Тақырыбы: Әдепті бала — арлы бала Тәрбие сағатының мақсаты



Дата24.01.2023
өлшемі148.71 Kb.
#181880
Байланысты:
Тәрбие сагаты кмж ,JNFI


Тақырыбы: Әдепті бала — арлы бала
Тәрбие сағатының мақсаты: Балалардың өмірге қажетті білік дағдыларын терендете отырып, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету. 
Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Түрі-Формасы: Әңгімелесу
Әдіс - тәсілдері:
Тәрбие түрі /бағыты/: Рухани-адамгершілік тәрбие
Көрнекілік:.
Техникалық құралдар:
Жабдықталуы:


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: /40 минут/
I.Кіріспе

  1. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

    • «Көңілді сөз» жаттығуы 5минут

II.Негізгі бөлім

  1. «Ойлан тап!» ойыны 5 минут

  2. «Суреттер сөйлейді» ойыны 5 минут

  3. Сергіту сәті 4 минут

  4. «Тез тіл қат» ойыны 3 минут

7. «Кім жылдам?» ойыны 10 минут
III.Қорытынды
8. Рефлексия 4 минут
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:
І. Алғы сөз
- Армысыздар, оқушылар! Мен өзімді таныстырып өтейін М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының ІІ курс БББ21-09-03 топ білім алушысы Махабатова Ақбота Арманқызы. Сіздермен танысқаныма қуаныштымын.
Біздің бүгінгі «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Амандасу – «Көңілді сөз» жаттығуы.


Нұсқау: - шеңбер жасап отырып, қасында отырған адамға қарап көңіл
көтеретін бір сөз айту.
Мысалы: сен бүгін өте әдемісің, көйлегің қандай әдемі...
«Көңілді сөз» жаттығуы
Нұсқау: - шеңбер жасап отырып, қасында отырған адамға қарап көңіл
көтеретін бір сөз айту.
Мысалы: сен бүгін өте әдемісің, көйлегің қандай әдемі...
Нұсқау: - шеңбер жасап отырып, қасында отырған адамға қарап көңіл
көтеретін бір сөз айту.
Мысалы: сен бүгін өте әдемісің, көйлегің қандай әдемі...
Нұсқау: - шеңбер жасап отырып, қасында отырған адамға қарап көңіл
көтеретін бір сөз айту.
Мысалы: сен бүгін өте әдемісің, көйлегің қандай әдемі...
Нұсқау: - шеңбер жасап отырып, қасында отырған адамға қарап көңіл
көтеретін бір сөз айту.
Мысалы: сен бүгін өте әдемісің, көйлегің қандай әдемі..
Балалар орындарынан тұрып, қасында отырған балаға қарап көңіл көтеретін бір сөз айту керек. Мысалы: сен бүгін ерекше әдемі болып тұрсын; сенің көйлегін қандай әдемі;


Негізгі бөлім


ІІ. Ойлан тап! (тақырыптың атауын табу үшін тақтаға суреттер ілінеді, кейін оқушыларға төмендегідей қойылады).
-Балалар, тақтадан не көріп тұрсындар?
-Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсындар?
-Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне нелер жатады екен?
-Оқушылар өз ойларын айтады.
-Оқушылардың ойын әрмен қарай өзім толықтырамын.
Дұрыс айтасыңдар.
Салт-дәстүр-қазақ халқының ғасырлар бойы жиған тұрмыс-тіршілік заңдылығы,сенімі.Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын әдет-ғұрпы,мәдениеті,өнері.

III. «Суреттер сөйлейді» ойыны

Берілген суреттер мен сөздерді сәйкестендіріңдер.(Интерактивті тақтаға суреттер мен сөздерді шығару)


1-сурет: Жауабы: Шілдехана
2-сурет: Жауабы: Тұсаукесер
3-сурет: Жауабы: Беташар


IV.Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,


Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бойды жазып алайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Сәл демалып алайық.
V. «Тез тіл қат» ойыны

Бас, құлақ, мойны бар,


Үп-үлкен шанағы бар.
Ысқышпен ысқанда,
Ыңыранып шағар үні бар.
(Қобыз)
Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап?
(Жетіген)
Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды.
(Сыбызғы)
Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
(Домбыра)

VI. «Кім жылдам?» ойыны

І топқа – (Салт-дәстүрлердің аттарын жазу)


ІІ топқа – (Ұлттық ойындар жазу)
ІІІ топқа – (Ұлттық тағамдарды жазу)


Қорытынды


Рефлексия: 3 қатарға стикерлер тарату.
Бағалау терезесі

  1. Маған бәрі де түсінікті

  2. Сұрақтар пайда болды

  3. Мен есте сақтадым

  4. Түсінбедім




Қорытынды: Міне, балалар бүгін біз сіздермен қазақ елінің салт-дәстүрлері туралы мәліметтермен таныстық.


.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет