Т. М. Блисов Экологиялық кадастр



Дата08.10.2017
өлшемі315.94 Kb.
#3030
түріНұсқаулар


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экология кафедрасы

Т.М. Блисов



Экологиялық кадастр
Оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын (дүрмектік) орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар

5В060800– Экология мамандықтарына арналған

Қостанай, 2014


ББК 40.3

Б 69



Автор:

Блисов Тілеубай Матайұлы, экология кафедрасының доценті, а.ш.-ғ.к.


Пікір білдірушілер:

Ахмет А.З., агрономия кафедрасының профессоры, а.ш.-ғ.к.

Жокушева З. Г., экология кафедрасының аға оқытушысы
Блисов Т.М.

Б 69 Экологиялық кадастр: Әдіістемелік ңұсқаулар - Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2014. – 21б.


Әдістемелік нұсқауларда оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын орындау орындау реті, бақылау сұрақтар және ұсынылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

5В060800 - Экология мамандықтар бағытында оқитын студенттеріне арналған



ББК 40.3


Аграрлы-биологиялық факультетінің әдістемелік кеңесімен, ___ ___2014 ж. мақұлданған № хаттамасы

Қостанай мемлекеттік университеті, 2014

Мазмұны

1 Тақырып Экологиялық кадастрдың негізгі мақсаты

мен міндеттері........................................................................................................4

1. 1 Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігі – қоршаған

ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың өзекті проблемасы........4

1. 2 Табиғатты пайдалану және биосфераның антропогендік

өзгеруі.....................................................................................................................6

1. 3 Экологиялық кадастрдың негізгі мақсаты мен міндеттері

және де басқа да пәндермен байланысы............................................................8

2 Тақырып Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты

тиімді пайдаланудың негізгі принциптері..........................................................9

2. 1 Қоршаған ортаны қорғау және оның принциптері.......................10

2. 2 Экологиялық дағдарыс және олардан шығу жолдары.................12

2. 3 Қоршаған табиғи ортаны инженерлік қорғау...............................13

3 Тақырып Қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғатты

тиімді пайдалануды ұйымдастыру және құқықтық негіздері........................14

3. 1 Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік саясат.......................14

3. 2 Табиғатты қорғау заңдары..............................................................16

3. 3 Экологиялық бақылауды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету..17

3. 4 Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді

пайдалану саласындағы басқару, бақылау және қадағалау

органдары және олардың функциялары..........................................................18

Ұсынылған әдебиеттер тізімі..................................................................21

1 Тақырып Экологиялық кадастрдың негізгі мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігін қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың өзекті проблемасы ретінде қарастыру және экологиялық кадастрдың мақсаты мен міндеттерін оқып білу.

Дәріс сұрақтары:

1. 1 Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігі - қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың өзекті проблемасы

1. 2 Табиғатты пайдалану және биосфераның антропогендік өзгеруі

1. 3 Экологиялық кадастрдың негізгі мақсаты мен міндеттері және де басқа да пәндермен байланысы



1. 1 Адам табиғат ортасында тіршілік етті, оны пайдаланды және онымен әрекеттесуде болды. Осы өзара әрекеттің түрі және тәсілі немесе жолы соңынан адамзаттың ең негізгі проблемасы болды. Адамзат өзінің даму сатысында бұл проблеманы әртүрлі жолмен шешіп отырды. Алғашқы қауымдық қоғамда адамның табиғат жайындағы білімі шамалы, қоғамның өндіріс күштерімен аз қамтамасыз етілген болды. Сонымен қатар адам экологиялық білімі шектелгендіктен табиғат күшіне тәуелді болды.

Осыған орай адамның табиғатпен қарым-қатынасында мінез-құлығында ғылыми емес, қиялды принциптер қалыптаса бастады. Бұл кезеңде табиғаттың апатты күштерін мейірімді қылу үшін құрбандық шалу әдеттері қалыптасты, адам өзін әртүрлі жануарлармен өсімдіктер түрлерімен теңестіріп оларға табиғаттан тыс қасиеттерге ие болдырады. Мысалы, жануарлардың мекен ету орнын, кәрі ағаштар тобын қасиетті деп тұтқан және қорғаған.

Адам іс-әрекетінің табиғатқа деген әсері туралы алғашқы зерттеулер бұдан үшжүз жыл бұрын пайда болған. Мысалы, Жан Жак Руссо (1712-1778) адамның іс-әрекеті көптеген жағдайларда қоршаған ортаға зиян келтіреді деп жазған болатын. Адамның табиғатқа әсері бар және оны ақыл-парасатты пайдалану керек деген пікірлерді Ч. Дарвин, Ж. Ламарк еңбектерінде де байқауға болады, сонымен қатар XVIII ғ., XIX ғ. бірқатар зерттеушілерінің қоғамның табиғатқа немесе оның жекеленген ресурстарына деген әсерлері жайындағы шығармалары орын алды.

Бұл тұрғыдан табиғатты зерттеушілер мен тарихшылардың табиғат пен қоғамның өзара әрекеттестігі жайындағы фактыларын жинақтап, табиғат байлықтарын ақыл-парасатты пайдалану керек деген тұжырымдарын К. Маркс "Ка­питал" және Ф. Энгельс "Табиғат диалектикасы" атты еңбектерінде жұртқа танытқан. К. Маркс пен Ф. Энгельс табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын және олардың өзара әрекеттестігінің заңдылықтарын қисынға келтірген.

Табиғаттың заңына қарамастан оған үстем болып және оңай жеңіске жету адамзатты ылғыйына қайғылы жағдайға әкеліп соғады. Химия, физика, энергетика саласындағы жетістіктерді ескере отырып және оған байланысты табиғатты оңай жеңуді алдын ала ескерту жасай отырып Ф. Энгельс былай деген болатын: "..Дегенмен табиғатты жеңдік деп тым қызығуға болмайды, ол әр жеңісімізге бізден кек алады... ".

Бұл айтылғандарға бірнеше мысалдар келтіруге болады (Боливияда жырқыштарды жою, тың жерлерді шамадан тыс жырту, Арал мәселесі және т.б.).

Профессор Ю.Е. Винокуров былай деп санайды, қазіргі кезде көптеген факторлар адам мен табиғаттың арақатынасын антропогендік экоцид деп сипаттауға болады дейді, немесе Жердегі экологиялық өмірді адамдардың бұзуы.

Адамзаттың міндеті мынада: табиғатты ақыл-парасатты пайдалану, оған деген ықпалдар ғылыми жағынан негізделген және мақсатты болуы керек. Керісінше жағдайда қоғам мен табиғат арасында міндетті түрде қақтығыс, экологиялық апат немесе қазіргі кезде көп айтылатын экологиялық иммунодефи­цит (экологиялық СПИД, табиғатта адамның теріс істеріне қарсы тұру күштері жетіспейді немесе болмайды) болуы ықтимал.

Адамзаттың аса маңызды міндеті – табиғаттың заңдарын танып білу және осыған орай табиғатқа әсер ету. Сонымен қатар мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын көп деңгейде экологияландыру.

Табиғаттың адамға қатысты негізгі функциялары мыналар: экологиялық, экономикалық, эстетикалық, рекреациялық, ғылыми және мәдениеттік.

Экологиялық функциясының мазмұны – табиғатта тепе-теңдік қамтамасыз ету, адамдарға экологиялық оптимум қалыптастыру.

Экономикалық функциясының мазмұны – табиғи ресурстар экономикалық қасиеттер, экономикалық потенциалмен қамтамасыз етілген. Егер экологиялық функция адамға қатысты мәңгі болса, экономикалық функция адам еңбектің алғашқы құралдарын жасағаннан бастап пайда бола бастады.

Табиғат шикі зат және азық-түлік көзі ғана емес, сонымен қатар адамның тіршілік ортасы, еңбек ету, тынығу, шабыт алу, эстетикалық рахат алуы және с.с. орны. Табиғаттың адамға қатысты эстетикалық, рекреациялық, ғылыми және мәдениеттік функциялары экономикалықтан кеш, адам қоғамының жоғарғы даму сатысында пайда болды.

Табиғаттың экономикалық функциясын қолдау үшін және табиғи ресурстардың тауысуын ескерту үшін қазіргі экологиялық құқық, мемлекеттік есепке алу және табиғи ресурстардың кадастры жер, су, ормандарды және басқа да табиғи байлықтарды тиымды пайдалану талаптарын ұсынады. Сонымен қатар олардың ұсыныстары мен талаптары табиғатты химиялық, физикалық және биологиялық ластанудан қорғауға және табиғат өзінің экологиялық функцияларын орындауына оңтайлы жағдайлар қамтамасыз етуіне бағытталған.

Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігі жайында бірнеше концепциялары бар. Олар: натуралистік (табиғатты қоғамнан жоғары ұстайды, табиғатты қозғама), тұтынушылық (адам және қоғам табиғаттан жоғары саналады) .

Басқада концепциялар пайда болады, олар: экономика, халық, ғылыми-техникалық прогресстердің дамуын шектеу (мысалы, Мальтустың теориясы), қоршаған ортаны ғаламдың басқару, адам санасында экологиялық революция (тұтынушылықтан табиғатты саналы тиымды пайдалануға көшу).

Қазіргі ең жаңалы концепция болып қорғау және дамыту концепциясы саналады (БҰҰ-ның Кон­ференциясы - Рио-де-Жанейро, 1992 ж.).

Қазіргі уақытта оны былай деп айтқан дұрыс болады - экологиялық жағынан негізделген тұрақты экономикалық және әлеуметтік даму концепциясы (Йоханнесбург (ОАР) 2002 жыл).



1. 2 Биосфера қазіргі өндіріс пен ауыл шаруашылығы жағынан күштілігі артып отырған теріс ықпалдарды басынан кешіріп отыр. Мысалы тек қана Ресейдің өзінде қазіргі кезде 28 мың. кәсіпорындар, оның ішінде 4 мың. артық утилденбеген химиялық қосылыстарды лақтырып тастайтын 428 металлургиялық, 625 химиялық және мұнайлыхимиялық, 5429 машинажасайтын және т.б., жұмыс істейді. Сонымен қатар Ресей аумағында қауіәптілігі жоғарғы дәрежедегі 1500 артық химиялық және биологиялық объектілер ондаған мың км-ға созылған газ-мұнай өнімдерінің құбырлары орналасқан және жүздеген мың жарылғыш және өртке қауіптілігі бар өнімдер мен улы заттар тасымалданады.

Қазіргі кезде Ресейде шамамен 100 мың. қауіпті өндіріс объектілері бар, оның ішінде шамамен 1500 ядерлік және 3000 химиялық объек­тілердің қауіптілігі жоғарғы дәрежеде.

Кезкелген табиғи және техногендік процестер тау жыныстары, топырақтар, жер үсті және жер асты сулары, атмосфера, биотаның химиялық өзгеруін болдырады немесе олардың геохимиялық өрістерінің өзгеру сипатын қалайды: химиялық элементердің құрамы мен концентрациялары, олардың ара қатысы, олардың арасындағы өзара байланысының сипаты және т. б. Әртүрлі бағыттағы табиғи және техногендік процестермен байланысқан заттар ағынының өзара әрекетестігі мен тасымалдануы соғынан химиялық элементер мен олардың қосылыстарының қоршаған ортаның барлық құрауыштарында таралуымен байқалады.

Ең алғашқы рет адамның табиғи тепе-теңдікке деген геохимиялық ықпалы жайында проблемаға А.Е. Ферсман 1912 ж. «Табиғат» журналында көз-қарасын білдірген болатын. Бұның барлығын (шахтылар маңындағы бос жыныстар таулары, шлактармен толған аңғарлар, атмосфераға көмір қышқылын шығаратын фабрика құбырлары) ол Германия мен Бельгияның өнеркәсіп аудандарында байқаған болатын, соңынан ол биосфераны зерттеу саласында жаңа бағыт – техногенез геохимиясының дамуына себеп болды. Техногенез деп жер қабығы массасын қайта бөлуге әкелетін адамның іс-әрекетінен пайда болатын химиялық және техникалық процестердің жиынтығын айтады. Техногенез бұл өнеркәсіптің қоршаған ортаға деген геохимялық ықпалының нәтижесі.

Дегенмен кезкелген адамзаттың іс-әрекеті әдеттегіше биосфераның ластануы, кедейленуі және тозуымен ілесе жүреді. Қалалардың үздіксіз артуы, ормандар, шөп және топырақ жамылғысының кемуі, қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтардың артуы табиғи объектердің зиянды құрауыштарды сіңіру немесе толық жоюға қабілеті болмауына әкеліп соқты, осының нәтижесінен биосфераның жалпы ластануы арта бастады.

Антропогендік өзгерулер Жердің барлық үстін жаулап алды деуге болады. Осыған орай өсімдік жамылғысының аумағы, құрамы және географиялық орналасуы өзгереді. Мысалы, жыл сайын шамамен 62 мың км2 орман жойыла бастайды және 155,4 мың. км2 бұзылуға шалдығады, ал өткен бірнеше мың жылда орманның шамамен 2/3 жойылды. Осының салдарынан климат өзгерді, жер үстінде ағындар, эрозия арта бастады, сонымен қатар грунттық сулардың деңгейі төмендеді және басқа да негетивті процестер байқала бастады. Климаттық өзгерулерді былай түсіндіруге болады: бұған дейін өсімдік атмосфераның ластаушыларын сүзетін және оның жай-күйін антисептикалық фитонцидтер арқылы жақсартатын болатын. Мысалы, 1 гектардағы қылқан жапырақтылар жылына 32 т артық, емен - 56 т, ал шамшат - 63 т шаңды ұстайды.

Ормандар ауаға оттегінің 1/3 қамтамасыз етеді және көмір қышқылы мен улы газдарды сіңіреді. Олар аэрозольдік қарауытуды 20-40%-ке кемітеді, ультрафиолеттік радиацияны 15-20%-ға арттырады және шығарынды газдардың концентрациясын 5-40%-ға кемітеді. Есептеулер бойынша Жер бетіндегі ормандар атмосферада қанша көміртегі болса сонша көміртегін ұстайды деуге болады. Орманның 1 гектары 10 т оттегін бөледі.

Ормандар атмосфера мен жер қабығының үстіңгі қабатының температурасын реттеуші рөлін атқарады

ҚР ормандар қоры жерлерінің аумағы 25,56 млн. га құрайды, оның ішінде орман басқаны - 11,4 млн. га.

Солтүстік Қазақстанның қарағайлы ормандары мен Ертісбойындағы орманды жалдар өткен жылдардағы қарқынды ағаш кесулер, сонымен қатар үлкен орман өрттерімен таусылған.

ҚР жерлерінің жартысындайы (48,2%) ауыл шаруашылық мақсатында пайдалынады, оның ішінде ең көп бөлігін жайылымдар алады. Ауыл шаруашылық алқаптарының тек 34 %-да теріс қасиеттер байқалмайды.

Адамзат биосфераның көптеген сипаттарын түбегейлі және бақылаусыз өзгертеді, оның ішінде ең бастылары болып ластану және планетада климаттың тасымалдануы саналады. Климатты өзгертетін көптеген антропогендік факторлар қатарында атмосфера мен төсеніш бетінің жай-күйі мен динамикасына әсер ететін екі негізгі топты бөлуге болады: ауа райының көпжылдық режимін қалыптастыратын күн энергиясының кірісі мен шығыны, атмосфералық циркуляция, верти­кальды жылу- және ылғал алмасуы, сонымен қатар «атмосфера – төсеніш беті» жүйесіндегі жылу мен ылғалдың өзара әрекеттестігі.

Антропогендік өзгеріске ең көп ұрынатын тікелей күн радиациясы және Жер бетінің шағылысу қасиеті, осыларға жалпы радиациялық баланста негізіг рөль беріледі. Адамның іс-әрекетінен тікелей күн радиациясы әртүрлі аумақтарда шамамен 1-ден 50%-ға дейін кемиді. Осыған орай олардың жарықтанғандығы нашарлайды және планетаға жылу аз түседі.

Радиацияның жиналуы мен жылу режимінің қалыптасуында ең үлкен рөль альбедоға беріледі, былайша айтқанда әртүрлі беттердің шағылыстыру қабілеті.

Биосфераға кезкелген жаңа физикалық, химиялық және биохимиялық құрауыштарды енгізу ең маңызды мәселе, оны ластану деп атайды. Ластану табиғи және техногенді болуы мүмкін. Сонымен қатар ластаушы элементтерді улылық дәрежесіне қарай қатарға қою керек.

1. 3 Қазіргі әртүрлі материалды өндіріс сферасында қоршаған ортаға антропогендік ықпалдар артқан жағдайларда пәндер аралық сипаты бар экологиялық проблемалар шеңбері кеңінен байқала бастады. Осыған орай табиғатты тиымды пайдаланудың негізгі принциптерін игеретін, әртүрлі өндіріс түрлерінің экологиялық негіздері ерекшеліктерін білетін, адамдардың іс-әрекеті жағдайында қоршаған ортаға деген нұқсандарын бағалай алатын және табиғатқа деген зиянды ықпалдарды төмендетуге немесе жоюға бағытталған шараларды дайындайтын экология мамандарын дайындау қажеттелігі туды деуге болады.

Осыған байланысты профильдік таңдау пәндер қатарына жаңа оқу курсы - «Экологиялық кадастр» қосылды.

Жалпы алғанда кадастрлық жүйе қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиымды пайдаланудың экономикалық механизм құрамына кіреді.

Экономикалық механизмнің жаңа құрылымы бұрыннан жұмыс істейтін нормаларымен қатар (табиғи-ресурстық кадастрлары, материальды-техникалық қамтамасыз етілуі және б.), жаңа экономикалық ынталандырулармен (экологи­ялық қорлар, табиғи ресурстерді пайдаланудың төлемдері, экологиялық сақтандыру және б.) үйлестіреледі. Сонымен қатар шаруашылық шешімдерін бағалау саласында міндетті элементтер ретінде экологиялық талаптар қарастырылады.

Жаңа экономикалық механизмнің маңызды міндеті - өндірістік-коммерциялық іс-әрекеттердің құрамдас бөлігі ретінде қоршаған ортаны қорғауды қарастыру. Былайша айтқанда кәсіпкер өзінің өнімін бәсекелесуге қабілетті болуына қалай тырысса, қоршаған ортаны қорғауға да солай тырысуы тиіс.

Табиғи ресурстарды мемлекеттік есепке алу статистикалық органдар біртұтас жүйеде жүргізіледі. Экономикалық, экологиялық және табиғи ресурстардың басқа да көрсеткіштерін әдеттегіше кадастр түрінде жинақтайды.

Табиғи ресурстар кадастры – белгілі бір табиғи ресурс түрі немесе құбылыстың сандық және сапалық көрсеткіштері, кейбір жағдайларда олардың әлеуметтік-экономикалық бағалау көрсеткіштерінің жүйеленген жиынтығы болып табылады. Қазіргі уақытта әзірше табиғи ресурстардың біртұтас кадастры жоқ, олар жер, су, орман, кен, жануарлар әлемі және басқа да кадастрлар болып ажыратылады.

Экологиялық кадастр қолданбалы экологияға жатады және оның негізгі мақсаты студенттерді табиғи ресурстарды пайдалануды тиімді басқару үшін табиғи ресурстардың кадастрлары және олардың негізі болатын экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану заңдарымен таныстыру.

Экологиялық кадастр жалпы экология, өндірістік экология, геологиялық экология, табиғатты пайдалану экономикасы, табиғатты пайдалану және басқа да ғылымдармен жанасады.

Экологиялық кадастрдың негізгі тараулары:

- табиғи-ресурстар кадастрлары туралы түсінік және жалпы сипаттама;

- табиғи ресурстар кадастрын құрастырудың құқықтық механизмі;

- табиғи ресурстар кадастрлары: жер, су, орман, кен және б.

Бақылау сұрақтары:

1 Адам іс-әрекетінің табиғатқа деген әсері туралы алғашқы зерттеулер қашан пайда болды?

2 К.Маркс пен Ф.Энгельстің қай еңбектерінде табиғат пен қоғамның өзара әрекетестігі жайындағы деректер жинақталған?

3 К.Маркс пен Ф.Энгельс табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастар туралы қандай негізгі заңдарды тұжырымдады?

4 Адамның мұқтаждылықтарын қамтамасыз ету жағдайына қарасты табиғат қандай функцияларды атқарады?

5 Табиғаттың экологиялық функциясының мазмұны.

6 Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігі жайындағы концепциялар.

7 «Техногенез» дегеніміз не және адамның іс-әрекетіне байланысты табиғи тепе-теңдікке деген геохимиялық ықпал проблемасына ең алғашқы көңіл берген кім болып саналады?

8 Адамзаттың кезкелген іс-әрекеті қандай құбылыстармен бірге жүреді және мысал келтіріңіз.

9 Табиғи ресурстар кадастрлары дегеніміз не?

10 Экономикалық механизм құрылымы және оның элементтері.

Әдебиет:

1, с. 62-69; 3, 159-171, 195-313 б.; 4, 104-107 б.; 5, 480 б.; 6, с. 5-14; 8, 3-101 б.; 9, 89-251 б.; 10, 392 б.; 11, с 43-80; 12, 4-13, 130-143 б.; 13, с. 426-437.



2 Тақырып Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі принциптері

Мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі принциптерін оқып білу.

Дәріс сұрақтары:

2. 1 Қоршаған ортаны қорғау және оның принциптері

2. 2 Экологиялық дағдарыс және олардан шығу жолдары

2. 3 Қоршаған табиғи ортаны инженерлік қорғау



2. 1 Табиғатты қорғау концепцияларының қалыптасу тарихында бірнеше жалғаспалы сатыларын бөлуге болады: табиғатты түрлі және қорықты қорғау – ресурс бойынша қорғау – табиғатты қорғау – табиғат ресурстарын тиымды пайдалану – адамның мекендеу ортасын қорғау – қоршаған табиғи ортаны қорғау. Осыған орай табиғатты қорғау қызметі ұғымы кеңейтілді және мазмұны тереңдетілді.

Табиғатты қорғау – атмосфера, өсімдік және жануарлар әлемі, топырақ, су және жер қазбаларын қорғауға бағытталаған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жиынтығы.

Табиғи байлықтарды қарқынды пайдалану табиғатты қорғау қызметінің жаңа түрін қажет етті, ол – табиғат ресурстарын тиымды пайдалану. Бұл түрде табиғатты қорғау талабы табиғат ресурстарын пайдаланудың шаруашылық қызметті іске асыру процесінің өзіне қосылады.

XX ғ. 50-жылдары тағы бір қорғау түрі пайда болады, ол – адамның мекендеу ортасын қорғау. Бұл ұғым мазмұны жағынан табиғатты қорғау ұғымына жақын деуге болады және оның ортасында адам, оның өміріне, денсаулығына және әл-аухатына оңтайлы табиғи жағдайларды сақтау және қалыптастыру қарастырылады.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау – бұл адам мен табиғат арасындағы әрекеттестіктің жаңа түрі, ол қазіргі заманда пайда болған және мемлекеттік, қоғамдық (технологи­ялық, экономикалық, әкімшілік-құқықтық, ағартулық, халықаралық) шаралар жүйесі болып саналады. Ол қазір өмір сүріп жатқан және келешек ұрпақтар үшін қоғам мен табиғат арасындағы әрекеттестіктің үйлесімді дамуына, экологиялық қауымдастықтар мен табиғи ресурстарды сақтауға және жаңғыртуға бағытталған. Ақырғы жылдары «қоршаған табиғи ортаны қорғау» ұғымы жиі қолданылып жүр, ол мағынасы жағынан «биосфераны қорғау» атты ұғымға жақын, онда биосфераның өзара байланысқан бөлімдеріне әсер ететін негативтік антропогендік немесе апаттық жағдайларды жоюға, сонымен қатар оның эволюциялы қалыптасқан және ұйымдастырылған қызметін қолдауға бағытталған.

Қоршаған ортаны қорғау қолданбалы экологияның бір тарауы - табиғатты пайдаланумен тығыз байланысты.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау табиғатты пайдалану – қоғамдық-өндірістік қызметпен тығыз байланысқан, ол табиғи ресурстардың әртүрлерін және табиғи жағдайларды пайдалану арқылы қоғамның материалдық және мәдениеттік қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Н. Ф. Реймерс (1992) бойынша ол мыналардан тұрады: а) табиғи ресурстарды қорғау, жаңарту және жаңғырту, оларды шығару және өңдеу; б) адам өмір сүретін ортанының табиғи жағдайларын пайдалану және қорғау; в) табиғи жүйелердің тепе-теңдігін сақтау, қалпына келтіру және тиымды өзгерту; г) адамның жаңғыруы мен адамдар санын реттеу.

Табиғатты пайдалану екі түрлі болады: ұтымды және ұтымсыз. Табиғатты ұтымды пайдалану – табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану немесе кешенді, ғылыми негізде, экологиялық жағынан қауіпсіз, мұның нәтижесінде ресурстар бұзылмайды, табиғи-ресурсты потенциал сарқылмайтындай пайдалынады, мекендеу ортасы, адамның денсаулығы нашарламайды, экожүйенің биологиялық әралуандылығы және экожүйелердің өздігінен реттелуі, қалпына келу қабілеті сақталады. Табиғатты ұтымсыз пайдалану табиғи-ресурстар потенциалын сақтамайды, табиғи орта сапасын нашарлатады, экологиялық тепе-теңдік және экожүйе бұзыла бастайды.

Өндірістің кезкелген саласында табиғатты пайдалану мынандай жалпы принциптер негізінде құрылады:

- жүйелі шешім принципі, осыған орай өндірістің ортаға деген әсерін және оның жауапты немесе қайта реакциясын кешенді жанжақты бағалауды қарастыру (мысалы, өзенге түсетін қалдықтар төгінділерінің балықтарға ғана емес, сонымен қатар сол су объектінің биохимиясына және жалпы ауданның сумен қамтамасыз ету жүйесіне әсерін еске алу);

- табиғатты пайдалануды оңтайландыру принципі, осыған орай табиғи ресурстар мен табиғи жүйелерді пайдалануда экологиялық және экономикалық шешімдер, әртүрлі салалар мен географиялық аймақтардың дамуын болжау негізіндерін қарастыру;

- өнім өсімінің принципі табиғи ресурстардың жаңа массаларын қатыстыру арқылы емес, оларды ресурстыжинақтау және технологиялық процестерді жетілдіру арқылы толық пайдалау негізінде қарастыру;

- табиғи ресурстарды кешенді пайдалану және өндірісті шоғырландыру принципі, осыған орай сол экономикалық ауданда шикізат және энергетикалық ресурстар негізінде аумақтық-өндірістік кешендерді құру, келтірілген ресурстарды толық пайдалану және экожүйеге деген зиянды ауыртпалықтарды азайту.

Қоршаған ортаны қорғау проблемасының қазіргі даму сатысында жаңа ұғым пайда болды, ол «эколо­гиялық қауіпсіздік». Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз табиғи ортаның және адамның түршілігіне маңызды экологиялық мүдделерін шаруашылық және басқа да қызметтердің теріс әсерлері, төтенше жағдайлар мен олардың салдарынан қорғанушылық күйі.

Экологиялық қауіпсіздікті және табиғатты тиымды пайдалануды қамтамасыз ететін барлық шаралардың ғылыми негізі болып теориялық экология саналады, оның негізгі принципі экожүйелердің тұрақтылығын қолдау және экзистенциялық (қызмет ету) потенциалын сақтауға бағытталған. Антропогендік ықпалдар болғанда экожүйелер экзистенцияларының мынандай шектелу шекараларын ескеру керек (Сайко, 1985):

- антропотолеранттық шегі - теріс антропогендік ықпалға деген тұрақтылығы (мысалы, пестицидтердің зиянды әсеріне);

- стохетолеранттық шегі – сұрапыл апаттық жағдайларға деген тұрақтылығы (орман экожүйелеріне дауыл желдердің әсері);

- гомеостаз шегі - өздігінен реттелу қабілеті;

- потенциальды қалпына келу қабілеті.

Экологиялық негізделген ұтымды табиғатты пайдалану осы шектерді максималды арттыруға және табиғатты пайдалану экологиялық теңдестірілген бағытта болуы тиіс, ал ұтымсыз табиғатты пайдалану экологиялық дағдарысқа әкеліп соғады.



2. 2 Экологический дағдарыс дегеніміз адамзат немесе қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың асқыну кезеңі, былайша айтқанда экономика мен экология арасындағы қарама-қайшылықтың шегіне жету жағдайы. Сонымен қатар потенциалдық гомеостазды сақтау мүмкіншілігі немесе антропогендік ықпалдар жағдайларында экожүйелердің өздігінен реттелу қабілеті қатты шайқалған.

Американ ғалымдарының тобы - Д.Х. Медоуз, Д.Л. Медоуз, И. Рэндерс, В. Беренс, сонымен қатар «Рим клубының» өкілдері ЭЕМ көмегімен жүйелі талдау тәсілін қолдана отырып биосфераның әлемдік жүйе ретінде бес негізгі параметрлері: халық, азық-түлік өнімдерін өндіру, өнеркәсіп өндірісі, қоршаған ортаның ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстар арқылы болашақта даму моделін жасады. Авторлар мынандай тұжырымға келді, егер халық саны, экономика, табиғи ресрустардың таусылу жылдамдығы осындай масштабта өсе берсе табиғи ортаның бұзылуына байланысты 2020— 2040 жж. адамзат қырғынға ұшырау табалдырығында тұрады.

Қазіргі экология ғылымы биотаның қоршаған ортаны өзі реттеу және тұрақтандыруға қабілеті барын дәлелдеген. Биота сыртқы ауытқуларға күшті кері байланыстармен әрекет жасай отырып (термодинамикадағы Ла Шателье-Браун принципінің әсеріне ықсас) қоршаған ортаны бұрынғы күйіне қайтарады. Бірақ биотаның бұл әрекетінің мүмкіншілігі белгілі бір шекке дейін байқалады, ал егер биосфераның шаруашылық немесе биосфералық сиымдылығы артқан болса биота өзі ластау көзі болады (В.И. Данилов-Данильян және К.С. Лосев, 2000). Сақталған табиғи бөлік ауытқулардың орнын әрі қарай толтыра береді, бірақ бұндай орнына келтіру қимылдары табиғи ортаны бұрынғы күйіне қайтаруға жеткіліксіз болады.

Сонымен бірге қоршаған табиғи ортаның бұзылуы және оның салдары экологиялық дағдарыстың тек бір жағы, ал екінші жағы қоғамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтын мемлекеттік қоғамдық құрылымның дағдарысы (Петров, 1995).

Ғаламдық экологиялық дағдарыстан шығу қазіргі заманның ең маңызды ғылыми және практикалық проблемасы. Бұл тұрғыдан ең негізгі мәселе табиғи ортаның одан әрі бұзылуына жол бермейтін және тұрақты дамуға шығаратын дағдарысқа қарсы шаралар кешенін дайындау. Экологиялық дағдарысты табиғат пен адамзат арасында үйлесімді даму болғанда және олардың арасындағы қарама-қайшылықтарды жойған жайдайларда жеңіп шығуға болады.

Қоршаған ортаны қорғаудың жалпы принципі (Реймерс, 1994): ғаламдық бастапқы табиғи-ресурстар потенциалы тарихи даму барысында үздіксіз таусылады, оның салдарынан басқа принцип: «экологиялы-экономикалы».

Тағы бір маңызды экологиялық ереже: биосфераның барлық құрауыштарын – атмосфералық ауа, су, топырақты және б. – бір-бірден емес биосфераның біртұтас табиғи жүйелері ретінде тұтас қорғау керек. Тек осындай іс-амал ландшафтар, кендер, жануарлар, өсімдіктерді және т.б. қорғауды қамтамасыз етеді.

2.3 Қоршаған табиғи ортаны ластанудан және антропогендік ықпалдардың басқа да түрлерінен инженерлік қорғаудың негізгі бағыттары - ресурсжинаушы, қалдықсыз және шамалы қалдықты технологияны, биотехнологияны, қалдықтарды пайдалану және қалдықтарды усыздандыру технологиясын енгізу және ең маңыздысы барлық өндірісті экологияландыру. Экологияландыру дегеніміз табиғи ресустарды ең ұтымды пайдалану және табиғи ортаның сапасын бұзбайтын жағдайларды қамтамасыз ететін технологиялық және басқа да шешімдерді енгізу. Қоршаған ортамен барлық әрекеттестіктерді толық есепке алатын және теріс әсерлерді болдырмауға шаралар қолданған технологиялық процес­терді айтады. Табиғи экологиялық жүйе сияқты адаммен басқарылатын өндірістік экологиялық процесте биосфераның заңдарына және оның ішінде заттар айналымы заңына бағыну тиіс.

Барлық өнеркәсіптік және ауыл шаруашылықтық өндірістің дамуының жаңа іс-амалы – шамалы қалдықты және қалдықсыз технологияны жасау. Қалдықсыз технология дегеніміз қайта өңдеу кезіндегі шикізатын және оның қалдықтарын толық пайдалануды қамтамасыз ететін өндіріс тәсілі. Дегенмен «шамалы қалдықты технология» деген ұғым дұрыс болар, себебі толық «қалдықсыз» технология болуы мүмкін емес, үйткені кем дегенде қалдықтар энергия түрінде болады. Сонымен қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің даму деңгейінде қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтарды шамалы мөлшерде шығаратын технологияны шамалы немесе аз қалдықты деп атайды.

Болашақта аз қалдықты технологияны жасауда кешендік шаралардың алғашқы сатысы айналымды, тіпті толық тұйықталған су пайдалану жүйесін енгізу.

Айналымды су жүйесі – бұл өндірісте су қоймаларына өте шектелген төгінділер (3%-ға дейін) болуын және пайдаланған (оларды тазартып және өңдегеннен кейін) суды бірнеше рет пайдалануды қарастыратын техникалық жүйе. при очень ограниченном сбросе в водоемы.

Су пайдаланудың тұйықталған циклі – бұл бір өнеркәсіптік циклде табиғи су қоймаларына ақаба және басқа да суларды төкпей суды бірнеше рет пайдаланудың өнеркәсіптік сумен қамтамасыз ету және суды әкету жүйесі.

Қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың ең ұтымды тәсілі – ресурс жинаушы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны жасау.



Қоршаған табиғи орта сапасы – бұл оның адамдардың қажеттілігіне және технологиялық талаптарына сай болу дәрежесі. Барлық табиғатты қорғау шараларының негізі болып қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалау принципі саналады. Бұл ұғым адамның қоршаған ортаға деген рауалы әсерін анықтау нормативтерін (көрсеткіштерін) білдіреді.

Қоршаған ортаны ластанудан және басқа да антропогендік әсерлерден инженерлік қорғаудың негізгі бағыттары мыналар:

ресурсжинаушы, қалдықсыз және аз қалдықты технологияны енгізу;

биотехнологияны енгізу;

қалдықтарды пайдалану және усыздандыру технологиясын енгізу;

ең маңыздысы – барлық өндірісті экологияландыру.



Бақылау сұрақтары:

1 Табиғатты қорғау концепциясының қалыптасу сатылары.

2 Табиғатты қорғау дегеніміз не?

3 Табиғатты пайдалану түрлері және қалыптары.

4 Табиғатты пайдалану принциптерін атаңыз.

5 «Эколо­гиялық қауіпсіздік» дегеніміз не?

6 «Экологиялық дағдарыс» дегеніміз не және ол қандай жағдайларда пайда болады?

7 Қоршаған табиғи ортаны ластанудан және басқа да антропогендлік әсерлерден инженерлік қорғаудың негізгі бағыттары.

8 Қоршаған ортаның сапасы дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1, с. 84-94; 2, с. 258-271; 3, 329-344 б.; 4, 3-228 б.; 5, 480 б.; 8, 65-101, 165-181 б.; 10, 392 б.



3 Тақырып Қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыру және құқықтық негіздері

Мақсаты: Қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыру және құқықтық негіздерін оқып білу.

Дәріс сұрақтары:

3. 1 Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік саясат

3. 2 Табиғатты қорғау заңдары

3. 3 Экологиялық бақылауды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету

3. 4 Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану саласындағы басқару, бақылау және қадағалау органдары және олардың функциялары

3. 1 Табиғатқа көңіл беру ұқыпты болуы және оны қорғау керегін көне замандағы философтар да айтқан болатын. Мысалы, көне замандағы гректің философ-материалисті Эпикур б. э. дейінгі IV ғ. өзінде былай деген болатын: "Табиғатқа зорлық жасамаңдар, оған бағыну, көну керек...", бұл сөздің маңыздылығы осы күннің өзінде де жойылмаған деуге болады.

Табиғатқа деген көзқарастың басқа да концепциялары болған, онда оған зорлық жасауға құқығы бар деген пікірлер айтылған болатын. Кейбір қазіргі зерттеушілер бұндай іс-амалдың негізін қалаушы Ф. Энгельс деп санайды да оның мына сөзін дәлел етеді: "адам .... оны өзінің мақсатына қызмет етуге мәжбір етеді, зорлық жасайды". Мүмкін бұл тезистің дамуына себеп болған және қоршаған ортаға зорлық жасауды ақтаған 1950 жж. біздің елде көп тараған мичурин-лысенко ұраны «Табиғаттан рақым күтіп керегі жоқ, оны одан алу біздің міндетіміз». Дегенмен табиғатқа зорлық жасау деген ойын Ф. Энгельс былай түсіндіреді: "... басқа да жәндіктерге қарағанда оған деген зорлығымызды біз оның заңдарын білу және дұрыс пайдалану арқылы реттей аламыз". Ф. Энгельстің теориясының үлкен ғылыми құндылығы және гуманизмі осыда бекітілген деуге.

Қазіргі заманда мекен ету ортаны қорғау үшін әр елде табиғатты қорғау заңдары дайындалуда, оларда халықаралық құқық тарауы және мемлекет ішінде табиғат ресурстары мен тіршілік ету ортасын қорғаудың заң негіздерін тұратын табиғатты қорғау құқығы орын алады.

Қоршаған ортаны дамыту бойынша БҰҰ-ның декларациясында (Рио-де-Жанейро қ., маусым 1992 ж.) табиғатты қорғаудың құқықтық іс-амалының екі негізігі принципі заң түрінде бекітілді.

1. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттерге тиімді заңдарды ұсыну керек. Қоршаған ортаны қорғаумен байланысты нормалар, ұсынылатын міндеттер және басымдылықтар олардың жүзеге асырылуында қоршаған ортаны қорғау және оның даму саласындағы нақты жағдайларды көрсетуі тиіс.

2. Мемлекет қоршаған ортаны ластау және басқада экологиялық залал, сонымен қатар одан зардап көргендер үшін жауап беретіндерге қатысты ұлттық заңдар қабылдауы тиіс.

Біздің елдің даму тарихы кезеңдерінде экологиялық басқару, бақылау және қадалау органдары қоршаған табиғи ортаны ұйымдастыру түрлеріне байланысты болды. Табиғи ортаны қорғау табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану сұрақтары арқылы шешілді, ал басқару және бақылау жұмыстарын бірнеше ұйымдармен жүргізілді. Мысалы, 1970—80-ші жж. бұрынғы ССРО-да қоршаған табиғи ортаны қорғау және басқару мәселелерімен 18 әртүрлі министерстволар мен ведомстволар айналысты.

Су және ауа сияқты табиғи ресурстар қатар бірнеше ведомстволардың басқаруында болды. Сонымен бірге әдеттегіше табиғи ортанының жай-күйін бақылау мен оның пайдалану функциясымен қосарланатын. Былайша айтқанда мемлекет тарапынан министерство немесе ведомство өзін-өзі бақылайтын болды, ал табиғатты қорғау қызметін біріктіретін жалпы үйлестіру органы болған жоқ. Өзінен-өзі түсінікті нәрсе, бұндай басқару және бақылау жүйесі табиғатқа қарасты қылмысты істер қалыптастырды, әсіресе табиғи ортаны негізгі ластайтын және бұзатын министерстволар мен ведомстволардың өзінің және оларға бағынышты үлкен кәсіпорындар атынан.

Тарихшылар ең бірінші табиғатты қорғау құқығы XIII ғ пайда болды деп жорамалдайды. Бұл Лондонда тас көмірін жағуға болмайды деген король Эдуардтың жарлығы. Ресейде бұл құқықтың басы болып I Петрдің ормандар, жануарлар әлемі және б. қорғау құқығы жатады. Бұның барлығы табиғи ортаны қорғауға кешендік іс-амал болу керек деген әрекеттер еді. Бұндай әрекеттер 1917 жылы қазан айынан кейін "Жер туралы" (1917 г.), "Орман туралы" (1918 г.), "Жер кендері туралы" (1920 г.) заңдары және Жер (1922 ж.), Орман (1923 ж.) кодекстерінде іске асырылды. Бірақ оларда табиғатты пайдалану принципі "өндірістік мәжбүрлік" қоршаған ортаны қорғаудан басымды болды.

Бұрынғы ССРО-да 1988 ж. бастап табиғатты қорғау ұйымдары қайта құрылды және оның республикаларында мемлекеттік табиғатты қорғау комитеттері құрылды. Олар көптеген ведомстволар құрылымының орнына барлық табиғатты қорғау қызметін үйлестірушілері, табиғатты пайдалануды кешенді басқару орталығы ретінде болуы тиіс еді. Бірақ бұл міндетті ақырына дейін шешу жұмысы орындалмады.

Қазіргі заманда экологиялық міндеттерді шешу арнаулы мемелекеттік органдардың ғана емес, барлық қоғамның іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұндай іс-әрекеттің мақсаты табиғи ресурстарды тиымды пайдалану, ортаның ластануын жою, экологиялық оқыту және еліміздің барлық жұртшылығын тәрбиелеу.

3.2 Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиымды пайдалану күрделі және көп жоспарлы проблема болып саналады. Оны шешу адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастарды реттеумен, оларды белгілі бір заң жүйелеріне, нұсқауларға және ережелерге бағындырумен байланысты. Біздің елде бұндай жүйе заңды түрде анықталған.

Табиғатты заңды түрде қорғау үкіметпен бекітілген заң нормаларының жиынтығы болып саналады. Олар табиғи ортаны сақтау, адамды қоршаған тіршілік ортасын сауықтыру шараларын жүзеге асыруға бағытталған.

Қазақстанның табиғатты құқықтық тұрғыдан қорғау жүйесі заң шараларының төрт тобынан тұрады.

1. Табиғи ресурстарды пайдалану, сақтау және қалпына келтіру қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу.

2. Кадрларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, табиғатты қорғау істерін қаржыландыру және материалды-техникалық базасын қамтамасыз ету.

3. Табиғатты қорғау талаптарының орындалуын мемлекеттік және қоғамдық бақылау.

4. Қықық бұзушыларды заң бойынша жауапқа тарту.

Экологиялық заңдар бойынша құқықтық қорғау объектісі болып, объективті, адамнан тыс және оның санасынан тәуелсіз шындық, оның мекендеу және тіршілік ету құралы болатын - табиғи орта саналады.

Объект, заттар, принциптер және құқықтық қорғау міндеттерінің ортақтылығымен біріктірілген табиғатты қорғау нормалары мен заңды актілер жиынтығы табиғатты қорғау (экологиялық) заңдарын құрайды.

Экологиялық құқық көздері болып экологиялық қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардан тұратын нормативті-құқықтық актілер танылады. Оған мыналар жатады: заңдар, жарлықтар, қаулылар мен бұйрықтар, министерстволар мен ведомстволардың нормативтік актілері жатады. Экологиялық құқық көздері қатарында халықаралық құқық негізідегі халықаралық заң актілері үлкен орын алады.

1991 ж егемендік алған Қазақстан көптеген заңдарды қайта қарады, олардың ішінде ҚР Қоршаған орта қорғау туралы Заңы (1997 ж.), Жер кодексі (2003 ж..), Орман кодексі (2003 ж.), Су кодексі (2003 ж.), ҚР Жануарлар дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану туралы Заңы (2004г.), ҚР Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы (1997г.), ҚР Экологиялық сараптама туралы Заңы (1997г.), ҚР Атмосфералық ауаны қорғау туралы Заңы (2002г.), ҚР Экологиялық кодексі (2007г.) және басқа да экологиялық бағыттағы актілер.

Табиғатты қорғау министрлігі мен ведомствасы өздерінің құзіретіне қарай нормативтік актілер шығаруға құқығы бар.



3.3 Экологиялық бақылау қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиымды пайдаланудың ұйымдастыру-құқықтық механизмінде негізгі буын болып саналады. Экологиялық бақылаудың негізгі міндеттері: қоршаған ортаның жай-күйі мен оның шаруашылық және өзге де қызметтің әсерінен өзгеруін бақылау, экологиялық заңдар талаптарын және қоршаған ортаның сапа нормативтерін, табиғи ресурстарды тиымды пайдалану және қоршаған ортаны сауықтыру шараларының орындалуын тексеру.

Бұл міндеттерді орындау қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне жүктелген. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің мониторингін жүргізу мынадай үш деңгейде жүзеге асырылады: жергілікті (локальный), өңірлік (региональный) және республикалық.

ҚР табиғатты қорғау практикасында келесі экологиялық бақылау түрлері бар: мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық.

Мемлекеттік экологиялық бақылаудың міндеті табиғи ресурстарды тиымды пайдалану мен қоршаған ортаны барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар және азаматтардың ластауынан қорғаудық құқықтық талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.

Экологиялық бақылаудың негізгі ерекшелігі оның мемлекет атынан жүргізілуі.

Өндірістік бақылаудың саласы болып кәсіпорындар мен басқа да шаруашылық субъектілерінің өндірістік-шаруашылық қызметі саналады.

Қоғамдық бақылаудың мемлекеттікпен салыстырғанда міндетті күші жоқ, оның қорытындысы ұсыныс түрінде болады.

Қоғамдық бақылаудың негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиымды пайдалану шараларын жүргізуде мемлекеттік бақылауға көмектесу.



3. 4 Қазақстанда табиғатты қорғау заңдары негіздерін жүзеге асыруда қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы басқару, бақылау және қадағалау органдары ерекше маңызды рөлді атқарады. Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында жұмыс істейтін басқару органдарының құрылымы екі қатегорияны қарастырады: жалпы құзырет және арнаулы құзырет органдары.

Мемлекеттік жалпы құзырет органдарына жатады: ҚР Президенті, ҚР Парламенті, жергілікті сайланып қойылған органдар, ҚР Үкіметі, жергілікті атқару органдары.

Арнаулы құзірет органдарына тек табиғатты қорғау функцияларын орындайтындар жатады.

Елімізде табиғатты пайдалану және табиғи орта сапасын басқару құқықтық негіздерін жасау функцияларын Қазақстан Республикасының Парламенті атқарады.

ҚР Үкіметі қоршаған орта жай-күйін басқаруды өзінің орталық атқару органдары: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Экономика және бюджет министрлігі, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Жер ресурстарын басқару агентствасы арқылы жүзеге асырады. Үкімет және жергілікті үкімет органдары табиғи ортаның құрауыштарын қорғау және пайдалану ретін анықтайды, ресурстарды пайдалану төлемдерін бекітеді, заңдарға байланысты табиғатты пайдалушылардың қызметін реттейді және биологиялық ресурстарды қалпына келтіру шараларын жүзеге асырады.

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі (МООС РК) – орталық атқарушы орган, ол қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды басқару саласында мемлекеттік саясат мәселелерін жасайды және жүзеге асырады.

Министрліктің негізгі міндеті қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның оңтайлы экологиялық тұрақты даму деңгейіне жету.

Министрлік өзінің қызметін ҚР Конституциясы және заңдары, Президентің, ҚР Үкіметінің актілері, басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асырады.

Министрліктің Табиғатты қорғауды бақылау комитеті атты ведомствасы бар, сонымен қатар ұйымдастыру-құқықтық мемлекеттік мекемелер түріндегі мемлекеттік аумақтық органдар бар – облыстардағы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларында.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарамағындағы ұйымдар: «Казгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны, «Казавиамет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны, «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-аналитикалық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны және «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аң аулау шаруашылығы комитететі орман шаруашылығы, жануарлар әлемін қорғау, жаңғырту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және осы салада бақылау-қадағалау функциясы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру функциясын атқаратын ведомствасы және өкілетті органы болып саналады.

Комитеттің аумақтық органдары бар – орман және аң аулау шаруашылығының облыстық басқармасы және өсімдік пен жануарлар әлемін қорғайтын Республикалық оперативті басқармасы.

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары бойынша комитеті ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыреті деңгейінде арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сонымен қатар су ресурстарын басқару сферасында салалар арасында реттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ведомствасы болып саналады.

Комитеттің аумақтық органдары бар - Алматы, Астана, Атырау, Караган­ды, Кызылорда, Костанай, Семей, Тараз қалаларындағы бассейндік сушаруашылығы басқармасы.

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыреті деңгейінде балық шаруашылығын мемлекеттік басқару, атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сонымен қатар балық шаруашылық басқару сферасында салалар арасында реттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ведомствасы болып саналады.

Комитеттің аумақтық органдары бар – балық инспекциясының аймақтық басқармасы, балық шаруашылығының облысаралық бассейндік басқармасы.

Қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы орталық және басқа да өкілеттік органдары Ұлттық ғылым академиясы, ҚР білім және ғылым министрлігінің ғылыми бөлімшелері, сонымен қатар атом энергетика комитеті, аэрокосмостық комитеті және ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінің тұрғын үй және құрылыс саясаты комитеті, ҚР төтенше жағдай мен денсаулық сақтау агенствасы және б. тығыз байланыста болады.

Жергілікті облыстық және аудандық үкіметтің (атқарушы - әкімшіліктер және сайланатын - маслихаттар) мемлекеттік бақылау құқықтары бар және табиғи ресурстарды (тау және орман жайылымдары мен шабындықтар) пайдалану ережелерін және тарифтерін бекіте, табиғи ресурстарды бөле алады, сонымен қатар жергілікті жердегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жасайды және басқарады.

Қазақстанның экологиялық саясатының негізгі стратегиясы қоршаған орта сапасын тұрақтандыру, адам тіршілігін оңтайлы ортамен қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтарға табиғи ресурстарды сақтау.

Казақстан өзінің геологиялық, демографиялық, табиғи-ресурстық және климаттық ерекшеліктерін, өту кезеңіндегі экономикалық және әлеуметтік проблемаларды есепке ала отырып ұлттық экологиялық саясат құрайды.



Бақылау сұрақтары:

1 ҚР табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын органдар жүйесінің аяқтануы.

2 ҚР қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиымды пайдаланудың мемлекеттік басқару жүйесі қандай?

3 Экологиялық кодекс қашан қабылданды?

4 «Табиғи орта» және «қоршаған орта» ұғымдары қайда анықталған және шектелген, оларды қорғау міндеттері қайда бекітілген?

5 ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы қашан қабылданды?

6 ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану туралы» Заңы қашан қабылданды?

7 Қоршаған орта және табиғатты пайдалануды басқару саласында мемлекеттік саясат мәселелерін дайындау және жүзеге асыру жұмыстарын атқарушы орталық органды атаңыз.

8 ҚР экологиялық бақылау жүйесі.

9 ҚР негізгі табиғатты қорғау заңдарын атап өтіңіз.



Әдебиет:

1, с. 323-362; 2, с. 314-341; 3, 195-215, 284-312 б.; 4, 5-15, 75-95 б.; 5, 480 б.; 6, с. 37-45, 180-207; 7, с. 419-449; 10, 392 б.; 11, с. 81-88.



Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1 Воробьев А.Е. Основы природопользования: экологические, экономические и правовые аспекты: Учебное пособие. – Ростов н/Д: Феникс, 2007. – 542 с.

2 Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология в вопросах и ответах: Учебное пособие. Ростов н/Д: Феникс, 2002. – 384 с.

3 Оспанова Г.С., Босшатаева Г.Т. Экология. – Алматы: Экономика, 2002, 402 б.

4 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі: Ресми мәтін. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. –496с.

5 Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау: Оқулық. – Алматы.: Экономика, 2006. – 480 б.

6 Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан: Учебное пособие- Алматы,2003. - 328с.

7 Панин М.С. Экология Казахстана: Учебник для вузов. – Семипалатинск. – Семипалатинский государственный педагогический институт, 2005. – 548с.

8 Мамыров Н.Қ., Тонкопий М.С., Үпішев Е.М. Табиғатты пайдалану экономикасы: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005. –368 б.

9 Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. – Алматы: Бастау, 2003. – 292б.

10 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған А.Қ. Құсайынов – Алматы: Мектеп, 2002. – 392 б.

11 Бигалиев А.Б. Проблемы окружающей среды и сохранения биологического разнообразия: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. –126с.

12 Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология: Оқулық. – Алматы: Ғылым, 2001. – 238 б.



13 Мамыров Н.К., Тонкопий М.С., Упушев Е.М. Экономика природополь-зования: Учебник. – М.: Финансы и статистика; Алматы: Экономика, 2003. – 464 с.




Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет