Таќырыбы: Ингаляциялыќ наркотикалыќ заттар


Қостанай облысындағы ветеринариялық лабораторияға



жүктеу 0.9 Mb.
бет2/5
Дата04.03.2018
өлшемі0.9 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5

Қостанай облысындағы

ветеринариялық лабораторияға.


Химико-токсикологиялық бөлім.

Химико-токсикологиялық анализге бұзаудың ішкі мүшелері төрт банкілерде және азық қалдықтардың сынамаларын жібереді.

Денисов ауданның «Сары - Ағаш» шаруашылығының бұзауы 14.09.06 ж өлді, фосфорорганикалық қосылыстардың болуына зерттеуді өткізуге сұраймыз.

№1 банкіде-жүрек, өкпе, бауыр. Брутто салмағы 1,8 кг

№2 банкіде-ішек, қарын құрамы. Брутто салмағы 1,2 кг

№3 банкіде-азық қалдығы. Брутто салмағы 1,3 кг

№4 банкіде – патматериал консервіленген спирт үлгісі (50мл).

Токсикологиялық анализдың қорытындысын мына мекен-жайға жіберуді сұраймыз: Каслен қ-сы, райветстанция.

Қосымша: 1 Аталған 4 банкі

2 Ауру тарихтың көшірмесі

3 Өлген бұзаудың хаттамас.

4 Жануар өлген жағдайларды сипаттау

Райветстанцияның меңгерушісі,

Малдәрігер Қолы


Бақылау сұрақтары:

1 Қандай жағдайларда химико-токсикологиялық анализге өлген жануардың мүшелерін жібереді?

2 Неге патматериалды ректификат-спиртпен консервілейді ?

3 Патматериал бар банкілерді неге таңбалайды?


Тақырып: Зертханаға патматериал, азық, су сынамаларын алу, орау және жіберу ережелері

Сабақтың мақсаты: Зертханаға патматериал, азық, су сынамаларын алу, орау және жіберу ережелерін оқу
Химико-токсикологиялық зерттеуге сынама таңдауды, орауды, жіберуді ҚР малдәрігерлік заң шығарумен қарастырылған ережелерге сәйкес өткізеді. Улануға күмән болса, химиялық зерттеуге өлексе материалын, сонымен гистологиялық және бактериологиялық зерттеуге де жібереді. Патанатомиялық ашып қараудың ерекшеліктері өлексе қарау, табиғи тесіктерді, кілегей қабықтарды, ауыз, кеуде, құрсақ қуыстарын, асқорыту трактының әртүрлі бөлімнен құрамының көлемін, массасын, қоюлығын, жалпы түрін және түсін, иісін, реакциясын (қышқылды немесе сілтілі) анықтау негізінде құрылады. Өңештің және жұтқыншақтың, ішкі мүшелердің, кілегейлі және сірілі қабықтардың, қуықтың, бас мидың, лимфа түйіндердің макроскопиялық өзгерулерін байқайды.

Патматериал сынамасын таза құрғақ шыны шыны ыдысқа салып, коркалық немесе пластмассалық пробкамен жабады.

Химиялық зерттеуге жеке банкілерде жібереді (0,5кг): қарын бөлігін орта сынама құраымен, жуан және аш ішектің бөлігін (екі жақтан байланған); бауыр бөлігі мен қуық; бір бүйрек, несеп, қаңқа мускулатурасы. Кейбір жағдайда қосымша тері мен теріасты клечатка бөлігін және бұлшықетті, толық қандыөкпе, кеңірдек, жүрек, көкбауыр, ми, қан бөлігін.

Ұсақ жануардан және құстардан бүтін мүшелерді немесе өлексені жібереді.

Сот экспертизасы мақсатында эксгумацияны (жерден қазу) өткізеді. Зерттеуге сақталған ішкі мүшелерді (1 кг дейін) қаңқа мускулатурасын (1кг дейін), өлексе үстін және асты жерді (0,5кг) жібереді.

Сынамадан басқа азықты, оттықтағы азық қалдықтарын (1кг-нан) жібереді.

Улы өсімдіктерді анықтау үшін жайылымды және далалы шөп бітіктігінің орта сынамасын таңдайды, ол үшін 3-5 жердегі гектарына тамырға дейін, 1м2 аудан мөлшерінде өсімдікті кеседі. Өсімдікті коробка немесе өрілген корзинкада жібереді.

Кейде минералды тыңайтқыш, улы химикат және басқа заттардың сынамаларын жібереді.

Мал тірі кезінде құсық массаларын, несепті, нәжісті, қарын құрамын, азық және күмәнді заттардың сынамаларын алады.

Суқоймада массалық балықтардың өлімі кезінде орта сынаманың суын (2л дейін әртүрлі тереңдіктен және әртүрлі жерден), балық өлекселерін (5 түрінен кем емес), құрғаған лайды (0,5 кг) кейде фитопланктонды алады.

Аралардың улануы кезінде 400-500г подморды, кәрез балды алады.

Химиялық зерттеуге алынған материалды жууға және консервілеуге болмайды. Егер жіберілу кешіксе немесе жіберуге 3-5 күн қажет блса, оны 1:2 қатынасындай спирт ректификатпен құяды. Сынама спирттың (50мл) патматериалмен және жеке ыдыста жібереді.

Банканың пробка үстіне таза қағазда орайды, шпагатпен орап, шеттерін сургуч таңбамен таңбалайды, әр банкіге этикетканы жабыстырады, черниламен материал сипаттамасын, массасын, мал түрін және атын, өлу күнін, мал өлексесін ашып қарау күнін, қандай улануға күдік болғаны жазылады.

Бір кезекте рәсімдейді және конвертте немесе жолдама хатты, ауру тарихтың және хаттама актының көшірмелерін жібереді. Жолдама хатта мал түрін, атын және жасын, материалмен қанша банкаларды және әр банкада не екенін, алдын ала диагнозды және удың түрін көрсетеді. Ауру тарихтың көшірмесінде анамнестикалық көрсеткішке, уланудың клиникалық белгілердің сипатына және емдеудің қолдануына аса назар аударады. Хаттама актының көшірмесінде патологоанатомиялық өзгерістерді толық сипаттайды.


Бақылау сұрақтары:

1 Патологиялық ашудың ерекшеліктері?

2 Химико-токсикологиялық талдауға сынамаларды сұрыптау?
Тақырып: Химико-токсикологиялық анализдің тәртібі және жалпы схемасы

Сабақтың мақсаты: Химико-токсикологиялық анализдің тәртібін және жалпы схемасын оқып үйрену
Зерттеудің алдында химик-токсиколог міндетті түрде жолдама құжаттарымен танысу керек және әкелінген материалдың бүтіндігін тексеруге, оның жазуларын және таңбаларын қарайды. Кейде инфекциялық аурулар жоқ екенін анықтау керек.

Орамды ашқан соң, сынаманың сыртқы түрін қарауын, қорытындыны жұмыс журналға енгізеді.

Әкелінген материалды 3 бөлікке бөледі: 1 бөлік – 6 ай аз емес сақтайды; екі бөліктерді заттардың сапалық және сандықты анықтауға қолданады. Химиялық айналудан сақтау мақсатында материалды әкелген күнінде зерттейді.

Анализді зерттеу жоспарын құрудан бастайды, оны жолдама құжаттарды зерттеу қорытындымен және сынаманың сыртқы қарауымен анықтайды.

Зерттеу бағытының таңдау бағдары бола алады өзіне тән иіс (сарымсақ иісі фосфид мырышпен, аммиак-карбамидпен, миндаль-цианидпен уланғанда), бояу (ішек құрамы көк-жасыл түсті мыс тұзымен, сұр-қара – қорғасын қосылыстармен, сары – пикрин немесе азот қышқылмен, хром қосылысымен уланғанда), қышқылды (қышқылдармен, күшті тұз қышқылдармен, ауыр металлмен уланғанда) немесе сілтілі (күйдіргіш сілтімен, аммоний және карбамид, карбонат және силикат тұздармен уланғанда) материалдың реакциясы, бөтен қосылыстың болуы (тұз және пестицидтеркристаллдары, қорғасын бөлшектері, өсімдіктің басқа бөліктері) оларды мұқият лупа, микроскоп және химиялық реакциялар арқылы зерттейді.

Барлық жағдайда «бос» тәжірибені қояды, бірақ анықталатын затсыз.

Тазалық деңгейі бойынша химиялық реактивтерді келесі квалификациялары бойынша бөледі: таза – т. (этикеткамен немесе этикеткада қызыл сызықпен), анализге таза – а.т. (көк түсті), химиялық таза – х.т. (жасыл түсті), аса таза – а.т. (сары түсті) және басқа реактивтер (ақшыл-қоңыр түсті). Улы реактивтер ыдысында қосымша сары этикетка «У» деген жазумен, от қауіпті қызыл түсті «От қауіпті» жазумен; жарылыс қауіпті – көк түсті «Жарылыс қауіпті», сумен үйлесімсіз – жасыл «Судан қорғау» жазумен. Жануардың улану себебі туралы мәліметтер болмаса, химик-токсиколог ұйғарылған схема бойынша анализды өткізеді; минерализациямен оқшаулайтын металлдық уларды және күшәланы анықтау; азықта алкалоидты және сапонинды анықтау; су буымен шығаратын цианидтерді; нитрат, нитрит, карбамид және натрий хлоридін; фтор қосылыстарын; ТМТД және сынап органикалық уды ФОҚ және ХОҚ анықтау.

Өзіне тән әдістер болмаса, уды анықтау үшін жануарға, балыққа және жәндікке биосынама өткізеді.

Барлық химиялық зерттеулерді басынан аяғына дейін бір химик-токсиколог өткізеді. Уды анықтау жағдайда сандық анықтауды бірнеше әдістермен өткізеді. Барлық өткізілетін операцияларды және реакцияларды хронологиялық тәртіпте жұмыс журналға енгізеді.

Әр толық зерттеу аяқталғаннан кейін сараптауды немесе химико-токсикологиялық зерттеу актысын бекітілген формада құрады. Қорытындыда улы заттар табылды немесе табылған жоқ па және қандай концентрацияда екенін көрсетеді. Зерттеу қорытындысы негізінде жануардың улану профилактикасы бойынша ұсыныстарды береді.

Улану диагнозын лаборатория мамандары емес, тәжірибелік дәрігер немесе барлық деректер есебімен комиссиондық түрде қояды (анамнез, улану белгілері, ашып-қарау нәтижелері және химико-токсикологиялық нәтижелері (бактериологиялық және гистологиялық) зерттеулері, кейде тірі объектіге биосынама).
Бақылау сұрақтары:

1 Зерттеудың алдында химик-токсиколог немен танысу керек?

2 Зерттеуді неден бастайды және әкелінген материалды неше бөлікке бөледі?

3 Кім диагнозды қояды және ненің негізіне?




II Дербес токсикология

Тақырып: Азықтан және патматериалдан улы заттарды алу әдісі

Сабақтың мақсаты: Азықтан және патматериалдан улы заттардың алу негізгі әдісін оқып білу
Уларды алудың негізгі әдістері – сұйықтықтармен экстракция, су буымен айдау және минерализация изоляциясы.

Улы заттардың еруіне қарай экстракция үшін су, ацетон, хлороформ, н-гексан және басқа органикалық еріткіштер қолданады.

Минерализацияны күкірт қышқыл және пергидролмен, тұз қышқыл және хромат калиймен, сонымен бірге құрғақ озолдау әдісімен орындайды.

Күкірт қышқыл және пергидролмен минерализация үшін 500мл Кьельдаль колбаға 20-25г патматериалды алады, 10-25мл пергидрол құяды, араластырады және 6-7мл концентрленген күкірт қышқылын қосады. Қарқынды реакция әлсіздегеннен кейін колбадағы сұйықтықты ақырын газда немесе электрплиткада қыздырады, сұйықтық мөлдір болғанша дейін 1-2мл пергидролді қосамыз.

Алынған минерализатта экспресс-әдіспен сынап, мыс, мырыш табылуы мүмкін.

Тұз қышқыл және хромат калиймен минерализация үшін Кьельдаль колбаға 20-25г патматериалды алады, тұз қышқылды құяды, қыздырады және сұйықтық мөлдір болғанша дейін хромат калийді кішкене порциялармен қосады. Минерализатта экспресс-әдіспен қорғасын және барийді табылуы мүмкін.

Сулы буымен айдауды синильды қышқылды, формальдегидті, фенолды, кейбір ХОҚ, ФОҚ және басқа заттарды алу үшін қолданады.

Айдау аппараты будың пайда болуынан (қақпақта шыны трубка бар дөңгелек түбімен колба), қақпақта екі трубкасы бар айдау колбадан (біреуі түбінен бу пайда болуынан басталады, екіншісі – қысқа тоңазытқышпен қосылған), сулы тоңазытқыштан және қабылдау колбадан тұрады. Ұсақталған материалдың навескасын айдау колбаға салады, виннокаменды немесе қымыздық қышқылмен қышқылдайды және қайнаған бу пайда болатын қондырғыға қосады, содан кейін айдау колбасын қыздыруды бастайды. Дистиллятты қабылдау колбаға жинайды. Оның бірінші порцияда синильды қышқылды, келесі порцияларда басқа заттарды анықтауға болады.

Сандық анықтау үшін материалдың нақты навескасын алады және улы затқа арнайы сапалық реакция пайда болуы аяқталғанға дейін айдауды жалғастырады. Алынған дистиллятты біріктіреді, оның көлемін өлшейді және заттың құрамын сандық анықтайды.

Бақылау сұрақтары:

1 Улы заттарды алудың қандай негізгі әдістерін білесіңдер?

2 Минерализатта экспресс-әдіспен қандай заттар табылуы мүмкін?

3 Қандай затарды алу үшін сулы буымен айдауды қолданады?


Тақырып: Микоздар және микотоксикоздар. Азықтық улануы

Сабақтың мақсаты: Фуражда қаракүйе саңырауқұлақтарды, азықта және мес қарында карбамидты анықтау әдістерімен студенттерді таныстыру

Қажетті заттар: Азық сынамалары, керек реактивтер және ыдыстар.
Дәнде қаракүйе саңырауқұлақтарды анықтау

Аналитикалық таразыда қаракүйе қапшықтарынан және бөтен қоспалардан тазартылған 10г дәнді өлшейді, және ақырындап фильтр қағаздың парақтар арасында оны қажайды. Қаракүйе споралары қағазда қалады, оны сұр түске бояйды. Тазартылған дәнді қайтадан өлшейді, дәнді алғашқы және екінші өлшеудің арасындағы айырмашылығы бойынша қаракүйе салмағын табады. Дәнде қаракүйе мөлшері 0,6% аспау қажет.


Ұсақталған азықта қастауышты анықтау (Зинин әдісі)

Шыны цилиндрге 4,0 зерттелетін азықты салады, 12-13мл 90% этил спиртін құяды, 5-6 минут сілкейді, содан кейін 10-15 тамшы 20% күкірт қышқылының ерітіндісін қосады да, 5 минутке қалдырады. Қастауыш болса, вытяжка қызғылт түске боялады, ал оған натрий гидрокарбонат ерітіндісін қосқанда қызғылт түсі күлгін түске ауысады.

Азықта қастауыш құрамы 0,1г аспау қажет.
Фуражды дәннің, оның өңдеу өнімдердің және құрама жемнің гуппияда токсикалығын анықтау

Жалпы токсикалығын анықтау. Дәнді ұсақтайды, кебек және құрама жемді ұсақтамай алады, 50г навесканы қақпақпен колбаға салады, 150мл ацетон құяды және 2 сағат бойы шуттель-аппаратта экстрагирлейді. Экстрактты булағыш чашкаға фильтр қағазы арқылы фильтрлейді және су моншасында 55-60 градуста құрғағанша дейін булайды. Құрғақ қалдықты 5мл ацетонда ерітеді және бөлме температурасы аквариумның 500мл сумен диаметрі 11-15см 700-800мл сыйымдылығымен химиялық стақанға салады. Құрама жемнен, жүгеріден, бұршақтан және тарыдан экстракттарды суда ерітілгеннен кейін 6-7 градуста 40-45 минутқа тоңазытқышқа қояды. Уақыт өткеннен кейін экстракттарды мақтаның қабаты арқылы фильтрлейді, бастапқы температураға дейін жылытады. Аквариум сумен және зерттелетін азық экстракттармен стақандарға салады 5 балық – ересек гупийлер, жынысына қарамайды, оларды бақылауға алады, олардың өлімін 24 сағаттан кейін белгілейді.


Микотоксиндерді анықтау

Құрама жемді және кебекті ұсақтамай алады, ал дәнді ұсақтайды. 50г навесканы қақпақпен колбаға салады, 150мл ацетон құяды және 2 сағат бойы немесе статистикалық жағдайда 20 сағат бойы шуттель-аппаратта сілкігенде экстрагирлейді. Экстрактты булағыш чашкаға фильтр қағазы арқылы фильтрлейді және су моншасында 55-60 градуста 45-50мл көлемге дейін булайды. Қалдықты бөлінген воронкаға салады және 1 минут сілкейді. Содан кейін воронкаға 50мл гександы қосады және 1-2 минут сілкейді. Қабаттардың бөлінуінен кейін астыңғы қабатты басқа бөлінген воронкаға құяды және екі рет оны экстрагирлейді 40мл хлороформды (әр жағдайда 2минут сілкейді). Гександық фракцияны керек болса, хлор және фосфорорганикалық қосылыстарға зерттейді. Қабаттардың бөлінуінен кейін хлороформдық фракцияларды (астыңғы қабат) фарфор чашкаға құяды және 55-60 градуста су моншасында хлороформ жоғалғанша дейін булайды. Құрғақ қалдықты 5мл ацетонда ерітеді және аквариумнан алынған 500мл сумен химиялық стақанға құяды. Стақанға жынысына қарамай 5 гуппияларды салады, оларды бақылауға алады, олардың өлімін 24 сағаттан кейін белгілейді.


Анықтау нәтижелері

Зерттелетін азықтың токсикалығының дәрежесіне қарай гуппий кестеде көрсетілген уақытта өледі:


Зерттелетін азықтың токсикалық дәрежесін анықтау


Азықтың токсикалық дәрежесі

Өлген гуппий саны

Өлген уақыты

Әлсіз токсикалық

Көп емес

24 сағат ішінде

Токсикалық емес

2-4

24 сағат ішінде

Токсикалық

5

24 сағат ішінде

Бақылау ретінде 1% ацетон ерітіндісін қолданады, онда гуппиялар тәулік ішінде тірі қалу керек. Бақылауды ацетонның сапасын анықтау мақсатында қояды.


Фуражды дәннің, оның өңдеу өнімдердің және құрама жемнің қояндарда тері сынама бойынша токсикалығын анықтау

500 мл банкі немесе колбаға 50г ұсақталған азықты салады, 150 мл эфирді құяды және сілкіп 24 сағат экстрагирлейді немесе шуттель-аппаратта 3 сағат экстрагирлейді. Егер экстрагент қабаты қақпақтан 1см аз болса, оның көлемін көбейтеді. Экстракциядан кейін сұйықтықты булағыш чашкаға қағаз фильтр арқылы фильтрлейді. Еріткішті иіс толық жоғалғанша дейін булайды, осы процесті жылдамдату үшін су моншасын қолданады. Чашка қабырғасында қалған экстрактты эфирмен жуады, оның негізгі көлемі чашка түбінде болу үшін. Эфир қолдануымен барлық операцияларды соратын шкафта өткізіледі. Алынған экстракттың консистенциясы сары немесе сұр түсті өсімдік майдың консистенциясындай болу керек. Егер экстрактта балауыз консистенциясы болса, оны қоян терісіне жағу алдында жылытады.

Қоян терісінің қырқылған бөліміне шыны күрекшемен жарты экстрактты жағады. Терінің қырқылған кішкене бөлімге экстракт жақпайды. Егер экстракт екі рет жағуға жетіспесе, оны алдын ала өсімдік майымен араластырады , оның жалпы көлемі 1г дейін. Қоян мойнына теріден экстрактты жаламау үшін 16-20см көлемде фанерадан, оргшыныдан немесе басқа материалдан жағаны киеді.

Дәннің, оның өңдеу өнімдердің және құрама жемнің токсикалығы қоян терісінде қабыну реакцияның дамуына байланысты. Зерттелетін материал токсикалық емес болып саналады, егер қабыну реакция болмаса немесе тері қабыршақтануы болмайтын және экстрактты жағудан кейін 2 тәуліктен көп сақталатын гиперемия болса.

Дәннің, оның өңдеу өнімдердің және құрама жемнің әлсіз токсикалық, егер экстрактты жағудан кейін гиперемия 2-3 тәулік сақталса және тері қабыршақтануымен, ауырсынумен және қабынуымен аяқталатын, тері жуандануымен келесіде бөлек қабықтарының пайда болуымен байқалады.

Дәннің, оның өңдеу өнімдердің және құрама жемнің токсикалық, гиперемия, ауырсыну, терінің қатты жуандануымен байқалатын ісік; барлық сыртқы бетінде жаралар пайда болады, сосын жаппай струп.


Бақылау сұрақтары:

1 Микоздар және микотоксикоздарға анықтама беріңдер?

2 Микоз және микотоксикоздардың дамуына қандай жағдайлар әсер етеді?

3 Қызылша, картоп, жүгері, зығырлы, мақталы күнжаралар қандай жағдайда токсикалық қауіптігін туғызады?

4 Өсімдік улармен улаудың алдын алу жолдарын атаңыздар?
Тақырып: Алкалоидпен улану кездегі токсикологиялық талдау

Сабақтың мақсаты: 1 Алкалоиды анықтау әдістермен танысу

2 Пат. материалда алколоидтарды анықтау әдiстермен танысу

3 Патматериалда алколоидтарды анықтау

Қажетті заттар: алколоидты өсiмдiктер (белена, дурман) қоянның қарын заты (стрихнинмен уланға) ыдыстар, реактивтер.

Алколоидтарды бөлiп алу. Колбаға 10 г ұнтақталған, ұсақталған құрғақ өсiмдiктердi салып, 1% сiрке қышқылы ерiтiндiсiмен (немесе шарап, немесе щавель ерiтiндiсi) 1:10 қатынасады араластырады. Колбаны қайнап тұрған су моншасында араластыра салады. Су моншасынан кейiн суытады да, 15 мин араластырады, сосын қыртысты фильтр арқылы фильтрлейдi. Сағат шынысына алколоидты анықтау үшiн фильтрат тамшысын басқа бiр реактивтiң араластырады. Алколоидтар бар болған жағдайда түрлi түстi тұнбалар пайда болады.
Алколоидтарды табуға арналған реактивтер:


  1. таниннiң 5% сулы ерiтiндiсi.

  2. пикриндiк қышқылының 1% сулы ерiтiндiсi

  3. сумманың 5% сулы ерiтiндiсi

  4. Люголь ерiтiндiсi (100 мл дистиль суына 2 г кристалды йод пен 4 г йодид калийдi қосады)

  5. Мейер реактивi (60 мл суда ерiтiлген 1,36 г сулеманы 10 мл суда ерiтiлген 5,0 калий йодидiне қосады. Қоспаны 100 мл дистиль судың көлемiне жеткiзедi).

  6. Драгендорфа реактивi (8 г висмут нитратын 20 мл азот қышқылында ерiтiп, концентрленген калий йодидiне құяды. Бiр тәулiктен кейiн ерiтiндiнi фильтрлеп, 100 мл көлемiнде сумен жеткiзедi).

  7. Фреде реактивi (0,1 г аммоний молибдатын 100 мл концентрленген күкiрт қышқылында ерiтедi).

  8. Менделин реактивi (0,1 аммоний ванадатын 2 мл концентрленген күкiрт қышқылында ерiтедi. Жаңа дайындалған реактивтi ғана қолданады).

  9. Эрдман реактивi (20 мл конц.HSO 100 мл дист. Судағы азот қышқылдың 30% рiтiндiсiн 10 тамшысына қосады).

Келтiрiлгiн алколоидтарды тұндыру реакциялары суда ерiмейтiн алколоидтар тұздарының қышқылдармен пайда болуында негiздапен. Бiрақ бұл реакциялар тұнба болмаған жағдайда ғана алколоидтердiң жоқтығын көрсетедi. Егер де тұнба болса, онда алколоидтардың бар болуын зерттегенде тексерген жөн, зерттелген жағдайда тұнба ақуыздармен болуы мүмкiн.

Ол үшiн алынған фильтратты воронкаға құйып, оған 5 мл хлороформ қосады және сұйықтық сiлтiлiреакция болуы үшiн сонша 50% поташа ерiтiндiсiн қосады. Воронканы 40-50 рет қосып, воронканың түбiне жиналған экстракцияны қайталайды. Бiрiктiрiлген экстракттардасу қабаты ақшыл-қызыл түске болғанша кейiн ас тұзының қаныққан ерiтiндiсiмен шаяды. Кейiн воронкаға 1% сiрке қышқылы ерiтiндiсiнiң 6-8 мл қосады да, қайтадан 40-50 рет қағады. Бөлiнген хлороформдыфлаконға жинайды, ал жоғарғы су қабатын қыртысты фильтр алып фильтрлейдi. Алколоидтар топтарын анықтау үшiн зерттеу жүргiзедi. Тұнбаның бұлдыр болуы алколоидтың бар екiнiн көрсетедi.


Кейбiр алколоидтардың иденификациясы:

Ареколин

  1. Драгендорф реактивiн ареколиннiң бейтарап немесе әлсiз қышқыл ерiтiндiсiне қосқанда сары-қызыл кристал. тұнба п.б. Реакция сезiмталдығы 0,002 мг.

  2. Ареколин ерiтiндiсiн мысық көзiнiң конъюнктивасына тигiзгенде қарашықтың кiшiрею байқалады. Реакция сезiмталдығы 0,4-0,6 мг.

Атропин

  1. Қалған бөлiктi азот қышқылының бiрнеше тамшысымен сулап, су моншасында буландырады. Өндеудi 2-3 рет қайталайды. Қалдықты ацетонның бiрнеше тамшысында ерiтiп, күйдiргiш натрийдiң спирттiк ерiтiндiсiнiң бiр тамшысын қосады. Атропин болған жағдайда күлгiн түс п.б. Сезiмталдығы 1 мкг.

  2. Атропин ерiтiндiсiн мысық көзiнiң конъюнктивасына тигiзгенде қарашықтың үлкейюi байқалады.

Морфин

  1. Марка реактивiн морфинмен қосқанда күлгiн басу пайда болады. Бұндай бояуды кодеин де бередi. Хлороформды сiлтi заты алынған қолдығы бар фарфор ыдысқа салып 1 т.Марка реактивiн қосқанда сары-күлгiн бояу пайда болады. Сынамада анықтау минимумы 0,05 мкг.

  2. Манделин мен Фреде реактивiн морфин мен қосқанда күлгiн бояу пайда болады, кейiн ол әлсiз ашық-қызылға айналады.

  3. Морфин бейтарап ерiтiндiсiне жаңа дайындалған хлорлы темiр ерiтiндiсiн қосқанда көк түс пайда болады.

Стрихнин

Пробкаға 1:1000 2 мл стрихниннiң сiлтiлi ерiтiндiсiнқұйып оған 2 хромды қышқылды калийдiң 1-2 кристалын қосады. Пробирканы ұстығышпен , концентрленген HSO қосады. Сұйықтықтың 2 қабаты қосылғанда көк түске айналатын күлгiн сақина пайда болады.



Кофеин

Пробиркаға 3-5 мл кофеин бензоат натрий ерiтiндiсiн бiрнеше тамшысын қосады. Қызыл-сары түстi тұнба пайда болады.



Карбохалин

1 Зерттелетiн карбохалин ерiтiндiсiне 2-3 тамшы азот қышқылды күмiстiң 0,1 н ерiтiндiсiн қосады. Карбохалин болған жағдайда ақ тұнба пайда болады.

2 3-5 мл карбохалин ерiтiндiсiне 1 мл 10% күйдiргiш натрийдi қосып, спиртовкада қыздырғанда әлсiз аминдi иiс пайда болады.
Апоморфин


  1. Сiлтiлi ерiтiндiдегi хлороформды сүзiндi жасыл түске боялады егер апоморфин болса.

  2. Қалдықты суда ерiтедi, натрий карбонатымен сiлтiлейдi және оған йодидтiң спирттiк ерiтiндiсiн қосады, нәтижесiнде жасыл бояу пайда болады. Сұйықтықты эфирмен араластырады: эфир пурпур-қызыл түске боялып, су қабаты жасыл түс бередi.

  3. Фреде реактивi апоморфинмен кiр-жасыл түс бередi. Ең аз дегенде 0,1 мкг сынамада зат болады.

  4. Хлорлы темiр ақшыл-қызыл түс, кейiн фиолет, сосын қара түс бередi.

Картопта салонинды анықтау:

Картоптан 1 мм қолындығы бiр неше кесiндi жасайды: 1.жоғардан ось негiзiне д. тең бөлiктерге; 2.көлденен – негiзiмен және жоғарынан; көз қастарынан.

Кесiндiлердi фарфор табақшаға не сағат ныныға салады. Кесiндiлерге алдымен тамшылап уксус қышқылын (80-90%), сосын конц. Күкiрт қышқылдын және бiрнеше тамшы 5% сүтек перекисiн тамызады. Дерт кесiлген жерлерде соланин болса қоныр-тынқұрай не қызыл түспайда болады.
Бақылау сұрақтары:

1 Құрамында алколоидтар бар өсiмдiктердi ата.

2 Қандай жағдайлар өсiмдiкте алколоид жиналуына себеп болады.

3 Антидотты және симптоматикалық терапия.


Тақырып: Гликозидпен улану кездегі токсикологиялық талдау

Сабақтың мақсаты: Гликозидтерді анықтау әдістермен танысу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет