Суару танаптарынан шықҚан ақаба суларды тазалаудың жаңа тәсілі



Дата23.04.2019
өлшемі50.5 Kb.
#112795

УДК 532.5:626.83
СУАРУ ТАНАПТАРЫНАН ШЫҚҚАН АҚАБА СУЛАРДЫ ТАЗАЛАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ
Даулетбаев Б. Ө., Жоламанов Н.Ж., Байжигитова М.Т.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Су қоймаларын және су арналарын қорғау бойынша шаралар кешенінде, мал азықтарын дайындау алқаптарының өнімділігін көтеруде, егістік танаптарын, шабындықтар мен жайылымдарды суару үшін, коллектор-кәріз жүйелерінің ақаба суларын пайдаланудың маңызы күннен-күнге артып отыр.

Ақаба суларды пайдаланатын суландыру жүйесі, басқа құрылымдардан ақаба сулар өтімін реттейтін, жинайтын және дайындау құрылымдары болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жерлерін тыңайтып суару кезінде ирригациялық жабдықтарды пайдалануды ұлғайтуға мүмкіндік беретін, ақаба суларды пайдалануға дайындауда, жоғары тиімді жинақы құрылымдарды жасау мен зерттеулер ғылыми ізденіс бағыты болып табылады.

Мұндай мәселелерді шешуде, арынды гидроциклондар, үлкен қызығушылық танытады. Одан бөлек, отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, коллектор-кәріз суларын тазалау технологиясымен байланысты, гидроциклондарды қолдану болашағы ерекше болып отыр. Бірақ, гидроциклонмен тазалау мәселесіне бағытталған жұмыстардың көпшілігі, өңделетін ортадан тығыздығының мәні әлдеқайда үлкен қоспалардан тұратын екі компонентті сұйықты бөлу облысына жатады. Мұндай аппараттардың жұмысының жоғары тиімділігі байқалады. Үшкомпонентті сұйықтарды бөлу кезінде, лас заттардың 50%-н астамы, негізінен жүзбе тасындылар, аппараттан тазартылған сумен шығып кетеді.

Ақаба сулардағы қоспалардың бөліну процесін қарқындату үшін мақсатталған, сүзгілі элементтерімен гидроциклондар конструкциясы белгілі. Бірақ, мұндай аппараттардың сүзгілеу элементтерінің жұмысы арынды режимде қарастырылады, бұл гидроциклонның ағызу қондырмасынан сұйық өте үлкен жылдамдықпен шыққанда, бірқатар қиыншылықтарға алып келуі мүмкін.

Арынды гидроциклондарда, әртүрлі тығыздықтағы қоспалармен ластанған, ақаба сулардың бөліну ерекшеліктерінің жеткіліксіз зерттелуі, осы мақсатта қолданылатын аппараттар конструкцияларыныың жетілдірілмеуі, олардың тиімсіздігі және гидроциклонның жоғарғы қабатына лас заттарды шығаруда кері тиімділікке алып келетін пайдалану сенімсіздігі, жүзбе заттарды бөлу үшін қосалқы құрылымдардың технологиялық желілерін қосу қажеттігі немесе көп сатылы қондырғыларды қолдану, технологиялық желілерді пайдалануды қиындатады, көп энергия қажет етеді, бұл соңғы нәтижеде, коллектор-кәріз жүйелерінің ақаба суларын тазалау саласында гидроциклондарды кеңінен пайдалануды тоқтатады, ал кейбір жағдайларда, тазалау технологиясын толығымен алмастыруға алып келеді.

Жоғарыдағы кемшіліктерді ескере отырып, гидроциклондық камерада, әртүрлі тұзды қоспалар мөлшері өте көп, коллектор-кәріз суларын тазалау міндеті қойылды. Ол үшін, гидроциклонда бір мезгілде коллектор-кәріз суларын гидроциклондау және сүзгілеу процестері іске асырылады. Коллектор-кәріз суларын тазалауға арналған фильтроциклон [3], гидроциклонды камерадан, кіру және ағызу қондырғыларынан, алынып-салынып қақпақтан, сүзгі мен тығынмен жабылған құм шығару қондырмасынан тұрады. Фильтроциклонның жоғарғы қақпағы, суға көмір сорбентін қосу үшін, алынып-салынатын етіп орындалған (сурет 1).



Суару танаптарынан шыққан ақаба суларды тазалаудың жаңа тәсілі былай іске асады. Коллектор-кәріз жуйелерінен шыққан, құрамында тұзды ұсақ бөлшектері өте көп ақаба су, гидроциклонды камераға 1 кіру қондырмасы 2 арқылы енеді. Құрамында тұзы бар майда түйіршіктер сүзгімен 5 тұтылады, бұл үшін тазалауды бастау алдында алынып-салынатын қақпақ 4 арқылы, суға көмір сорбенті қосылады. Көмір сорбенті құрамында тұзы көп, ақаба суларды залалсыздандырады. Көмір сорбентінің мөлшері коллектор-кәріз суларының химиялық құрамымен анықталады. Тек тұзды құрамда түйіршіктер ғана тазаланатындықтан, гидроциклонның құм шығару қондырмасы 6 тығынмен жабылған, бұл су, ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға жарамды болатын тиімді күйге жеткенге дейін сүзгіленуі үшін жасалады. Тазаланған су ағызу қондырмасы 3 арқылы сыртқа шығарылады. Әрбір тазалау топтамасынан кейін,филтроциклонның алынып-салынатын қақпағын ашады және сүзгіні алып, тазалайды да, орнына қайта салады.

Сурет 1.
Суару танаптарынан шыққан ақаба суды тұзды қоспалардан тазаланған соң, су тастау құрылғыларынан, табиғи ара немесе жасанды каналға ағызады. Бұл біріншіден суды үнемдесе, екіншіден табиғи қоршаған ортаға тиетін зияндылықтарды төмендетуге ықпао етеді.
Әдебиеттер


  1. Предпат. 21102 РК. В04С5/22. 2006.01. Фильтроциклон/ А.Абдураманов, С.К. Жолдасов, Н.Ж. Жоламанов.

  2. АС 887000 СССР. МКИ 3В04С 5/12. Гидроциклон для очистки сточной воды / А.А.Абдураманов, Е.М.Жангужинов. Бюл. № 45.-1981.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2014 II
konf 2014 II -> Әож 627. 886 Жалғастыру қҰрылымдарының жаңа конструкциялары
konf 2014 II -> Жұрымбаева Р., Қожамқулова Г. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 II -> Исследование влияния технологических факторов на прочность склеивания клеевых соединений
konf 2014 II -> Д., Шилібеков С.Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 II -> Қазақстанның экологиялық ЖҮйесінің климаттың Өзгеруіне байланысты табиғи географиялық ареалының Өзгеру мүмкіншілігін бағалау рсалиева А. М., Асатова Е. С.,Асқанбек А. А
konf 2014 II -> Жаратылыстану ғылымдары Естественные науки
konf 2014 II -> С., Бақбергенова Н. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз,қ
konf 2014 II -> ӘОЖ: 627 03: 628. 06 Көкөніс консерві зауыттарыныҢ ақаба суларындағы қалқымалы заттарды торлармен тазалаудың тиімділігі
konf 2014 II -> Зерттелетін өҢірдің климаттық ерекшеліктеріне байланысты қазақстанның ОҢТҮстік су ресурстары қорларына болжам жасау мейрбекова А. С., Омарова Ғ. Е.,Тұрсын Б


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет