Танымал актер Әбілмансұр Серіков бала кезіндегі қызық оқиғаларын еске түсіріп, "Urpaq" подкастында бала тәрбиесі туралы ойын бөлісті. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Актердың әкесі, елімізге танымал сатира жұлдызы – Әбунасыр Серіков. 

“Есімде қалған жайт бар. Әкем анама 200 теңге берген. Анам 200 теңгені жасыл шалбарымның қалтасына салып қойған. Мен балалармен ойнауға далаға шығып кетем. Ойнап жүріп, қолымды қалтама салсам, 200 теңге жатыр. Дүкенге барып, балаларды ертіп алып, майда-шүйденің бәрін алдым. Сөйтіп 200 теңгенің басына су құйып тастадым. Нәтижесінде әкемнен өліп таяқ жедім. Әкем жаман болсын деп ұрмайтын. Мен қатты бұзық болдым. Шектен шығып кеткенде әкем сабама түсіріп қоятын. Басында жай сөзбен айтатын. Бірақ бала болып, ұмытып кетесің. Бір рет бір баланың өкшесін жарып жібердім. Әткеншекке қатты тербеткенде, өкшесі темірге тиіп, жарып жібергенмін. Ол баланы әкесі мен шешесі келді. Сол кезде таяқ жегенім бар. Таяқ жегенім көп. Ол кісі "жыныңды қағам" дейтін де, қамшымен сабайтын", – деді актер. 

  • Экс-премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа лауазымға тағайындалды

  • Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде Kaspi.kz-пен бірге 200 млн теңге

Одан кейін актер жеке өмірі туралы да айтып өтті. Некесі сәтсіз болса да, ұлдарына бас-көз болатынын жасырмады. 

“Алғашқы некемнен екі ұлым бар. Ұлым дүниеге келген күні М.Әуезов театрында актермін. Жаңа жыл уақыты, тышқан рөлін ойнап жүрмін. Екінші ұлым Алматыда дүниеге келді. Мен ол уақытта Астанада едім. Тұңғышыммен кіндігіміз байланып қалған. Ұлдарыммен байланыс үзбеймін. Олардың оқуын төлеймін, керек нәрсесін әперемін, ақыл айтатын кезде ақыл айтамын, ұрсатын кезде ұрысамын. Оған әке ретінде толыққанды құқығым бар. Қынжылатыным, кезінде әкемнен сұраған нәрсемді, өзім балаларыма бере алмай жатқаным. Әкенің махаббаты, мейірім, көңіл… Алматыға келгеннің өзінде жанында көп бола алмаймын. Түсіріліммен ары-бері шапқылап жүремін. Бірақ әрдайым хабарласып, қолдап жүрем", – деді Әбілмансұр Серіков. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.