«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 998 ж шiлдедегі №272-i заңы (2017. 30. 11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



бет2/5
Дата14.03.2018
өлшемі1.13 Mb.
#20923
1   2   3   4   5

7-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мiндеттерi

Табиғи монополия субъектiсi:

1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шешiмдерiн орындауға;

2) осы бөліктің 2-3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша ұсынуға;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-1) тұтынушыларға ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар және (немесе) терминалдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл талап осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды;

2-2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларына реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге;

7-баптың бірінші бөлігінің 2-3) тармақшасының қолданылуы 2015 ж. 1 сәуірге дейін тоқтатылды

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-3) осы бөліктің 3-1) тармақшасында көзделген жағдайды ескере отырып, уәкілетті орган бекіткен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсынуға;

3) тәртібі «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін өнімді магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа кезде, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды, оның iшiнде уәкілетті орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;

3-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекітілген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бірыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсынуға;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен, шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн көрсетілетін қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруға;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



4-1) неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағыттауға;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5) уәкілетті органның талап етуі бойынша қаржылық есептілік пен өзге де қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжатты орналастыру жолымен қағаз немесе электрондық жеткізгіште беруге;

6) қоғамдық, экологиялық қауiпсiздiк және азаматтар денсаулығы үшiн қауiпсiздiк принциптерiн сақтай отырып, табиғи монополияның қызметтер өндiруi мен ұсынуының неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға;



2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) акционерлік қоғамдар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін аудиторлық ұйымдармен жыл сайынғы міндетті аудит жүргізуге міндетті. Аудиторлық есеп және жылдық қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылдық қаржылық есептілік бекітілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылуға және табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жариялануға тиіс;

7-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзуге;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7-2) осы Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тарифтiк сметаны орындауға;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7-3) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайын негіздемелерімен есеп беруге;

7-4) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті ұсынуға және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-6) тармақшамен толықтырылды

7-6) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұтынушыларды инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың), тарифтік сметалардың орындалу барысы туралы өзінің интернет-ресурсы не уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы жарты жылда бір рет хабардар етуге;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-7) тармақшамен толықтырылды

7-7) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті орналастыруға;

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 7-8) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-8) реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер туралы ақпаратты және тарифтік сметаларды олардың бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзінің интернет-ресурсында, техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда - жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға;

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 7-9) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-9) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын орналастыруға;

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 7-10) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-10) тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мерзімді баспасөз басылымында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын орналастыруға;

8) уәкілетті орган бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға;



8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен оларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасуға;

9) тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнатуға;

9-1) есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алуға;

10) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ұсынуға;

12) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;

13) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар етуге;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

13-1) «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен монополияға қарсы органды реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметтің жүзеге асырылуының басталғаны туралы хабардар етуге;

14) 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)



2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)

14-1) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



14-1) тарифті, оның шекті деңгейін және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржылық және техникалық сараптама қорытындыларын беруге;

15) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерістер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;

2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

16) мүлікті мемлекет меншігіне беру, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1-тармағында аталған, электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектілерінің электр желілерін беру жағдайларын қоспағанда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiруге және ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен шығаруға міндетті.

Көрсетілетін қызметтері табиғи монополиялар саласына жатқызылатын кірме жолды иеліктен шығарған жағдайда, осы кірме жолдың иесі тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алудың шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, жұмыс істеп тұрған тұтынушыға үшінші тұлғалар алдында оны сатып алудың басым құқығын беруге міндетті.

Жұмыс істеп тұрған тұтынушылар екі және одан көп болған кезде басым құқық тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алудың шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, соңғы 12 айда көрсетілетін қызметтердің көбірек көлемін (мың вагон/км, вагон/сағат) алған тұтынушыға беріледі;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



17) уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргізу әдiстемесiн әзiрлеуге;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



18) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға және инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген қаражатты табиғи монополия субъектісінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды, олар тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған шекті деңгейлерінің өсуіне әкеп соқпайтын жағдайда, іске асыруға, сондай-ақ қолда бар активтерін қалпына келтіруге, жаңартуға, кеңейтуге, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға басымдықпен бағыттауға;

19) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20) нормативтен тыс ысыраптардың болуына жол бермеуге;

21) нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімге төмендетуге;

22) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



23) табиғи монополия субъектісі коммуналдық қызметтер көрсеткен жағдайда, мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік ақпаратты табыс етуге;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24) тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) желілерінің өткізу қабілеттері, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар схемасының бар екендігі туралы ақпарат орналастыруға;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

25) сауалдар бойынша, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында инженерлік коммуникациялар туралы мәліметтерді «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беруді қамтамасыз етуге;



2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды

26) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтаруға;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды; 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

27) тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын сақтауға міндетті.

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен екінші бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен екінші бөлік өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



Осы баптың бірінші бөлігінің 4), 7-1), 7-3), 7-8), 17), 18) және 24) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен үшінші бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-3) тармақшасында көзделген мiндет қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне, жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.

 

7-1-бап. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

7-2-бап. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

7-3-бап. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен 7-4-баппен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 7-4-баптың тақырыбы өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7-4-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қаржылық есептілігін, есептерін, хабарламалары мен ақпаратын қабылдау

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Табиғи монополиялар субъектілерінің қаржылық есептілігі, есептері, хабарламалары мен ақпараты уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімдерде беріледі.

2. Қаржылық есептілікті, есептерді, хабарламалар мен ақпаратты уәкілетті органға берген күн олардың берілу тәсіліне қарай:

1) келу тәртібімен - уәкілетті органның қабылдау туралы белгі қойған күні;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгі қойған күні;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) электрондық құжат түрінде - қабылдау туралы электрондық хабарламада көрсетілген, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылдаған күн болып табылады.

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Пошта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз жеткізгіштегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау уақыты мен күнінің белгісі болған кезде мерзімінде берілді деп есептеледі.

Уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы берілген, электрондық құжат түріндегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат мерзімінде берілді деп есептеледі.

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат электрондық құжат түрінде берілген кезде уәкілетті орган бұлар электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия субъектісіне қабылдағаны туралы электрондық хабарлама жіберуге міндетті.

 

8-бап. ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)



 

9-бап. ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертілді



10-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары

Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:

1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша сатып алуға, есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге не оларды өздерi сатып алуға және орнатуға;

2) шешiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жаңа шешiмдер қабылдау немесе қолданылып жүрген шешiмдердiң күшiн жою туралы уәкiлеттi органға өтiнiш беруге;

3) уәкiлеттi органның әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ ол қабылдаған шешiмдерге сот тәртібімен шағымдануға;

4) уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртібімен табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекеттерiне шағымдануға;

4-1) жария тыңдауларға қатысуға;

4-2) табиғи монополия субъектісінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы жөніндегі тендерлерге қатысуға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.

 

26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді; 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 11-бап жаңа редакцияда; 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



11-бап. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының міндеттері

Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:

1) табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері белгілейтін техникалық талаптарды орындауға;

4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарының болуы міндетті.

 

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 12-бап жаңа редакцияда



12-бап. Уәкiлеттi орган

Уәкілетті органның ережесін, құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

 

12-1-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 13-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді



13-бап. Уәкiлеттi органның функциялары

1. Уәкілетті орган:



1) табиғи монополиялар субъектілерін бақылау мен олардың қызметін реттеуді жүзеге асырады;

1-1) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-2) табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды

1-3) халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін айқындайды;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды



1-4) халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекітеді;

2) табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырады және жүргiзедi;

3) мемлекеттік органдар және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;

3-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) сараптама кеңесін құрады және ол туралы ережені бекітеді;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн әзiрлейдi, бекітеді және қолданады;

4-1) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4-2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4-3) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізеді;

4-4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 4-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 4-5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



4-5) табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4-6) тармақшамен толықтырылды

4-6) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4-7), 4-8), 4-9), 4-10), 4-11) және 4-12) тармақшалармен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-7) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) жобаларын қалыптастыру және бағалау, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингілеу және бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

4-8) тармақша 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді



4-8) тиісті салада (аяда) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын қалыптастыру және сапасын бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

4-9) тармақша 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

4-9) тариф белгілеудің ынталандырушы әдістерін ескере отырып, тарифті есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

4-10) табиғи монополиялардың тиісті салаларын тарифтік реттеу әдісін белгілейді;

4-11) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

4-12) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде осы нарықтың табиғи монополия жағдайында тұрғандығы анықталған жағдайларда, реттеуді енгізеді;

2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 4-13) тармақшамен толықтырылды

4-13) қызметі «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті немесе оның шекті деңгейін бекіту тәртібін айқындайды;

5) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5-1) - 5-4) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5-5) 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  алып тасталды (бұр.р ед.қара)



5-6) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порттар қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындайды;

5-7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды береді;



5-8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

6) 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда; 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді

14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары

1. Уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:



1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарын әзiрлейді және бекiтеді;

2) табиғи монополиялар аясындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;

3) мемлекеттік реттеу мен бақылауды енгізу, өзгерту немесе тоқтату туралы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;

4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес табиғи монополиялар қызметiн реттейтiн және бақылайтын шешiмдер қабылдауға;

5) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактілері бойынша бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;

6) табиғи монополиялар субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгізуге;

6-1) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттік органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзған жағдайда орындалуы мiндеттi нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлкiн иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге;

8) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;

9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;

10) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және қарауға, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдануға;

11) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын ол белгiлеген тәртiппен өзгертуге бастамашылық жасауға;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11-1) мынадай:

реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері ұлғайған;

негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына арналған шығындарды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шығындарды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің нақты шығындары қысқарған;

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын өзге де қызмет түрлерінен қомақты кірістер алынған;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайларда, осы Заңның 15-1-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендетуге бастамашылық жасауға;

12) 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  алып тасталды (бұр.ред.қара)

13) табиғи монополиялар субъектілеріне нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету мерзімін және шамасын белгілеуге;

13-1) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-2) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-3) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-4) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға;

14) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн, осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемінде он екі айға белгiлеуге;

15) реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрi бойынша және өзге де қызмет бойынша тұтас алғанда кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу тәртібін бекітуге;

16) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектiсiн оңалту жоспарын келiсуге;

17) мемлекеттік органдар олардың құзыретi шегiнде белгiлеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге;

17-1) олар белгілеген тәртіпке сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшін ақы алу мөлшерін және тетігін келісуге;

17-2) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер үшін ақы мөлшерін бекітуге;

2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды



17-3) электр желілерін балансына және (немесе) сенімгерлік басқаруға қабылдаған жағдайда, сондай-ақ оларды басқа энергия беруші ұйымдардан өтеусіз пайдалануға алған кезде қолданыстағы тарифтік сметаларды бекітілген және қолданыстағы тариф шеңберінде олардың қалған қолдану мерзіміне түзетуге;

18) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



18-1) қалалардағы, аудандар мен облыстардағы жылу және электр желілерін, газ тарату жүйелерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту жоспарларын келісуге;

19) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

20) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітуге;

20-1) 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беруге;

22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

3. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердiң жария етiлгенi үшiн белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.

 

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-1-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда; 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14-1-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-1-бап өзгертілді



14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi

1. Уәкілетті орган:

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара); 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) мынадай:

тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін заңсыз көтеру;

неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын, сондай-ақ осы Заңның 15-3-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) іс-шараларын орындамау;



амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау;

неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын қоспағанда, тарифтік сметадағы шығындар баптарының уәкілетті орган бекіткен мөлшерлердің бес пайызынан астамын орындамау жағдайларында табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарды өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге немесе өзгертуге өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартуын өтінімнің берілу нысанына қарай жазбаша не электрондық құжат түрінде негіздеуге;

3) тұтынушыларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімдерін қараған кезде жария тыңдауларды өткізуге;

4-1) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) мыналардың:

тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітудiң;

тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын ұсынудың;

уақытша төмендету коэффициентiн бекiтудiң;

уақытша өтемдік тарифті бекітудің;

сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеудің және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтарудың тәртібін айқындауға;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) мыналарға:

табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын;

шығындары табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуға бақылауды жүзеге асыруға;

6) осы Заңның бұзылу жағдайлары және кінәлі адамдардың жауапқа тартылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге;

2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6-1) шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында:

табиғи монополиялар субъектiлерiнің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімдерін қараған кезде жария тыңдаулар өткізу туралы ақпаратты;

сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеудің нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару туралы ақпаратты орналастыруға;

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-2) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) туралы ақпаратты және тарифтік сметаларды олар бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

2. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

Ескертпе. 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап жаңа редакцияда; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді



Каталог: uploads
uploads -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
uploads -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
uploads -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
uploads -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
uploads -> «Бекітемін» С. Ж. Асфендияров атындағы
uploads -> Ақмола оато үшін есікті қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2016 жылғы 11 қазан Астана қ. Тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
uploads -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет