“Жігіттер” тобының мүшесі, әнші Бағлан Әбдірайымов марқұм әкесін ақтық сапарға шығарып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/baglan_abdraimov_official/

Өнер иесі марқұм әкесін жер қойнына тапсырып жатқан сәтін бөлісті. 

“Алла алдыңыздан жарылқасын, әке! Жақсы амалмен, көркем мінезіңізбен Алла сүйіншілесін! Қабіріңіз құранмен нұрланып тұрсын!”, – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар Түркістан қаласының әкімі көңіл айту жеделхатын жолдаған.

“Асқар тау ағамыз Рашид Сайранбайұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты қайғырып, көңіл айтамын. Рашид Сайранбайұлы өскелең ұрпақ тәрбиелеуде, білім саласының дамуына саналы ғұмырымен барлық күш-жігерін арнады. Ардақты ағамыздың жарқын бейнесі мен ізгі істері елдің жүрегінде әрдайым сақталады. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – делінген жеделхатта.

  • 2023 жылы қазақстандықтар қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды

  • "Мола аралау әдетімде жоқ": Бекболат Тілеухан ата-баба әруағына сиыну күнә екенін айтты

Сондай-ақ, әнші, актер Жасұлан Базарбаев досы Бағланға жұбату өлең шығарған. 

“Жігіттің біреуі едің, бағы қалың. Бекем бол, сабырлы бол, нар ұланым. Алланың жазуына көндігеміз, өмірдің жалғандығы жағы мәлім. Әкеміздің иманы жолдас болсын! Қырық жаста жетім қалған, Бағыланым", – деп жазды әнші. 

Фото: https://www.instagram.com/baglan_abdraimov_official/

Еске салайық, әнші әкесінің қазасын бірінші болып хабарлағанын жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.