Табиғи монополиялар туралы 1-тарау. Жалпы ережелер


-бап. Табиғи монополия субъектісінің қызметтерін тұтынушының құқықтары мен міндеттері



бет3/3
Дата14.03.2018
өлшемі479.25 Kb.
#20928
1   2   3

28-бап. Табиғи монополия субъектісінің қызметтерін тұтынушының құқықтары мен міндеттері


  1. Табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметтерді тұтынушы:

  1. уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін сатып алуға;

  2. жария тыңдауларға қатысуға құқылы.

  1. Табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметтерді тұтынушы:

  1. осы Заңға сәйкес белгіленген тарифтер бойынша табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

  2. коммуналдық қызметтерді жеке есепке алу аспаптары болуы;

  3. коммуналдық қызметтерді жеке есепке алу аспаптарын орнату, оларға техникалық қызмет көрсетуді жүргізу және оларды тексеруді ұйымдастыру үшін табиғи монополия субъектілеріне жеке есепке алу аспаптарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.


29-бап. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес


  1. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын талқылау және әзірлеу бойынша уәкілетті органның жанындағы алқалық орган болып табылады.

  2. Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісім бойынша), уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, табиғи монополиялар субъектілері тұтынушыларының қоғамдық бірлестігінің, жеке кәсіпкерлік субъектілері, табиғи монополиялар субъектілері бірлестіктерінің өкілдері және өзге де мүдделі адамдар кіреді.

  3. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес табиғи монополия саласындағы тарифтерді белгілеудің проблемалық мәселелері бойынша комиссиялар құрады;

  4. Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамы уәкілетті органның шешімімен бекітіледі.

  5. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес:

  1. табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысады;

  2. табиғи монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстарды дайындайды;

  3. коммуналдық қызметтерге арналған тарифтердің инфляцияға жиынтық үлесін мақұлдау бойынша уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсынысын келіседі;

  4. уәкілетті органға консультациялық, әдістемелік және өзге қолдау көрсетеді;

  5. тарифтік саясатты іске асыруға қатысуға қоғамдық, ғылыми және өзге ұйымдарды тартуға жәрдемдеседі;


30-бап. Табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері


  1. Табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді тұтынушылар өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері:

  1. табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысады;

  2. табиғи монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары бойынша уәкілетті органға ұсыныстар жолдайды;

  3. тарифтерді, тарифтік сметаларды, инвестициялық бағдарламаларды және өзге де құжаттар жобаларын қарауға қатысады;

  4. табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаларын, инвестициялық бағдарламаларын орындау мониторингін уәкілетті органның жүзеге асыруына қатысады;

  5. тұтынушылардың құқықтары мен табиғи монополиялар субъектілерінің міндеттері туралы ақпаратты таратады;

  6. уәкілетті, мемлекеттік органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен, соттармен және өзге де адамдармен қатынастарда тұтынушылардың мүдделерін білдіреді;

  7. табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың атынан тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы сотқа талап-арыз береді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де функцияларды орындайды.

3. Облыстың, қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында табиғи монополиялар субъектілерінің көрсететін қызметтерін тұтынушылардың бір жергілікті қоғамдық бірлестігі құрылуы және қызмет етуі мүмкін;

4. Табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді тұтынушылардың жергілікті қоғамдық бірлестіктері табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді тұтынушылардың республикалық қоғамдық бірлестігіне бірігеді.

5. Табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін қаржыландыру ерікті жарналардың, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру кезіндегі сыйақылардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.

6. Табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының азаматтық және өзге де заңнамасымен реттеледі.

5-тарау. Мемлекеттік бақылау.

31-бап. Мемлекеттік бақылау
1. Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган мынадай ден қою шараларын қабылдайды:



  1. тексеру нәтижелері туралы акт жасайды;

  2. әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;

  3. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарады;

  4. материалдарды құқық қорғау және өзге органдарға береді.


32-бап. Уәкiлеттi органның нұсқамалары
1. Уәкiлеттi органның нұсқамаларын табиғи монополиялар субъектiлерi, мемлекеттiк органдар, олардың басшылары шешiмдерде (нұсқамаларда) көзделген мерзiмде, бiрақ оларды алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей орындайды.

2. Мемлекеттiк органдар осы Заңды бұза отырып қабылданған актiлердi жою туралы немесе өзгерту туралы, не бастапқы жағдайды қалпына келтiру туралы нұсқамаларды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы актiлердi (толық немесе iшiнара) жарамсыз деп тану туралы және (немесе) бастапқы жағдайды қалпына келтiруге мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.

3. Табиғи монополия субъектiсi уәкілетті органның нұсқамасын орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн нұсқамада көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызды сотқа ұсынуға құқылы.

6-тарау. Табиғи монополиялар саласындағы жауапкершілік
33-бап. Осы Заңды бұзудың салдарлары
1. Осы Заңды бұзған жағдайда табиғи монополиялар субъектiлерi, мемлекеттiк органдар, олардың басшылары:

1) осы Заңды бұзуды тоқтатуға және оның салдарларын жоюға;

2) бастапқы жағдайды қалпына келтiруге немесе нұсқамада көрсетiлген өзге iс-әрекеттердi жасауға;

3) келтiрiлген залалды және (немесе) зиянды тiкелей немесе тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) уақытша төмендету арқылы өтеу үшiн шаралар қолдануға;

4) осы Заңға сәйкес келмейтiн актiлердi жоюға немесе өзгертуге мiндеттi.

2. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне өзі жүргізген тексерулер материалдарының негізінде, табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпаратын талдау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, уақытша өтемдік тарифті белгілейді. Табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын тексеру, талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап уақытша өтемдік тарифті енгізу жүзеге асырылады.

Қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
34-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік
Осы Заңды бұзғаны үшін кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
35-бап. Уақытша өтемдік тариф
1. Уақытша өтемдік тарифті уәкілетті орган мыналардың:


  1. табиғи монополия субъектісінің қызметін тексеру;

  2. табиғи монополия субъектісі ұсынатын тарифтік сметаның, инвестициялық бағдарламаның және осы Заңда белгіленген өзге де міндеттерінің орындалуы туралы ақпаратты талдау нәтижесінде бекітеді.

2.Уақытша өтемдік тарифті бекітудің негіздемелері мыналар:

1) осы Заңға сәйкес белгіленген тарифті арттыру;

2) амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау;

3) бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамау;

4) неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын қоспағанда, тарифтік смета шығындарының баптарын уәкілетті орган бекіткен мөлшерден елу пайыздан астамға орындамау болып табылады.
36-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан келтiрiлген залалдарды өтеуi
Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, оның iшiнде тарифтердi көтеру, көрсетiлетiн қызметтер ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.
37-бап. Табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу
Егер табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.

7-тарау. Қорытынды ережелер
38-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214- құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66- құжат; 2001 ж., № 23, 309- құжат; 2002 ж., № 23-24, 193- құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22- құжат; № 4, 24- құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129- құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87- құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I,100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117- құжат; № 21-II, 131-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат).



Қазақстан Республикасының

Президенті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет