Сумен жабдықтау және су бұру



жүктеу 31.32 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі31.32 Kb.


Сумен жабдықтау және су бұру
Көкпекті ауданының аумағында 01.10.2017 жылы тұрғындарының жалпы саны 29 121 адам бар 56 елді-мекен орналасқан. . Аудан халқын орталықтандырылған қауіпсз ауыз сумен қамтамассыз ету үлесі – 49,6 % (14 450 адам), орталықтандырылмаған – 50,4% (14 671 адам). Ауданның 56 елді мекенінің 12 елді мекені орталықтандырылған және локалды су желісін пайдаланады (21,4%). 23 елді мекенде халық саны 200 адамнан кем болғандықтан су желісін салу ұтымды емес, сонымен қатар ауданның 4 ауылында 50 ден аз адам тұрғандықтан Көкпекті ауданының маслихат отырысына ауданның әкімшілік- территориалды құрылымына аталған елді мекендердің мәліметтеріне өзгеріс еңгізуге ұсыныс жасалуда.

Ауданның коммуналдық кәсіпорындары үшін 2017 жылға сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін халықтың біршама жұмыстар атқарылды бойынша профилактикалық жөндеу водопроводых және кәріз жүйелерін орнату, су ағатын колонкалардың айналасын және жою бөліктерді су құбыры және кәріз желілері. 2017 жылы Көкпекті және Самар КМК жойылған 35 су құбырлары желілеріндегі авариялар мен құрылыстар. 2017 жылы жұмыс істеуіне су құбыры және кәріз желілерін Самар және Көкпекті коммуналдық мемлекеттік қаржы бөлініп, 40 000,0 мың теңге.

2017 жылы ауданның коммуналды кәсіпорындарымен халықты сапалы сумен қамтамассыз ету мақсатында су желісі құбырлары мен кәріз жүйесіне профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, су колонкалары мен су желісіндегі және кәріз желісіндегі ақаулықтарды жою жұмыстары жасалды. Көкпекті және Самар КММ тарапынан 2017 жылы аудан көлемінде су және кәріз жүйесінде 35 апат алдын алдынды. Аталған КММ-ге функцианалды қызметтерін атқару үшін аудан бюджетінен 40 000,0 мың теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта ауданның 11 елді мекенінде (Үлгілімалшы, Преображенка, Көкжайық, Белое, Көкжыра, Үлкенбөкен, Миролюбовка, Мариногорка, Құлынжон, Көкжота және Ажа) пайдалануға жарарлық су асты қоры бекітілген. Сондықтан аталған елді мекендерге су желісін салу үшін ЖСҚ даярлау жоспарлануда.

2017 жылдың 6 қазанында аудандық маслихат шешімімен Белое, Көкжайық, Құлынжон ауылдарында су желісі құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 51 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта ЖСҚ дайындауға конкурс жарияланып, «ШҚО тұрғын үй-пайдалану басқармасы» ЖШС шарт жасалынды. Қазіргі таңда ЖСҚ дайындалуда, жобалық аяқтау кезеңі 2018 жылдың наурыз-сәуір айы.

2018 жылдың бюджетіне 2 ауылда (Үлкенбөкен және Преображенка) су құбыры желілерінің құрылысы және Тассай ауылына кәріз желілерін салуға жобалық - сметалық құжаттама әзірлеуіне жалпы сомасы 60,0 млн. теңгеге. «ШҚО Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-не бюджеттік өтінім жіберілді. Сондай-ақ, аудандық бюджет қаражаты есебінен

3 ауылда (Ажа, Көкжота, Көкжыра) локалды су құбырларын салуына құны 12,0 млн.теңге құрайтын жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлеуге жоспарланып отыр.

2017 жылғы 6 қазанда облыстық мәслихат сессиясында 4 жобаны қоса қаржыландыруға ақшалай қаражат мөлшері - 4 млн. теңге бөлінген:

Оның ішінде: 3718,4 мың теңге - ҚМЖ, 224,0 мың теңге - техникалық қадағалау қызметтеріне және 57,6 мың. теңге авторлық қадағалау қызметіне (Семстройпроект-Көкпекті, ГорГрадпроект-Теректі, Бастаушы, Самар).

- «ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы су құбыры желілерін қайта жаңарту». Жалпы сметалық құны - 1 008,823 млн. тнг. Мердігер "Union Constructiion Group" ЖШС;

- «ШҚО Көкпекті ауданы Самар ауылы су құбыры желілерін қайта жаңарту». Жалпы сметалық құны - 1 928,312 млн. тнг Мердігер "НКО" ЖШС;

- «ШҚО Көкпекті ауданы Бастаушы ауылында су құбыры желілерінің құрылысы». Жалпы сметалық құны - 353, 452млн.тнг. Мердігер ЖШС "Жарма Құрылыс-Газ";

- «ШҚО Көкпекті ауданы Теректі ауылында су құбыры желілерінің құрылысы». Жалпы сметалық құны - 307,785 млн. тнг. Мердігер "Жарма Құрылыс-Газ".

4 жобаның жалпы құны - 3 598, 372 млн. теңге құрайды.



Жалпы, жоспарланған Бастаушы және Теректі ауылдарында су құбыры желілерін құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ 3 ауылда (Ажа, Көкжота, Көкжыра) локалдық су құбырларын салу бойынша жобаларды жүзеге асыруы осы ауылдардың халқын ауыз сумен қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сапасын арттыруға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ауданның елді мекендерін таза ауыз сумен үздіксіз, кепілді қанағаттандыру қажеттіліктерін қамтамасыз етілу деңгейі 5 АЕМ өседі (8,9 %) және шамамен 17 АЕМ-де құрайды (30,4%) және таза ауыз сумен қамтамасыз етілген халық санының 4 080 адам ұлғайтады (14,0%) және 18 530 адам өседі. (63,6%).
Электрмен жабдықтау
Ауданды энергиямен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы Қайыңды ауылында электр желілеріне (ВЛ-0,4 Кв – 1,25 км, ВЛ-10 Кв – 5,7 км) жалпы сомасы 4 468,8 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және Тассай – Жаңа база учаскесінің электр желілеріне (ВЛ-10 Кв – 6,67 км) жалпы сомасы 2 000,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет