Тақырыбы: Қазақ хандығының 550 жылдығы Тақырыбы: «Киелі де қасиетті Ер тұран мекені» сайыс Тукеева Раушан Кенесовна



жүктеу 66.69 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі66.69 Kb.
түріСабақ


Тақырыбы: Қазақ хандығының 550 жылдығы

Тақырыбы:

«Киелі де қасиетті Ер тұран мекені»

сайыс

Тукеева Раушан Кенесовна

2 Чкалов орта мектебі Тайынша ауданы СҚО



«Киелі де қасиетті Ер тұран мекені» атты сайыс

Мақсаты: І.Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын асқақтату. Қазақ хандығыныңң құрылуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің тарихын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады;

  2. Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады;

  3. Сын тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады;

  4. Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады.

Көрнекілігі: Безендірілген сынып,нақыл сөздер, тапсырмалар, сандар, әр топқа

даярлаған үстел,слайд-шоу.



Сабақтың түрі: Викториналық сайыс

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру сәті: Армысыздар бүгінгі «Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл» атты викториналық сайысын тамашалауға келген қонақтар және оқушылар! 1465 жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,

Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.

Жәнібек, Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді қазақ елі.

Алтай мен Атыраудың арасында

Жетісу, жеті өзеннің сағасында.

Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,

Хандық құрды қазақ өз даласында.

Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Осы тарихи оқиғаға байланысты мектебіміздің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған сайысымызды бастасақ :

Сыныптар 2 топқа бөлінеді: І-топ «Керей тобы», ІІ-топ «Жәнібек тобы

І 1. «Толған ел тарихын таспен жазады,

Тозған ел тарихын жаспен жазады» туры (тарихтан сұрақтар)

Топ басшылар ортаға шығады;

Барлығы 10 сұрақ беріледі;

Жылдам жауап беріледі;

Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар?

Керей мен Жәнібек сұлтандармен бірігіп көшкен алғашқы ру-тайпалардың атауы?

Қазақ хандығы қашан,қай жерде құрылды?

Керей мен Жәнібек сұлтандарға қоныс,жер бөліп берген Моғолстан ханы?

Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кеткен хандық?

Қазақ хандығының құрылуы туралы мәлімет беретін тарихи шығарма?

Қазақ хандығының алғашқы территориясы?

Қазақ хандығының Жәнібек ханнан кейінгі үшінші ханы?

Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы болған қала?

Қазақ хандығының құрылуы туралы жазылған “Тарихи Рашиди” еңбегінің авторы?

ІІ 4. «Ерлікті таба білу, ерді тани білу» туры (ел билеген хандар қай ұрпақтан екенін табу)

1

Керей хан – Болат сұлтанның ұлы



5

Тәуекел хан – Шығай ханның ұлы

2

Жәнібек хан – Барақ ханның ұлы



6

Есім хан – Шығай ханның ұлы

3

Қасым хан - Әз Жәнібектің ұлы



7

Жәңгір хан - Есім ханның ұлы

4

Хақназар хан – Қасым ханның ұлы



8

Әз-Тәуке хан - Салқам Жәңгірдің ұлы

ІІІ. . «Тұлғалар мен даталар» туры

Интерактивті тақтада торкөздер берілген;

Әр торкөздер ұпайлар көрсетілген;

Ұпай таңдай отырып, торкөздерде жасырылған тапсырмаларды орындайды;

Әр дұрыс жауап ұпай санымен байланысты.

Жылдар 20 30 40

Тұлғалар 20 30 40

Терминдер 20 30 40

Жылдар:»20″ Қазақ хандығы құрылған мерзім?

«30» Хақназар хан ел билеген жылдар?

«40» «Ордабасы» Ұлттық тарихи,мәдени және табиғи қорығы құрылған жыл?

«Тұлғалар». «20» Қазақ хандығы туралы дерек қалдырған тарихшы?

«30» Абылай ханның 7 – інші ұрпағы,биыл 100 жылдық мерейтойы атап өтілген тарихшы ғалым?

«40» Абылай ханның дүние жүзіне танылған атақты ұрпағы,қазақтан шыққан тұңғыш географ,саяхатшы,тарихшы,әдебиетші,ағартушы,ғалым?

«Терминдер». «20» Сұлтан? «30» Ханталапай? «40» «Арыс»

ІV. Сөзжұмбақ « Қатаған қырғыны» туры

Ә Б І Л Қ А Й Ы Р

А Й Ғ Ы Р Ж А Р

Ж Е Т І С У

Т А Ш К Е Н Т

М А Р Ғ А С Қ А

И Р А Н


Е С Е Н Б Е Р Л И Н

Ө Т Е М І С Қ А Ж Ы

Б Ұ Қ А Р Ж Ы Р А У

О Р


Ж Е Т І Ж А Р Ғ Ы

О Т Ы Р А Р

А Н Н А

Б Ұ Р Ы Н Д Ы Қ

1. Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған хан (Әбілқайыр).

2. Алғашқы қазақ - Бұхар соғысы қай жерде болды? (Айғыржар)

3. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған жер (Жетісу).

4. Тұрсын хан астанасы етіп жариялааған қала (Ташкент).

5. Есім ханның Тұрсын ханды жазалауы туралы жазған жырау (Марғасқа).

6. 1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет (Иран).

7. «Көшпенділер» трилогиясының авторы? (Есенберлин)

8. «Шыңғыснама» тарихи шығармасының авторы (Өтеміс қажы).

9. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам (Бұқар жырау).

10. 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс (Ор).

11. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз осы кезден қалса керек. Осы Күлтөбенің басында күнде кеңес болған кезде қандай заңдар жинағы жасалды? (Жеті жарғы).

12. Тәуекел хан өзбек ханы ІІ Абдаллахпен шартын бұзып, қандай қалалардың бірін басып алады? (Отырар).

13. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша (Анна Иоанновна).

14. Жәнібек пен Керей хандардан кейін хан тағына отырған Керейдің ұлы (Бұрындық).

ҮІ.Қорытынды.

Құрметті ұстаздар қауымы және оқушылар бүгінгі іс шараға қатысқандарыңызға үлкен рахмет.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Біздің ел осындай « Менің Қазақстаным» атты республикалық жастар форумында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі

// «Егемен Қазақстан»//,2007 жыл, 5 маусым.

2.Менің Отаным –Қазақстан

Мемлекеттік рәміздер, Алматы- 2006

3.Шаймерденов Е. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.-



Алматы: Өлке,2002 Б.165.
Каталог: uploads -> doc -> 056c
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
056c -> Сабақтың тақырыбы: §48. Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет