Т. М. Блисов Қоршаған орта туралі ілім



Дата24.07.2018
өлшемі217.2 Kb.
#37932
түріНұсқаулар


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экология кафедрасы
Т.М. Блисов

Қоршаған орта туралі ілім
Оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар

5В080100 – Агрономия мамандықтарына арналған

Қостанай, 2012


ББК 20.1

Б 69


Автор:

Блисов Тілеубай Матайұлы, экология кафедрасының доценті, а.ш.-ғ.к.


Пікір білдірушілер:

Ахмет А.З., агрономия кафедрасының профессоры, а.ш.-ғ.к.

Жемпиисов Ш. С., агрономия кафедрасының профессоры, а.ш.-ғ.к.
Блисов Т.М.

Б 69 Қоршаған орта туралы ілім: Оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2012. – 16 б.

Әдістемелік нұсқауларда оқушылардың оқытушымен өзіндік сабақтарының тақырыптарын орындау реті, бақылау сұрақтар және ұсынылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

5В080100 - Агрономия мамандықтар бағытында оқитын студенттеріне арналған



ББК 20.1


Аграрлы-биологиялық факультетінің әдістемелік кеңесімен, ___ ___2012 ж. мақұлданған № хаттамасы

Қостанай мемлекеттік университеті, 2012



Мазмұны

1 Тақырып Қоршаған орта туралы ілім және оның мақсаттары...........4

1.1 Қоршаған орта туралы ілімнің қалыптасу тарихы

және оның дамуының негізгі кезеңдері..............................................................4

1.2 «Қоршаған орта», «табиғи орта», «табиғи жағдайлар»,

«табиғи ресурстар», «қоршаған ортаның сапасы» деген ұғымдар..................5

1.3 Қоршаған ортаның құрауыштарыү...................................................6

1.4 Қоршаған ортаның факторлары және олардың тірі

организмдерге және жалпы биосфераға әсері...................................................7

2 Тақырып Халықаралық табиғи ресурстар...........................................8

2.1 Халықаралық экологиялық қарым-қатынастардың рөлі................8

2.2 Халықаралық табиғи ресурстар........................................................9

3 Тақырып Халықаралық ұйымдар және қоршаған орта

мәселелері бойынша бағдармалар....................................................................11

3.1. Ынтымақтастық принциптері…..................................................11

3.2 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы

халықаралық ынтымақтастық..........................................................................11

3.3 Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар........................................14

Ұсынылған әдебиеттер тізімі................................................................16

1 Тақырып Қоршаған орта туралы ілім және оның мақсаттары
Мақсаты: студенттерді қоршаған орта туралы қазіргі түсініктер, қоршаған ортаның құрауыштары және қоршаған ортаның әртүрлі факторларының тірі организмдерге тиетін әсерлері жайындағы мәселелермен таныстыру.

Жоспар:

1.1 Қоршаған орта туралы ілімнің қалыптасу тарихы және оның дамуының негізгі кезеңдері

1.2 «Қоршаған орта», «табиғи орта», «табиғи жағдайлар», «табиғи ресурстар», «қоршаған ортаның сапасы» деген ұғымдар

1.3 Қоршаған ортаның құрауыштары

1.4 Қоршаған ортаның факторлары және олардың тірі организмдерге және жалпы биосфераға әсері
1.1 Экология ғылымының даму тарихы қоршаған орта туралы мәліметтердің жиналуы және оны зерттеулерімен тура байланысты. Ғалымдар қоршаған ортаның факторларымен тіршіліктің әртүрлі түрлері арасындағы байланыстарды түсіну тұрысқан болатын.

Адамның табиғатпен өзара әсері туралы проблемалар- мәңгілік тақырып, әсіресе осы заманда. Жалпы адамзат өзінің тегі, тіршілікетуі және келешегімен табиғаттың ортасымен тығыз байланысты. Адам биологиялық түр ретінде табиғаттың элементі, сонымен қатар «табиғат және қоғам» күрделі жүйесінің бөлігі.

«Тірі заттың оны қоршаған органикалық және неорганикалық ортаға деген өзара байланысы» жайындағы ілімдердің қажеттілігі сонау Аристотель (384-322жж. ж.э. дейін) дәуірінде байқалған. Қоршаған орта туралы ілімдердің даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші кезең – ілімнің тууы және қалыптасуы (Х1Х ғ. 60жж. дейін), бұл кезеңде тірі организмдердің мекен ортасымен өзара байланысы туралы мәліметтер жинала басталған және ең алғашқы рет ғылыми тұжырымдар жасалған. Бұл кезеңде Ж.Ламарк (1744-1829) және Т.Мальтус(1766-1834) ең бірінші адамзатты адамның табиғатқа деген әсерінен болатын зардаптары туралы ескерткен болатын.

Екінші кезең – қоршаған орта туралы ілімді экологияның маңызды тарауы, білімнің өзіндік саласы ретінде рәсімдеу (Х1Хғ. 60жж кейін ХХғ 50жж. дейін). Бұл кезеңде экологияның бірқатар принциптері мен ұғымдарын алғашқы рет тұжырымдаған орыс ғалымдары К.Ф.Рулье (1814-1858), Н.А.Северцев (1827-1885), В.В.Докучаев (1846-1903) еңбектері жарық көрген болатын. Ч.Дарвиннің (1809-1882) органикалық әлем эволюциясының негізгі факторларын ашқан зерттеулерінен кейін неміс зоологі Э.Геккель (1834-1919), Ч.Дарвиннің «тіршілік үшін күрес» деген ұғымын биологияның дербес (өзіндік) саласы экология (1866) деп атады.

Экология дербес ғылым ретінде ХХғ. басында біржола рәсімделді. Осы кезеңде американың ғалымы Ч.Адамс (1913) экология туралы бірінші деректерді жасайды, сонымен қатар басқада тұжырымдамалар мен деректер жарық көреді (В.Шелфорд,1913, 1929; Ч.Элтон,1927; Р.Гессе, 1924; К.Рауникер,1929 және басқалар). Орыстың ХХғ.көрнекті ғалымы В.И.Вернадский биосфера туралы іргелі ілімді құрайды.

Үшінші кезең – (ХХғ. 50жж. қазіргі кезеңге дейін) экологияны өзіне қоршаған ортаны қорғау туралы ғылымдарды қосатын кешенді ғылымға айналады.

Экологияның теориялық негіздерінің дамуымен қатар экологиямен байланысты қолданбалы мәселелеріде шешіле бастады.

Қазіргі ТМД елдерінде 1917ж. 26 қазан айынан бастап табиғатты қорғау қызметіне табиғатты қорғау деген ұғым заңды түрде енгізілді.
1.2 Табиғат дегеніміз не? В.И.Дальдың «Түсіндірме сөздігінде» былай деп жазылған: «табиғат – жаратылыс, барлық заттар, әлем, барлық жаратылыс... біздің әлем». «Философиялық энциклопедиялық сөздікте» (2001) «табиғат» (латынша natura) деген ұғым былай деп түсіндіріледі: «заттың ең алғашқы мәнісі, сонымен қатар адамның ықпалы тимеген барлық заттардың жиынтығы». Бұл ұғым «материя» деген философиялық ұғым сияқты кең тараған.

Адам өзі табиғаттың бөлігі. Табиғат – адамның өмір сүру және әрекет жасау ортасы, оның тіршілік ету қорларының ошақтары немесе көздері, еңбек құралы, түрлену объектісі. Адамзат өзінің барлық сұраныстарын (биологиялық, ресурстық, рухани) табиғат арқылы қанағаттандырады.

Табиғи орта, былайша айтқанда, табиғат ондағы тіршілік ететін организмдерге (оның ішінде адамда) деген қарым-қатынасы болып қаралады, бұл организмдерге биологиялық түр ретінде тіршілік ету үшін жағдай жасайды.

Жаратылыстану ғылымы тарапынан қарағанда табиғатты Жердің географиялық қабықшасы ретінде түсініледі.

Жердің географиялық қабықшасы – тұтас және үздіксіз немесе толассыз, материалдық жүйе, Жердің төрт қабықшасының: литосфера (тасыт қабықшасы), атмосфера (ауа қабықшасы), гидросфера (су қабықшасы), биосфера (тірі организмдер мекендеген қабыршағы) өзара әрекеттестік және өзараөту немесе ену сферасы.

Адамзат қоғамының қазіргі тарихи даму кезеңінде өзінің тіршілік ету және әрекет немесе қызмет етуінде тікелей қарым-қатынас жасайтын жер табиғатының бөлігін географиялық қабықша немесе қабық деп атайды.

«Географиялық орта» (жиі «табиғи орта» деп аталатын» ) деген ұғыммен қатар ғылымда «қоршаған орта» ұғымы енді.

Қоршаған орта — бұл табиғаттық (географиялық) және адамдардың қатысуымен пайда болған, антропогендік факторлар мен әлеуметтік элементтерден (оның ішінде әртүрлі құрылыстар, өндірістің материалдық объекттері және т.б.) тұратын жасанды ортадан тұратын адамның мекен ету және қызмет ету ортасы. Неғұрлым өндірістің даму деңгейі жоғары болса, техника және технология заманға сай болса, соғұрлым қоршаған ортаның антропогендік өзгеруі масштабы және деңгейі жоғары болады.

Қоршаған табиғи ортаның жәй-күйін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығын қоршаған табиғи ортаның сапасы деп атайды.

Табиғатты қорғау – техногенді және басқада антропогендік ауыртпаушылықтар жағдайларында тірі огранизмдердің табиғи мекендеу ортасын және табиғи ресурстар жиынтығын сақтауға бағытталған қызмет немесе әрекет.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау табиғи ресурстерді қорғауға, қайта жаңғыртуға және тиімді пайдалануға, табиғи ортаны жақсартуға арналған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі, сонымен қатар ол қолданбалы экологияның бөлігі болып саналады.

Сонымен, «қоршаған табиғи ортаны қорғау» ұғымы «қоршаған ортаны қорғау» ұғымымен бірдей деуге болады.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – адамзат алдында тұрған ең маңызды проблемалар. Бұлар биосфераға, оның геохимиялық, экологиялық және басқада дамуына себепкер функцияларына және тепе-тең табиғи жәй-күйін сақтауға жоюшылық әсер ететін адамның барлық шаруашылық қызметімен тығыз байланысты. Көбінесе адамдар, өсімдіктер және жануарлардың өмір сүруіне теріс әсер етеін қоршаған орта қалыптасады.

Қоршаған ортаны қорғау саласында «табиғи жағдайлар және табиғи орта» және «табиғи ресурстар» деген ұғымдар айырып танылады. Табиғи жайдайлар - өте кең ұғым, ол табиғаттың барлық аспектерін қамтиды, олар туралы адамға оның іс-әрекетіне қарамай айтылады.

Табиғи ресурстар (табиғи қорлар) бұл қоғамның материалдық игіліктерді, мәдени, тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданатын табиғи объекттер мен құбылыстар. Қазіргі кезде табиғи ресурстарға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн және космостық радиациясы, өсімдіктер мен жануардар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы, т.б. жатады.

Қазіргі кезеңде немесе болашақта пайдалануға болатын табиғи ресурстар мен қоғамның өмір сүру табиғи жағдайларын табиғи игіліктер деп атайды.


1.3 Табиғи және қоршаған ортаның құрауыштары – бұл бірімен-бірі тығыз байланысқан қоршаған ортаның негізгі құрауыштары. Ортаның табиғи және антропогендік құрауыштары деп бөлінеді. Ортаның табиғи құрауыштарына жататындар жердің географиялық орны, үстіңгі қабаттың құрылысы, жергілікті климат, тау жыныстары, ауа, жер асты және жер үсті сулары, өсімдіктер және жануарлар әлемі, топырақтар, табиғи процестер мен құбылыстар. Табиғи құрауыштар бірімен-бірі заттар мен энергияның ағынымен тығыз байланысты. Бұлардың ішінде ерекше орын алатындар ауа, су және биота. Олар табиғатта болатын көптеген процестерді сипаттайды, ең қозғалмалы және сонымен қатар табиғи жүйелердің ең нәзік құрама бөліктері.

Физикалық құрауыштарға адамның қатысуымен туындалған жасанды материалдық денелер, синтетикалық материалдар мен тағамдар, пәтер үйлер және өндірістік бөлмелер, адамдар ұйымдастырған коммуникациялар, өндірістік, көліктік және тұрмыстық шулар, магнит өрістері мен дірілдер.

Адамның өзі де қоршаған ортаның құрауыштары болып саналады. Қоршаған ортаға және басқада қоғамның мүшелеріне адам тура және ортаға байланысты әсер етеді.

Адамның іс-әрекетінің табиғи құрауыштарына теріс әсерлері мына бағыттарда байқалады:

• қоршаған табиғи ортаның ластануы;

• табиғи ресурстардың таусылуы;

• табиғи ортаның бұзылуы.

Мекендеу ортаның ластануы деп адамдардың денсаулығы мен өміріне, сонымен қатар оны қоршаған табиғи мекендеу ортасына қауіп төндіретін, табиғи заттар құрамының физикалық, химиялық және биологиялық өзгерістерін айтады.


1.4 Мекендеу ортасы – бұл табиғаттың тірі организмдермен тікелей қарым-қатынаста болатын бөлігі. Ортаның құрама бөліктері және қасиеттері көп түрлі, өзгермелі және кезкелген тірі заттар өздерінің тіршілік әрекетін олардың өзгеруімен реттеп отырып (материя, энергия, информация немесе ақпарат) оған ылғыйына бейімделеді.

Организмдердің ортаға бейімделуін адаптация деп атайды. Ортаға бейімделу – тірі заттың ең басты қасиеті үйткені ол арқылы организмдер тірі қалады және көбейеді. Адаптация клетка, қауымдастық және экологиялық жүйелер деңгейінде болуы мүмкін. Адаптация түрлер эволюциясының жүрісіне байланысты пайда болады және өзгереді.

Қоршаған ортаның организмдердің тіршілік жағдайын анықтайтын элементтерін экологиялық факторлар деп атайды. Экологиялық факторлар абиотикалық, биотикалық және антропогендік болып бөлінеді.

Абиотикалық факторлар - жылу, жарық, радиоактивті сәулелену, электромагниттік әсер, акустикалық әсер, атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы, судың тұздылығы, жел, ағындар, жер бедері. Тірі емес табиғаттың бұл қасиеттері тірі организмдерге тура немесе жанама әсер етеді.

Биотикалық (биогендік) факторлар — бұл тірі заттардың бір–біріне тура немесе жанама әсер ететін факторлар, өсімдіктердің, жануарлар мен өсімдіктердің бір-біріне әсер ететін, микроорганизмдердің өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсер ететін факторлар.

Антропогендік факторлар — табиғатты басқада түрлердің мекендеу сферасы ретінде өзгеруіне немесе тікелей олардың тіршілігіне әсер ететін адамзат қоғамының іс-әрекетімен байланысты қоршаған ортаның элементтері.

Адам тірі табиғатқа абиотикалық және биотикалық факторлардың өзгеруі арқылы ықпал етеді, дегенмен қазіргі кезеңде Жердегі барлық тіршілік оған тәуелді болатын планетадағы адамдардың іс-әрекетін ерекше күш ретінде бөліп көрсетуге болады.

Экологиялық факторлардың тірі организмдерге әсері әртүрлі болуы мүмкін: олар бейімделу реакцияларын талап ететін тітіркенгіштік әсері болуы мүмкін; олар тап осы жағдайларда тіршілік етуге болмайтын, немесе организмдердің анатомды-морфологиялық өзгеруін анықтайтын модификаторлар сияқты, сонымен қатар қоршаған ортаның басқада факторларының түрленуін (трансформация) дәлелдейтін сигнал ретінде болуы мүмкін.


Бақылау сұрақтары

1 «Қоршаған орта», «табиғи орта» деген ұғымдарға анықтама беріңдер.

2 Қоршаған ортаның негізгі құрауыштарын (компоненттерін) атаңдар.

3 Ортаның экологиялық факторы дегеніміз не?

4 Жердің географиялық қабықшасына не кіреді?

Әдебиет: 2, с.23-47; 3, с.15-65; 7, 38-39б; 8, 159-163б.
2 Тақырып Халықаралық табиғи ресурстар
Мақсаты: студенттерді табиғи ресурстардың қайсысы халықаралық, ал қайсысы ұлттыққа жататынын таныстыру.
Жоспар:

2. 1 Халықаралық экологиялық қарым-қатынастардың рөлі.

2. 2 Халықаралық табиғи ресурстар.
2. 1 Әлемдік қауымдастықтың экологиялық дағдарыстан шығыуының бір негізгі жолы - халықаралық қарым-қатынастарды гармонизациялау. Одан шығу стратегиясын орындалуы тек барлық мемлекеттердің табиғатты қорғау қимылдарының бірлігі арқасында екені жалпы танымалы мәселе. Бүгінгі күні бірде-бір ел өзінің экологиялық проблемаларын жалғыз немесе тек аздаған елдердің тобымен бірігіп шеше алмайды. Ол үшін барлық мемелекеттердің келіскен айқын күштері және олардың қимылдары халықаралық- құқықтық негізде үйлестірілуі қажет.

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау» (1997 ж.) заңы бойынша, егер Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық экологиялық келісім-шартта Қазақстан заңдарында көрсетілмеген ережелер болатын болса, онда халықаралық келісім-шарттың ережелері қолданылады. Олай болса Қазақстанда заңды түрде халықаралық құқықтың басымдылық принципі ішкі экологиялық бірлестіктегі салада бекітіледі.

Табиғат мемлекеттік шекараны білмейді, ол жалпыға ортақ және бірдей. Сондықтан бір елдегі экожүйенің бұзылуы көршілес елдерде де болуы болуы ақиқат. Мысалы, Германия немесе Англияның өнеркәсіп қәсіпорындары атмосфераға құрамында жоғары процент зиянды қоспалары бар түтін газдарын шығаратын болса, ол тек сол елдің экологиялық жағдайына ғана емес, көршілес елдердің флора және фаунасына да теріс әсер етеді.

Мемлекеттік шекараны табиғи ортаның басқа да құрауыштары (өзен аңындары, теңіз акваториясы, кейбір жануарлар түрлерінің жылыстауы және с.с.).

Халықаралық қарым-қанынастарда экологиялық фактордың басымдылығының жоғары болуы тұрақты артуда, ол биосфера жағдайының күннен-күнге шашарлай беруіне байланысты. XXI ғ. экология халықаралық қарым-қатынастардың ғаламдық жүйесінде жоғарғы .приоритеттер қатарында болатынына күмән жоқ.
2.2 Қазіргі кезде табиғи ресурстардың таусылуы, қоршаған ортаның ластануы және экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ғаламдық масштабқа жетті деуге болады. Жоғарыда айтылғандай, табиғат мемлекеттік шекараны білмейді, ол жалпыға ортақ және бірдей. Адамзаттың барлық негізгі экологиялық проблемалары: көшетхана немесе парниктік эффектісі, озон қабатының жұқаруы, ормандардың азаюы, топырақтың тозуы, биосфераның биологиялық алуантүрлілігінің азаюы, радиоактивтік және басқа да ластанулар, кен байлықтарының таусылуы және с.с. ғаламдық сипаттары бар. Ғаламдық экологиялық дағдарыстың алапатқа ұласуын болдырмау тек адамзаттың барлық күшімен болатын мәселе. Қоршаған ортаның қорғау объекттілері ұлттық және халықаралық болып бөлінеді.

Қоршаған табиғи ортаның ұлттық (мемлекет ішіндегі) объекттілері – су, жер, жер қойнауы, биота және басқа да мемлекет территориясындағы табиғи ортаның элементтері. Оларды иемденетін және әмір ететін тиісті мемлекет. Мемлекет оларды өздерінің заңдары негізінде және халық мүддесі үшін пайдаланады, қорғайды және басқарады. Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық (жалпы әлемдік) объекттілері – жеке ұлттық мемлекеттердің заңдарынан тыс табиғи объекттер. Оларды бірнеше топтарға бөледі:

► барлық мемлекеттердің пайдалануындағы объекттер (атмосфералық ау, Дүниежүзілік мұхит, Антарктида, Космос);

► екі немесе бірнеше мемлекеттердің пайдалануындағы объекттер (мысалы, шекаралық сулар: Балтық немесе Қара теңізі, Ду­най өзені);

► әртүрлі мемлекеттер территориясында көшіп-қонушы объекттер(жануарлардың жылыстауы).

Бұл объекттілер халықаралық қауымдастық арқасында бекітілген әртүрлі келісім-шарттар, конвенциялар, хаттамалар негізінде игеріледі және қорғалады.

Сонымен қатар, табиғи ортаның халықаралық объектерінің тағы бір категориясы бар, ол мемлекеттермен қорғалады және басқарылады, бірақ халықаралық есепке алынған. Оған кіреді:

► ерекше құндылығы бар және халықаралық бақылауға алынған табиғи объекттер (қорықтар, ұлттық парктер, қорыққорлар, табиғат ескерткіштері;

► халықаралық Қызыл кітапқа кірген сирек және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің түрлері;

► бөлетін табиғи ресурстар, тұрақты немесе жылдың көп бөлігінде екі немесе бірнеше мемлекеттердің пайдалануында (Дунай өзені, Балтық теңізі және б.).



Космос. Космос кеңістігін пайдаланудың халықаралық келісім-шартында космос кеністігінің бөлігін, Айды және басқада аспан денелерін қоса, ұлттық иемденіп алуға, Космосқа зияндық жасауға және космос кеңістігін ластауға болмайтындығы жарияланған, сонымен қатар космонавттарды құтқару жағы келісілген. Космосты соғысқа пайдалануды шектеу үшін Ракетаға қарсы жүйелерді шектеу келісім-шарты және советтік-америкалық стратегиялық шабуылдық қару-жарақтарды (СНВ). пайдалауды шектеу Келісімдерінің маңызы зор.

Дүниежүзілік мұхит (Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды және олармен байланысқан теңіздер) құрамында оразан зор пайдалы қазбалар, биологиялық ресурстар, энергиялар ба. Оның көліктік мәні зор. Дүниежүзілік мұхит барлық адамзаттың мүддесіне игерілуі керек. БҰҰ-ның теңіз құқығы конвенциясы бойынша (1973 ж.) 200-мильдік жағалау зоналарындағы биоресурстарға жағалаудағы мемлекеттердің егемендік құқығы мойындалады. Еркін жүзу принципінің мүлтікпей орындалуы расталған (территориялық сулардан басқа, сыртқы шекара жағадан 12-миль қашықтықта).

Антарктиданы әлем және халықаралық қарым-қатынас материгі деп атайды. Антарктида туралы Келісім-шартта (1959 ж.) ғылыми зерттеулердің еріктігі, бұл материкті тек бейбітшілік мақсатында пайдалануы жарияланған, сонымен қатар Антарктиданың халықаралық-құқықтық тәртібі анықталған. Жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғаудың, қалдықтарды жою және алдын-алудың өте қатаң шаралары Мадридтегі Антарктидағы халықаралық қарым-қатынастардың қортындысы жайындағы 1991 ж. қазан айында қол қойылған Хаттамада көрсетілген.

Атмосфералық ауа. Халықаралық қауымдастықтың күштері негізінен атмосфераны ластаушыларды елден елге тасуын алдын-алу мен жою және озон қабатын бұзылуын қорғауға бағытталған. Бұл мәселелердің халықаралық қатынастары ауаны ластаушыларды елден елге үлкен қашықтыққа тасу Конвенциясы (1979 ж), озон қабаты бойынша Монреаль (1987) және Вена (1985) келісімдерімен, өндірістік апаттардың елден елге әсері жайындағы Конвенциясы (1992) және басқада келісілген құжаттармен реттеледі.
Бақылау сұрақтары

1 Қандай ресурстар халықаралық және ұлттық ресурстарға жатады?

2 Қазақстанның халықаралық экологиялық достастығындағы рөлі қандай?

3 ҚР ратификацияланған халықаралық конвенциялар мен келісімдерді

атаңыз.

4 Қоршаған орта саласындағы приоритеттерді атап өтіңіз, олардың міндеттері.



Ұсынылған әдебиеттер тізімі

2, с. 336-367; 3, с.438-496; 6, 273-280б; 9, с. 113-122.



3 Тақырып Халықаралық ұйымдар және қоршаған орта мәселелері бойынша бағдарламалар
Мақсаты: ынтымақтастық принциптері мен қоршаған орта мәселерімен айналысатын халықаралық ұйымдармен таныстыру.
Жоспар

3.1 Ынтымақтастық принциптері.

3. 2 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

3. 3 Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар.


3.1 Ең алғашқы рет халықаралық экологиялық ынтымақтастық принциптері БҰҰ-ның Сток­гольм конференциясының Декларациясында (1972) қорытылған болатын. Қазіргі түсінікте Рио-де-Жанейрода өткен (1992) БҰҰ конференциясының Декларациясында (1992) баяндалған. Бұл принциптер келесі идеяларды қалайды:

• адамдар Табиғатпен гармонияда болатын саулықты және нәтижелі өмір сүруге құқығы бар;

• қазіргі ұрпақтардың игілігіне даму, болашақ ұрпақтардың мүдделеріне және Қоршаған ортаға зиян келтірмеу;

• мемлекеттер өзіне меншікті ресурстарды өңдеуге егемендік құқығы бар, бірақ өзінің шекарасынан тыс Қоршаған ортаға зиян келтірмей;

• көпшілік тұрғындардың сұраныстарын орындау және тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін әлемнің әртүрлі бөліктерінде кедейлік және өмір сүру деңгейіндегі теңсіздікті түбірімен жою;

• Жердің экожүйелерін сақтау, қорғау және тұтастығын қалпына келтіру мақсатында мемлекеттер бірлеседі;

• мемлекеттер ақпараттарды дамытады, халықтың экологиялық ақпараттарға кең қатысуына мүмкіндік жасайды және мадақтайды;

• мемлекеттер Қоршаған орта жайында тиімді ұлттық заңдарды қабылдайды;

• экологиялық саясатты халықаралық сауданың жүруіне негізделмеген шектеулерге қолдануға тиісті емес;

• Қоршаған ортаны кім ластаса, сол ол үшін қаржы жағынан жауап береді;

• мемлекеттер шекаралық зиянды зардаптар болдыратын тілсіз қияапаттар мен әрекеттер туралы бірін-бірі ескертеді;

• соғыс Әлемнің тұрақты даму процесіне міндетті түрде бұзулық әсер етеді. Әлем, Қоршаған ортаның дамуы мен оны қорғау біріне-бірі тәуелді және ажыратылмас.


3.2 Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі формалары бар:

► халықаралық табиғатты қорғау ұйымдары;

► халықаралық (екі жақта немесе көп жақты) келісім-шарттар, келісімдер және конвенциялар;

► халықаралық ынтымақтастықтың мемлекеттік бастамалары.



Халықаралық табиғатты қорғау ұйымдары. Қазіргі кезде әлемде экология мәселесімен айналысатын 100 артық әртүрлі халықаралық ұйымдар жұмыс істейді. Ең беделдісі – Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ). Оның қызметінің негізгі бағыты – табиғатты қорғау саласындағы бірлестік. БҰҰ маңызды мәселелерді Генералды Ассамблеяда қарайды, резолюциялар мен декларацияларды қабылдайды, халықаралық келісімдер мен конференцияларды өткізеді. БҰҰ адамды қоршаған ортаны қорғаудың арнаулы принциптерін дайындады және қабылдады, мысалы Стокгольм конференциясының Декларациясында (1972 ж.) және табиғаттың Әлемдік Хартиясында (1982 ж).

БҰҰ қоршаған ортаны қорғаудың мамандандырылған халықаралық ұйымдары жұмыс істейді.

БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі арнаулы мүшісі (ЮНЕП) қоршаған ортаны қорғаудың ұзақ жылғы бағдарламасын орындайды, оны қаржылау үшін БҰҰ Генералды Ассамблеясы қоршаған орта Қорын жасады.

Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттілігі (МАГАТЭ) «Ядерлік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасын жүзеге асырады.

Дүниежүзілік білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым (ЮНЕСКО) қоршаған ортаны мен оның ресурстарын зерттеуді ұйымдастырумен айналысады, онымен «Адам және биосфера», «Адам және оны қоршаған орта» атты бағдарламалары мақұлданған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) қоршаған ортаның санитарлық тазалық, атмосфералық ауаның ластануымен күресу проблемаларымен айналысады.

Халықаралық азық-түлік және ауыл шаруашылық жөніндегі ұйым (ФАО) жеке мемлекеттер мен дүние жүзінің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерімен айналысады.

Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағы (МСОП) табиғат және табиғи ресурстарды қорғау мәселелері бойынша үкіметтер, ұлттық және халықаралық ұйымдар, сонымен қатар жеке тұлғалар бірлесіп істеуіне жәрдем жасайды. МСОП Халықаралық «Қызыл кітапты» (10 том) дайындады.

Халықаралық келісім-шарттар, келісімдер, конвенциялар – ынтымақтастықтың маңызды құралы. Келісім-шарттар жалпы немсе ортақ және арнаулы, көп жақты және екі жақты, ғаламды және регионалды болып бөлінеді.

Ортақ халықаралық-құқықтық келісім-шарттар табиғи ортаны қорғау мәселелерін де қозғауы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік шекара тәртібі келісім-шартында шекаралық су қоймалары, өсімдіктер мен жануарларды қорғау жөніндегі баптар болуы мүмкін.

Арнаулы табиғатты қорғау халықаралық келісім-шарттарында тек қана қоршаған ортаны қорғау жөніндегі баптар болады.

Ғаламдық келісім-шарттарға табиғи ортаға әсер ететін соғыс немесе басқада құралдарды дұшпандылықпен пайдалануға тиым салу Конвенциясы (1977 ж.), шекаралық ауаны үлкен қашықтыққа ластау Конвенциясы (1979 ж.), дала жануарларының жылыстауын қорғау Конвенциясы (1979 ж.).

Регионалдық келісім-шарттарға мыналарды айтуға болады: Дунайды, Қара теңізді пайдалану және қорғау келісім-шарты; европа елдерін келісім-шарты (ЕЭС); табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау Африканың конвенциясы (1968 ж.); Антарктиданың теңіз тірі ресурстарын қорғау Конвенциясы (1980 ж.);

Ерекше маңыздысы ядерлік, бактериялық және химиялық қаруларын әртүрлі ортада және региондарда сынауды шектеу, қысқарту және тыйым салу халықаралық келісім-шарттары. 1996 ж. БҰҰ ядерлік сынауға жаппай тыйым салу Келісім-шарты салтанатты түрде қабылданды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық экологиялық құқықпен реттеледі, оның негізі болып әлем қауымдастығымен құпталатын принциптер мен нормалар.

БҰҰ-ның адамды қоршаған ортаның проблемасы жөніндегі Конференциясы (Стокгольм, 1972 ж.). Конференция жұмысы негізінде Декларация қабылданды, онда қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық мақсаттары мен әлем қауымдастықтары қимылдарының бағыттары анықталды. Декларация адамды қоршаған орта жөнінде 26 негізгі принциптерді құрады.

Сонымен қатар, 5 маусым Дүние жүзі қоршаған ортаны қорғау күні деп жарияланды. БҰҰ-ның қоршаған орта жөнінде тұрақты күші бар мүшесі (ЮНЕП) құрылды, штаб-квартирасы Найроби қ. (Кения). БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясының (1982 ж.). құптауымен Дүниежүзілік табиғат хартиясы (ВХП) құрылды, онда халықаралық ынтымақтастықтың негізгі принциптері дәлелденді және дамыды (27 принцип болды). .

БҰҰ-ның қоршаған орта және даму Конференциясы (Рио-де-Жанейро, 1992 ж.). Онда 114 мемлекеттерінің басшылары, 1600 үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Адамзат тарихында бұл үлкен экологиялық форум. Ең алғашқы рет адамзатқа экологиялық мәселенің экономикадан басым екені құпталды.

Конференцияда бес негізгі құжаттар құпталды: РИО қоршаған орта және дамуы Дек­ларациясы; XXI ғасырдың күн тәртібі; ормандардың барлық түрін басқару принциптері, қорғау және тұрақты дамуы туралы Мәлімдеме; климаттың өзгеруі жөніндегі Рамалық конвенция; биологиялық әралуандылық жөніндегі Конвенция.

Конференцияның ең маңызды қорытындысы тұоақты даму концепциясын қабылдау. Тұрақты даму деп экономика және экология проблемаларын бірдей шешуді айтады. Стратегияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау ұлттық бағдарламасын ауыстырмай негізгі нысандарды көрсету.

«Рио + 10» тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік саммит (Йохан­несбург (ЮАР), 2002 ж.). Саммитте әлемдік қауымдастықтың тұрақты даму жолындағы қозғалысының алғашқы он жылдықтағы нәтижесі қортындалды. БҰҰ-ның Генералдық хатшысы Кофи Аннанның айтуы бойынша қоршаған орта бойынша Бразилияда қабылданған көптеген шешімдер орындалмады, глобализация адамзаттың көп бөлігіне пайда әкелген жоқ, жалпы экономикалық өрлеуге қарамай дами бастаған елдерге жәрдем қысқартылды. Саммитте қабылданған құжаттардың бірі болып «Кедейшілікпен күресу және қоршаған ортаны қорғау жоспары» саналады.
3. 3 90-шы жылдар аяғында әлемде бірнеше жүз (әртүрлі деректер бойынша 200-500) үкіметтік емес халықаралық ұйымдар саналды, олар өздерінің жұмысында табиғатты қорғау шараларын қарастырды, сонымен қатар экологиялық проблемаларға да көңіл аударды.

Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағы – МСОП (ағылсынша IUCN International Union for the Conservation of Na­ture) – 1948 ж. Фонтенблода (Франция) құрылған. МСОП-тың жұмысы халықаралық дала фауна және флора түрлерін саудалау Вашингтон конвенциясының (CITES) орындалуына мүмкіндік жасайды. МСОП - Қызыл кітапты жүргізу бастаушысы.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (ағылсынша WWF — World Wide Fund for Nature) – ең сансыз көп жеке меншікті халықаралық экологиялық ұйым, 1961 ж. құрылған, әлемде 27 ұлттық бөлімдерін, сонымен қатар 5 млн шамасындай дербес мүшелерін біріктіреді. Қордың негізгі қызметі табиғатты қорғау шараларына қаржы жағынан жәрдем ету.

Халықаралық заң ұйымы (МЮО), 1968 ж. құрылған, қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық жағына көңіл бөледі.

Рим клубы (РК) – халықаралық үкіметтік емес ұйым, биосфераның болашақта дамуын зерттеу және Адам мен Табиғаттың қарым-қатынастарын гармонизациялаудың қажеттілігін насихаттауда көп үлес қосты.

Рим клубы «Ғаламдық проблематика» деп аталған проблемаларды зерттеулердің іргетасын қалады. Бұл мәселелерге арнап сол кездегі бірқатар көрнекті ғалымдар «Адамзаттың қыйындықтары» атты «Рим клубына докладтар» сериясын тапсырыс етті. Копьютерлік үлгімен алынған әлемнің келешекте дамуын болжау нәтижелері бүкіл әлемде талқыланды және жарық көрді.

Ең бірінші 1972 ж. Д. Медоуз тобының «Өсу шектері» доклады.

1973 - 1980 жж. (Рим клубының халықаралық беделінің артқан жылдары) тағы бірнеше докладтар дайындалған болатын, оның ішінде Я. Тинберген (1977), Э. Ласло (1977) докладтары. 1978—1980 жж. қалдықтарды өңдеу, энергияларды пайдалану проблемалары және т.б. мәселелер талқыланған болатын. Дж. Боткиннің соавторлармен жазған «Білімде шек жоқ» (1980) атты еңбегі маңызды рөл атқарды.

1994 ж. Э. Вайцзеккер соавторлармен энергиямен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге арналған «Төрт фактор» атты тыңғылықты докладты дайындады. Қазіргі кезде Рим клубы әлемнің осы заманғы күйін зерттеуді жалғастырып келеді, әсіресе геосаясатта, ал планетада экологиялық жағдайлар нашарлап барады.

Халықаралық экологиялық сот (МЭС) 1994 ж. қараша айында Мехикодағы конференцияда юристердің инициативасымен бекітілген болатын. Сот құрамына 24 елден 29 юрис­т-экологтар кіреді.

ГРИНПИС {Greenpeace — «Жасыл әлем») – тәуелсіз халықаралық қоғамдық ұйым, 1971 ж Канадада құрылған, негізгі мақсаты қоршаған ортаның тозыуын, күйреуін болдырмау. Оның құрамында 1,5 млн шамасында мүшелері бар, 1/3 – американдықтар. Әлемнің 32 елінде бөлімшесі бар.

Көптеген халықаралық үкіметтік емес ұйымдар жекеленген табиғи объектер мен табиғи ресурстар түрлерін қорғаумен айналысады. Оларға жататындар: құстарды қорғау Халықаралық кеңесі, Альпі аудандарын қорғау Халықаралық федерациясы, суды қорғау Европалық федерациясы және с.с.


Бақылау сұрақтары

1 Неге экологиялық қарым-қатынастарды гармонизациялау мемлекеттердің экологиялық стратегиясында өзекті мәселе?

2 ХХ ғ. маңызды экологиялық форумдар туралы не білесің?

3 Халықаралық экологиялық достастықта Қазақстанның рөлі қандай?


Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1, с.564-578; 3, с.487-496; 4, с.238-258; 5, с.259-292; 6, 273-280б.



Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1 Николайкин Н.И., Николайкина Н.Е., Мелехова О.П. Экология: Учебник. – М.: Дрофа, 2003. – 624 с.

2 Панин М.С. Экология Казахстана: Учебник для вузов. – Семипала-

тинск: Семипалатинский государственный педагогический институт,2005.-

548с.


3 Передельский Л.В., Коробкин В.И., Приходченко О.Е. Экология: Учебник. – М.: Проспект, 2006. – 512 с.

4 Маринченко А.В. Экология: Учебное пособие. – М.: Дашков и К 0 , 2006. – 332 с.

5 Хотунцев Ю.Л. Экология и экологическая безопасность: Учебное пособие. – М.: Издательский центр «Академия», 2004. – 480 с.

6 Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995. – 292 б.

7 Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. – Алматы: Бастау, 2003. – 292 б.

8 Оспанова Г.С., Босшатаева Г.Т. Экология. – Алматы: Экономика, 2002. - 402 б.



9 Бигалиев А.Б. Проблемы окружающей среды и сохранения биологического разнообразия. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. - 126с.




Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет