Строительные нормы республики казахстан


Жедел медициналық көмек пен санитарлық авиацияны ұйымдастыру



жүктеу 0.77 Mb.
бет4/5
Дата21.04.2019
өлшемі0.77 Mb.
1   2   3   4   5

5.4.7 Жедел медициналық көмек пен санитарлық авиацияны ұйымдастыру
5.4.7.1 Жедел медициналық көмек станциясы мен шағын станцияның және санитарлық авиация құрамына төмендегілерді қарастыру керек:

- тәулік бойғы кезекшілік кезіндегі қызметкердің демалу үй-жайы – ерлер мен әйелдер үшін жеке;

- тұрмыстық үй-жайлар;

- буфет.


5.4.7.2 Тікелей станцияға (шағын станцияға) жүгінген науқастарға жедел көмек көрсету үшін емдеу үй-жайларының тобын (процедуралық, таңу және басқалары) қарастыру керек.

5.4.7.3 Санитарлық автомашиналардың кіру және шығу жолдары бөлек қарастырылуы тиіс.

5.4.7.4 Жедел көмек автомашиналары мен санитарлық авиацияның есептік санын
ҚР ҚН 3.01-01 талаптарына сәйкес қабылдау керек.

5.4.7.5 Санитарлық авиацияның авиациялық құралдарына арналған тікұшақ алаңдарын ҚР ҚН 3.03-19 және қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қарастыру керек.

5.4.7.6 Санитарлық автомашиналар гараждары мен тұрақтарын автомобильдер тұрақтарын жобалау бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалау керек.

5.4.7.7 Жедел көмек станциясы мен санитарлық авиациядан шығатын үй-жай блогына төмендегілер кіреді:

- диспетчер;

- құжаттарды толтыру бөлмесі;

- демалу бөлмесі бар ауысымның аға дәрігерінің кабинеті;

- шығу бригадаларының мүліктерін жиынтықтау және сақтау үй-жайы;

- киімді кептіру және аяқ-киімді жуу үй-жайы.

5.4.7.8 Анықтама, науқастарға көмек көрсету, қызметкерлердің киім сақтау орны үй-жайларын вестибюльмен іргелес орналастыру керек.

5.4.7.9 Жедел медициналық көмек станциялары жедел медициналық көмектің шағын станцияларымен, ауруханалармен, өрт қызметімен, милициямен, апатты газбен тікелей шұғыл байланысты қамтамасыз етуі тиіс. Диспетчерлер-эвакуаторлар желідегі санитарлық көлік құралдарымен радиобайланыспен қамтамасыз етілуі тиіс.

5.4.7.10 Жедел бөлім үй-жайлары, шақыруға шығатын қызметкерлердің демалу бөлмелері, шақыруға шығатын желілік және мамандандырылған бригадалар бөлмелері және шұғыл медициналық көмек станциялары жүргізушілерінің демалу бөлмелері тікелей дауыс зорайтқыш байланыспен жабдықталуы тиіс.

5.4.7.11 Жедел медициналық көмек станцияларындағы бас дәрігердің, жедел бөлім бөлімшелері басшыларының үй-жайлары, шақыруға шығатын қызметкерлердің демалу бөлмелері, шақыруға шығатын желілік және мамандандырылған бригадалар бөлмелері және жедел медициналық көмек станциялары жүргізушілерінің демалу бөлмелері жарық сигнализациясымен жабдықталуы тиіс.

5.4.7.12 Жедел медициналық көмек станциялары (шағын станцияларында) мен санитарлық авиацияда санитарлық көліктің кіру және шығу жолдарын бақылау жүйесі қарастырылуы тиіс.


5.4.8 Қан орталығы
5.4.8.1 Қан орталығы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

- донор кадрларын жиынтықтау;

- донорларды тексеру;

- қанды, оның компоненттерін және препараттарды дайындау;

- дайындалған қанды тестілеу;

- қан компоненттерін мұздатылған түрінде ұзақ мерзімге сақтау;

- медициналық ұйымдарды қан компоненттерімен, препараттармен және диагностикалық стандарттармен қамтамасыз ету;

- компоненттерді сақтау, тасымалдау және қан тобын және резус қатарына жатуын анықтау бойынша иммуногемотологиялық тексерулерді жүргізуге қолдану мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты жүргізу;

- шикізат пен материалдың қан орталығына түсуін бақылау;

- дайын өнімді бақылау;

- материалдар мен ерітінділерді дайындау.

5.4.8.2 Қан орталығын жеке тұрған ғимараттарға орналастыру керек.

5.4.8.3 Қан орталығының құрамы қуатына байланысты ұйымның ерекшелігіне сәйкес анықталады.

5.4.8.4 Операциялық блок аймағында плазмаферез және оның компоненттерін алу процесінде донорлардың қан плазмасын өңдеу жүргізілетін қанды фракциялау аймағын белгілеу керек. Осы аймақта бөлінеді:

- центрифугалауға арналған үй-жай;

- қанды фракциялау және плазманы ажыратуға арналған бокстар;

- белгілі температура режимінде компоненттерді сақтауға арналған үй-жай.

5.4.8.5 Бокстар операциялық блок үй-жайлары болып табылады және аса жоғары зарарсыздықты қамтамасыз етуді талап етеді.


5.4.9 Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың (медициналық ұйымдар үшін) айналысы саласындағы объектілер
5.4.9.1 Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы (медициналық ұйымдар үшін) қолдану саласындағы объектілер үй-жайлардың түрі, қуаты және құрамы «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ереженің талаптарына сәйкес анықталуы тиіс.

5.4.9.2 Дәріханаларды, улы және күшті әсер ететін дәрілерді, сондай-ақ есірткі дәрілік құралдарды және психотропты заттарды сақтау үй-жайларын жобалау барысында қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жабдықтау керек.

5.4.9.3 Технологиялық процесс барысына сәйкес рецептуралық бөлмені қызмет көрсету бөлмесіне іргелес орналастыру керек. Қызмет көрсету бөлмесін экспедициялық бөлмеге жақындату керек.

5.4.9.4 Жабдықта, жиһаз, керек-жарақта жуғыш және дезинфекциялаушы құралдарға төзімді материалдардан орындалған гигиеналық жабыны болуы тиіс.

5.4.9.5 Зарарсыздандырған материалдарды сақтауға, дәрілік түрлерін асептикалық талаптарда дайындауға арналған үй-жайларда құбырлар мен арматураның жасырын төсемі қарастырылады.

5.4.9.6 Алғашқы медициналық-санитарлық, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріханалық пункттер тек медициналық ұйымдар жанына немесе олардың аумақтарына орналастырылады:



а) оқшауланған үй-жайларда;

б) үй-жай ішіндегі оқшауланған блокқа. Келушілерге қызмет көрсету аймақтары негізгі объектіде тиісті алаң болғанда және қолданыстағы нормативтік-құқықтық
актілер талаптарын сақтаған жағдайда, оқшауланған блок үй-жайынан тыс орналасуы мүмкін
.
5.4.10 Балалар сүт асханалары, сүт асханаларының үлестіру пункттері
5.4.10.1 Балалар консультациясы бар кешенде балалар сүт асханаларында сүт асханаларына арналған жеке есіктер болуы тиіс.

5.4.10.2 Сүт асханаларын жертөле және жартылай жертөле қабаттарына орналастыруға рұқсат етілмейді.

5.4.10.3 Сүт асханаларында өндірістік және тұрмыстық канализацияның бөлек желілерін қарастыру керек.

5.4.10.4 Жуу ваннасына ыстық және суық су жүргізілуі тиіс.

5.4.10.5 Балалар сүт асханаларының өндірістік үй-жайлары технологиялық процестердің тасқындылығына сәйкес орналасуы тиіс.

5.4.10.6 Өндірістік және қосымша үй-жайларды қолдану және пайдалануға, балалар сүт асханалары үй-жайларының құрамы мен аудандарына қойылатын талаптарды қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарын ескере отырып қабылдау


керек.

5.4.10.7 Балалар сүт асханасының өндірістік үй-жайларында қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес тікелей табиғи және жасанды жарықтандыру болуы тиіс.

Тағам өнімдерін қаттау немесе өңдеу орындарының үстінде орналасқан өндірістік үй-жайлардағы электр шамдарда, сонымен қатар ыдыстарда шырақтар сынған жағдайда, әйнек сынықтарының түсуінен қорғанышы болуы тиіс.

5.4.10.8 Балалар сүт асханасының өндірістік үй-жайларында табиғи желдеткіштермен (фрамугалар, желкөздер және басқалар) қамтамасыз етілуі тиіс, ал дәнекерлеу және жуу цехтарында сору-тарту желдеткіші орнатылуы тиіс.

5.4.10.9 Балалар сүт асханасының өндірістік үй-жайларындағы едендер сырғанамайтын, сүт өнімдерінің әсеріне қарсы орнықты, су өтпейтін, беті тегіс болуы тиіс.
5.4.11 Медициналық газдар, вакуум желісінің және сығылған ауа құбырлары
5.4.11.1 Медициналық оттегімен, медициналық азоттың шала тотығымен, көмірқышқыл газбен, сығылған ауамен жабдықтау және емдеу-профилактикалық мекемелердегі тұтынушыларды вакууммен қамтамасыз ету орталықтандыру арқылы қарастырылады.

5.4.11.2 Көмірқышқыл газын ванна залына жеткізу қарастырылады.

5.4.11.3 Сығылған ауаны зертханаларға, ингаляторияға және ванна залдарына жеткізу қарастырылады.

5.4.11.4 Емдеу-профилактикалық мекемелерінде техникалық, медициналық


сұйық және газ тәрізді оттегі құрылғысы бойынша қолданыстағы нормативтік-
техникалық құжаттарға сәйкес медициналық газ тәрізді және сұйық оттегі пайдаланылады.

5.4.11.5 Бос және толтырылған баллондарды сақтау жеке қарастырылуы тиіс.

5.4.11.6 Оттекті-газдалған станция сұйық оттегіні жеткізуге есептелінген.

5.4.11.7 Орталық пункт баллондарды түсіру және орналастыру үшін механикаландыру құралдарымен жабдықталады.

5.4.11.8 Оттекті-газдалған станция бөгде адамдардың қатынауына жол бермейтін тиісті қоршаулары бар шатыр астындағы ашық алаңға орналасады.

5.4.11.9 Оттегі құбырларының сыртқы желілері орларды топырақпен міндетті түрде жабу арқылы орларға төселеді.

5.4.11.10 Оттегі құбырлары автомобиль жолдарын, өтетін жолдарды және басқа инженерлік құрылыстарды кескен жағдайда, жерасты оттегі құбырларында қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес қысымсыз құбырлар үшін асбоцементті құбырлардан жасалған қаптарды қарастыру керек.

5.4.11.11 Оттегі құбырларының жерасты учаскелерінде арматураны және камера және құдық құрылғыларын орнатуға тыйым салынады.

5.4.11.12 Емдеу-профилактикалық мекемелерде құбырлардың әртүрлі жүйелерін (оттегіні, азот шала тотығын, көмірқышқыл газды, вакуумды, сығылған ауаны) жобалау барысында осы жүйелер құбырларын бірлесіп төсеуге тырысу керек.

Болат және шойын арматураны қолдануға жол берілмейді.

Оттегі құбырларын жертөлелерге, еден астына, ашық орларға, науаларға, тоннельдер мен арналарға, сонымен қатар ғимараттар мен құрылыстар астына төсеуге жол
берілмейді.

5.4.11.13 Аражабын мен арақабырғалар арқылы өтетін орындардағы құбырлар учаскелерінде жік болмауы тиіс. Оттегі құбырларын желдету арналары арқылы төсеуге жол берілмейді.

5.4.11.14 Тұтынушыларды сығылған ауамен қамтамасыз ету үшін компрессорлық қондырғылар қарастырылады.

5.4.11.15 Оттегі, азот шала тотығы, көмірқышқыл газ, сығылған ауа


құбырларын төбе (астыңғы жағынан жалғанған төбе) және есік ойықтары арасындағы қабырғалар бойынша, сонымен қатар арақабырғалар бойынша монтаждауға дейін
ашық төсеу электр монтаждаушылармен келісіледі және құбырларды монтаждау санитарлық-техникалық және электрлік қондырғыларды монтаждау аяқталғаннан кейін ғана жүргізіледі.
5.4.12 Қоқыстарды, қалдықтарды жою және шаңды тазалау
5.4.12.1 Аурухана мен перзентхана ғимаратында лифтілер көмегімен ғимараттан тыс немесе ішіне жинау пунктіне жеткізілетін полимер материалдан жасалған қаптары бар қоқысты тазалаудың контейнерлік жүйесін қарастыру керек.

5.4.12.2 Медициналық емдеу мекемелерінде эмальданған, пластикті және фаянсты сауыттарды қолдану керек.

5.4.12.3 Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған контейнерлер және үй-жайлар қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес орналасуы және жабдықталуы тиіс.

5.4.12.4 Медициналық қалдықтарды тасымалдау қызметкер және қоршаған


орта үшін қауіпсіз болуы тиіс және оны арнайы оқыған қызметкер жүзеге асыруы
керек.

5.4.12.5 Жұқпалы болып табылатын медициналық ұйымдардың қалдықтары Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға арналған полигондарға орналастыруға тиісті емес.

5.4.12.6 Медициналық қалдықтарды объектілер аумақтарында және мамандандырылған қондырғылардан тыс елді мекендерде өртеуге жол берілмейді.

5.4.12.7 Қалдықтарды жинау, сақтау, жою және көму «Өндіріс қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге және тұтынуға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ереже талаптарын ескере отырып, ал құрамында радиоактивті заттарды радиоактивті заттар мен иондаушы сәуле көздері бар жұмыстар ескерілетін қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

5.4.12.8 Ерекше (операциядан кейінгі, патологоанатомиялық және басқалар) аурухана қалдықтары арнайы пештерде міндетті орталықтандырылған өртелуі
тиіс.
5.4.13 Крематорияларға қойылатын талаптар
5.4.13.1 Крематорияның рәсімді және қызмет көрсету құрамында келесідей үй-жайларды қарастыру керек:

- вестибюль, санитарлық тораптар, қосалқы және қосымша үй-жайлар бар топ;

- жерлеу (салттық) залы, шлюз, патологоанатом кабинеті, медициналық, қосалқы және қосымша үй-жайлары бар рәсімдік;

- бейімдеу бөлмесі және холл бар үй-жай шығатын топ;

- үй-жайдың көлік тобы.

5.4.13.2 Жерлеуге қатысушы адамдарға арналған үй-жайлар қызмет көрсету қызметкерінің жұмысына арналған үй-жайлардан оқшаулануы және олардан сантораптар және желдету камералар (желдету қондырғылары) үй-жайларын дыбыс өткізбеуді қамтамасыз етуі тиіс.

5.4.13.3 Крематорий ғимараттарының жанында ірі габаритті бөліктерді және басқа жабдықты сақтауға арналған қойма үй-жайлары бар шаруашылық аула қарастырылуы тиіс.

5.4.13.4 Крематорий құрамына кіретін барлық үй-жайларды механикалық себеппен сору-тарту желдеткіші жүйелерімен жабдықтау керек. Ауаны рециркуляциялау жүйесін қолдануға жол берілмейді.

5.4.13.5 Медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру тәсілдері денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қалдықтарын жинауға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және жоюға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен анықталады.
5.5 Инженерлік қондырғылар
5.5.1 Сумен қамту және канализация
5.5.1.1 Емдеу-профилактикалық мекемелерінде шаруашылық-ауыз су, өртке қарсы және ыстық сумен қамтамасыз ету, су бұру және су ағарлар қарастыру керек, оларды
ҚР ҚН 4.01-01, ҚР ҚН 4.01-03 сәйкес жобалау керек.

5.5.1.2 Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету құбырлары Қазақстан Республикасында жол берілген материалдардан қарастырылады.

5.5.1.3 Қайта салынатын және реконструкцияланатын емдеу-профилактикалық мекемелері үшін ыстық сумен қамту жүйесі істен шыққанда немесе профилактикалық жөнделген жағдайда, резервті (апатты) ыстық сумен қамту болуы тиіс; қолданыстағы мекемелер үшін – апатты сумен қамту ретінде санитарлық өткізу орындарына, операция алдындағы және босандыру залдарына, процедуралық, жаңа туылған және балалар бөлімдеріне, ванна және санитарлық бөлмелерге, жуу, буфет, буфет-үлестіру, тамақ блоктарына және ерекше санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемиологияға қарсы режимді талап ететін басқа функционалдық үй-жайларға үздіксіз әрекет ететін су жылытқыштарды орнату керек.

5.5.1.4 Шаруашылық-ауыз мақсатындағы судың сапасы қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келуі тиіс.

5.5.1.5 Гидропатия үй-жайлары үшін тұрақты шығыны және ағыны бар суық және ыстық су беру қамтамасыз етілуі тиіс.

5.5.1.6 Орталықтандырылған ыстық сумен қамту болмаған жағдайда, үздіксіз әрекет ететін су жылытқыштар орнатылады.

5.5.1.7 Психиатриялық ауруханалардың қол жуғыш және дәретхана үй-жайларында құбырлар мен жабу арматурасы науқастар үшін қол жетімсіз болуы тиіс.

5.5.1.8 Шаруашылық-ауыз су құбыры сорғыларын аурухана корпустарына орнату


ҚР ҚН 4.01-01 талаптарына сәйкес жүзеге асуы тиіс.

5.5.1.9 Кір жуу орындарына және басқа да емдеу-профилактикалық мекемелеріне су шығынының нормасы қосымша ҚР ҚН 4.01-01 талаптарына сәйкес ескерілуі тиіс.

5.5.1.10 Инфекциялық ауруханалар (бөлімдер) және тері-венерологиялық диспансерлер (бөлімдер) санитарлық тораптарындағы қолжуғыштар мен унитаздардың су құю бөшкелері үшін су жіберуді басқышпен басқару қарастырылуы тиіс.

5.5.1.11 Ауруханалардағы тағамды дайындау қызметі ғимаратынан шығып тұратын жерлердегі өндірістік ағын суларды тазалау үшін ҚР ҚН 3.02-21 талаптарына сәйкес майтұтқыларды орнату (ғимарат сыртына) қарастырылуы тиіс.

5.5.1.12 Ваннамен немесе душпен жабдықталған үй-жайларда сүлгі кептіргіштерді қарастыру керек.

5.5.1.13 Балшықты процедуралар, балшықты асхана үй-жайларынан, ақжаймаларды, кенептерді, брезенттерді жуу және кептіру үй-жайынан және балшықтарды кептіруге және регенерациялауға арналған үй-жайлардан ағын суларды бұру арнайы жолдар арқылы (гидравликалық қақпақсыз) гидравликалық қақпақпен жабдықталған жиналатын балшық тұндырғышта жүзеге асуы тиіс.

5.5.1.14 Инфекциялық және туберкулез ауруханаларының (бөлімдерінің) ағын сулары сыртқы канализацияға түсер алдында зарарсыздандыруы тиіс.

Ағын суларды зарарсыздандыру үшін термиялық, радиациялық және басқа физикалық әдістерді қолдану арқылы орталықтандырылған жүйені қарастыру керек.

5.5.1.15 Инфекциялық, тері-венерологиялық және психиатриялық бөлімдер қолжуғыштарында термостатикалық алмастырғыш орнатуды қарастыру керек.

5.5.1.16 Су-балшықпен емдеу бөліміндегі душ кабиналары икемді шлангісі бар душ торымен жабдықталуы тиіс.

5.5.1.17 Радиологиялық корпустарға (бөлімдерге) ағын суларды қатерсіздендіру үшін арнайы құрылғыларды орнату қажеттілігі мекеменің саласына байланысты анықталуы тиіс.

5.5.1.18 Ваннаның емдік бассейндеріндегі сумен алмасу суды рециркуляциялау немесе таза ауаның үздіксіз ағыны арқылы қарастырылуы тиіс.

Су бассейнінің барлық жұмыс істеген уақыты ішінде біркелкі берілуі тиіс.

5.5.1.19 Бассейндердің су тазалау құрылыстары және олар бойынша конструктивтік шешімдері спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру құрылыстарын жобалау бойынша нормативтер талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс (ҚР ҚН 3.02-18 және қолданыстағы нормативтік құжаттар). Бассейндердің су тазалау құрылыстары ересектер мен балалар үшін жеке қарастырылуы тиіс.

5.5.1.20 Душ бөлмесінен айналма жолға (немесе қалқымаға) шығатын орында ағынды судың аяқ ваннасы болуы тиіс.

5.5.1.21 Емдік бассейндерге ағатын су қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс.

5.5.1.22 Қан орталығы бөлімінің терапевт дәрігерлерінің, процедуралық және зертханаларда суды жеткізу және канализация болуы тиіс. Қан орталығы ғимаратында сумен қамтудың резервтік қоры болуы тиіс.

5.5.1.23 Емдік бассейндердің үй-жайларында суық және ыстық су жеткізетін суғару шүмектері қарастырылуы тиіс.

5.5.1.24 Мекеменің сумен қамтамасыз ету жүйелері:

а) суды тұтынушылардың есептік санынан сәйкес келетін және санитарлық-техникалық аспаптармен белгіленген көлемдерде адамның денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз суды берумен қамтамасыз етуі тиіс;

б) жүйедегі ауыз судың ластануын болдырмауы тиіс;

в) жабдықтарда және құбырларда коррозия, тұздар қабаттарының түзілу мүмкіндігін және құбырлар мен жабдықтың биологиялық шөп басуын болдырмау керек;

г) санитарлық-техникалық және басқа қабылдау құрылғыларына қабылдау құрылғыларын пайдаланудың қалыпты шарттарымен қарастырылған қысыммен судың берілуін қамтамасыз етуі тиіс;

д) судың жылыстау мүмкіндігінің алдын алу;

е) ішкі және сыртқы өрт сөндіру мақсаттары үшін судың берілуін қамтамасыз етуі тиіс;

ж) адамдарға термиялық жарақат келтіру мүмкіндігін болдырмау.

5.5.1.25 Су бұру жүйесі:

а) ағын сулардың оқшаулануына және жылыстауына жол бермеуі тиіс;

б) ғимараттың ішіндегі кеңістікті, қоршаған ортаны, сулы деңгейжиектерді және су ресурстарын ластамауы тиіс;

в) техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу үшін пайдалану қызметінің және апатты қызметтердің қызметкеріне қатынауды қамтамасыз етуі тиіс;

г) топырақтың табиғи жылыстауымен ескертілген жүктемелер әрекетіне төзімділікті қамтамасыз етуі тиіс.
5.5.2 Жылумен қамту
5.5.2.1 Жылу пункттерінің қондырғыларын орналастыру медициналық мақсаттағы ғимараттың көлемдік-жоспарлық шешімдеріне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес қарастырылады.

Бұл жағдайда шудан қорғау бойынша нормативтік талаптарды сақтау керек.

5.5.2.2 су жылытатын қазандары бар резервті қазандықтарда химиялық су тазарту және бак-аккумуляторлар қарастырылмайды.

5.5.2.3 Емдеу-профилактикалық мекемелер ғимараттарының жертөлелер және техникалық еден асты бойынша жылумен жабдықтаудың транзиттік құбырларын төсеуге жол берілмейді.

5.5.2.4 Бумен қамту келесі үй-жайлар үшін қарастырылады: кір жуу орындары, дезинфекциялық бөлімдер, канализация науаларын термиялық өңдеу станциялары, балалар сүт асханалары және технология талаптарын анықтайтын көлемдегі санитарлық-эпидемиологиялық станциялар.

5.5.2.5 Жылытылған су құбырларын жеке жылу пунктінен ағыс желдету камераларына дейін пайдалану үй-жайлары және эвакуациялау жолдары арқылы төсеуге тыйым салынған.

5.5.2.6 Емдеу-профилактикалық мекемелердің және дәріханалар ғимаратының жылу қорғанышын энергия тұтынуға қойылатын талаптарға сәйкес жобалау керек.
5.5.3 Жылыту
5.5.3.1 Ғимаратты жылытуды қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалау керек.

5.5.3.2 Жылыту жүйелерін жобалау барысында оларды реттеудің және сөндірудің қасбеттік мүмкіндігі қарастырылады.

5.5.3.3 Медициналық ұйымдарды орталықтан жылыту жүйелерінде жылу таратушы ретінде су қолданылады. Жылыту жүйелерінде басқа сұйықтықтарды және ерітінділерді қолдануға жол берілмейді.

5.5.3.4 Баспалдақ клеткаларын және вестибюльдерді жылыту шкафтарымен жылытуға жол берілмейді.

5.5.3.5 Жылыту аспаптарының жылу беруін реттеу үшін оларға жеткізуге термореттегіш қондырғысын қарастыру керек.
5.5.4 Желдету және ауа баптау
5.5.4.1 Желдету және ауа баптау желдету және ауа баптау жүйелерінің тазалық деңгейі бойынша үй-жай дәрежелігін ескере отырып қарастырылуы тиіс.

5.5.4.2 Жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері медициналық қызметтер жүзеге асырылатын үй-жайдың микроклиматы мен ауа ортасының нормаланған параметрін қамтамасыз етуі тиіс.

5.5.4.3 Тиісті аймақтарға бөлімдер (үй-жайлар) керек-жарағын «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесінің талаптарына сәйкес анықтау керек.

5.5.4.4 Ауа ортасының сапасы бойынша аса жауапты үй-жайлар үшін: операциялық, реанимациялық залдар, босандыру палаталары - және ауаны баптау жүйелері, сонымен қатар, келесілер болуы тиіс:

- науқас және қызметкер үшін жылу жайлылығының ең жоғарғы жағдайларын жасау;

- статикалық электрдің пайда болуына және жиналуына кедергі болу және наркоз және басқа медико-технологиялық процестер кезінде қолданылатын газдардың жарылу қатерін жою.

5.5.4.5 Қан орталығы бөлімі терапевт дәрігерлерінің, процедуралық және зертхана кабинеттері сору және тарту желдеткішімен жабдықталуы тиіс.

5.5.4.6 Кювезбен толықтай жабдықталған палаталарда ауаны баптауға жол берілмейді.

5.5.4.7 Араларында ауа ағынына жол берілмейтін бөлімдер немесе үй-жайлар топтары бір-бірінен шлюздермен оқшауланады.

5.5.4.8 Тарту желдеткішімен және ауа баптау жүйелерімен берілетін сыртқы ауа сүзгілерде тазартылады, ауаны рециркуляциялауға жол берілмейді.

5.5.4.9 Радиологиялық бөлімдер желдеткіші радиоактивті заттармен және иондаушы сәулелердің басқа көздерімен жұмыс істеудің негізгі ережелеріне сәйкес жобаланады, сонымен қатар қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес келуі тиіс.

5.5.4.10 Үй-жайлар мақсатына байланысты сорып-тартатын желдеткішінің дербес жүйелерін жабдықтау керек.

5.5.4.11 Микробиологиялық, биохимиялық зертханалар бокстарын және дәріханаларды желдету қоршаған үй-жайларға қатысты қамтамасыз етілуі тиіс:

- патогендік емес материалдар бар стерильдік бокстарға және дәріхана-ауа айдау үшін;

- патогендік материалдар бар бокстар үшін – ауаны сейілту.

5.5.4.12 Бокстардан және жартылай бокстардан тұратын ауа ағысы тек секция дәліздеріне ғана жүргізілуі тиіс. Бокстар мен жартылай бокстарға ауа ағысы желдеткіш жұмыс істемей тұрған кезде іргелес үй-жайлардағы боксталған палаталардан ауа ағынына кедергі келтіретін өздігінен жабылатын кері клапандар арқылы дәліздерден жүзеге асуы тиіс.

5.5.4.13 Ағыс және ауаны кетіру әрбір палатада (үй-жайда) жүзеге асуы тиіс. Әрбір қабаттың палата секцияларын дербес тарту және сору желдеткішімен қызмет көрсету керек.

5.5.4.14 Инфекциялық бөлімдерде жасанды себеп арқылы сору-тарту желдеткіші болмаған жағдайда, әрбір боксты және жартылай боксты рециркуляциялау түріндегі ауаны зарарсыздандыру құрылғысымен жабдықтау арқылы жасақталады.

5.5.4.15 Тарту желдеткіші жүйелерінің ауа бұрғыштарда ішкі беті болуы тиіс, ол үй-жайға ауа бұрғыш материалының немесе олармен тыныс алуға байланысты ауру тудыратын қорғаныш жабындарының бөлшектерін үй-жайға шығаруды болдырмайды.

Ішкі жабындар сорбцияланбауы тиіс.

5.5.4.16 Механикалық тартқыштан басқа родон зертханасындағы тарту шкафында табиғи желдеткіш болуы тиіс.

5.5.4.17 Сору-тарту желдеткішінің қондырғысы, ауа беру мен шығару құрылғысы, ауа жинау шахталары және арналар тексеру, тазалау және дезинфекциялау үшін қолжетімді болуы тиіс.

5.5.4.18 Желдету жүйелерін (ауа баптау жүйелері) және ауа өткізгіштерді таңдау, орналастыру және монтаждау кезінде ҚР ҚН 2.04-02 және ҚР ҚН 4.02-01 талаптарын сақтау керек.

5.5.4.19 Жалпы алмасатын сору-тарту желдеткішінің болуына байланысты барлық үй-жайларда жеңіл ашылатын желкөздер және фрамугалар; тарту шкафтары және тіс протезі бөлімдерінде механикалық тартқыштары бар жергілікті сорғыштар қарастырылуы тиіс.

5.5.4.20 Тамақтану блогынан келетін тарту ауа өткізгіштері науқастар және қызметкер болатын үй-жайлар арқылы өтпеуі тиіс.

5.5.4.21 Терезе ойықтарынсыз жобаланған, ғимараттың жоғарғы қабаттарында орналасқан дәріхана бөлмелерінде ауа алмасуды үдету үшін тарту арнасында габарит шағын тарту желдеткішін орнатуды қарастыру керек.

5.5.4.22 Ауа алмасу дүркінділігі берілген тазалықты қамтамасыз етуге және ауаның газ құрамын сақтай отырып таңдалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет