Таќырыбы: Ингаляциялыќ наркотикалыќ заттар



жүктеу 0.9 Mb.
бет1/5
Дата04.03.2018
өлшемі0.9 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Ветеринария және азық-түлік өнімдерінің факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

Айсина Рая Акылбековна

Алиева Гульнур Козыевна
«Фармакология токсикологиямен» пәнi бойынша

тәжiрибелiк - зертханалық

сабақтарға арналған әдiстемелiк нұсқау

Костанай, 2011


ББК 48.52

А 31

Дайындаған:

Айсина Рая Акылбековна, оқытушы

Алиева Гульнур Козыевна, Әлеуметтік-техникалық колледж, Аграрлық-техникалық пәндер оқытушысы


Пікір бергендер:

Қостанай облысының филиалы

«Республикалық ветеринариялық зертхананың»

азықтық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі,

ветеринария ғылымының кандидаты Қазкенов Қ.Қ

Аға оқытушы, Ветеринария ғылымының кандидаты Кауменов Н.С

Аға оқытушы, Ветеринария ғылымының кандидаты Батырбеков А.Н

Айсина Р.А. Алиева Г.К

А 31 Фармакология токсикологиямен. Әдістемелік нұсқау - Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университеті, 2011.- 60 б

Әдістемелік нұсқауға токсикология және фармакология курсынан негізгі бөлімдері қосылған. Бұл әдістемелік нұсқауда ауылшаруашылығына өсімдік және жануарларды қорғауының химиялық заттардың көп мөлшерде әкелуіне байланысты ауылшаруашылық жануарлардың олармен қатынасуы жоғарлайды, ол олардың улануына әкелуі мүмкін.

Әдістемелік нұсқау күндізгі және сырттай оқитын ветеринария мамандығының студенттеріне арналған.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік Кеңесімен бекітілген, хаттама________________ № ____

А. Байтұрсынов атандағы Қостанай

мемлекеттік университеті, 2011
МАЗМҰНЫ
I Жалпы токсикология................................................................................................................4

Тақырып: Химико-токсикологиялық зертханада қауіпсіздік ережелері...................................4

Тақырып: Зерттеуге пат.материалды таңдау, орау және жіберу…............................................5

Тақырып: Зертханаға патматериал, азық, су сынамаларын алу, орау және жіберу

ережелері..........................................................................................................................................7

Тақырып: Химико-токсикологиялық анализдің тәртібі, жалпы схемасы.................................8



II Дербес токсикология..............................................................................................................10

Тақырып: Азықтан және патматериалдан улы заттарды алу әдісі...........................................10

Тақырып: Микоздар және микотоксикоздар. Азықтық улануы..............................................11

Тақырып: Алкалоидпен улану кездегі токсикологиялық талдау.............................................13

Тақырып: Гликозидпен улану кездегі токсикологиялық талдау..............................................16

Тақырып: Соланинмен улану кездегі токсикологиялық талдау...............................................16

Тақырып: Госсиполмен улану кездегi токсикологиялық анализ..............................................18

Тақырып: Жусанмен улану кездегi токсикологиялық анализ...................................................20

Тақырып: Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктермен уланудың лабораториялық диагностикасы................................................................................................................................20

Тақырып: Гликозид және сапониндерді анықтау......................................................................22

Тақырып: Азықтарда және өсімдіктерде сапониндерді анықтау әдістері..............................23

Тақырып: Өсімдік тектес азықтарда госсиполды табу..............................................................24

Тақырып: Патогенді саңырауқұлақтардың улылығын анықтау..............................................25

Тақырып: ТМТД препаратымен уланған кездегi токсикологиялық талдау ....................27

Тақырып: Азықта және патматериалда пестицидтердің қалдығын табудың биологиялық әдістері............................................................................................................................................28

Тақырып: Санитарлық ережелер, нормалар және гигиеналы нормативтер........................31



III Орталық жүйке жүйесіне ғана әсер ететін заттар ..........................................................34

Тақырып: Ингаляциялық наркотикалық заттар .......................................................................34

Тақырып: Ингаляциялық емес наркотикалық заттар ..........................................................35

Тақырып: Алкоголь тобы ............................................................................................. ..............36

Тақырып: Анальгетикалық заттар...............................................................................................37

Тақырып: Орталық жүйке жүйесін қоздыратын заттар ............................................................39



IV Эфференттік және афферент жүйелеріне әрекет жасайтың заттар.............................41

Тақырып: Холиномиметикалық және холинолитикалық заттар…………………………......41

Тақырып: Адренергиялық заттар................................................................................................42

Тақырып: Жергілікті анестезиялық заттар.................................................................................43

Тақырып: Тұтастырғыш, бүркегіш, сіңіргіш заттар ................................................................45

Тақырып: Тітіркендіргіш заттар .................................................................................................46

Тақырып: Құстыратын, қақырық түсіретін, руминаторлық заттар ........................................46

Тақырып: Іш жүргізетін заттар .............................................................................................47



V Физиологиялық процестерге әсер ететін заттар..............................................................49

Тақырып: Қан мен қан тамырларға әсер ететін заттар..............................................................49

Тақырып: Диуретикалық заттар ..................................................................................................52

VI Ұлпалардың алмасуына әсер ететін заттар ................................................................53

Тақырып: Гормондар мен витаминдер .......................................................................................53



VII Микробтарға және паразиттерге қарсы заттар .............................................................55

Тақырып: Сульфаниламидтер. Антибиотиктер……………………………...…………….......55

Тақырып: Протозойға қарсы заттар ............................................................................................57

Тақырып: Фенол............................................................................................................................57

Тақырып: Формальдегид топтары. Оттегі шығаратын заттар..................................................59

Әдебиеттер тізімі..........................................................................................................................60

I Жалпы токсикология

Тақырып: Химико-токсикологиялық зертханада қауіпсіздік ережелері

Сабақтың мақсаты: негізгі қауіпсіздік ережелерді білу
Төмендегі ережелермен танысқаннан кейін, студенттер қауіпсіздік техникасынан сынақ алып, журналға қол қояды.


  1. Жұмыс істеуден бұрын, алдымен мұқият тапсырмамен, қауіпсіздік ережелермен, қондырғымен, материалмен, апппаратурамен танысу керек.

  2. Жетекші рұқсатынсыз электрприборларды тиме, сөндірме және қоспа.

  3. Қаупсіздік ережелер бұзылса және жөнелмейтіні туралы жетекшеге жеткізу керек.

  4. Өз жұмыс орнын артық заттармен толтырма.

  5. Зертханада тек керекті жұмысты орындау керек. Бөтен жұмыспен айналасуға болмайды.

  6. Керексіз жағдайда лабораторияға кірме, себебі басқа адамдардың назарын бөлесін

  7. Рұқсат етілмейтін жерде отпен ойнауға және темекі тартуға болмайды, себебі өрт болу мүмкін.

  8. Мемлекеттік мүлікті сақта, қондырыларды, приборларды қастерлеп пайдалану керек.

  9. Зертханада жалғыз қалуға болмайды. Өрт немесе басқа апатта алғашқы көмек көрсету үшін, екінші тұлға болу керек.

  10. Зертханада сырт киіммен кіруге болмайды.

  11. Жұмыс аяқталған соң өз жұмыс орнын жинау керек.

  12. Химиялық реакцияларды өткізуге, сәйкес көлемде және концентрацияда заттарды қолдану керек.

  13. Жұмысты тұрып жасайды, ал жарылатын, қышқылдың шашылуына қауіпі болмаса, онда оны отырып істейді.

  14. Сорғыш шкафта жұмыс істегенде вентиляцияның жұмысы тиімді болу үшін, шкафтың есігін үштен бір бөлігін көтеру керек. Жұмыс аяқтағаннан соң есікті жабу керек.

  15. Стакандағы ыстық сұйықтықты ақырын және өзінен әрірек, астына орамалды салып алады.

  16. Лас ыдыста тәжірибені өткізуге болмайды.

  17. Ұшқыш затпен жұмысты сорғыш шкафта өткізеді.

  18. Қышқылды, сілтіні басқа ыдыстарға аса сақтықпен құю керек.

  19. Кез келген заттың дәмін, иісін тартуға болмайды

  20. Өздігінен жалынатын заттармен тәжірибе өткізгенде келесі сақтық шараларды қолданады:

а) сақтық көзілдірікті кию керек

б) органикалық шыныдан жасалған масканы немесе шлемды кию керек.

в) жұмыс орнын жуан қабатты шыны экранмен бөліндер

21 Ыстық сұйықтық немесе басқа заттар жалындаса:

а) горелканы тез сөндіріп, электромагнитты приборларды сөндіру керек.

б) от қауіпті затымен ыдысты тастап, оны сөндіру керек.

в) ыстық ерітінділерді асбест шынымен жауыпнемесе сулы құммен немесе сумен себу керек.

г) барлық жағдайда өртсөндіргішті қолдану керек және өрт сөндірушілерді шақыру керек.

22 Егер киім жанса:

а) қашпаңыыз

б) отты көрпемен, пальтомен сөндіріңіз

Бұл жағдайда өртсөндіргшті қолдануға болмайды

23 Электр сымы жанса рубильникты сөндіріп, өртті сөндіру керек.

24 Сорғыш шкафта өрт болса, вентиляциялық қондырғыны сөндіру керек, өртті сөндіру керек

25 Концентрлі қышқылдармен сақ жұмыс істеу керек. Концентрленген азот қышқыл органикалық заттармен қатынасқанда өрт пайда болады.

26 Кварцтық лампаларменжұмыс істегенде:

а) көзді ультракүлгін сәулелерді жұтатын арнайы көзілдірікпен қорғау керек

б) терінің ашық жерлерін сақтау керек, себебі күйік болу мүмкін.

27 Газбен және газды горелкамен жұмыс істегенде сақ болыңыз, себебі газ улы және жарылыс қаупті.
Тақырып: Зерттеуге пат.материалды таңдау, орау және жіберу

Сабақтың мақсаты: химико-токсикологиялық зерттеуге патматериалды таңдау, орау, жіберуін үйрену, игеру. Жолдама құжатты дұрыс құру
Керекті қондырғылар және зертханалық жануарлар:

Демонстрациондық үстелде: 1 Үй қоян

2 75% хлорофос еріт-сі 100,0

3 шприц 10,0-1

Студенттер үстелдерінде: 1 Концентрленген азық немесе дән

2 Дистилген су

3 Пинцет пен қайшы

4 Патматериалды бекітуге арналған спирт

5 Шыңы банкілер 100,0 – 4 данадан

6 Банкілерді байлауға арналған лигатура

7 Желім

8 Этикеткаға арналған қағаз



9 Таразы

Зерттеулерді өткізу техникасы

Тәжірибе: Патматериалды алу

Үй қоянға бұлшықетіне немесе тамыр ішіне хлорофостың 15 мл ерітіндісін (3-5мл 1кг салмағына) летальды дозада енгізеді. Летальды өліміне дейін оны бақылайды. Содан кейін жануарды ашып-қарайды және химико-токсикологиялық анализге патматериалды алады.

Осы мақсатта өлген жануардың қарын және ішек құрамы, құсқан массалар, фураж, азық қалдықтар, күмәнді заттар жарамды. Сынаманы шыңы ыдысқа салып, пробкамен жауып, шпагатпен байлап, сургучпен таңбалайды. Содан кейін этикеткада патматериал түрін, саны, сынама алу уақытын көрсетіп жабыстырады.

Жолдама құжатта берушінің және алушының мекен-жайы, материалдың аты және саны, қандай зерттеуге жіберілетіні туралы жазады.

Патматериалды 1 кг аз емес көлемде алады, ал ұсақ жануарлардың және балықтардың өлекселерін түгел жібереді.

Патматериалды спирт-ректификатпен консервілейді. Су қоймасынан орташа су сынамасын 500мл көлемінде алады.

Патматериал сынамамен бірге лабораторияға жібереді:


  1. Спирт үлгісін - 30мл.

  2. Тірі кезіндегі диагноз көрсетуімен ауру тарихын (немесе көшірмесін).

  3. Өлім себебі көрсетілетін хаттамасы.

  4. Жануардың улану кезіндегі жағдайды сипаттау (бөлмеде, жайылымда, қандай тәулік уақытында, азық түрі, азықтандыру жағдайы).

Жолдама үлгісі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет