Сенат отырысында депутат Ольга Булавкина премьер-министр Олжас Абайұлына сауал жолдап, қиын жағдайда өмірін қыл үстінен қойған жұмысшылардың еңбегі лайық бағаланбай жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Сенат отырысынан скриншот

Сенатордың сөзінше, депутаттық сауалға Абай облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі салалық кәсіподақ өкілдерінің қызметкерлердің жалақысын көтеру және әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы арызы себеп болған. 

“2023 жылғы 1 шілдеден олардың жалақысын 100% көтеру уәде етілгенімен, уәде орындалмаған. Өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, орман күзеті инспекторларының орташа жалақысы 165 мың теңге болды. Бұл – 2022 жылдың қазан айымен салыстырғанда 16% ғана көп”, – дейді сенатор. 

  • 14 орманшы мен 51 кеншінің қазасы, Бишімбаев ісі: 2023 жыл несімен есте қалды
  • Өртке найзағай себеп: Бас прокуратура Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты тергеуді аяқтады

Сонымен қатар ол қорықшылардың айлығы – 24%, орман шаруашылығы басшыларының жалақысы – 21%, орман шаруашылығы жетекшілерінікі – 12% ғана көтерілгенін айтты. 

"Бәріміз Бородолиха ауданындағы қайғылы жағдайды білеміз. Сол кезде дәл осы жұмысшылар орман өртімен күресуге жіберіліп, қаза тапқандар да болды. Еңбек адамының жұмысына мемлекеттік органдардың жауапсыз қарауы – үлкен орман алқаптарын аман алып қалып жатқандарды қиын жағдайда қалдырады”, – деп атап өтті ол. 

Айта кетейік, Абай ауданындағы орман өрті кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы бөлімінің басшысы Мейрамгүл Жиенбаева қайғылы оқиғаның алдында қызметінен кеткісі келген.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.