Су құбырындағы жаңашылдық



жүктеу 23.82 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі23.82 Kb.

Су құбырындағы жаңашылдық

Бүгінгі таңда жаңа технология жабдықтары адамның барлық өмір сүру салалары мен қызметіне біртіндеп енгізілуде, сол арқылы еңбек өнімділігінің тиімділігі артып, адамдардың қолайлы өмір сүру жағдайы жақсаруда. Осындай жабдықтарды енгізу жөнінде жоспарлы жұмыс «Жетісу Су құбыры» ҚМКК-да да жүргізілуде. Осылайша, кәсіпорындағы соңғы жаңашылдық – кәрізді тазарту құрылыстарында кешенді автоматтандыру мен диспетчерлендіру жүйесін орнату болып табылады. Аталған кәсіпорынның тазарту құрылыстарының басшысы Квон Алла Александровна атап өткендей, кешенді автоматтандыру жүйесі келесіні жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

- біріншіден, аэротенктердің оңтайлы оттекті режимін ұстап тұруға мүмкіндік береді, бұл оттегімен жабдықтайтын ауа үрлегіштерде қозғалтқыштардың жұмысын басқаратын жиілікті түрлендіргіші бар оттектің люминесценттік датчиктерінің жұмысына қарай жүзеге асырылады. Осындай жаңашылдықты енгізуге байланысты бүгінгі таңда электр энергиясы 30 % дейін үнемделді;

- екіншіден, тазарту құрылыстарының кіре берісі мен шыға берісінде ағынды суды өлшенген заттар, аммонийлік азот, нитраттар, фосфаттар, температура, аэротенктерде РН деңгейі- оттек мөлшері мен тұнба мөлшері сияқты көрсеткіштер бойынша автоматты химиялық бақылау жүргізуге:

- үшіншіден, құмұстағыштарда, бастапқы және екінші тұндырғыштарда шөгінді деңгейін көзбен бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

Тазарту, шөгінді деңгейі, сорғылар жұмысы, төгілетін ағындар мөлшері туралы барлық ақпарат қалыпты уақыт режиімінде диспетчерлікте орнатылған оператордың мониторына келіп түседі. Егер бұрын ағынды су сынамасы тәулігіне бір рет алынып, талдау жүргізу үрдісі көп еңбекті қажет ететін болса, бүгінгі таңда барлық қажетті ақпарат әрбір жарты сағат сайын келіп түседі. Өткен күндерге арналған мәліметтер автоматты режимде сақталады және қажет болған жағдайда оларды қайта көруге болады. Бұның барлығы, тазарту үрдісін басқару жөнінде жедел шешім қабылдауға, құрылыстардың жұмысын талдауға және оны оңтайландыруға мүмкіндік береді.



Бір сөзбен айтқанда, кәрізді тазарту құрылыстарын автоматтандыру мен диспетчерлендіру оңтайлы тазарту технологиясын қолдауға және құрылыстардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету міндеттерін шешуге арналған. Кәсіпорынның аталған учаскесіндегі барлық жұмыстарды «Сименс Қазақстан» компаниясы жүргізді, құрал-жабдықтары Германияда өндірілген. Мұндай автоматтандыру Қазақстанда және ТМД елдерінде шағын қуатты құрылыстарда алғаш болып енгізіліп отырғанын атап өткен жөн. Бізде бұл, Талдықорған қаласының әкімі Ермек Амантайұлының қолдауымен республикалық бюджеттен қаржыландыру арқылы жүзеге асырылды. Болашақта кәсіпорын ластауыштардың барлық көрсеткіштері бойынша кешенді автоматтандыру мен диспетчерлендіруді, автоматты химиялық бақылауды жүргізуді жоспарлап отыр.



Сондай-ақ ауыз судың сапасын бақылау жөніндегі зертхананың мамандары «Ауыз суда, жер беті суы мен ағынды суда аниондар, катиондар, ауыр металдар, мұнайөнімдері тобын және өзге көрсеткіштерді анықтау үшін Люмэкс компаниясы тобы өндірген құралдар «Флюорат», «Капель» капиллярлық электрофорез жүйесі, «МГА-915 МД» құралдарын «экологиялық бақылауда» пайдалану тәжірибесі» ғылыми-практикалық семинарға қатысты, аталған семинар 2014 жылғы 23 қазанда Астана қаласында «Астана Су Арнасы» МКК сорғы-сүзгі станциясының базасында өтті.
Каталог: docs -> objav
docs -> Әож 373. 016;821. 512. 122 Қолжазба құқығында
docs -> «Азаматтарға арналған үкіметте» бірыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгізілді «Азаматтарға арналған үкімет»
docs -> Қазақстан республикасы қызылорда облысының Әкімдігі
objav -> Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде сағат 11-00-де
objav -> Құдыққа (септик) немесе локальды тазарту құрылыстарына ағызылатын және кейін қалаға шығарылып кәріз жүйесіне төгілетін тұрғындардың сарқынды су қалдықтары туралы
objav -> Т алдықорғандықтар қандай суды ішеді?


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет