Студенттерге арналған пму ұс н 18. 2/11 пәннің бағдарламасы


ПӘННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МАЗМҰНЫ



жүктеу 423.83 Kb.
бет2/3
Дата22.09.2017
өлшемі423.83 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3


ПӘННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МАЗМҰНЫ
Тақырып № 1 Кіріспе

Географиялық және ландшафттық қабықтың дамуы мен пайда болуын анықтайтын планетарлы-космостық факторлар. Географиялық қабықтың аймақтық дифференциациясы мен зональды – провинциясы. Табиғи орта – табиғат компоненттерінің өзара әрекеттесуі мен ұзақ дамуының өнімі: геологиялық, геоморфологиялық пен биоклиматтық негіздері, табиғат ландшафттары және құрлықтар мен мұхиттардағы ландшафттардың кеңістік дифференциациясындағы атқаратын ролі. Шаруашылықты меңгеру, табиғи ландшафттардың антропогендік модификациясы.



Тақырып № 2 Құрлықтар мен мұхиттар

Табиғи ортаның негізгі заңдылықтарының қалыптасуындағы құрлықтар мен мұхиттардың ролі. Құрлықтар мен мұхиттар құрылысының жалпы ерекшеліктері, жер қыртысының қалыптасуындағы геосинклинальдық зонаның өлкелік маңызы. Құрлықтар мен мұхиттардың физгеографиялық аудандастыруының негізгі принциптері.



Тақырып № 3 Солтүстік жарты шардағы құрлықтар. Шетелдік Еуропа

Шетелдік Еуропа. Геологиялық тарихи дамуы, гео- және морфо құрылымдары: Еуропаның кембрийге дейінгі платформасы, каледон және герциндік құрылымдар, альпілік геосинклинальдық белдеу, ең жаңа тектоникалық қозғалыстар. Пайдалы қазбалар, олардың таралуы мен негізгі шикізат түрлерінің қоры, тектоникалық құрылымымен байланысы.

Жер бедері. Тектоникалық құрылымның макроқұрылыммен байланысы. Еуропаның орфоқұрылым аудандары. Жазықтар мен қыраттардың кембрийге дейінгі платформалары. Эпипалеозой платформаларының морфоқұрылымдары. Бөлікті (блокты), күмбезді бөлікті және қатпарлы-жақпарлы таулар, таулы қыраттар мен таулы үстірттердің эпиплатформалық орогендік облыстары.

Эпигеосинклинальды қатпарлы орта таулар мен биік таулар, альпілік геосинклинальды белдеулердегі жағалық зоналар. Ауыспалы зоналардың морфоқұрылымы: аккумулятивті және денудациялық жазықтар. Төрттік дәуірдің палеогеографиясы, Шетелдік Еуропа ландшафтарының қалыптасуындағы плейстоцен мұз басуының атқаратын ролі.

Негізгі климат құрушы факторлар. Маусымдық жыл бойынша ауа массаларының циркуляциясы, климаттық белдеулер мен климат типтері. Ландшафттардың қалыптасуындағы биоклиматтық белдеулер мен климат типтері. Ландшафттардың қалыптасуындағы биоклиматтық ерекшеліктер, оларды шаруашылықта пайдалану.

Су ресурстары. өзендер мен көлдер. Су ресурстарын шаруашылықта пайдалану.



Тақырып № 4 Солтүстік жарты шардағы құрлықтар. Шетелдік Азия.

Территорияның геологиялық тарихи дамуы. Кембрийге дейінгі негізгі тектоникалық құрылымы – құрлықтың ежелгі ядросының нығаюы. Аравия, Үндістан, Қытай платформасы, олардың даму тарихы, тектоникалық белсенділік. Геосинклинальды белдеулер мен зоналар, Орал-Моңғол, Альпы-Гималай және Батыс Тынық мұхит геосинклинальды секторлардың қатпарлы және кайназой дәуірінің қатпарлы құрылымдары. Пайдалы қазбалар: негізгі металды провинциялар жылу-энергетика ресурстары.

Жер бедері. Платформалы және орогенді облыстардың морфоқұрылымдық және морфотектоникалық ерекшеліктері, олардың морфотектоникалық эволюциясы. Платформалы, эпигеосинклинальды және эпиплатформалы облыстар, жер бедерінің типтері.

Тақырып № 5 Солтүстік жарты шардағы құрлықтар

Платформалы және геосинклинальды морфоқұрылымдардың геологиялық тарихи дамуы. Қазіргі ландшафттардың қалыптасуындағы жер қыртысының неотектоникалық қозғалыстары мен плейстоцендегі мұзбасудың ролі. Эпипалеозойлық құрылымның пайда болуы мен ерекшеліктері. Кордильер-Антиль геосинклинальдық облысының морфоқұрылымдық ерекшеліктері мен мезо-кайнозой орогенезі.

Пайдалы қазбалардың негізгі кен орындары және олардың құрлықтың геологиялық құрылымымен байланысы.

Жер бедері. Батыс Кордильер мен Кордильерден тыс Шығыстың платформалық, эпигеосинклинальды облыстарының морфоқұрылымы мен жер бедері түрлерінің негізгі еоқұрылымдармен байланысы.



Тақырып № 6 Оңтүстік Америка табиғаты.

Географиялық орнының өзара байланысы, құрлықтың кескін үйлесімдігімен табиғат жағдайлары. Оңтүстік Америка платформасының геоглогиялық дамуының ерекшеліктері. Анд геосинклинальдық зонасының мезо-кайнозой кезеңіндегі дамуы, интрузия мен вулканизмнің рөлі. Анды алды Шығыс пен Анд геосинклинальдық зоналарының негізгі морфоқұрылымы және олардың рельеф түрлерінің байланысы. Пайдалы қазбалар және олардың әртүрлі геологиялық құрылыспен ұштасуы.



Тақырып № 7 Африка.

Африка табиғатының басқа құрлықтармен салыстырғандағы негізгі ерекшеліктері. Ландшафттардың экватор алды және тропиктік түрлерінің қалыптасу себептері.

Геологиялық даму тарихы. Кембрийге дейінгі құрылыстың басымдылығы, каледондық, герцендық және альпілік құрылымның шектелуі, таралуы мен мезозой қатпарлығының жоқтығы. Морфоқұрылымның қалыптасуындағы неотектоникалық қозғалыстардың атқаратын ролі. Жер бедерінің жасаруына денудациялық-эрозионды және аккумулятивті түрлерінің маңызы.

Пайдалы қазбалар. Металлогенді провинциялар, мұнай мен газды белдеулер мен олардың тектоникалық құрылыммен байланыстары.



Тақырып № 8 Австралия

Австралия ландшафтарының басқа құрлықтармен салыстырғанда ерекшелігін анықтайтын факторлар. Континенттің геологиялық даму тарихы. Австралия платформасы морфоқұрылымының қалыптасуындағы неотектоникалық қозғалыстардың атқаратын ролі. Шығыс сектордың палеозойлық құрылымы. Пайдалы қазбалар және олардың геоэкологиялық құрылыспен байланысы.



Тақырып № 9 Антарктида

Құрлықтың ашылуы мен зерттелуі. Оңтүстік полюсті бағындыру тарихы. Геологиялық құрылысы, тектоникасы және мұзасты жер бедері. Атмосфера циркуляциясы мен климаттық ерекшеліктері. Флора мен фаунасы.



Тақырып № 10 Дүние жүзілік мұхиттар

Жер бедерінің басты ерекшеліктерінің бірі және Дүние жүзілік мұхиттар түбінің геологиялық құрылысы. Дүние жүзілік мұхитарының геологиялық және геоморфологиялық процестері. Дүние жүзілік мұхиттарындағы жауын-шашынның түзілуі, түсуі, таралуы мен дифференциациясы. Теңіз шөгінділерінің жіктелуі. Дүние жүзілік мұхиттарының суы, су балансы, термикалық режимі және мұхиттар су массаларының гидротермиялық эәне гидродинамикалық өзгешеліктері. Ағыстар, толқындар, судың толысуы мен қайтуы, биіктік циркуляция. Мұхиттағы тіршіліктің таралуы мен биосфераның құрамы. Мұхиттың геологиялық процестеріне органикалық дүниенің әсері.



Тақырып № 11 Тынық мұхиты.

Географиялық орналасуы. Жағалау сызығы. Зерттеу тарихы. Мұхит түбінің бедері. Климаты. Суларының қасиеттері мен динамикасы. Органикалық әлемі. Табиғи ресурстары. Мұхиттың аудандастыруы



Тақырып № 12 Атлант мұхиты

Географиялық орналасуы. Зерттеу тарихы. Мұхит түбінің бедері. Климаты. Суларының қасиеттері. Су массаларының динамикасы. Органикалық әлемі. Табиғи ресурстары. Физикалық-геограифялық тұрғыдан аудандастыру



Тақырып № 13 Үнді мұхиты.

Географиялық орналасуы. Зерттеу тарихы. Мұхит түбінің бедері. Климаты. Суларының қасиеттері. Су массаларының динамикасы. Органикалық әлемі. Табиғи ресурстары. Физикалық-геограифялық тұрғыдан аудандастыру



Тақырып № 14 Солтүстік Мұзды мұхит.

Жеке мұхитқа бөлу негіздемесі. Өзгеше географиялық орналасуы. Зерттеу тарихы. Мұхит түбі бедерінің жалпы белгілері. Климаты мен сулары. Мұз режимі. Органикалық әлемі. Табиғи ресурстары. Физикалық- геограифялық тұрғыдан аудандастыруы.



Тақырып № 15 ТМД елдерінің табиғатына жалпы сипаттама

ТМД елдерінің физикалық географиясы пәні, табиғи территориялық кешендердің аймақтық таксономиялық біліктері (ТТК). Географиялық зерттеу кезендері. 4-16ғғ. ТМД елдерінің табиғаты туралы әләм. Аймақтық экспедициялар. ТМД елдерінің географиялық орны мен шекаралары. Географиялық орнының табиғат жағдайларының қалыптасуына ықпалы. ТМД елдерін қоршар теніздер. Баренц, Ақ, Кар, Лаптевтер, Шығыс Сібір және Чукот теніздері, ішкі теңіздер: Каспий, Арал. Қара, Азов және Балтық теңіздері. Теңіз акваториясын корғау. ТМД-ң жер беледі мен геологиялық құрылымы. ТМД елдерінің орографиялық негіздері ерекшеліктері мен олардың тектоникасы.Платформалық областардағы жазықтар және олардың геологиялық күрылымы.

Жаңа тектоникалық қозғалыстар, олардың қазіргі кездегі жер бедерлерінің қалыптасуындағы ролі. Қазіргі вулкандар және жер сілкіністері. Олардың тектоникалық қозғалыстармен байланыстылығы және таралу облыстары. Төрттік дәуірдегі аса маңызды күбылыстар- материктік мүз басулар, теңіздік трангрессиялар.

Климаты мен ішкі сулары. Климаттық белдеулер және климат типтері. Климаттың адамның шаруашылық әрекеттеріне әсері. Климат өзгерісіне табиғи және антропогендік факторлардың ықпалы мен ролі. Су балансы. Көлдер мен батпақтар. Жер асты сулары. Көп жылдық тоңдар мен мұздықтар. Су балансының халық шаруашылығындағы маңызы және оны қайта құру проблемалары. Табиғатты қорғау.

Топырақ жамылғысы, өсімдік және жануарлар дүниесі – ландшафт компоненттері. Топырақ жамылғысы құрылымына биоклиматтық факторлардың, рельеф пен топырақтың минералдық негізінің әсері.

Тақырып № 16 Таулы Аралдық Арктика. Қола түбегі мен Карелия.

Таулы Аралдық Арктика. Полярлық ендіктегі орны. Таулы-аралдық Арктиканың өз бетінше физикалық географиялық аймақ болып бөлінуін дәлелдеу. Арктиканың қатал климаты мен маңыздылығы. Қазіргі кездегі мұз басу сипаты. Полярлық ландшафтар. Физикалық географиялық облыстар: Шығыс Европа, Сібір, Қиыр Шығыс және субарктикалық Шығыс Европалық.

Қола түбегі мен Карелия. Евразияның физикалық географиялық аудандастыру схемасындағы облыстың орны. Мұз көшкіндерінің климатқа әсері. Ландшафттық құрылымдар. Табиғи ресурстар және оны пайдалану.

Тақырып № 17 Шығыс Европа (Орыс) жазығы.

Жалпы сипаттама. Орыс платформасының тектоникасы. Европаның шығысындағы қоныржай белдеудегі географиялық орнының маңызы. Шығыс Европа жазығының климатына тән ерекшеліктер. Климаттық элементтердің жылдық өзгеруін талдау. Биокомпоненттер сипаты. Қорықтар. Шығыс Европа (Орыс) жазығының ландшафтық зоналарына салыстырмалы сипаттама. Табиғи антропогендік жүйелер.



Тақырып № 18 Украин Карпат. Қырым. Кавказ.

Геологиясы мен тектоникасы. Геоморфологиялық ерекшеліктері мен олардың ландшафттық дифференциациясына әсері. Ландшафтардың биіктік белдеудегі көрінісі. Табиғат ресурстары, экология және табиғатты қорғау. Рекреациялық мәні.

Қырым. Мезокайнозойдағы тарихи дамуы және геологиялық құрылымы. Табиғи ресурстары мен рекреациялық маңызы. Табиғатты қорғау. Биіктік белдеулік ландшафтары.

Кавказ. Жалпы шолу. Орографиялық дамуы мен ландшафт қалыптасуы. Неотектоникалық қозғалыс және қазіргі кездегі жер қыртысының қозғалысы. Сейсмика мен жанар таулар. Мұз басу және оның органикалық дүниеге әсері. Пайдалы қазбалар. Климат дифференциациясы. Мұздықтар мен ағын сулар. Топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің таралу заңдылықтары. Табиғатты пайдалану жолдары. Севан көлінің проблемасы.



Тақырып № 19 Батыс-Сібір жазығы.

Жалпы шолу. Табиғатының дамуындағы кайнозой дәірі. Батыс-Сібір жазығы мен Кар теңізінің шельфі ТМД-дағы аса ірі мұнай-газ провинциясы. Аймақтық-зоналық табиғат ресурстарының байлығы, алуан түрлілігі. Табиғи-антропогендік ландшафтар. Ландшафттық зоналар. Ландшафт зоналары: тундралы, орманды, тундра, орманды-батпақты, орманды дала, далалы. Провинциялық ерекшеліктеріне сипаттама.

Қорытынды. ТМД елдерінің аймақтық физикалық географиялықтұрғыдағы жаңа экономикалық реформа жағдайында оқудың негізгі мәселелері. Ландшафттық кадастр. Антропогендік әсер мен климаттың ғаламдық өзгеруіне байланысты ландшафттар тұрақтылығы мәселелері, табиғатты қалыпты пайдалану, экономикалық және саяси жағдайлары.
Пәннің тәжірибелік сабақтарының мазмұны:
Тақырып № 2 Құрлықтар мен мұхиттар

Құрлықтар мен мұхиттардағы географиялық зоналылықтың айқындалуындағы планетарлы, аймақтық және провинциялық ерекшеліктері. Табиғи ортаның қазіргі заманғы жағдайы: табиғат ресурстарының ғалами, аймақтық проблемаларын қорғау және оны пайдалану, табиғи ландшафтардың нашарлауы және тозуы. Табиғи ресурстарды пайдаланудағы проблемалар.



Тақырып № 3 Солтүстік жарты шардағы құрлықтар. Шетелдік Еуропа

Еуразия. Географиялық орны, көлемі, табиғи ортаның ерекшеленуіндегі тектоникалық құрылыстың ролі, құрлық ішіндгі табиғи айырмашылықтар.

Географиялық және ландшафттық белдеулер мен зоналар. Шетелдік Еуропа ландшафттарының зоналық-белдеулік құрылымы. Зоналық ландшафт түрлерінің кеңістіктегі ерекшеліктері. Тау және жазықтық ландшафттарының түрлері.

Арктикалық шөл, тундра, субарктикалық шалғындар, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, дала және орманды дала ландшафттарын шаруашылықта игеру ерекшеліктері. Табиғи ландшафттардың антропогендік модификациясы, жерді пайдаланудың жағымды, жағымсыз салдары.



Тақырып № 4 Солтүстік жарты шардағы құрлықтар. Шетелдік Азия.

Шетелдік Азияның климат құрушы факторлары, олардың маусымдық жыл бойына ауа массалары циркуляциясына тигізетін әсері, климаттық белдеулер мен климат типтері. Аса ылғалды және қуаңды облыстар. Ішкі сулары. Шетелдік Азия өзендерінің қоректену режимі мен түрі, суағар мен су жүйесінің қалыптасуы, су балансы, оларды шаруашылықта пайдалану. Көлдер және қазіргі мұзбасу, жер асты сулары. Фауна, флора және топырақ жамылғысының қалыптасуындағы палеогеографиялық ерекшеліктер. Топырақтың зоналық түрлері.

Географиялық белдеулер мен зоналар. Табиғи ландшафттардың кеңістік белдеулік секторларының биіктік зоналығы. Қазіргі кезде ландшафттарды пайдалану, әр түрлі табиғат зоналарының жер және орман ресурстарын шаруашылықта игеру. Табиғи ландшафттардың антропогендік модификациясы. Азия аймақтарының шөлейттену проблемалары.

Тақырып № 5 Солтүстік жарты шардағы құрлықтар

Климат. Жалпы және аймақтық климат құрушы факторлар. Жыл маусымындағы ауа массаларының циркуляциясы, олардың құрлықтың ылғалдануы мен термикалық тәртіптегі ролі. Өзеннің су режимдерінің негізгі түрлері, көл, қазан шұңқырларының генетикалық түрлері, қазіргі мұзасу. Су ресурстарын пайдаланудың келелі мәселелері.

Табиғат пен ландшафттар зонасының топырақ пен өсімдіктер жамылғысындағы кеңістік дифференциация заңдылықтары. Табиғат белдеулері мен ландшафт зонасы құрылысының себеп-салдар тәуелділігі. Негізгі ландшафт зоналары мен табиғат белдеулеріне сипаттама. Табиғатты ұтымды пайдалану мен оны қорғаудың келелі мәселелерін шешу. Қазіргі заманғы ландшафттардың антропогендік модификациясы.

Тақырып № 6 Оңтүстік Америка табиғаты.

Жалпы – аймақтық климат құрушы факторлар. Жыл маусымы бойынша ауа массаларының циркуляциясы. Жауын-шашынның термиялықрежимі және олардың кеңістікте таралуы. Климаттық белдеулер мен климат түрлері. Маусымды ылғалды облыстарының басымды болу принциптері. Су ресурстары, құрлықтың ірі өзендерінің су балансы мен режимі. Ішкі а5ын таралған облыстар. Топырақ пен өсімдіктер жамылғысындағы кеңістік дифференциация заңдылықтары. Флора мен фауна эндемизмі. Анд тауының биіктік белдеу түрлері. Экспозиция беткейлерінің айырмашылықтары. Географиялық белдеулер мен ландшафтық зоналар. Субэкваторлық ландшафтардың басымдылығы. Ылғалды және ылғалды тропиктік ормандардың табиғатын үнемді пайдалану мен оларды қорғау.



Тақырып № 7 Африка.

Негізгі климат құрушы факторлар. Жыл маусымындағы ауа массаларының циркуляциясы. Құрлықтың ылғалдылығы мен термикалық режимі.

Климат түрлері. Су балансы, су режимы мен су тармағының қоректенуі. Ірі өзен жүйелері. Көлдік қазаншұңқырлар мен олардың шығу тегі.

Топырақ пен өсімдіктер жамылғысының негізгі түрлері. Флора мен фауна эндемизмі. Географиялық және ландшафттық белдеулер мен зоналар. Орта таулы, биік таулы және таулы қыраттардың биіктік белдеулері. Шөлейтенудің келелі мәселелері.



Тақырып № 8 Австралия

Жалпы аймақтық климат құрушы факторлар, ауа массаларының маусымдық циркуляциясы. Тропиктік климат түрінің басымдылығы. Құрлықтың су ресурстары мен су балансы, ішкі ағынның су алаптары. Топырақ пен өсімдіктер жамылғысының дифференциациясы. Флора мен фауна эндемизмі. Географиялық белдеулер мен ландшафт зоналары. Табиғи-антропогендік ландшафтар. Табиғи және антропогендік ландшафтардың негізгі түрлері. Мұхиттық аралдарға жан-жақты физикалық географиялық сипаттама. Меланезия, Микронезия, Полинезия және Жаңа Зеландия. Экваторлы тропиктің аралдардың мұхиттың климаты мен ландшафтары.



Тақырып № 9 Антарктида

Теңіз кәсібі, Антарктиданың мұз жамылғысының тарихи дамуы. Мұз қалқанының пайда болу жағдайы, оның қалындылығы. Мұздықтар түрі: былтырғы қар бассейндері (фирнды), шельфты, шығарылған және жағалық мұздықтар. «Оазистер», мұзасты көлдері. Қазіргі мұз басу массаларының балансы. Айсберг.



Тақырып № 10 Дүние жүзілік мұхиттар

Дүние жүзілік мұхиттардың пайда болуы мен геологиялық тарихи дамуы. Жер қыртысы мен эволюцияның келелі мәселелері. Дүние жүзілік мұхит суларының пайда болуы мен деңгейінің өзгеруі. Дүние жүзіоік мұхиттардағы тіршіліктің пайда болуы мен эволюциясы. Адам және мұхит. Дүние жүзілік мұхиттардың физгеографиялық аудандары. Мұхит түбі табиғатының зоналығы. Дүние жүзілік мұхиттар ландшафтарының келелі мәселелері. Солтүстік Мұзды мұхит. Тынық мұхит. Үді мұхит. Атлант мұхит. Салыстырмалы сипаттама.



Тақырып № 11 Тынық мұхиты.

Берілген жоспар бойынша мұхиттарға толық сипаттамы беру.



Тақырып № 12 Атлант мұхиты

Берілген жоспар бойынша мұхиттарға толық сипаттамы беру.



Тақырып № 13 Үнді мұхиты.

Берілген жоспар бойынша мұхиттарға толық сипаттамы беру.



Тақырып № 14 Солтүстік Мұзды мұхит.

Берілген жоспар бойынша мұхиттарға толық сипаттамы беру.



Зертханалық жұмыстардың мазмұны:


р/с
Тақырыптың атауы

Мазмұны

6 семестр


2

Құрлықтар мен мұхиттар

«Материктің табиғи жағдайларына тиетін географиялық орналасуының әсері» сызбасын жасау. Гипсометриялық қимасы. Тектоникалық құрылысы және бедері. Пайдалы қазбаларының кен орындары. Таралу заңдылықтары. Климат типтерін сипаттау. Ішкі сулары. Табиғи зоналары.

3

Солтүстік жарты шардағы құрлықтар. Шетелдік Еуропа.

Табиғатының кеңістік дифференциациясы. Физикалық-географиялық облыстарының сипаттамасы. Жерортатеңіздік аймағы.

4

Солтүстік жарты шардағы құрлықтар. Шетелдік Азия.

Орталық Азия. Шығыс Азия аймақтарының салыстырмалы сипаттамасы. Оңтүстік Азияның аймақтары. Азияның тау жүйелерінің биіктік белдеулігі.

5

Солтүстік жарты шардағы құрлықтар. Солтүстік Америка

Солтүстік Америка мен Еуразия материктердің географиялық орналасуын салыстыру. Тектоникалық құрылысы және бедері. Солтүстік материктердегі байырғы мұзбасуы. Климаты. Өзендері.

6

Оңтүстік Америка

Тектоникалық құрылысы мен бедерін сипаттау. «Климат типтері» кестесін толтыру. Өзендері мен көлдерін кескін картаға түсіру. «Табиғи зоналары» кестесін толтыру. Ла-Плата және Патагония аймақтарының табиғатын сипаттау.

7

Африка

Морфоқұрылымдық облыстарын картаға түсіру. Кешендік қима жасау. Климаттық карталарын талдау. Ішкі суларын сипаттау Амазония және Конго қазаншынқырын, Гвиана және Эфиопия таулы қыраттарын, Бразилия және Шығыс Африка жайпақ тауларын, Атлас және Кап тауларын салыстырып сипаттау..

7 семестр

8

Австралия

Оңтүстік тропиктік материктердің географиялық орналасуын, көлемін, пішінін салыстыру. Австралияның физикалық географиялық тұрғыдан аудандастыру сызбасын жасау. Солтүстік Австралия және Ориноко жазықтарын салыстыру.

9

Антарктида

Антарктида мен Антарктика түсініктері, олардың шекаралары. Мұзасты бедері. Мұз жамылғысы. Табиғи жағдайлары. Органикалық әлемі. Антарктикалық шұраттары.

10

Дүниежүзілік мұхит

Мұхиттардың шекаралары. Мұхит түбінің орографиялық құрылымдары. Батиграфиялық қима. Геология жєне геоморфологиялық процесстері.

11

Тынық мұхиты

Атлант және Тынық мұхиттардың географиялық орналасуын салыстыру. Жағалау сызығы. Мұхит түбі бедерінің әр пішіндері аудандарының диаграммасын жасау.

12

Атлант мұхиты

Беткі суларының ерекшкліктері. Картасын талдау. Беткі ағыстар сызбасын жасау және талдау. Физикалық-географиялық белдеулерін сипаттау.

13

Үнді мұхиты

Мұхит түбі бедерін сипаттау. Мұхиттың беткі суларының температурасы мен тұздылығының таралу заңдылықтарын анықтау. Үнді және Тынық мұхиттардың флорасы мен фаунасын салыстыру.

14

Солтүстік Мұзды мұхит

Географиялық орналасуын сипаттау. Табиғи жағдайлары. Гидрологиялық режимі. Мұз режимі. Мұз типтері.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет