Түркістан облысында білім бөлімінің есепшілері мемлекетке миллиардтан астам шығын келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Мақтаарал, Бәйдібек және Келес ауданы білім бөлімдерінің есепшілері мұғалімдерге түсуі тиіс қаржыны жылдар бойы өз таныстарына аударып отырған.

Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері мен прокурорлар аталмыш білім бөлімдерінің есепшілерінің соңғы үш жылда мұғалімдердің карталық есепшоты мен жеке сәйкестендіру нөмірлерінің орнына өз таныстарының шоттарын жазып отырғанын анықтады. Сәйкесінше, ұстаздарға түсуі тиіс аударым есепшілердің туыстары мен әйелдеріне аударылған. Тергеу мәліметінше Мақтарал білім бөлімі 1 миллиард 200 миллион теңге, Бәйдібек ауданы 600 миллион, ал Келес ауданы есепшілері мемлекетке 400 миллион теңге шығын келтірген. Қазір үш аудандағы білім бөлімдерінің қызметкерлері ұсталып, тергеліп жатыр.

“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында іс бойынша тінту жүргізіліп, жылжитын және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды. Қазір іс бойынша жауапкерлер 120 миллион теңге көлемінде келтірілген шығынды өз еркімен өтеп берді”, – деді қаржы мониторингі агенттігінің ресми Әлібек Әбділов.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.