әдісін желден қорғаулы ғимараттарда және құрылымдардың тура сызықты көрмелерінде конструкциялардың горизонттық сызықтық жылжуларын шамаларын алу үшін қолданылады. Олар өзгеріс маркасынан створ сызығынан айырмашылық ауытқуымен анықталады.

8.22 Бөлек қиылатын бағыттар әдісін створ орнату немесе створдың ұштық тірек белгілерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайлары болмағанда ғимараттардың горизонттық жылжуларын өлшеу үшін қолданады.

Әдісті қолдану үшін объектіде өзгеріс маркаларынан бекітеді (көздей нысаналары), ал оның тұрақты грунттардан тыс жерлерге, белгілерден шығатын бағыттар көздеу нысанасына 30 0 бұрыштан кем емес және 150 0 артық емес қиылысу үшін үштен кем емес тірек белгілерін орнатады. Әрбір циклде жоғары дәлдікті теодолит арқылы тірек бағыттары мен өзгеріс маркасына бағыттардың арасындағы B горизонтты бұрыштары өлшенеді. Теодилттен маркаға дейінгі арақашықтық 1:2000 аспайтын салыстырмалы қателікпен өлшенеді.

8.23 Ғимарат, құрылымның кренін (крен шамасы) биіктік немесе жоғары проецирілеу, координаттау, бұрыштарды немесе бағыттарда өлшеу, фотограмметрия, кренометрлерді қолданумен механикалық тәсілдері, сондай-ақ олардың аралас қолдану әдістерін қолданады. Сол сияқты іргетастардың крені нивелирлеумен анықталады.

Объектінің H биіктігіне, іргетас түріне байланысты кренді өлшеудің шекті абсолюттік қателіктер келесі шамалардан аспауы тиіс:

-азаматтық ғимараттар үшін – 0,0001 H

- өнеркәсіптік ғимараттар, түтін құбырлары, үй пештері, мұнаралар және т.б. үшін – 0,0005 H;

- машиналар мен агрегаттар үшін іргетастар – 0,00001H немесе 0,00001L (L – іргетастың ұзындығы(ені).

8.24 Ғимараттың кренін биіктік жазықтық әдісімен өлшегенде жоғарғы дәлдікті теодолиттерді және электрондық тахеометрлерді, жоғарғы жобалау әдісі үшін – биіктік жобалау құралдарының қолданылуы тиіс.

Қажетті жазықтықта орнатылған жазықтық әдісімен өзгеріс маркасын жобалау(суреттеу). Теодолиттің көздеу түтігінің орналасудың екі жағдайында қолдануы тиіс.

Вертикальды экранда үлкейтіп көрсету тікшіл экранда үлкейтіп көрсету төрт бағыт кезінде (900 арқылы) кемінде үш тәсілде орындалуы қажет. Оптикалық немесе лазерлі зенит-аспап (немесе надир-аспап) көмегімен тікшіл экранда үлкейтіп көрсету талап етілетін жазықтыққа бекітілген қабықшада жасалады.

Қисаюдың салыстырмалы биіктігі ғимарат биіктігіне қатысты осы осьтің төменгі нүктесінен конфигурацияның вертикальды осьінің жоғарғы нүктесінде проекцияның ауытқуы бойынша анықталады.

Фундамент қисаюының сызықтық биіктігі жобалық ережесінде бір горизонтальды бетте орналасуы қажет нүктелері белгілерінің әртүрлілігімен анықталады.

8.25 Координациялау әдісімен қисаюды өлшеу кезінде базис құратын, ұштарынан бір вертикальді оське жататын ғимараттың жоғарғы және төменгі координаттары анықталатын екіден кем емес тірек белгілерін орнату қажет.

Егер базис ұштарынан ғимарат негізі көрінбейтін болса, онда объектінің бір вертикальді осьіне жататын нүктелерді анықтап алу қажет. Кертілген таңба тәсілімен ғимараттың жоғарғы нүктелерінің координаттарын есептеу, ал негіздегі осьтік нүктелердің координаттарын базис пунктінен жалғасатын және екі жағы бар полигеометриялық қадамды пайдалана отырып анықтау.

8.26 Күрделі геометриялық формадағы ғимараттың қисаюын өлшеу үшін өзара перпендикуляр бағыттарда (жерге қатысты) орналасқан екі үнемі бекітіліп тұратын тірек белгілерімен горизонталь бағыттарды өлшеу әдісін қолданған жөн.

8.27 Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардағы машиналар мен агрегаттар фундаментінің қисаюын өлшеу үшін нивелирлеуден басқа мақсатты түрде бұрыштық немесе салыстырмалы түрде еңкеюді анықтау мүмкіндігін беретін тасмалданатын немесе стационарлы кренометрлерді қолданған қажет.

8.28 Гидротехникалық ғимараттар қисаюларын өлшеуді ғимарат ішіне орнатылған тура тікшіл немесе вертикальді экранда үлкейтіп көрсету көмегімен жүргізу.

8.29 Өлшеудің әр циклі бойынша ғимараттарды деформациялау және орын ауыстыруын өлшеулер бойынша жұмыс процестерінде алынған нәтижелерді камералы өңдеу жүргізілуі қажет:

- дала журналдарын тексеру;

- геодезиялық желілерді теңестіру;

- бағыттардың (бұрыштардың), қисаюдың абсолюттік және салыстырмалы көлем-дері, диформациялық маркалардың кеңістіктік қозғалуларын, маркалардың түсуы мен белгілеу ведомостарын құрастыру;

- өлшем нәтижелерін графикалық безендіру.

8.30 Ғимараттар мен құрылыстардың диформациясы мен қозғалысын өлшеудің әр циклінің нәтижесі бойынша ағымдық немесе корытынды техникалық есеп құрастыруға болады. Бірінші және қорытынды цикл есебіне келесілерді қосу қажет:

- бір объектіде деформацияны өлшеу мақсатының қысқаша сипаттамасы;

- негіздің геологиялық құрылымының, грунттың физикалық – механикалық қасиеттерін және фундамент негізінің инженерлік-геологиялық қималарын сипаттау;

- ғимараттың және оның фундаментінің құрылымдық ерекшеліктері;

- орнатылған реперлер құрылымын, тірек және бағыт белгілерін, деформациялық маркаларды, жарықтардың ұлғаюын өлшеу үшін құрылғыларды сипаттау;

- тірек және деформациялық белгілерді орналастыру сызбасы;

- өлшеу әдістемесін қолдану;

- координаттарды көру және деформациялық белгілерді қозғау;

- вертикаль және горизонталь қозғалу, қисаю, уақыт бойынша жарықтардың ұлғаюы, негізге жүктеменің артуының графигі мен эпюрлері;

- деформацияның тууындауына ықпал ететін фактор тізімдері;

- өлшеу нәтижелері туралы қорытындылар.

Ағымдық есептерге геодезиялық белгілердің, координат ведомостерін және деформациялық белгілер қозғалысын, деформация графигін, ағымдық қорытындылар мен құрылыс объектісінде геодезялық жұмыстарды орындау 0 орналастыру сызбасы қосылады, белгіленген тәртіпте бекітілген және жүзеге асырылған, еңбекті қорғау бойынша тізімдемелік нұсқаулықтарын және ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001 баяндалған еңбекті қорғау ережелерін басшылыққа алу қажет. ГЖЖЖгеодезиялық жұмыстарда қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қарастырылған болуы қажет.
9 ҚҰРЫЛЫСТА ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ КЕЗІНДЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
9.1 Құрылыс объектісінде геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001 баяндалған еңбекті қорғау ережелерін және белгіленген тәртіпте бекітілген және жүзеге асырылған, еңбекті қорғау бойынша ведомостік нұсқаулықтарын басшылыққа алу қажет. ГЖЖЖ геодезиялық жұмыстарда қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қарастырылған болуы қажет.

9.2 Геодезиялық жұмыс өндірісіне геодезиялық және құрылыс жұмыстарында еңбекті қорғау ережілері оқытылған және кіру нұсқаулығын өткен, сонымен қатар өткізілуі ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001 талаптарына сәйкес рәсімделген жұмыс орнында еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар өткен тұлғалар жіберілуі тиіс.

9.3 Геодезиялық жұмыс кезінде жолдың шығу бөлігі шетінде көліктердің қарқынды қозғалысымен және жұмыс істейтін механизмдердің үлкен санымен құрылыс алаңдарында жұмысшылар арасынан байқаушы тағайындалады, оның міндеттеріне жақын жерде қозғалып жатқан көлік пен механизмдерден жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

9.4 Геодезияшылардың 1,3 м және артық биіктік бойынша өңісте орналасқан және жұмыс орны ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001 талаптарына сәйкес дабыл немесе қорғаныс қоршауларымен қоршалған болуы қажет.

9.5 ҚР  денсаулық  сақтау  Министрлігімен анықталған  медициналық куәландырылудан өткен тұлғалар биіктіктерде жұмыс істеуге жіберілуі тиіс.

9.6  Геодезиялық жұмыстарды қазаншұңқыр қабырғалары жақын жерлерде, бекітілмеген жердегі қиябеттер шетінде, жүк көтеру механизмдері ұшында, тіпті ол жұмыс істемей тұрған жағдайда, сонымен қатар ол жұмыс істеп тұрғанда жүк көтеру механизмедеріне жақын жерлерде жүргізуге болмайды.

9.7 Қысқы уақыттарда сызықты өлшеу электр тогының грунтты немесе бетонды жылытуды кернеуде болатын болатты жолақпен немесе арматура рулеткасына тигізбей жүргізу қажет. Изоляцияланбаған ток өткізуші сызықтар өтетін орындарда геодезиялық жұмыстарды жүргізу қажет болған жағдайларда оларды ағытып тастау қажет.

9.8 Геодезияшылардың аспаптармен ғимараттарға көтерілуі қоршаулары бар баспалдақ марштар бойынша ғана жүргізіледі. Баспалдақтар түзетілген жағдайда және сенімді бекітілген болуы қажет. Шаңнан, қардан және мұздан тазартылмаған баспалдақтарға аспаптармен қозғалудың алдын алу қажет. Қалыптар аяғына дейін бекітілмеген жағдайларда және қоршаулары болса, онда ол арқылы жүруіге тиым салынады. Вертикаль бағытта арқандарды, канаттарды, сонымен қатар бөлшектеу жиегінің шетімен, маңдайшалармен, тасалармен іргелі қабырғалармен қозғалуға тиым салынады.

9.9 Геодезияшының бөлшектеу жиегінде жұмыс істеуі кезінде барлық ол үшін қауіпті ойыстар мен шұңқырлар жабылған немесе қоршалған болуы қажет.

9.10 Вертикальды экранда үлкейтіп көрсету әдісімен қабаттарға бөлу желісі нүктелерін тасымалдау кезінде жабуға сәйкесті саңлауларды олар арқылы басқа түрлі заттардың құлауын болдырмау есебімен оларды қоршау қажет болады.

9.11 Құрылыс алаңында жұмыстарды орындауда геодезияшы қауіпті аймақтан тыс жерде болуы қажет. Геодезиялық аспаптар жөндеу элементінен бір жарым биіктіктен жақын емес қашықтыққа орнатылуы қажет.

9.12 Су құбырларында, кәріз желілерінде және басқа құдықтар ішінде түсіруді орындау кезінде олардың ішінде улы газдардың жоқтығына көз жеткізу қажет.

9.13 Геодезиялық жұмыстарды орындауға тиым салынады:

- 6 балл және оданда артық күшті ұйытқымалы жел кезінде, қатты қар, жаңбыр жауып тұрғанда, тұман кезінде, әлсіз жарық кезінде және басқа да көруді шектейтін жағдайларда;

- бөлшектеу жиігінде, бөлшектеу аймағында және жүк көтеру механизмдері істеп тұрған кезде сақтандырғыш каскалар мен белбеулерсіз;

- мұз тайғақ кезінде құрылыс алаңында;

- жолдың беткі бөліктерінде және темір жол көліктерінің габариттерінде.

9.14 Лазер сәулелерін пайдалану арқылы құрылыс алаңдарында жұмыс жасау кезінде келесі сақтандыру шараларын сақтау қажет.

- Лазерлі аспап корпусын және қорек блогын жерге беттестіру қажет;

- қосулы күйде лазер аспабын және қорек блоғыг ашуға тыйым салынады, себебі аспаптың «шығуы» 1500-2500В кернеуде болады;

- ажыратқыштарды айыру қорек блогын сөндіруден кейін 15 мин соң ғана жүргізіледі.

- аспапты біріктіру кабельі зақымдалған болмауы қажет;

- құрылыс алаңында жұмыс істейтін барлық жұмысшылар лазер сәулелерінің көзге кері әсер ететіндігін білулері қажет;

- лазер сәулесі мүмкіндігінше бастан жоғары немесе белден төмен өтуі керек және көзге тимеуі қажет;

- лазер шоғыры өтетін жерлерге айна немесе жылтырайтын металл заттар қоюға тиым салынады;

- лазер сәулесін қолдану аймағынан тысқары бағыттауға болмайды;

- жұмыстар жүргізілетін орындар қоршалған болуы қажет және еркерту дабылдарымен, дабыл шамдарымен немесе ескерту плакаттарымен белгіленуі қажет.

9.15 Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды орындау құрылыс ұйымдарының басшыларының міндеттеріне кіреді. Құрылыс ұйымының басшысы геодезияшылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін білуін жыл сайын тексеріп отыруға міндетті.


ӘДЕБИЕТТЕР
[1] ТКП 45-1.03-26-2006 (02250) Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар.

[2] ГКИНТ (ГНТА) 17-195-99 Геодезиялық құрылғыларды технологиялық тексеріс бойынша нұсқаулық.




ӘОЖ 528.482 МСЖ 91.200-20

Негізгісөздер: геодезиялық жұмыстар, геодезиялық жұмыстарды орындау жобасы, бөлу негізі, геометриялық параметрлері, ғимараттардың өзгеруі.






Ресми басылым





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет