Тақырыбы: Әдептілік – тәрбие бастауы



Дата15.05.2018
өлшемі42.21 Kb.
#28358

Тақырыбы: Әдептілік – тәрбие бастауы.

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбек сүйгіштікке, сыпайылыққа, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Әдісі: пікіралысу, ойын, ойталқы, айтыс, көрініс көрсету.

Көрнекілігі: Адамгершілікке байланысты түрлі суреттер: «Жаман жолдас», «Үлкенді құрметтеу», «Кішіге қамқорлық», «Автобус ішіндегі бала», «аналарды сыйлау», «Құстарды атпау», «Еңбек түрлері» туралы суреттер т.б. Мақал-мәтелдер: «Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала»,

«Жаманға айтқан ақылың, далаға атқан оқпен тең»,

« Татулық – табылмас байлық»,

« Жақсы адам-елдің ырысы, жақсы жер-жанның тынысы»,

« Әдептілік ар-ұят, адамдықтың белгісі,

Тұрпайы мінез, тағы, жат, надандықтың белгісі».

Құпия хаттармен жұмыс.

Кіріспе бөлім:

Өтілу барысы: Әдептілік-адамгершілік туралы әңгімелей отырып, оқушыларға мынандай сұрақтар қою:


  • Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?

  • Әдепті бала қандай деп ойлайсың? Әдепті бала болғың келе ме?

  • Әдепсіз дегенді қалай түсінесің? Әдепсіз бала қандай болады?

  • Әдептілікті бізге кім үйретеді? (оқушыларды сөйлете отырып, сұрақтарға жауап алады).

Мұғалім: Сонымен, адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті, инабаттылық пен шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол – біздің ата-аналарымыз, ұстаздарымыз.

Адам болатын бала- барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы қажет. Әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық. (оқушылар кезекпен айтады).



Негізгі бөлім:

1-оқушы: Ақыл әліппесі.

- Ата-ананың тілегі, адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі, адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің, әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің, әуре сарсаң әлегің.

Спортпен айналыс, сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс, сауық пен кинодан.

Тәртіпті бала сүйеніш, төбең бір көкке жетеді!

Тәртіпсіз бала күйініш, төмендеп басың кетеді.

Ұрыншақ бала жанында, ұрыс пен керіс, айқай шу.

Ұстамды бала маңынан, ұнамды қылық байқайсың.

Шындықты сақтаймыз, шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдында, шығарып мақтаймыз. (Е.Ерботин)

2-оқушы:

Сыйлап сәлем беремін, көршілерді көргенде,

Ізетпен бас иемін, үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін, анама айтып өкпесін. (К.Байзақов)



3-оқушы: Кішіпейілділік.

Су құйдым да құманмен, қолына мен әкемнің,

Содан кейін оған мен, орамалын әпердім. (Ж.Кәрібозин)

4-оқушы: Үлгілі бала.

Бақшаны суарып, келеді су алып,

Самаурын қайнатып, үйде де, түзде де.

Қылығы өнеге, ұстазы, бізге де. (Т.Елеусізұлы)



5-оқушы: Кім үлкенді сыйласа, кім үлкенді тыңдаса

Сыйлы болмақ өзі де, үлкен болған кезінде. (С.Мәуленов)



6-оқушы: Әдептілік әлемі.

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты, Жалама аяқ-табақты.

Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны ұста сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын,

Салдыр-салақ болмағын.

Салма ауызға инені,

Үзбе жұлып түймені.

Ашуланбай долданып,

Жауап бергін ойланып.

Құр бекерге қылқима,

Болмашыға бұртима.

Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме.

Мақсат қоймай алдыңа

Қыдырып, құр қаңғырма.

Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді. (Е.Өтетілеуов)



ІІ. Тақтаға сурет ілінеді.

  1. Суреттер бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым-қатынас қасиеттері жайлы әңгімелейді.

  2. «Жалғастыр» ойыны.

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді үлкен етіп жазып қою керек. Мұғалім бастап айтады, оқушы ойланып, ары қарай жалғастырып айтуы керек.

Мысалы:


  • Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды;

  • Кішкене баланы жылатуға болмайды;

  • Құстарды атуға болмайды;

  • Қыз баланы ренжітуге болмайды;

  • Сабақтан кешігуге болмайды;

  • Сыныпта айғайлауға болмайды т.с.с жалғастырып айтады.

  1. Мұғалім: Адамгершілік, сыпайылық туралы сұрақтар қойып, жауабын тыңдау:

  • Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?

  • Қонақ келгенде бала не істеу керек?

  • Қонаққа барғанда өзін қалай ұстау керек?

  • Мектепте, сынып ішінде қалай жүру керек?

  • Автобусқа мінгенде не істеу керек?

  • Телефонмен қалай сөйлесу керек?

  • Асханада, клубта, көшеде, жалпы қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керек?

ІІІ. «Құпия хаттарға» жауаптар беру (ой талқы)

Үстелдің үстіндегі құпия хаттарды біреуі келіп ашып, дауыстап оқиды да, ойланып жауабын айтады. Хаттардың мазмұны мынандай:

1 хат. «Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Менімен күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба, әлде? ...»

2 хат. «Құрметті достар! Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін, қылығын айтып, бөсіп мақтанады. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?»

3 хат. «Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Үйінде ойнап-ойнап, тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сабақ сұрағанда қысылады. Тапсырманы менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «сен сараңсың»,-дейді. Мен не істеуім керек?»

ІҮ. Мұғалім: Енді, «тыйым» сөздерден айтыс өткіземіз. Ортаға бір ұл, бір қыз шығып, кезекпен тыйым сөздерді айтады.

Ү. «Сылтаушыл», «Екі жалқау», «Ұмытшақ», «Ұрлықшы», «Телефонмен сөйлесу» әңгімелерінен қысқа көріністер қою.

Қорытынды бөлім:



ҮІ. Тәрбие сағатын қорытындылау. Оқушылар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы біраз мағлұмат алдық.

Үйге тапсырма: Әдептілік парағын жасап келініздер.

1

Каталог: uploads -> doc -> 016a
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
016a -> Құрамы мен қасиеттері, ауаның жер бетіне таралу жолдары туралы білімін-біліктерін арттыру. Ауа туралы ұғымдарын бекіту


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет