Студенттерге арналған пән бағдарламасы пму ұс н 18. 2/07


Дәріс сабақтарының мазмұны



бет2/3
Дата10.03.2018
өлшемі403.79 Kb.
#20505
түріБағдарламасы
1   2   3


Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1. Кіріспе

Негізгі бейороганикалық қышқылдар, тұздар мен негіздердің сипаттамалары. Шикізаттардың пайда болу, агрегаттық күйіне және химиялық табиғатына байланысты сипаттамасы және классификация.Қайтадан жаңаратын және жаңармайтын шикізаттар көздері. Тұздар, қышқылдар мен негіздердің зерттеу әдістері.



Тақырып 2.Бейорганикалық қышқылдардың химиясы мен технологиясы. Негізгі бейорганикалық синтез технологиясы.

Бейорганикалық заттар технологиясындағы өндіріс газдары және синтез-газы.Олардың қасиеті иен қолданылуы. Ауаны суыту арқылы бөлу. Азотты, оттегіні және сирек газдарды атмосферадан алу технологиясы, оның тиімділігі мен негізгі принциптері. Сутегіні алу әдісі: отынды газификациялау; көмірсутекті конверсиялау, өнеркәсіптік газды қоспалардан алу.

Азот өндірісінің мәні. Азот құрамдас қосылыстардың мәні мен қолданылуы. Синтетикалық аммиак өндірісінің дамуы. Азотсутекті қосылыстың қазіргі кездегі алу әдістері. Азотсутекті қосылыстың технологиялық схемасы.

Аммиакты азот пен сутектен алу сатылары. Аммиак синтезіндегі катализатор. Процестің тиімді жағдайы.

Шоғырлы және сұйылтылған азот қышқылын алу. Процестің тиімді жағдайларын таңдау. Өндірістің қазіргі жағдайдағы технологиясы.

Хлорсутектің физика-химиялық қасиеттері. Қолданылуы. Ингибирленген тұз қышқылы. Хлорсутекті алу: сульфатты тәсіл; Хлорсутек - кейбір өндірістердің жанама өнімі Хлорсутек абсорбциясын суыта жүргізу, адиабаттық абсорбция. Сұйық хлорсутек желінген ерітіндіден хлорсутекті қайтара алу. Хлорсутекті хлорға айналдырып өңдеу.Қазақстанда хлорсутек және тұз қышқылын отандық шикізаттан өңдеу.

Хлор қышқылы, оның физика-химиялық қасиеттері. Қолданылуы. Шикізаты.Хлор қышқылының тұз қышқылды тәсілі. Хлор қышқылын Қазақстанда өндіру мүмкіндіктері. Технологияны жетілдіру перспективалары.

Тақырып 3. Күкірт қышқылының технологиясы.

Күкірт қышқылының маңызы және өндіру масштабы. Өндірісті орналастыру принципі. Шикізат түрлері: күкірт, колчедан, сульфиттер, күкіртті сутек, сульфаттар, өндірістің күкіртқұрамдас қалдық газдары. Шикізатты күйдірудің физика-химиялық негізі мен кинетикасы. Күкіртті газдарды өндірудің технологиясы. Күйдіру газының жылуын пайдалану. Күкірт қышқылын өндіру тәсілдері. Күйдіру газын кептіру және тазалау. Күкірт диоксидін контактты тотықтыру. Тотығудың оптималды режимін және технологиясын таңдау. Контакт торабының өндірістік үлгілері. Күкірт ангидридінің абсорбциясы. Абсорбция бөлімшесі және аппараттары. Екі стадиялы тотығу мен абсорбция үлгілері. Күкірт қышқылын нитроздық тәсілмен өндірудің физика-химиялық негізі, параметрлері, технологиялық үлгілері.



Тақырып 4. Фосфор қышқылының технологиясы.

Электротермиялық әдіспен фосфорды және фосфор қышқылын өндіру. Фосфордың қасиеттері және оның қосылыстары. Фосфордың және термиялық Н3РО4 қолданылуы. Фосфаттардан электрлі айдау арқылы фосфорды өндіру. Термиялық фосфор қышқылын алу. Концентрлі фосфор тыңайтқыштары. Экстракциялық фосфор қышқылын алу технологиясы. Өндірісітің физика-химиялық қасиеті. Қолданылуы. Сапасы. Фосфор қышқылын алу технологиялық үлгілер және оларды жетілдіру перспективалары.



Тақырып 5. Сілтілер өндірісі.

Натрий сілтісін алу технологиясы. Әдістердің ерекшеліктері мен кемшіліктері. Электрохимиялық әдіс. Қондырғы кескіні және көрсеткіштері. Ферритті және әкті әдіс. Физика-химиялық негізі.

Табиғи галлургиялық шикізаттан металл гидроксидтерін алудың жалпы өнеркәсіптік тәсілдері. Алу технологиясы, аппараттар. Өнімнің құнын есептеу. Тазалау, кептіру, дайын өнімді бөліп ыдысқа салу.

Күйдіргіш натрды электрохимиялық тәсілмен (галит NaCl ерітіндісін электролиздеу) және қақталған содадан (ферриттік және әктік тәсілдер) химиялық тәсілдермен өндіру. Әдістердің жетімсіздігі. Аппараттар мен процестер. Темір катодты ванна, сүзгіш диафрагмалы ванна, сынап катодты ванна. Электролиз өнімдерін өңдеу.

Калий сілітісін және хлоридін алу технологиясы. Өндіру тәсілдері. Технологиялық режимдері мен аппараттарды таңдау әдістері. Физика-химиялық негізі.

Тақырып 6. Бейорганикалық тұздар технологиясы.

Натрийүшкөпфосфаты, оның көрсеткіштері, сапасы. Өндірістің физика-химиялық негізі.

Реактивті фосфор қышқылды тұздар өндірісі. Натрий ортофосфаты. Натрий ортофосфатын алу. Қоснатрийфосфатты алу және қолдану. Натрий пирофосфаты. Шикізат түрлері. Процестің химизмі. Бейтараптандыру процесінің көрсеткіштері және оның әсері. Пирофосфат өндірісінің технологиялық схемасы. Аппараттар мен олардың құрылысы. Nа2Р3О7 · 10Н2О сулы пирофосфатты алу. Жылу және заттардың ағындарының балансын есептеу. Өндіріс қалдықтары, оларды өңдеу және зиянсыздандыру жолдары.

Натрий тұздары. Өнім түрлері, қолдану, өнімге қойылатын талаптар. Табиғи тұздықтан NаН2РО4, Nа2НРО4, Nа3РО4 алу. Натрий сульфидін алуда қолданылатын шикізат. Технологиялық схемасы, қолданылатын аппараттарды таңдап алу, өндіріс қалдықтары, оның құрамы, өңдеу жолдары.

Калий тұздары. Өнім түрлері, қолдану, өнімге қойылатын талаптар. Технологиялық схемасы, қолданылатын аппараттарды таңдап алу, өндіріс қалдықтары, оның құрамы, өңдеу жолдары.

Сода өнімдері, оның қасиеті, өнімге қойылатын талаптар, қақталған соданы алу әдістері, өндірістің келешек жетістіктері. Өндірістегі бөлімдер және олардың байланысы. Қолданылатын шикізат сапасы. Әк тасын өртеу және әк сүтін дайындау.

Қақталған соданы аммиакты әдіспен алу жолдары. Абсорбция бөлімінің кескіні. Аппараттардың құрылысы, жұмыс істеу принциптері, құрамы. Абсорбция бағанасының материалды балансы.

Аммиакталған тұздықтың физика-химиялық негізі. NаСl – NН4НСО3 – Nа НСО3 – NН4Сl тепе-теңдігі. Натрийдің (қолдану) пайдалану дәрежесі. Карбонизациялау дәрежесі. Карбонизациялау бағанасының жұмыс істеуі. Nа НСО3 қақтау (кальцинация). Температураның әсері. Қолданылатын аппараттар. Аммиакты өңдеудің физика-химиялық негізі. Тұнбаның қасиеті. Аппаратуралық құрылысы.

Сода өндірісіндегі экологиялық жағдай, қосымша өнімдерді өңдеу. Қалдықсыз әдістер. Тазалау. Физика-химиялық негізі. Құрғақ және ылғал әдістер. Әдістің негізгі схемасы. Өндірістің негізгі сатысы.

Аммоний гидроксидінің технологиясы. Өндірістің физика-химиялық негізі. Алу әдістері, қолдану саласы, өнімнің сапасына сипаттама. Ауыл шаруашылығындағы маңызы.

Аммоний дихроматы, натрий, калий, хром триоксидін алу және оның технологиялары.

Хромқұрамды тұздар алу әдісі. Қолданылуы, шикізат, өнім құрамы. Натрий хроматы және хромат технологиясы. Өндірістің физика-химиялық негізі.




ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



Тақырыптар атаулары

Зертханалық жұмыстың атауы

Мазмұны

Әдебиет

1

2

3

4

5

3

Азот өндірісі. Аммиак және азот қышқылы өндірісі

Азот қышқылын және аммиак алу

Азот қышқылын және аммиакты алудың зертханалық әдістерін үйрену, қажетті есептеулер орындау

[1],10-15 б.

[5],78-99 б,

[10],112-131б


4

Хлорсутек. Хлор қышқылы

Тұз қышқылын күкірт қышқылды әдіспен алу

Тұз қышқылын күкірт қышқылды әдіспен алуды зертханада орындау, қауіпсіздік техникасын қарастыру, қажетті есептеулер орындау

[1],20-53 б.

[5],101-120 б,

[9],35-73 б.


5

Күкірт қышқылының технологиясы

1)Техникалық күкірт қышқылын талдау

2) Сульфид шикізатын тотықтырумен күйдіру




Техникалық күкірт қышқылын талдау арқылы оның қасиеттерімен танысу,

қауіпсіздік техникасын қарастыру, қажетті есептеулер орындау

Сульфид шикізатын тотықтырумен күйдіру

Арқылы күкірт қышқылын алу технологиясымен танысу, қауіпсіздік техникасын қарастыру, есептеулер орындау



[1], 111-140 б.

[3],57-89 б,

[4],71-104 б.

[9],78-101 б,



6

Фосфор қышқылының технологиясы

Фосфор қышқылын алу және тазалау

Зертханада фосфор қышқылын алу және тазалау әдістерімен танысу, қажетті есептеулер орындау

[1],148-181 б.

[3],55-79б,

[9],65-89б.

[10],60-91б,



7

Сілтілер өндірісі. Натрий сілтісі. Калий сілтісі

Әк тәсілімен каустикалық соданы алу

Каустикалық соданы алудың зертханалық әдісімен танысу және орындау, қауіпсіздік техникасын қарастыру, қажетті есептеулер орындау

[1],175-199 б.

[6],85-122б,




9

Натрий тұз

дары. Калий тұздары



Үшкөпфосфат натрийді алу

Үшкөпфосфат натрийді алуды зертханада орындау, қасиеттерімен танысу, қажетті есептеулер орындау

[1],183-200 б.

[7],99-133б,

[8],93-127б.


10

Сода өнімдерінің технологиясы

Қақталған соданы аммиакты әдіспен алу

Қақталған соданы аммиакты әдіспен алумен танысу, зертханада орындау, қажетті есептеулер орындау

[1],183-200 б.

[7],99-133б,

[8],93-127б.





СӨЖ МАЗМҰНЫ



СӨЖ түрі

Бақылау формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

2

3

4

5

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Дәріс материал

дары бойынша ауызша сұрау



11,5

2

Зертханалық сабақтарға дайындалу

Дәптерге конспект жазу

Зертханалық жұмыс бойынша сұрау

16



3

Есеп беруді құрастыру және зертханалық жұмысты қорғау

Жұмыс дәптері

Зертханалық жұмыс бойынша сұрау

16

4

Бақылау жұмысына дайындалу

Жауап парағы

Бақылау жұмысы

2

5

Коллоквиумға дайындалу

Ауызша сұрау

Берілген тапсырма бойынша сұрау

2

6

Аудиториялық сабақтарға кірмеген курстың қосымша материалын оқу

Дәптерге конспект жазу

Ауызша тексеру

8,5

7

Аралық бақылауға дайындалу

Жауап парағы

Бақылау жұмысы

4

БАРЛЫҒЫ:

60


Студенттердің өз бетінше оқып-игеруге арналған тақырыптар:


  1. Көгерткіш қышқылды синтездеу әдістері.

  2. Бор қышқылын алу.

  3. Кремний қышқылының кірнесін өндіру

  4. Ортофосфор қышқылын күкіртқышқылды әдіспен өндіру.

  5. Фосфор қышқылын электртермиялық әдіспен өндіру

  6. Фосфорды кальций фосфаттарынан ұшырудың теориялық негіздері.

  7. Фосфорды фосфаттарды электұшырумен өндіру.

  8. Күкірт қышқылының маңызы. Қышқылды алудың шикізаты.

  9. Күкірт қышқылын өндірудің нитрозалы әдісі

  10. Натрий гидроксидін өндіру

  11. Металдар гидроксидтерін табиғи галлургиялық шикізаттан алудың жалпы әдістері.

  12. Күйдіргіш натр өндірісі.

  13. Электролиз өнімдерін өңдеу.

  14. Магнезиялар және магний гидроксиді. Магнезияларды өндіру әдістері

16.Қазақстандағы табиғи магнийлі көздер.

17. Барий гидроксиді.

18. Хлор қышқылын өндірудің тұзқышқылды әдісі.

19. Бейорганикалық заттар технологиясындағы негізгі өндірістік және синтез-газдар.

20. Сутекті алу әдістері.

21. Азотсутекті қоспаны алудың қазіргі заманғы әдістері мен технологиялық схемалары.

22. Азот пен сутектен аммиакты алудың физика-химиялық негіздері.

23. Азот қышқылының физика-химиялық қасиеттері, қолдану аймақтары және алу тәсілдері.

24. Хлор қышқылын өндірудің тұзқышқылды әдісі.

25.Фторсутек, балқытқыш , кремнийфторлы сутек қышқылдарының қасиеттері.

26. Балқығыш шпаттың және басқа фторидтердің ыдырауы.

27. Хлорсутек, тұз қышқылының физика-химиялық қасиеттері.

28. Қазақстандағы шикізат көздерінен хлорсутек пен тұз қышқылын өндіру.
Студенттердің білімдерін бағалау
Пән бойынша қорытынды баға (қосынды баға) сабаққа дайындалуда алынған, тәжірибелік сабақтарда белсенді жұмыс істеуде алынған, бақылау тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындауда алынған, қорытынды емтиханда алынған балдардан (салмақтық үлестерін есепке алғанда) құралады.

1 Семестрдің ортасы мен соңында 100 балдық шкала бойынша ағымды үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Бұл баға келесі бағалардан тұрады:

-сабаққа дайындалу,топта белсенді жұмыс істеу және сабақтардағы бақылау шараларына қатынасу;

- өздік жұмыстарын мерзімінде және сапалы орындау және қорғау.

2 Аралық бақылау (АБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.

Пән бойынша жүргізілетін аралық бақылауға АҮ балдары бар студенттер ғана жіберіледі

3 АҮ мен АБ бағаларының нәтижелері бойынша студенттің рейтингі (Р1 және Р2) анықталады

Р1(2) = АҮ1(2)*0,7 + АБ1(2)*0,3

Егер студент АБ қатынаспаса немесе АБ-да 50 балдан төмен баға алса, оның рейтингі анықталмайды. Бұл жағдайда декан АБ-ды тапсырудың жеке мерзімдерін тағайындайды.

4 Студенттің пән бойынша семестр үшін рұқсат рейтингі рұқсат рейтингіне тең болады

РР = (Р1 + Р2)/2


Пәннің қорытынды бақылауына (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған және рұқсат рейтингін жинаған (50 балдан төмен емес) студенттер жіберіледі.

5 Студенттердің пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Ол РР және ҚБ бағаларының салмақтық үлестерін есепке алғандағы қосындысынан тұрады

Қ = РР * 06 + Қ * 0,4

1 және 2 рейтингтердің ағымдағы үлгерімін анықтаудағы балдардың бөлінуі




Бақылау түрлері

Балдардың максималды сандары

Рейтинг 1

Рейтинг 2

1

Ағымдағы бақылау

100

100

1.1

Сабақтарға қатынасу, сабақтаға дайындалу және топта жұмыс істеу

25

25

1.2

Зертханалық жұмыстарды орындау және қорғау

35

35

1.3

СӨЖ тапсырмаларын орындау және қорғау

40

40




Барлығы

100

100


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Пәннің жұмыс Нысан
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет