ӘОЖ 627.843:532533
СУАҒАРЛЫ БӨГЕТТІҢ ТӨМЕНГІ БЬЕФІНДЕГІ АҒЫННЫҢ АРТЫҚ КИНЕТИКАЛЫҚ ЭНЕРГИЯСЫН БӘСЕҢДЕТУІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУ
Райымбаев Н., Кожамкулова Г.Е.
Гидротехникалық құрылымдардың апатсыз қалыпты жұмыс істеуі үшін, бьефтердің жалғануының қолайлы режимін қамтамасыз ететін және қауіпті жергілікті шайылуларды болдырмайтын, төменгі бьефтің жақсы жобаланған және орындалған құрылғыларының болуы өте маңызды. Бұл құрылғылар оларға ағын әсер еткенде орнықты әрі берік болуы қажет және тасындылар, мұз және де басқа факторлардың әсерінен рұқсат етілмеген қирауға ұрынбауы керек. Өз құрамында суағарлы бөгет кіретін су тораптарын жобалаудың маңызды кезеңдерінің бірі – төменгі бьефте ағын энергиясын тиімді сөндіретін тұрғыдағы бөгет алынып, төменгі бьефтің берілген жағдайлар үшін ең тиімді конструкциясын таңдау және оның есебі болып табылады.
Су тастау құрылымдарының төменгі бьефінде ғылыми негізделген құрылғыларды жасау, лабораториялық зерттеулерді жүргізу кезінде бьефтерді жалғастыру бойынша мейлінше тиімді шешім алады және оның үлкен тәжірибелік маңызы бар. Төменгі бьефте ағынның энергиясын сөндіру бойынша құрылғылар кешенін құру, кейде ауқымды күрделі қаржыларды қажет етеді. Сондықтан, бөгеттің құрылысын жүргізу кезінде, төменгі бьефтің құрылғыларын жобалауға ерекше көңіл аударуға тура келеді. Мұндай бөгеттердегі өзен арнасымен су тастау ағынын түйістіру, артық кинетикалық энергияны қарқынды сөндіруді қажет етеді.
Су тастау құрылымдары үшін экономикалық конструктивтік шешім табуға ұмтылу – су ағызу майданының ұзындығын қысқартуға және үлестік өтімдерін көтеруге алып келеді. Үлестік өтімдерді көтерудің қазіргі кездегі тенденциясы төмен арынды құрылымдардың су тастағыштарының төменгі бьефіндегі бекітпе конструкцияларының өзгеруіне әсер етеді. Сондықтан бьефтерді жалғастыру учаскелерінде және ағынның табиғи күйге өтуі кезінде қолайлы гидравликалық жағдайлар жасау туралы мәселені шешу, гидротехникалық құрылымдарды жобалау кезінде маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
«Су ресурстары» кафедрасының «Гидротехникалық құрылымдардың төменгі бьефінде су тастау ағынының энергиясын сөндіру үшін жоғары тиімді конструкцияларды жасау» тақырыбындағы ғылыми-ізденіс жұмысымен бірлесіп орындалды.
Суағарлы бөгеттердің төменгі бьефінде ағынның артық кинетикалық энергиясын сөндіру тәсілдерін зерттеу жағдайына шолу, қысқартылған суұрма құдықтағы ағын сипаттамасын зерттеу және бьефтерді жалғастыру нобайлары жұмысын талдау келесі негізгі қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:
1. Суағарлы бөгеттердің төменгі бьефінде тасталатын ағын энергиясын сөндіру тәсілдері көбіне негізгі тежеу құрылымының конструкциясын және оның эксплуатациялық сипаттамаларын анықтайды.
2. Белгілі әдебиеттер материалын талдау, ең тиімді конструкция суұрма құдық екенін көрсетіп отыр. Суұрма құдық төмен және орта арынды су тораптарында табысты қолданылып келеді.
3. Тасталатын ағынның энергиясын тиімді және сенімді сөндіруге, суағарлы бөгеттер үшін – соңғы жағында су жиегіне 350 бұрышпен орналасқан тұмсықты-трамплині бар суұрма құдықтан тұратын ағын энергиясын бәсеңдеткіштің жаңа конструкциясын пайдалану ұсынылады. Жаңа конструкциялы арын бәсеңдеткіштің гидравликалық сипаттамаларын тәжірибелік зерттеу мынаны көрсетті, оны бұрынғы конструкциялар орнына қолдану суұрма құдықтың ұзындығын 20%-ға қысқартады.
Жаңа энергия бәсеңдеткішті қолдану төмен және орта арынды су тораптарының суағарлы бөгеттерінің суұрма құдықтарының эксплуатациялық сипаттамларын жақсартуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |