Табиғи монополиялар туралы 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру



бет2/3
Дата14.03.2018
өлшемі479.25 Kb.
#20928
1   2   3

3-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру
16-бап. Табиғи монополия субъектілерінің қызметті жүзеге асыру және көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру тәртібі
1. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне тариф табиғи монополия субъектісінің қызметтер көрсетуге және табиғи монополия субъектісі кәсіпорынды дамытуға, көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға, салынған инвестицияларды кері қайтаруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де мақсаттарға жіберетін шығындарды өтеуді қамтамасыз етуге тиіс.

2. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру және көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру тәртібіне сәйкес белгіленеді.

3. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне тариф бес және одан да көп жылға белгіленеді.

4. Тарифтің қолданылу мерзімі өткен жағдайда, табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны іске асыруға тартылған қарыз бойынша негізгі борышты өтеу амортизациялық аударымдар есебінен жүргізілген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметтерді уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша, инвестициялық құрамдауыштарды (амортизациялық аумдарымдар мен пайда) есепке алмай көрсетілетін қызметтерді ұсынады.

5. Жаңадан құрылған табиғи монополия субъектісі Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркеліміне енгізу туралы өтінішпен бір мезгілде осы Заңға сәйкес өзінің көрсетілетін қызметтеріне тарифті белгілеу туралы уәкілетті органға өтініш береді.

Тарифті бекіткенге дейін осы Заңға сәйкес жаңадан құрылған табиғи монополия субъектісі амортизациялық аударымдар мен пайданы қоспағанда, көрсетілетін қызметтерді өндіруге және ұсынуға жұмсалатын шығындарды өтеуді көздейтін тариф бойынша қызметтерді көрсетеді.

6. Қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын мүлікті оған беру нәтижесінде құрылған табиғи монополия субъектісі осы Заңға сәйкес тарифті белгілегенге дейін инвестициялық бағдларламаны іске асыруға шығындарды қоспағанда, осы мүлікті берген табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне белгіленген тариф бойынша көрсетілетін қызметті ұсынады.

7. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне арналған тариф, тарифті оңайлатылған тәртіппен индекстеу әдісімен бекітуді қоспағанда, тарифті белгілеу айынан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8. Табиғи монополия субъектісі, тарифті оңайлатылған тәртіппен индекстеу әдісімен бекітуді қоспағанда, тұтынушының назарына тарифті белгілеу туралы ақпаратты олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмейтін мерзімде жеткізуге міндетті.

9. Табиғи монополия субъектілерінің қызметін жүзеге асыру және көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру тәртібі:



  1. Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркеліміне енгізу және одан шығару тәртібін;

  2. тарифтік реттеу әдістерін және оларды қолдану тәртібін;

  3. тарифтерді бекіту тәртібін;

  4. жария тыңдаулар өткізу тәртібін;

  5. уақытша коэффициентті қолдану тәртібін;

  6. тарифті саралау тәртібін;

  7. табиғи монополиялар субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына рұқсаттар беру тәртібін;

  8. табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің инфляцияға жол берілетін жиынтық үлесін есептеу әдістемесін;

  9. шығындары тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу жүргізу тәртібін;

  10. табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызмет туралы ақпаратқа ашық қол жеткізуді қамтамасыз ету тәртібін;

  11. тарифтерді оңайлатылған тәртіппен бекіту тәртібін;

  12. концессия шарттарын жасасқан кезде табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер белгілеу тәртібін;

  13. уақытша төмендету коэффициентін белгілеу және қолдану тәртібін;

14) халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің тәртібін;

15) тарифтің қолданылу мерзімі өткенге дейін оны өзгерту тәртібін;

16) кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу тәртібін;

17) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекіту және оны түзету тәртібін;

18) сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты тұтынушыларға қайтару тәртібін;

19) табиғи монополиялар саласындағы көрсетiлетiн қызметтерге тең қол жеткiзуді қамтамасыз ету тәртібін;

20) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту тәртібін көздейді.
17-бап. Тарифтік рететудің шығын әдісі
1. Тарифтік реттеудің шығын әдісін қолдана отырып табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне тарифті уәкілетті орган бес және одан көп жылға бекітеді және қызметтер көрсетуге шығындарды өтеуді және пайда алуды қамтамасыз етеді.

2. Тарифке қосылатын шығындарды реттеу тарифтің шығын бөлігіне енгізілетін шығыстар түрін шектеу және тарифтік сметаны бекіту арқылы жүзеге асырылады.

3. Өндірістік шығындарға мыналар:

1) материалдық шығындар;

2) өндірістік персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығындар;

3) амортизация;

4) негізгі қор құнын ұлғайтуға алып келмейтін жөндеу жұмыстарына шығындар;

5) реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) тікелей жататын басқа өндірістік шығындар жатады.

4. Кезең шығыстарына:

1) әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстары;

2) сақтандыру, салықтар, алымдар мен төлемдердің міндетті түрлеріне шығындар;

3) басқа әкімшілік шығыстар;

4) сыйақы төлеу шығыстары кіреді.

5. Сыйлықақы және айлықақыға сыйақының басқа түрлері табиғи монополия субъектісі (мемдекеттік кәсіпорындарды қоспағанда) тарифінің шығын бөлігіне кірмейді және табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілмейтін қызметтерн алған кіріс есебінен не әкімшілік және өндірістік персоналға еңбекақы төлеу шығындарын үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.

6. Уәкілетті орган тарифке қосылатын пайда мөлшерлемесін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган белгілеген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып айқындайды.

7. Тарифке қосылатын пайда инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаржат көлемімен шектеледі.

8. Уәкілетті орган бекітетін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын іске асыру өз қаражаты және қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

9. Қарыз қаражатын қайтару пайда, амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.

10. Бекітілген тарифтік сметаны, инвестициялық бағдарламаны орындамау белгіленген тәртіппен уақытша өтемдік тарифті енгізу үшін негіз болып табылады.
18-бап. Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі
1. Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолдана отырып табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне тарифті уәкілетті орган бес және одан көп жылға бекітеді және мыналарды:

бақыланатын және бақыланбайтын (өндірістік және өндірістік емес) шығындарды айқындауды;

табиғи монополия субъектісінің пайда есебін;

табиғи монополия субъектісі қызметі тиімділігінің нысаналы көрсеткіштерін анықтауды;

мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган белгілеген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін қолдануды;

қызметтер (көрсетудің) сапа стандарттарын сақтағаны үшін бонус және айыппұл есебін қамтиды.

2. Табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштері жеке және (немесе) салалық болып табылады және табиғи монополия субъектісінің бақыланатын шығындарына қолданылады.

3. Бақыланатын шығындарға салықтарға, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, стратегиялық тауарлар сатып алуға шығындар жатады.

Бақыланатын шығындарға бақыланбайтын шығындарға жататын шығындар кіреді.

Бақыланатын және бақыланбайтындарға жататын және траифтің шығын бөлігіне кіретін шығындар түрлері осы Заңның 18-бабына сәйкес айқындалады.

4. Табиғи монополия субъектісі жыл сайын реттеу кезеңіндегі есепті жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей уәкілетті органға есепті кезеңде нақты қол жеткізілген кірістер, шығыстар мен тарифтер мен есептер туралы есеп ұсынады.

Есепті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне есепті кезеңде нақты қол жеткізілген бақыланбайтын шығыстардың және дұрыс деп танылған көрсетілген қызметтердің мөлшері туралы хабарлама жібереді.

5. Табиғи монополия субъектісі жыл сайын қызмет сапасы стандартының әрекет ету кезеңіндегі есепті жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей уәкілетті органға қызметтер сапасы стандартын сақтау туралы есеп ұсынады.

Есепті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне қызмет сапасын сақтау коэффициентін есептеуді қоса бере отырып, есепті кезеңде табиғи монополия субъектісінің қызмет сапа стандартын сақтауы туралы хабарлама береді.

6. Табиғи монополия субъектісі есептіден кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей тарифті:

есепті кезеңде нақты қол жеткізілген көрсетілген қызмет көлемінің тарифті бекіту кезінде ескерілген болжалды көлемнен ауытқуларды;

есепті кезеңде нақты қол жеткізілген бақыланбайтын шығындар көлемінің тарифті бекіту кезінде ескерілген бақыланбайтын шығындар деңгейінен ауытқуларды;

есепті жылы қол жеткізілген қызмет сапасы стандартын сақтау коэффициентін ескере отырып өзгертеді.

7. Табиғи монополия субъектісі бақыланатын шығыстарды төмендету нәтижесінде қол жеткізген қаражатты үнемдеуді табиғи монополия субъектісі өз бетінше жұмсай алады.
19-бап. Индекстеу әдісі
1. Индекстеу әдісін қолдана отырып табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметке тарифті табиғи монополия субъектісі өткен тарифті уәкілетті орган айқындайтын деңгейне жыл сайын индекстеу арқылы белгілейді.

2. Тарифті индекстеу деңгейін уәкілетті орган жыл сайын күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму өлшемшарттарын ескере отырып айқындайды.

3. Индекстеу әдісін қолдана отырып тарифтерді белгілеуді табиғи монополия субъектісі уәкілетті органды хабардар ете отырып жүзеге асырады.
20-бап. Концессия шартын жасасқан кезде тариф белгілеу
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін қажетті шығындар құнынан төмен болмауы және инвестицияланған капиталын қайтаруын қамтамасыз етуге тиіс.

2. Уәкілетті орган айқындайтын, өз қызметін концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру және бекіту тәртібі концессия шартында көзделеді.

3. Тарифтерді бекітуді уәкілетті органның ведомствосы:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің бастамасы бойынша;

2) уәкілетті органның бастамасы бойынша жүргізеді.

4. Тарифтердің қолданылу мерзімдері мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі инвестициялық бағдарламаны және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде концессия шартын іске асыруға көзделгеннен аспай тын кезеңге белгіленеді.

5. Бұл ретте, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің тиімді жұмыс істеуі үшін пайда алу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, инвестицияланған капиталды қайтаруды есепке алмастан қалыптастырылады.
21-бап. Тарифтерді қалыптастыру процесінің жариялылығы
1. Тарифтерді қалыптастыру процесінің жариялылығы:

1) табиғи монополияар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру процесіне жататын ақпаратты жария орналастырумен;

2) жария тыңдаулар өткізумен қамтамасыз етіледі.

2. Көрсетілетін қызметтерге тарифтің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттар депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін шақыра отырып өткізіледі.

3. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында:

1) тиісті негіздемелермен тұтынушыларға және өзге мүдделі тұлғаларға қызметтер көрсету бойынша қызмет туралы есепті;

2) инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті орналастырады.

4. Уәкілетті органның ақпараттық автоматтандырылған жүйесіне орналастыруға жататын ақпаратқа:

табиғи монополиялар субъектілерінің тіркелімі;

уәкілетті органның құқықтық актісі;

қолданыстағы тариф;

бекітілген тарифтік смета, бар болған жағдайда және инвестициялық бағдарлама;

табиғи монополия субъектісінің есебі;

берілген рұқсаттардың тізілімі;

әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы уәкілетті органның қаулысы;

уәкілетті органның қатысуымен өткен талқылаулардың қорытындысы бойынша сот шешімі;

табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру процесіне қатысты өзге де ақпарат жатады.

5. Уәкілеті органның ақпараттық автоматтандырылған жүйесін пайдалана отырып:

табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру;

уәкілетті орган мен табиғи монополия субъектісі арасындағы құжат айналымы;

табиғи монополиялар туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде ақпаратты жинау, талдау және өңдеу;

табиғи монополиялар субъектілерінің тіркелімін қалыптастыру және жүргізу процесін автоматтандыру қамтамасыз етіледі.

6. Уәкілетті орган адамдардың шектелмеген тобы үшін ақпараттық автоматтандырылған жүйеге ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
22-бап. Реттеліп көрсетілетін қызметке қол жеткізу


  1. Реттеліп көрсетілетін қызметке қол жеткізу:

1) Заңның осы бабының 2-тармағында көзделген ақпаратты табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсына орналастырумен;

2) объектілерді электр энергиясын беру және (немесе) бөлу және электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтауды беру, мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау, газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ тарту газ құбырларын, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға техникалық шарттар берумен қамтамасыз етіледі.

2. Табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында мынадай:

1) бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер желілерінің өткізу қабілеттерінің бар екендігі;

2) инженерлік коммуникациялар схемасы туралы тоқсан сайынғы ақпарат ақпарат орналастыруға жатады.

3. Объектілерді электр энергиясын беру және (немесе) бөлу және электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтауды беру, мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау, газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ тарту газ құбырларын, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға техникалық шарттарды табиғи монополия субъектісі он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге береді.


23-бап. Қолданылу мерзімі өткенге дейін тарифті өзгерту тәртібі
1. Қолданылу мерзімі өткенге дейін тарифті өзгертудің негіздері:

1) стратегиялық тауарлар құнының өзгеруі (жеткізу мен тасымалдауды қоса алғанда);

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық, алымдар және төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі;

3) жаңа инвестициялық бағдарламаны іске асыру халықаралық қаржы ұйымдарыныан қарыз қаражатын тартумен немесе мемлекетітк бағдарламаларды ңске асырумен байланысты, тариф деңгейін бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асырудың қалған мерзіміне болжанатын көрсеткіштерден тыс өзгертуді талап етуі;

4) табиғи монополиялар субъетілерінің қызмет тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу және тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі кезінде қызметтердің сапа стандарттарын орындау болып табылады.

2. Тарифтің өзгеруі уәкілетті органның немесе табиғи монополия субъектісінің бастамасы бойынша, жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.

3. Стратегиялық тауарлар:

1) табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны;

2) электр энергиясын беру және тарату, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр энергиясы;

3) жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін – жылу энергиясы;

4) газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ;

5) сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – сатып алынатын су болып табылады.


24-бап. Тарифтердi оңайлатылған тәртiппен бекiту
1. Тарифтердi оңайлатылған тәртiппен бекiту:

1) жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсiнiң көрсетiлетiн қызметтерiне;

2) жаңа реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге;

3) егер табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне қолданылып жүрген тарифтер объектiлер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекiтiлген болса, жаңа объектiлерге және (немесе) учаскелерге;

4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң көрсетiлетiн қызметтерiне жүргiзiледi.

2. Оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифтердің қолданылу мерзімі, осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасын қоспағанда, тоғыз айдан аспауға тиіс.

3. Тарифтердi және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

Оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифтерді асырған жағдайда, уәкілетті орган жаңа тарифтерді енгізумен бір мезгілде келтірілген залалдарды тұтынушыларға өтеу туралы шешім қабылдауға міндетті.

4. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі осы Заңда белгіленген мәннен аспайтын мынадай:

жалпы белгіленген қуаттылығы жиырма Гкал/сағатты қоса алғанға дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;

көлемi жылына бес жүз мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;

көлемі жылына отыз миллион текше метрге дейiн суғару үшін су беру жөніндегі;

көлемі елу мың вагон/км-ге, вагон/сағатқа дейін болатын кірме жолдар саласындағы;

көлемі жылына жиырма бес миллион кВт.сағатқа дейін электр энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын және оған қатысты индекстеу әдісі қолданылатын табиғи монополия субъектiсi.

Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне кірісі күнтізбелік бір жыл ішінде табиғи монополия субъектісінің барлық реттеліп көрсетілетін қызметінен түсетін кірістің бес пайызынан аспайтын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша табиғи монополия субъектісі де жатады. Бұл ретте қалған реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісі қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне жатпайды.

6. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне тариф индекстеу әдісін қолданумен бекітіледі.


25-бап. Инвестициялық бағдарламаны бекіту
1. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасы Қазақстан Республикасының даму басымдықтарын және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып әзірленеді және:

1) жаңа активтерді жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға;

2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге;

3) көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға;

4) қажет болған жағдайда үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға бағытталуы тиіс.

2. Инвестициялық бағдарламаны орындау инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараларды орындау арқылы жүзеге асырылады.

3. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекіту тәртібі, инвестициялық бағдарламаның нысаны, оның орындалуы туралы ақпараттың нысаны және бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурста жариялауға арналған нысан Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру және көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру тәртібіне сәйкес айқындалады.
26-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруы

1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтердi бекiту кезiнде ескерiлетiн қызмет көрсетулердi сатып алу осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.

2. Табиғи монополия субъектiсi:

1) электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған, тиiстi тауар нарығында электр энергиясының тапшылығы болған;

2) табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға қойылатын, электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуға арналған шарттарға сай келмеген;

3) электр энергиясын беру және бөлу салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағымының жоспарлыдан ауытқуларына өтем жасау мақсатында электр энергиясын сатып алған;

4) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газ тарату ұйымдарынан газ сатып алған;

5) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алған жағдайларды қоспағанда, стратегиялық тауарларды сатып алуды тiкелей стратегиялық тауар өндiрушiлерден жүзеге асырады.

3. Сатып алуды өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес уәкілетті орган айқындайды.

4. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң үлестес тұлғалары үшiн конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде өкiлдiк етуге құқылы.

5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда табиғи монополия субъектісі сатып алуды бір көзден алу, екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, оның ішінде электрондық сатып алу арқылы жүзеге асыра алады.

6. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Табиғи монополия субъектiсi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген шектi мөлшерден асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

8. Табиғи монополия субъектiсiнiң екi және одан да көп үлестес тұлғаларының, Қазақстан Республикасы Yкiметi белгiлеген жағдайларды қоспағанда, аталған табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.

9. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы толық жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.

4-тарау. Табиғи монополиялар салаларының қатысушылары
27-бап. Табиғи монополия субъектісінің құқықтары мен міндеттері
1. Табиғи монополия субъектісі:


  1. уәкілетті органға Табиғи монополия субъектілерінің тіркеліміне енгізу, алып тастау, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу және осы Заңға сәйкес көрсетілетін қызметтерге тарифтерді белгілеу туралы өтінішті ұсынуға;

  2. тұтынушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық талаптардың сақталуын талап етуге;

  3. тарифтердің қолданылуы кезеңінде уәкілетті орган бекіткен тәртіппен барлық тұтынушылар үшін көрсетілетін қызметтерге тарифтерді төмендетуге;

  4. неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергоаудит нәтижесінде әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендетуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері жөніндегі іс-шараларды өткізуге байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес иелік етуге;

  5. коммуналдық қызметтерді есепке алудың жеке аспаптарын тексеруді ұйымдастыру үшін жеке есепке алу аспаптарына қол жеткізуді тұтынушылардан талап етуге;

  6. тұтынушылар коммуналдық қызметтерді есепке алудың жеке аспаптарын тексеруді ұйымдастыру үшін жеке есепке алу аспаптарына қол жеткізуден бас тартқан жағдайда коммуналдық қызметтерді ұсынудан бас тартуға құқылы

2.Табиғи монополия субъектісі:

1) осы Заңға сәйкес белгіленген тарифтер бойынша қызметтерді ұсынуға;

2) тұтынушыларға осы Заңға сәйкес көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;

3) осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қызметтерді көрсетудің тең жағдайларын тұтынушыларға ұсынуға;

4) осы көрсетілетін қызметке жатпайтын көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қосымша талаптарын немесе шарттарын белгілемеуге;

5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын жеке кассалар, банктер және ұйымдар, интернет-ресурстар немесе терминалдар арқылы арқылы оларға ұсынылған коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардан төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге;

6) құзырлы органдар бекіткен үлгі шарттарға сәйкес тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға;

7) тұтынушыларға коммуналдық қызметтердің үйге ортақ есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;

8) коммуналдық қызметтердің жеке есепке алу аспаптарын тексеруді ұйымдастыруға;

9) коммуналдық қызметтерді ұсынуға техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша тұтынушыларға коммуналдық қызметтер үшін есептеу жүргізуге;

10) үйге ортақ есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге;

11) есепке алу аспабы істен шыққан жағдайда, есепке алу аспабының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылатын коммуналдық қызметтерге төлем алуға;

12) сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тұтынушыларға тікелей не тұтынушының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде тарифті төмендету жолымен қайтаруға;

13) тұтынушылардың талабы бойынша белгіленген тариф, көрсетілетін қызметтер сапасы, есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға жұмсалатын шығындар туралы ақпаратты ұсынуға;

14) тұтынушылардың алдында қызметтер көрсету жөніндегі қызмет туралы жыл сайын есеп беруге;

15) тарифтің өзгеруі туралы ақпаратты қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күннен кешіктірмей тұтынушының назарына жеткізуге;

16) тарифтік реттеудің шығын әдісін қолдана отырып тарифті бекіту кезінде:

уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаны орындауға;

уәкілетті орган бекіткен инвестициялық бағдарламаны орындауға;

уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті ұсынуға;

шығындары тарифті бекіту кезінде ескерілген көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға;

уәкілетті орган бекіткен бөлек есептеуді жүргізудің үлгі әдістемесіне сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу әдістемесін әзірлеуге және бекітуге;

неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудиті нәтижесінде әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, жаңартуға және жаңа өндірістік активтерді жасауға бағыттауға;

тұтынушылардың талабы бойынша бекітілген тарифтік сметада және инвестициялық бағдарламада қамтылған ақпаратты ұсынуға;

14) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша бөлек есеп жүргiзудің үлгі әдістемесіне сәйкес кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзуге;

15) тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер желілерінің бос және қол жетімді қуаттары, сыйымдылықтары, орындары, өткізу қабілеттері туралы ақпаратты, сондай-ақ инженерлік коммуникациялардың схемаларын орналастыруға;

16) уәкілетті органның талабы бойынша қаржылық есептілікті және өзге қажетті ақпаратты қағаз немесе электрондық жеткізгіште уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжатты орналастыру жолымен, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын, уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде жеткізуге міндетті.

Осы баптың 13) тармақшасында, 15) тармақшаның 2, 3 және 5-абзацтарында және 17-тармақшасында көзделген міндеттер қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілеріне қолданылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет