Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 0.77 Mb.
бет2/5
Дата21.04.2019
өлшемі0.77 Mb.
1   2   3   4   5

5.2.7 Көтергіш конструкцияның механикалық қауіпсіздік бойынша талаптарға сәйкестігі мекеменің сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында тақтайша немесе тәжірибелі мәліметтерді қолдану арқылы жобаланып отырған бүкіл көтергіш конструкциялар мен олардың элементтерін талдау негізінде жүзеге асырылуы тиіс.


5.2.8 Мекемелер іргетасы мен негіздері көтергіш және қоршау конструкцияларының жеке салмағынан; арақабырғаға түсетін уақытша біркелкі таралатын және шоғырланған жүктемелердің; ҚР ҚН 5.01-02 талабына сәйкес құрылыстың осы ауданы, оның ішінде сейсмикалық аудан үшін қар мен жел жүктемелерінен түсетін тұрақты жүктемелерді қабылдауға есептелуі тиіс.

5.2.9 Ғимаратты аяздан ісінуді қоса алғанда, топырақты дайындауға, шөгуге және басқа да жылжуға ұшыраған күрделі геологиялық жағдайдағы аудандарға салған кезде


ҚР ҚН 2.03-01 талаптарын сақтау, сондай-ақ мыналарды ескеру керек:

а) ғимараттардың іргетастары топырақтық физика-механикалық сипаттамаларының, құрылыс алаңдарындағы гидрогеологиялық режим сипаттамаларының, сонымен қатар топырақ пен жер асты суларының іргетастар мен жер асты инженерлік тораптарға қатысты агрессивті ескере отырып жобалануы, ғимарат элементтерінің астындағы негіздердің қажетінше біркелкі шөгуін қамтамасыз ету керек;

б) конструкциялар нақты бір құрылыс алаңы жағдайында олардың тиімділігі мен экономикалық мақсатқа лайықтылығын ескере отырып қабылдануы тиіс;

в) инженерлік коммуникациялар негіздің ықтимал деформацияланған орнын толтырудың қажеттілігін ескере отырып жүргізу керек.
5.3 Өртке қарсы талаптар
5.3.1 Емдеу-профилактикалық мекемелерінің және дәріханалардың өрт қауіпсіздігі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне, өрт қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға және осы нормаларда белгіленген талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.

5.3.2 Емдеу-профилактикалық мекемелерді жобалау барысында конструктивтік, көлемдік-жоспарлық және өрт жағдайында төмендегілерді қамтамасыз етуге бағытталған инженерлік-техникалық шешімдер қарастырылуы тиіс:

а) оның талап етілген отқа төзімділік деңгейіне сәйкес мекеменің жалпы төзімділігі;

б) өрттің түгел мекемеге таралуын және өрттің іргелес ғимаратқа өтуінің алдын алу;

в) өрттің қауіпті факторларының әсер ету салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер туындағанға дейін оларды мекемеден эвакуациялау мүмкіндіктері;

г) адамдарды құтқару мүмкіндіктері;

д) адамдарды құтқару, өртті сөндіру және мүліктерді эвакуациялау бойынша шараларды өткізу үшін өрт бөлімшелері жеке құрамының қатынау мүмкіндіктері.

5.3.3 Емдеу-профилактикалық мекемелерді пайдалану барысында төмендегілерді қамтамасыз ету керек:

а) өрттің алдын алудың және өртке қарсы қорғаныстың барлық жүйелерінің жұмысқа қабілеттігі;

б) өрт қауіпсіздігі саласында қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарын орындау;

в) өрт қауіпсіздігі бойынша жоба құжаттамасынсыз конструктивтік, көлемдік-жоспарлық және инженерлік-техникалық шешімдерді өзгертудің алдын алу, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап бермейтін конструкциялар мен материалдарды қолдану мақсатында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде бақылау.

5.3.4 Эвакуациялау жолдарын «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің және өрт қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талабына сәйкес анықтау керек.

5.3.5 Жанатын қаптамадағы жанатын және жанбайтын материалдар шеберханалары мен қоймаларын, тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтық, аккумуляторлық қоймаларды ауруханалардың емдеу корпустарының, перзентханалардың диспансерлері мен корпустарының, сонымен қатар дәріханалардың жертөлелік және цокольдық қабаттарына орналастыруға жол берілмейді.

5.3.6 Жертөле мен астыңғы қабаттардан тікелей сыртқа шығатын есіктер қарастырылуы тиіс. Осы баспалдақтарды лифт холы шегінде орналастыруға жол берілмейді.

5.3.7 Лифт шахталарының және баспалдақ торларының жертөлелермен қатынасына жол берілмейді. Тек ауа тірегі арқылы лифт шахталары лифт холдарына қатынай алады. Холды дәліздермен жалғастыратын есіктер өздігінен жабылуы тиіс.

5.3.8 Емдеу-профилактикалық мекеме ғимараттарындағы күннен қорғайтын құрылғылар жанбайтын материалдардан орындалуы тиіс.

5.3.9 Жаяу жүргіншілер мен коммуникациялық тоннельдер және өткелдер жанбайтын материалдардан қарастырылуы тиіс.

5.3.10 Науқастарды аурухана ғимаратынан эвакуациялауға арналған сыртқы ашық баспалдақтарды қолдануға жол берілмейді.

5.3.11 Ауруханаларда ғимараттың бүкіл биіктігіне ашық баспалдақтарды орнатуға жол берілмейді.

Адамдарды эвакуациялауға арналған баспалдақ торларында табиғи жарықтандыру болуы тиіс.

5.3.12 Айналмалы және қисық сызықты баспалдақтарды эвакуациялау жолдарына орнатуға жол берілмейді.

5.3.13 Жанатын қаптама материалдарды және жанған кезде уытты заттар бөлетін материалдарды эвакуациялау жолдарына (баспалдақ клеткаларына, дәліздерге, жаяу жүргіншілер тоннельдеріне, вестибюльдерге, холдарға), сонымен қатар буфет және акт залдарына қолдануға жол берілмейді.

5.3.14 Емдеу-профилактикалық мекемелерде және дәріханаларда аммиакты салқындату қондырғыларын қолдануға жол берілмейді.
5.4 Пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
5.4.1 Учаскені орналастыру мен аумақты ұйымдастыруға қойылатын талаптар
5.4.1.1 Емдеу-профилактикалық мекемелерін елді мекендердің бекітілген бас жоспарларына және нақты жоспарлау жобаларына сәйкес орналастыру керек.

Топырақта органикалық, химиялық, радиациялық сипаттағы ластаулар бар, бұрын қоқыс тастайтын орын, ассенизация жері, мал қорымы, зират ретінде қолданылған аумақтарынан жер телімін бөліп беруге жол берілмейді.

5.4.1.2 Аурухана ғимаратын орналастыру, сонымен қатар реконструкция жобасы, қайта жабдықтау, ғимараттар мен үй-жайларды қайта жоспарлау үшін жер телімін таңдау мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен міндетті келісілуі тиіс.

5.4.1.3 Емдеу-профилактикалық мекемелері, санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдар және басқа ғимараттар арасындағы ең төменгі жол берілетін арақашықтық


ҚР ҚН 3.01-01 және қолданыстағы нормативтік құжаттарда берілгендерден кем болмауы тиіс.

5.4.1.4 Емдеу-профилактикалық мекемелерді ҚР ҚН 3.01-01 және осы нормалар талаптарына сәйкес көлік қатынауын ескере отырып, селитебті және қала маңындағы аумақтарға орналастыру керек.

5.4.1.5 Емдеу-профилактикалық мекемелерді ҚР ҚН 2.04-02 сәйкес қолжетімді шу деңгейін қамтамасыз етуді ескере отырып, теміржол жолдарынан, әуежайлардан, жедел автомагистральдардан және физикалық факторлардың әсер етуінің басқа күшті көздерінен алыс орналастыру керек.

5.4.1.6 Емдеу-профилактикалық мекемелердің аумақтары пациенттердің демалуы үшін шағын сәулеттік үлгілермен жабдықталуы тиіс.

5.4.1.7 Емдеу-профилактикалық мекемелерінің аумағына олармен функционалдық байланысы жоқ ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға жол берілмейді.

5.4.1.8 Жер телімдерінің өлшемдерін және емдеу-профилактикалық мекемелерінің қуатын ҚР ҚН 3.01-01 талаптарына сәйкес анықтау керек.

5.4.1.9 Стационарлық емдеу-профилактикалық мекемелерінің аумақтарында, оның құрамына байланысты келесідей функционалдық аймақтар бөлінуі тиіс:

- инфекциялық емес науқастарға арналған емдеу корпустары;

- инфекциялық науқастарға арналған емдеу корпустары;

- психиатриялық корпустар;

- педиатриялық корпустар;

- перзентханалар немесе акушерлік бөлімдер;

- радиологиялық корпустар;

- рекреациялық;

- әйелдерге кеңес беру;

- патологоанатомиялық корпустар;

- жедел медициналық көмек станциялары (бөлімдер);

- шаруашылық;

- инженерлік құрылыстар;

- бақша-саяжай;

- климатотерапияға және дене шынықтыруға арналған алаңдар.

Инфекциялық, акушерлік, балалар, туберкулез және психосоматикалық бөлім науқастары үшін жеке бақша-саяжай аймақтар бөлінуі тиіс.

5.4.1.10 Тағам дайындау қызметін науқастарға арналған емдеу корпустарының аймағына немесе жеке тұрған ғимараттардағы немесе шаруашылық корпустарына және науқастарға арналған емдеу корпустарына жапсарлас үйлердің шаруашылық аймағына орналастыру керек.

5.4.1.11 Учаске аумағында негізгі есікке, қабылдау бөліміне, инфекциялық науқастарға арналған емдеу корпустарына, патологоанатомиялық корпусқа кіретін жол, материалмен жабдықтауға және қолданылған материалдар мен қалдықтарды жоюға арналған шаруашылық кіретін жол қарастырылуы тиіс. Қызметкерлерге арналған жеке кіретін есік қарастырылуы мүмкін.

5.4.1.12 Иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын емдеу-профилактикалық мекемелерін орналастыруға қойылатын талаптар радиациялық қауіпсіздік нормаларына және осы қызмет түріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес анықталады.

5.4.1.13 Ғимаратты жоспарлаған кезде травматологиялық пункт үй-жайы палаталары, қабылдау-тексеру бокстары, қабылдау бөліміне кіреберіс, сондай-ақ ыдыс, тиеу, экспедициялық үй-жайлар және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу үшін автомашиналар кіретін жер бар басқа да үй-жайлар терезелерінің астына орналастыруға жол берілмейді.

5.4.1.14 Патологоанатомиялық корпус, оған өтетін жолдар және жерлеу машиналарының тұрағы емдеу және босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін корпустардың, ұйымның аумағына және рекреациялық аймаққа, бақша-саяжай аймағына жақын орналасқан тұрғын және қоғамдық ғимараттардың терезелерінен көрінбеуі тиіс.

Жұқпалы ауру мәйіттерін союға арналған үй-жайлар оқшаулануы тиіс және сыртынан жеке кіретін есігі болуы керек.

5.4.1.15 Жедел медициналық көмек автомобильдеріне арналған гараждарды автомобильдер тұрақтарын жобалау жөніндегі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжат талаптарына сәйкес жобалау керек.

5.4.1.16 Қызметтік автокөлікке, емдеу-профилактикалық мекемесі қызметкерлерінің көлігіне арналған тұрақтарды қолайлы қатынайтын учаске аумағынан қарастыру керек. Тұрақтар өрт сөндіру машиналарының ғимараттарға кіру жолына кедергі келтірмеуі тиіс.

5.4.1.17 Емдеу-профилактикалық мекемелердің аумақтарында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаған жағдайда қызметкердің, келушілердің автомобильдеріне және арнайы мақсаттағы автомобильдерге (жедел медициналық көмек және басқалары) арналған жерасты автомобиль тұрақтарын орнатуға жол беріледі.

5.4.1.18 Емханалық қабылдау учаске шекарасына жақын болуы және пациенттер үшін қолайлы әрі қолжетімді өздігінен кіретін есік болуы тиіс.

5.4.1.19 Ауруханаға, емханаға, диспансерлерге және перзентханаларға кіретін негізгі есік алдында келушілерге арналған алаңдар қарастырылуы тиіс.

5.4.1.20 Қауіпсіздік мақсатында сыртқы жарықтандыру, оның ішінде ғимаратқа кіреберісте, сыртқы баспалдақтарда және өрт гидранттарының есіктерінде, жаяу жүргіншілер және көлік маршруттарын бойлай, сондай-ақ автотұрақтарда болуы тиіс.

5.4.1.21 Климатотерапияға, еңбек терапиясына және дене шынықтыруға арналған құрылыстар мен алаңдарды ұйымның саласын ескере отырып қарастыру керек.

5.4.1.22 Көп салалы ауруханалар құрамына кіретін инфекциялық, психиатриялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімдерді жеке тұрған ғимараттарға орналастырады.

Инфекциялық және туберкулезге қарсы бөлімдерде жеке қақпа (кіреберіс), жеке қабылдау бөлімі және көлікті дезинфекциялауға арналған жабық алаң болуы тиіс.

5.4.1.23 Емханалық корпус шалғай учаскеге орналастырылады және жеке кіретін есігі болуы тиіс.

5.4.1.24 Инфекциялық аурухананың (корпустың) аумағында жас көшеттердің жолағымен бір-бірінен оқшауланған «таза» және «кір» аймақтар белгіленуі тиіс.

«Кір» аймақтан шығаберісте көлік құралдарын дезинфекциялауға арналған жабық алаң қарастырылуы қажет.

5.4.1.25 Балалар емханасына кіреберісте балалар арбаларына арналған жеңіл шатырлармен жабылған алаңдар қарастырылуы тиіс.
5.4.2 Сәулет-жоспарлау және конструктивтік шешімдерге қойылатын талаптар
5.4.2.1 Емдеу-профилактикалық мекемелерінің құрылымы мен құрамы мекемелер салаларын, сыйымдылығын және клиникалық-диагностикалық зертханаларды, патологоанатомиялық және орталық стерильдеу бөлімдерін, орталық зарарсыздандыру бөлімдерін, дәріханаларды, тағам дайындау қызметтерін, кір жуатын орындарды, гараждарды және жабдықты тиімді орналастыруды және науқастар мен қызметкерлердің еркін қозғалуын қамтамасыз ететін т. б. орталықтандыруды ескеру арқылы анықталады.

5.4.2.2 Ғимараттың сәулет-жоспарлау шешімі медико-технологиялық процестердің және науқастардың, қызметкерлердің, келушілердің, дәрі-дәрмектердің, құралдардың, материалдардың, тамақтардың, медициналық қалдықтар толассыздығын қамтамасыз етуі және эпидемиологиялық қауіптің әртүрлі деңгеймен ағымдарды ауыстыру мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

5.4.2.3 Ғимараттың жол берілген биіктігі арнайы нормативтік құжаттар талаптары, оның ішінде сейсмикалық аудандардағы құрылысты қарастыратын қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптары бойынша анықталады.

5.4.2.4 Телегамма-терапия, жоғары энергиялы сәулелермен емдеу кабинеттерінің, аурухананың стандартты емес аппаратурасы бар рентген кабинеттерінің биіктігі жабдықтың өлшемдеріне байланысты белгіленеді.

5.4.2.5 Желдетудің ерекше жүйесін талап ететін және инженерлік қондырғылармен толықтырылған жоғары технологиялық бөлімшелерді (босану блоктары, оперблоктар,
реанимация және қарқынды терапия бөлімдері және басқалар) техникалық қабатты жасау арқылы белгіленген аймаққа орталықтан орналастыру керек, бұл осы бөлімшелер үшін
(экспресс-зертхана, жедел стерильдеу, қанды сақтау қызметтері және т. б.) жалпы кезекші қызметін ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

5.4.2.6 Ғимараттың төменгі қабаттарына палаталарды, операциялық блоктарды, реанимация бөлімдерінің немесе босандыру бөлімдерінің палаталарын орналастыру кезінде олардың үстіне шатыр немесе техникалық қабат қарастырылады.

5.4.2.7 Оқшауланған ауа режимін жасау үшін палата секцияларына, оперблоктарға, реанимация бөлімдеріне және зерттеуге арналған зерттеу аймағына (зертхана) кіретін тік коммуникацияларды (баспалдақтар мен лифтілер) шлюздермен жабдықтау керек.

5.4.2.8 Иондаушы сәуле көздерімен жұмыстар жүргізілетін үй-жайларды жүкті әйелдер мен балаларға арналған палаталармен іргелес (көлденеңінен және тігінен) орналастыруға жол берілмейді.

5.4.2.9 Ортопедиялық, неврологиялық, нейрохирургиялық бөлімдер науқастарына арналған дәретхана кабинасының көлемі ҚР ҚН 3.06-01 сәйкес қарастырылады.

5.4.2.10 Емдеу-профилактикалық мекемелерге арналған санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар ҚР ҚН 3.02-08 талаптарына сәйкес келуі тиіс.

5.4.2.11 Ерлер дәретханасындағы писсуарлар саны унитаздар санына тең болуы тиіс.

5.4.2.12 Дәрігерлердің барлық кабинеттерінде және медбикелер мен көмекші медбикелер бөлмелерінде салқын және ыстық су келетін қолжуғыштар орнатуды қарастыру керек. Операция алдындағы, таңу, процедуралық кабинеттерді, реанимация залдарын және палаталарды, босандыру залдарын, жаңа туылған нәрестелер палаталарының жанындағы медбикелердің орындарын және ерекше режимді талап ететін басқа үй-жайларды араластырғышы бар білек немесе жанаспайтын шүмекті қондырғысы бар қолжуғыштармен жабдықтау керек.

5.4.2.13 Инфекциялық, туберкулез, тері-венерологиялық бөлімдерге бокс шлюздеріне, жартылай бокстарға және қызметкерге арналған дәретханаларға білек немесе жанаспайтын шүмекті қолжуғыштарды орнату, сонымен қатар барлық дәретханаларға шаю бөшкелеріне арналған басқыш түсіргіштерімен жабдықтау керек.

5.4.2.14 Жаңа туған нәрестелерге арналған палаталарға үлкен раковина орнату керек.

5.4.2.15 Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайлар ұйым ғимаратының шығаберісіне тікелей жақын орналасуы керек және шығаруға арналған қолайлы кірме жолдар болуы тиіс.

5.4.2.16 Емдеу-профилактикалық мекемелері үй-жайларында табиғи және жасанды жарықтандыру болуы тиіс, оның деңгейін ҚР ҚН 2.04-01 және қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес технологиялық талаптарға (көру жұмысының сипаттамаларына байланысты) сәйкес қабылдау керек.

5.4.2.17 Емдеу-профилактикалық мекемелер палаталарының терезелерін жарық жақтары бойынша бағдарлауды қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын талаптарға сәйкес қабылдау керек.

Басқа емдеу-профилактикалық мекемелер үй-жайлары мен дәріханалар терезелерін жарық жағына байланысты бағдарлау керек.

5.4.2.18 Ауруханалар мен диспансерлердің палата бөлімдерінің дәліздерінде шетжақ және бүйірлік табиғи жарықтандыруды қарастыру керек.

5.4.2.19 Психиатриялық ауруханаларда науқастар келетін үй-жайлардағы терезе жақтаулары сынбайтын жарық мөлдір материалдармен толтырылуы тиіс.

5.4.2.20 Емдеу-профилактикалық мекемелер үй-жайларының инсоляция нормалары қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келуі тиіс.

5.4.2.21 Үй-жайды табиғи жарықтандыру үшін жоспарлық шешімдермен тұйық немесе жартылай тұйық жабылған (жабылмаған) жарық аулалар және атриумдар қарастырылуы мүмкін.

Артық инсоляцияның алдын алу және пациенттер мен қызметкерлер үнемі келіп тұратын үй-жайлардағы, әсіресе реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінде ашық жарықтан қорғау үшін күннен қорғауды (күнқағарлар, жалюздер және басқалар) қарастыру керек.

5.4.2.22 Есірткі және психотропты препараттарды сақтауды қажет ететін барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жобаланған жол берілмеген енуден қорғану құралдарымен жабдықталған арнайы бөлмелерді қарастыру керек.


5.4.3 Үй-жайларды ішкі әрлеу
5.4.3.1 Медициналық-технологиялық процестерге байланысты емдеу-профилактикалық мекемелер үй-жайлары қабырғаларының, арақабырғаларының және төбелерінің беттері және дәрілік заттарды және медициналық мақсатты бұйымдарды қабылдау, сақтау және жіберу, өндіру жүзеге асатын дәріхана үй-жайларының беттері, сонымен қатар сүт асханаларының және үлестіретін сүт асханаларының беттері үй-жайдың мақсатына байланысты ылғалды және суды жинауға және дезинфекциялауға жол берілетін тегіс болуы тиіс.

5.4.3.2 Дымқыл жұмыс режимді үй-жайларда, сонымен қатар дымқыл ағымдағы дезинфекция жасалатын үй-жайларда (операциялық, таңу, операция алдындағы, наркозды, босандыру, процедуралық бөлмелердің, ванна, душ, санитарлық тораптар, санитарлық бөлмелер, кір жуу, кір киімді сақтау мен жинау үй-жайлары, жинау керек-жарақтары, медициналық қалдықтарды уақытша сақтау үй-жайлары және т. б.) қабырғалардың түгел биіктігін ылғалға төзімді материалдармен қаптау керек. Палаталар, дәрігер кабинеттері, холдар, вестибюльдер, физиотерапиялық және басқа емдеу-диагностикалық кабинеттер қабырғаларын бояу үшін нитробояуларды қолдануға жол берілмейді.

Операциялық бөлімдерде лазерлік техниканы қолдану арқылы қабырғалардың беттері жарықты шағылыстырмайтын күңгірт болуы тиіс.

5.4.3.3 Операциялық, операция алдындағы, наркозды, реанимациялық бөлмелердің, қарқынды терапия палаталарының, босану, босану алдындағы бөлімдердің, клиника-диагностикалық зертханалар мен стационарлардың басқа мамандандырылған үй-жайларының едендері тез тазаланатын және дезинфекциялаушы ерітіндімен жиі жууға болатын, сонымен қатар науқастарды, материалдар мен жабдықтарды тасымалдау үшін қолайлы ылғалға төзімді материалмен жабылуы тиіс.

5.4.3.4 Операциялық, наркозды бөлмелердегі, барозалдардағы, қоймалардағы, электр жарықпен емдеу кабинеттеріндегі (физиобөлім) еден жабыны ҚР ҚН 3.02-36 сәйкес антистатикалық және ұшқынға қауіпсіз болуы тиіс.

Баспалдақ алаңдарының мен сыртқы кіреберіс есіктер тамбурларының едендері сырғанауға қарсы материалдан жасалуы тиіс.

5.4.3.5 Ашық радионуклидтермен жұмыс жүргізілетін үй-жайлар конструкциялары және қабырғалары, арақабырғалары, едендері мен төбелерінің әрленуі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарда мазмұндалған талаптарға жауап беруі тиіс. Процедуралық рентген кабинеттеріндегі едендер жабындары электр оқшаулаушы материалдардан орындалуы тиіс.

5.4.3.6 Рентген кабинеттерінің және электрлік жарықпен емдеу кабинеттерінің қабырғаларын, арақабырғаларын және едендерін керамикалық плиткамен әрлеуге жол берілмейді.

5.4.3.7 Офтальмология кабинеттерінің жанындағы қараңғы кабиналардың қабырғалары мен төбелері қара күңгірт түсті бояумен жабылуы тиіс.

5.4.3.8 Төбе астындағы инженерлік жүйелерді ажырату талап етілетін, медициналық-технологиялық процеске байланысты үй-жайларда осы үй-жайлар үшін санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптары бойынша төбелерге бактерияға қарсы және басқа арнайы қасиеттері бар жабындарды қолдану керек.

5.4.3.9 Әртүрлі конструкциялы аспалы төбелерді қолдануға тек эпидемияға қарсы, дезинфекциялық режимді, асептика және антисептиканы сақтауды талап етпейтін үй-жайларда; вестибюльдерде, дәліздерде, холдарда және операциялық, босандыру, таңу, процедуралық бөлмелерге, палаталарға және осыған ұқсас басқа үй-жайларға тікелей жанаспайтын басқа қосалқы үй-жайларда жол беріледі. Бұл жағдайда аспа төбелердің конструкциясы және материалдары оларда жинау және тазалау, дезинфекциялау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
5.4.4 Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар
5.4.4.1 Ересектерге арналған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар
5.4.4.1.1 Стационарлық емес медициналық ұйымдар амбулаториялық-емханалық және басқа (зертхана, орталықтандырылған зарасыздандыру бөлімдері және басқалар) болып бөлінеді.

5.4.4.1.2 Амбулаториялық-емханалық ұйымдарға төмендегілер жатады:

- фельдшер-акушерлік пункттер, ауылдық дәрігерлік амбулатория, жалпы тәжірибедегі дәрігер консультациясы;

- аумақтық емханалар (аудандық, қалалық және басқалары);

- ведомстволық емханалар;

- көп салалы және мамандандырылған медициналық орталықтар;

- мамандандырылған емханалар, оның ішінде стационарлары жоқ диспансерлер.

- қалпына келтіру емдеу орталықтары.

5.4.4.1.3 Емханалардың жоспарлау құрылымы келушілердің: науқастардың, профилактика бөліміне келушілердің, балалардың, емхана қызметкерлерінің ағымдарын бөлуге қойылатын талаптарды ескеруі тиіс.

Емхананың ішкі кеңістігін аймақтарға бөлу барысында үй-жайлар мынадай негізгі топтарға бөлінуі тиіс:

- жалпы;

- емдеу-профилактикалық бөлімше;

- қызметтік және тұрмыстық.

Травматология пунктінің болуы мекеме саласына сәйкес және қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарын ескере отырып анықталады.

5.4.4.1.4 Облыстық консультациялық емханалар немесе республикалық, облыстық ауруханалардың емхана бөлімдері кезінде консультация, тексеру және емдеу кезеңінде сырттан келген науқастардың келуі үшін жеке тұрған пансионаттарды қарастыру керек.

5.4.4.1.5 Жедел көмек бөлімін, травматологиялық пунктті, инфекциялық кабинетті өздігінен сыртқа шығаберіс есіктер арқылы орналастыру керек.

5.4.4.1.6 Стоматологиялық емханаларды (бөлімдерді) және кабинеттерді жобалау барысында қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарын басшылыққа алу керек.

5.4.4.1.7 Аллергологиялық кабинеттерді дәріханаларға, процедуралық бөлмелерге, зертханаға және буфеттерге іргелес орналастыруға жол берілмейді.

5.4.4.1.8 Конференц-залдың сыйымдылығы мекеменің сыйымдылығы нәтижесінде анықталады.

5.4.4.1.9 Ересектерге арналған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым үй-жайларын, оның ішінде емханаларды (диспансерлерді), сондай-ақ мамандандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдарды, қызметтік және тұрмыстық үй-жайларды ұйымның құрылымына, ерекшелігіне сәйкес және «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесінің талаптарын ескере отырып қарастыру керек.


5.4.4.2 Балаларға арналған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар
5.4.4.2.1 Балалар емханасының жоспарлық құрылымына мынадай негізгі функционалдық топтар белгіленуі керек:

- жалпы үй-жайлар;

- емдеу-профилактикалық бөлімшелер;

- қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар.

5.4.4.2.2 Емханаға баламен кіруге арналған есікті орталық есік арқылы қарастыру керек, бұл кезде инфекциялық аурулар бар науқастарды тексеруге және оңашалауға арналған қабылдау-тексеру бокстарын (фильтр-бокстар) қарастыру керек.

5.4.4.2.3 Емханалар үй-жайын, балаларға арналған қуаттылығы әртүрлі қызметтік және тұрмыстық үй-жайларды «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелер талаптарын және қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарын ескере отырып қарастыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет