Тақырыбы: «Біз сарбаздармыз» Мақсаты



Дата16.11.2018
өлшемі20.5 Kb.
#54456

№63 «Әсем -Ай» балабақшасы «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы

дене шынықтыру нұсқаушысы: Хайролдина Ақбаян Жарылхановна


Тақырыбы: «Біз сарбаздармыз»

Мақсаты: Спорттық ойындар арқылы балалардың денесін шынықтыру.

Балалардың дене бұлшық еттерін,дене тұлғаларын дамыту.

Отанға деген сүйішпеншілігін, патриоттыққа тәрбиелеу.

Дайындық кезеңі: Залды дайындау,құралдарды іріктеп алу дайындап қою.

Өткізілетін орны: Дене шынықтыру залы.

Құралдары: жалауша,қапшық,шариктер, доға, құрсау, шығыршық, автомат суреті,таяқша.

Жүргізуші:

Құрметті де қадірлі балабақша қызметкерлерімен жанкүйер балалар!«Біз сарбазбыз» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл топтық сайыс болғандықтан әділ баға беретін әділ қазылар мүшелерін сайлап алайық.

Әділ қазылар құрамы: Әдіскер, тәрбиешілер .

Марышпен сарбаздар залға кіру. Сарбаздар әнін айтып барабанды соғу.



Камандалар сәлемдеседі:

1.Топтың аты: «Жеңіс»

Ұраны: « Жеңісті қолдан бермейміз,жеңіске біз жетеміз.»

Жеңіс сабаздарынан қарсылас сарбаздарнға жалынды салем!



2.Топтың аты: «Қайсар»

Ұраны: « Мақсаты бірдің рухы бір»

Қайсар сарбаздарынан қарсылас сарбаздарға жалынды салем!



Жүргізуші: Міне, біздің жас сарбаздар өздерін таныстырып өтті. Ал енді біздің жас

сарбаздарға саттілік тілейміз.



1-тапсырма:

« Кедергі жолдар».

Биік тақтайшаның үстімен жүріп,құрсаудан құрсауға секіріп,доғаның

астымен енбектеп өтіп өз жалаушаларын бұлғау.



2-тапсырма:

« Мергендер».

Қапшықты оң қолымен ұстап, нысанаға лақтыру.


Бүлдіршіндердің сарбаздарға өнері:
Отан-жерім,Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан-ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Отан -осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүй біл!



Ән: «Алға қазақ жігіттері»

3-тапсырма:

« Десанттар»

Отырғыштан шығыршыққа секіру.

4-тапсырма: «Жорғалау»

Доғалардың астымен екі бауырымен жорғалап өтіп, жерде жатқан қаптағы

гранатаны алып алысқа латыру.

Музыка ырғағымен қимыл- қозғалыспен билеу.

5-тапсырма:

«Автомат» құрастыру

Шығыршықпен барып автомат суретін құрыстыру.

6-тапсырма:

«Дабыл соғу»

Дабыл белгісі арқылы сарбаздарға бірдей Қазақстан картасының бөлікке

бөлінген бөлінділерін береді. Дабыл соғылған кезде ойынды яғни құрастыруды тоқтату керек.Қай топ сарбаздары бұрын бітіреді.


Жүргізуші:

Қортынды: -Міне,біздің бүгінгі жарысымыз өз мәресінеде келіп

жетті. Ал келесі кезеңді әділ қазылар алқасына берейі. Жеңімпаз

сарбаздарды мадақтау. Жеңімпаз топ Ура Ура Ура!

Осымен бүгінгі «Біз сарбаздармыз!» атты спорттық жарысымыз



аяқталды.Көңілді әуен сазмен марышпен шығу. Көріп

тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Каталог: 2018
2018 -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
2018 -> Тақырып 1 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері
2018 -> Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесіндегі Еңсеп бейнесі


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет