Mudarabah Capital ЖШС басшысы Руслан Буркановтың анасы қарттар үйіне түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram/ruslan_burkanov

Мұндай ақпаратты Алматыдағы аппеляциялық алқа отырысында Буркановтың адвокаты Анар Катебаева мәлім етті. 

"Руслан Бурканов – анасының жалғыз ұлы. Қазіргі уақытта анасы мемлекет қамқорлығында, яғни қарттар үйінде тұрады. Себебі зардап шеккендердің шығынын өтеу үшін қорғаушым пәтерін сатуға мәжбүр болды”, — деді адвокат. 

Руслан Бурканов — Mudarabah Capital компаниясының бас директоры. Ол 2021 жылы қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша тұтқындалды.

Mudarabah Capital директоры Руслан Бурканов салымшылар мен компания арасындағы делдал болды. Руслан Astex-ке 160 адамды әкелгенін айтады. Ол өзі де компанияға үлкен ақша салды.

Бұған дейін осы іске қатысы бар вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сот қаулысымен бес жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы дерлік Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды. “217"- бап қаржы пирамидасын құру және басқару және “262" бап ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару". Вайнерлер тек 217-бап бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен күдіктілерге бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдері тағайындалды.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.