Шахтинск тұрғындары ЖЭО директорын қызметінен алып тастауды талап етті. Себебі ақпан айының өзінде жылу электр орталығында екі рет ақау болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Шахтинск тұрғыны Олеся Авдошкина отбасымен аязды күні жылуы жоқ үйде өмір сүруге мәжбүр. 

"Тіпті біздің терезелеріміз де қатып қалған. Олар резеңкелерден дейді. Резеңкелерді де ауыстырдық, құбырларды жудық, жертөледе бәрін жасап, ақшасын төледік. Бірақ пайда жоқ”, – деді Шахтинск қаласының тұрғыны Олеся Авдошкина.

Қаңтар айына дейін жылу қалыпты берілген, бірақ бір жарым айдан бері тұрғындар жылытқыштармен отыр. Сол үшін жылудан бөлек, электр энергиясы үшін екі есе ақы төлейді. Оның үстіне биыл жылу тарифі екі есе көтерілді.

“Аяз басталмай тұрып, 5 және 15 ақпанда да ЖЭО жұмысы толықтай тоқтап, пәтеріміздің бәрі қатып қалды. Батареялар мүлдем суық болды”, – деді тұрғын Татьяна Лопатина.

Елімізде жылуға қатысты ірі апаттардың алғашқысы осы Шахтинск қаласында болған еді. 2005 жылы жылу электр орталығы жұмысын тоқтатып, кеншілер қалашығы толығымен жылусыз қалды. Салдарынан тұрғындар үйдегі кішкентай пештерін қолданған еді. 30 жылдан бері қуат жетпегендіктен ЖЭО ыстық сумен қамти алмайды. 

Қазірдің өзінде орталық басшылығы ешқандай апаттың болмағанын алға тартып отыр.

"Бізде ешқандай апат болған жоқ. Станциялар қалыпты жұмыс істеп тұр. Үйлер жылыту маусымына дайын емес. Менің білетінім, жертөледе жылу желілері, лифт қондырғылары дайын емес, шайбылар тесік, айналма жолдар жартылай ашық болған, клапандары ұстамайды”, – деді "Шахтинсктеплоэнерго" ЖШС директоры  Мұрат Әлімов. 

Белсенділер жылу электр орталығы басшылығын жұмыстан шығаруды талап етуде. Әкімдік шағымданушылар саны аз дейді. Дегенмен бастамашыл топ әкіммен тағы кездесуге ниетті.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.