Тағылымы терең 30 жоба



Дата13.05.2022
өлшемі45.14 Kb.
#173839
Байланысты:
ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ 30 ЖОБА
инста

ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ 30 ЖОБА

Әлемдегі өзге мемлекеттермен терезесі тең өмір сүруге мүмкіндік алу – кез келген ұлттың ұлы мұраты. Ал мақсатты жүзеге асыруда университет берер тәрбиенің мәні зор. Қожа Ахмет Яссауи халықаралық университетінде болашақ тілшілерді шыңдау мақсатында олимпиада өтіп, білім ордасы болашаққа қойған мақсаттарымен бөлісті. Осы жөнінде М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулати» командасының көшбасшысы, Шерағаңдардың ізін жалғаушы Нұрболат Аманбекпен сұқбаттасқан едік.

Журналистер аламанына келген қадамыңыз құтты болсын! Жарыс қалай өтуде? Бірінші күннен алған әсеріңіз қандай?

– Жарыс бірінші күннен ақ өте қызықты басталды. Әлеуметтік мәселелерді қаузайтын бейнесюжеттер көрсетілді. Қазылар алқасы баға қойып, кеткен олқылықтарды атап, келесіде орнын толтыруды тапсырды. Кейін Қожа Ахмет Яссауи халықаралық университетінің конференция залында «30 жылда – 30 жоба» атты концерт өтті. Жиын барысында университет ректоры сөз алып, қоғамның дамуын тікелей жүзеге асыратын студенттер екендігін атады. Ал студенттердің дамуына тікелей университет пен қоршаған ортасы әсер етеді. Ректордың сөзіне сүйенер болсақ, жоғарғы оқу орнының үш түрлі миссиясы бар екен. Атап айтар болсақ, студенттерді сапалы біліммен қамтамасыз ету және ғылыми зерттеу жүргізу. Тек алғашқы екі принципті қалыптастырған кезде, қоғамға пайдалы болу үшінші миссияны орындай алады екенбіз. Концерт барысында, осы үш миссияның орындалуын қамтамасыз ететін университет қабырғасында атқарылған жобалардың презентациясы дүйім жұртқа ұсынылды.

Қандай жобалар қолға алынды? Өз нәтижесін бере алған сүбелі жобаларды атап өтесіз бе?

– 2050 жылға қарай жердегі адам баласының саны 9 миллиардқа жетеді екен. Яғни, болашақ ұрпақтың жағдайын жақсарту үшін қазіргі сәттен бастап еңбек ету керек. Дәл осы сөзді конференция залындағы жобалар туралы тарқата білген әрбір профессорлар мен оқытушылардың жүрек үнінен естігендей болдым. Мысалы, «Ана жұрттан ата жұртқа- 100 оқулық» жобасы. Түркия Республикасының университеттерінде оқу құралы ретінде пайдаланылатын таңдаулы жүз кітап қазақ тіліне аударылады. Анадолу университетінің тапсырысымен маңызды ғалымдар жазып шығарған бұл оқулықтар еліміздің ғылыми әлеуетіне қызмет ететін болады. Қазіргі таңда қазақ тіліне он бір оқулық аударылыпты. Мүмкіндігі шектеулі жас жеткіншектерді қоғамнан аластатпау мақсатында инклюзивті білім беру орталығы да ашылмақ. Жұмыссыздықтың көзін жою мақсатта арнайы әйелдер мен жастарға арналған кәсіпкерлік курстары да ұйымдастырылыпты. Таңданысымды жасырмаймын, асырылған жобалардың басталғанына көп уақыт болғанына қармастан, нәтижесін беріп те үлгеріпті. Мысалы, «бариста» курсын тәмамдап, отыз жеті адам сертификатқа ие болған. Бариста атанған жас мамандар өз кофеханасын да ашып, бүгінгі таңда қаражат тауып отырған жайы бар екен. Студенттерге оқу барысында керекті құрал жабдықты қамтамасыз ету мақсатта арнайы шеберханаларды құру мен жасақтау да жоспарда бар екен. Атап айтқанда, «Дәнекерлеу бойынша оқу шеберханасы», «Роботтық техника кодтау шеберханасы», «Fablab оқу зертханасы». Қазақстан Республикасындағы қоғам өмірінің кез келген саласында дін құбылысын ғылыми зерттеу мақсатында «Түркология» ҒЗИ ғимаратын соғуды мақсат етіп, мамыр айында аталған жоба өз жұмысын бастамақ. Бұл жоғары кәсіби деңгейдегі мамандарды даярлайтын өзіндік дәстүрі бар білім және ғылым орталығына айналмақ.

Техникалық мамандыққа қатысты тың жобалар болды ма?



– Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, « Білімге деген көзқарасымызды барлымызға өзгерту керек. Гуманитарлық мамандықтармен әуестену кезеңі келмеске кетіп, техникалық мамандықтарға мән беретін кез келді. Инженер мен өнеркәсіп өкілдеріне басымдық беру керек» деген ұстанымды ұстаған университет инженерия саласы бойынша да тың жобаларды жүзеге асырмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет