Тақырыбы: Биология ғажайыптары Сабақтың мақсаты



жүктеу 49.89 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі49.89 Kb.
түріСабақ

Тақырыбы: Биология ғажайыптары
Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге үйрету, биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Мұғалім сөзі: Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! – дей отырып құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Қызықты биология» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер. Сынып сағатымызды бастамас бұрын қолдарыңыздағы жеміс жидектер атауына байланысты орындарға отыруларыңызды сұраймын. (алма, алмұрт, шие, қияр, қарбыз,) 
Топ ережесін еске түсірейік
1 бөлім «Байге» сұрақтар қойылады жауап береміз.

1. Алғаш жасушаны көрген ғалым (Роберт Гук)

2. Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)

3. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)

4. Ұрықтан дамитын тамыр (негізгі тамыр)

5. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым (Микология)

6.Ұша алмайтын құс (Пингвин)

7.Тері ауруларын зерттейтін ғылым (Дерматолог)

8.Заттың түсін ажырата алмайтын ауру (Дальтонизм)

9.  Қан беруші адам (Донор)

10. Ересек адамда неше тіс болады (32)

11. Жүректі зерттейтін ғылым (Кардиология)

12.Тісті емдейтін дәрігер (Стоматология)

13. Қаназдық ауруы (Анемия)

14. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері (Аталық, аналық)

15. Бидайдың жемісі қалай аталады (Дәнек)


2 кезең «Ойлы болсан озып көр» жұмбақтың жауабын табамыз

1.     Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,

Пайдаланбас кісі де жоқ.        Су
2.Отқа жанбас, суға батпас.       Мұз

 

3.     Жерге қазық қақтым,



Басына айдар тақтым.        Сәбіз

 

4.     Қалың киім ұнатады,



Шешіндірсең, жылатады.    Пияз

 

5.     Әдемі түнде,



Мен жүрсем, жүреді бірге.    Ай

 

6.     Кішкентай ғана бойы бар,



Айналдырып киген тоны бар.   Қой

 

7.     Ерте тұрады,



Жар салады.       Қораз

 

8.     Іші жұмсақ, сырты қатты,



Еті қызыл, сүті тәтті.        Қарбыз

 

9.     Терісі бар, жүні жоқ,



Жүрегі бар, ізі жоқ.

Қанаты бар, ұшпайды,

Су астында қыстайды.     Балық

 

10.     Екі ағайынды, екеуі де бір үйде



Бірін-бірі көрмейді.                    Көз

 

11. Күннің нұрын сүйемін,



     Күнге басымды иемін.

     Моншағым жоқ мойнымда,

     Үлкен қалпақ киемін.         Күнбағыс

 

3 кезең «Ойлан тап» берілген сөздерден сөз құрастыру



1.ЫҚ Б Т А Қ А Ы Р Қ (қырыққабат)
2. Қ А С М Ы Р С А (сарымсақ)
3. С А Б Ғ Ы Н Ү К (күнбағыс)
4. А Р Т К О П (картоп)
5. Б І С З Ә (сәбіз)

4 кезең: «өнерлі өрге жүзер» берілген тапсырманы қимылмен көрсету

1. Гүлдің солуын қимылмен көрсет
2 Судан шығып қалған балық
3. Таңертең ерте тұрған қораз даусын салу
4 .Мысықтан қорқып қашқан тышқан 
5 Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу
5 кезең . Мен қай өсімдікпін?(дұрыс жауап 1 балл) 

1 топ:* Мен Жерарта теңізінде дүниеге келдім. Мен әртүрлі боламын. Көбінесе Иранда, Жерорта теңізі, Каспий теңізі жағалауында, Индия мен Қытайда кездесемін. Жемтамырымда өте көп қант бар, оны ешкім білген жоқ. 1747 жылы неміс химигі Маркграф менің құрамымда қант барын тапты, ал 1799 жылы Франц Ахард бірінші рет бірнеше кг қант алды. Одан әрі Ресейге өткізді. Мен қазіргі уақытта сұранысы жағынан үшінші орындамын. Тыныштандыратын дәрі ретінде балалардың жүйке жүйесіне пайдаланыламын (Қызылша) 


2 топ: * Менің Отаным Индия. Арабша бадиншаш, баданжан деп атайды. Ерте кезде өте ащы болғанмын. Мені ешкім жей алмады. Пісірілген күйімде арабтар тіс ауырғанда емдеу кезінде пайдаланды. Еуропаға 16 ғасырдың аяғында келдім. Мені бағалау үшін 300 жыл керек болды. (Баклажан) 


3 топ:* Мен Азияда тудым, бірақ Еуропа мен Африкада тұрамын. Орта ғасырларда мені батырлар кеуделеріне тұмар ғып жүрген, өйткені мен әр түрлі оқтан, садақтың оғынан қорғап жүргенмін. Тіс ауырғанда пайдаланады мені.Өзіме тән исім бар. С дәруменінің көзімін, сондықтан тұмаумен ауырған кезде пайдаланасын мені. (Сарымсақ) 


4 топ:* Менің шыққан жерім — Оңтүстік Америка, мен Россияға келуім Петрдің есіміне байланысты. Ол мені Роттердамнан әкеліп, барлық облыстарға таратуға нұсқау берді, бірақ тұрмысқа аса қиындықпен ендім, 18 ғасырдың екінші жартысында мені кеңінен өсіре бастады. Мен бағалы түйнекті өсімдік ретінде даңққа тез ие болдым. Түйнектерімнің формалары сопақша, дөңгелектеу, ұзынша болып келеді. Сыртында қабағы бар. Ал түсі ақ, қызғылт, алқызыл, сары, көк болады. (Картоп) 

5.* Мені осыдан 4000 жыл бұрын адамдар азық ретінде пайдаланып келеді. Менің қалдықтарым сиыр мен шошқаға ең жақсы азық. Адамдар мені қуырады, салат ретінде тұздайды, тоңазытыпта тамаққа пайдаланады. Ерте, орта мерзімде және кеш пісетін түрлерім бар. Жабайы өсетін түрлерім Атлант мұхиты және Жерорта теңізі жағалауларында кездеседі. (Орамжапырақ)

6 кезең: «Қиял ғажайыптар әлемінде»
Жоспар бойынша 3 минутта бір жеміс немесе көкөніс туралы қияли шытырман оқиға құрастыру керек: Жоспар 
1. Аты. 
2. Суреті (Параққа салынады) 
3. Қайда өседі. 
4. Несімен пайдалы. 

Қорытынды: Міне балалар осымен сынып сағатымызда аяқталды. Биология пәні біздің қоршаған ортамыз. Сонымен мен өз сөзімді қорыта келе мынандай ерекше қасиеттерді естеріңе сақтаңдар дегім келеді.

Есіңе сақта!

Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген. 
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. 
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. 
• Қарға қарқылдаса -қар жауады. 
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді. 
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды. 
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді. 
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды. 
Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Каталог: uploads -> doc -> 0703
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0703 -> 11 сынып №39 сабаќ
0703 -> Білім беру саласы
0703 -> Конспект урока математики в 3 классе


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет