Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар 4 тас жолда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: open-kz.kz

10 наурыз сағат 08.00-ден бастап жолдардың келесі учаскелерінде шектеулер  енгізілді:

Қарағанды ​​облысы – 1 автомобиль жолы жалпы ұзындығы 118 шақырым (Ұлытау ауданындағы ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты):

"Қызылорда-Павлодар" – Ұлытау облысының шекарасы – Топар ауылы (көліктің барлық түрлері үшін).

Қостанай облысы – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолы. (Ұлытау өңіріндегі ауа райы жағдайының қолайсыздығына байланысты):

"Жезқазған-Петропавл" – Ұлытау облысының шекарасы – Арқалық қаласы (көліктің барлық түрлері үшін).

Ұлытау облысы – жалпы ұзындығы 543 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолы. (Нөлден төмен температурада жаңбыр жауады, көктайғақ):

"Жезқазған-Петропавл" — Жезді ауылы — Қостанай облысының шекарасы;

“Қызылорда-Павлодар" – Жезқазған қаласы – Қарағанды ​​облысының шекарасы (көліктің барлық түрлері үшін).

"Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бүкіл желісі бойынша шектеу 744 шақырымға немесе бүкіл желінің 2,98 пайызына қатысты. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 265 бірлік техника мен 285 адам жұмылдырылған", — делінген "Қазавтожол" хабарламасында. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.