Түркиялық Бешикташ футбол клубы 21 жастағы шабуылшы Әмірхан Делибашпен келісімшартты бұзды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: championat.com

Бешикташ командасының баспасөз қызметі 19 ақпан күні Twitter-де жазба жариялап, түрік футболшысының командадан шыққан ресми мәлімдеді. 

Аяқ доп шебері Әмірхан Делибаштың танысу сайтында аккаутын көрген жанкүйерлері оның бұл әрекетін қызу талқыға салған. Жанкүйерлер ойыншының футбол туралы ойлаудың орнына, қыздарды іздеумен айналысқанына көңілі толмады.

  • Лионель Месси жанжал туғызып, Гонконг үкіметінің көңілін қалдырды
  • Қазақстандық төрешілерді балағаттаған: Елшілік ресейлік бапкердің әрекетіне қатысты пікір білдірді

Алайда футболшы бұл наразылықтан кейін клубынан кетті. Бұған қоса ол верификациясы бар ресми белгісіне қарамастан, жарияланған жазба оған тиесілі емес екенін айтып сендірді. Бешикташ мұндай қадамға тек жанкүйер наразылығына байланысты туындамағанын, сонымен қатар оның 24-тегі жалған жасын жасырғанын атап өтті.

Айта кетейік, 21 жастағы Әмірхан Делибаш клуб академиясының тәрбиеленушісі, ал 2022/2023 маусымын Газиатепспорда өткізді. Делибаш 10 жыл ішінде Бешикташ құрылымында екі жекпе-жекте 14 минут қана ойнады.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.