Таќырыбы: Ингаляциялыќ наркотикалыќ заттар


Гликозидтерді анықтаудың биологиялық әдісі



жүктеу 0.9 Mb.
бет3/5
Дата04.03.2018
өлшемі0.9 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5

Гликозидтерді анықтаудың биологиялық әдісі. Әдіс жануарлардың жүректің систолдық тоқталуын шақыратын гликозидтердің қабілеттілігіне негізделген.

Алдын ала шығаруды – нәр немесе тұнбаны дайындайды. Ол үшін колбаға немесе фарфор инфундиркаға 3-5 г жұқа ұсақталған өсімдікті салады, 30-50 мл суық дистильденген суды қосады, қақпақпен жабады және 30 минут бойы қыздырады, тұнбаны – 15 минут. Осы мерзім өткесін нәрді ыстық күйінде, ал тұнбаны суығаннан кейін сүзеді.

Анықтауды ашық жүрекпен бақада өткізеді. Сыналатын препараттың инъекциясы және оның әрі қарай бақылауы ыңғайлы болу үшін бақаны құрсақпен жоғары тығындық пластинкаға шаншиды. Тереуішті жоғарғы және төменгі аяқ-қолдың саусақтар арасындағы жарғақтарға қадалайды, бақаны қозғалыстын айыру үшін табандарды әр түрлі жақтарға созады, осыдан кейін жүректі ашуға кіріседі. Осы үшін жұқа пинцетпен жоғарғы аяқтың арасында төсте теріні алады және үшбұрышты тесікті кесіп алады. Кесілген қиық үлкен емес болу керек. Тесіктің жалпы өлшемдері осындай болу керек, осыдан кейін шығарылған жүрек теріден айырылған учаскеде еркін орналасу керек және соңғының сыртқы жағына тимеу керек. Бұл керек себебі, теріден бөлінетін секрет бақаның жүрек бұлшықетіне улы әрекетпен әсер етуге қабілетті.

Содан кейін қайшымен төс сүйектің шеміршек бөлімін бұлшықетпен алады, жүрек қабығының бүтіндігін бұзады, құрсақ қуысына саусақтың жеңіл басуымен бастың бағытына қарай пайда болған тесікке жүректі итеріп шығарады. Жүректі ашудан кейін бақаға 0,3 мл-ден зерттейтін нәрден немесе тұнбадан лимфалық жамбастық қаптарға енгізеді. Ол үшін төс аумағында пинцетпен теріні тартады және теріден айырылған үшбұрышты тесік арқылы жұқа ұзын инемен зерттелетін препаратты енгізеді. Бақылауды 60 минут бойы өткізеді. Гликозидтер бар болса, жүректің тоқталуы систола сатыда өтеді, яғни жүрек барынша көп қысқарған және бозарыңқы боялған болады.


Бақылау сұрақтары:

1 Гликозидтерді көлбақада анықтау?


Тақырып: Соланинмен улану кездегі токсикологиялық талдау

Сабақтың мақсаты: Соланинді анықтау әдістермен танысу
Соланинді анықтау әдістері

Сапалық сынама. Сынама соланин реактивтермен байланысуының нәтижесінде түрлі түсті реакцияға негізделген. Картоп түйнегінен миллиметрдей жуандықпен бірнеше кесулерді жасайды:

  1. түйнекті тең екі жартыға бөлетін, ұшар басынан негізге дейін өсі бойынша;

  2. көлденеңдер – түйнектің негізінен және ұшар басынан;

  3. түйнектің бүйірлерінен;

  4. көз тесіктердің жанында.

Кесулерді фарфор ыдысқа немесе заттық шыныға жайып қояды. Кесулерге тамшыдан алдымен сірке қышқылын, содан кейін күкірт қышқылын және бірнеше тамшы сутегі асқын тотығын ағызады. Соланин бар болса, лезде өткір сұр-таңқурайлы немесе қызыл бояу пайда болады. Бояу немесе сұр түстің көрінуі болмаса реакция теріс. Соланинмен уланған жануарлардың несебі мысықтарда қарашықты тарылтады.
Сандық анықтау. Картоптың әртүрлі бөлімдерде соланиннің құрамы болады (пайызда): түйнектерде 0,002 – 0,004, қабықта 0,005 – 0,01, жасыл сабақта 0,05 – 0,25, гүлдерде 0,6 – 0,7, жидекте 1-ге дейін, жасыл қабықпен картопте 0,5-ке дейін.

Сандық анықтау зерттелген материалдан соланинді шығару және тұндыруға негізделген

  1. Зерттеуге үккіште ұсақталған 300г картопті алады. Алынған массаға 250 мл дистильденген суды қосады және бөлме температурада 30 минут бойы оқтын-оқтын араластырып тұндырады. Содан кейін сұйық ботқаны тығыз зығыр кішкентай капшыққа көшіреді және пресс астында жақсы сығады. Сығындыларды үш рет 0,2%сірке қышқыл ерітіндімен (250 – 300 мл-ден) өңдейді және әр өңдеуден кейін тағы пресс астында сығады.

Барлық сығылған сұйықтықты фарфор ыдысқа жинайды, әлсіз сілтілі реакцияға дейін аммиакпен сілтілейді, 10 г инфузорлық жерді қосады және су моншасында құрғағанша булайды. Булағанда ыдыстың шетінде көрінетін сұр массаны буланған сұйықтықпен немесе кішкене мөлшерде жылы дистильденген сумен жуады. Алынған ұнтақты кері мұздатқышпен жабдықталған колбаға салады, 125 мл 950 спиртті қосады және 30 минут су моншасында қайнатады. Құралды салқындаудан кейін үлесіп алады және ішіндегісін сүзеді. Тұнбаны қайтадан колбаға салады, содан кейін 125 мл спирттің жаңа үлесін қосады және қайнатады (операцияны 4 рет қайталайды). Спирттік вытяжканы колбаға жинайды, одан спиртті қуып шығарады. Алынған қалдыққа 5 тамшы сірке қышқылмен қышқылданған 100 мл дистильденген суды қосады, араластырады және сүзеді. Фильтратқа әлсіз сілтілі реакцияға дейін аммиакты қосады, содан кейін 30 минут қайнаған су моншасында қыздырады.

Соланин бар босла жапалақтар пайда болады, оларды сүзеді және 2,5%-ды аммиак ерітіндімен жуады. Алынған тұнба әлсіз сұр түске боялады. Таза соланин алу үшін тұнбаны 30 мл жылы спиртте ерітеді, сүзеді, спиртті су моншасында булайды. Тұнбаны сірке қышқылмен қышқылданған (5 – 8 тамшы) 100 мл дистильденген суда ерітеді және қайтадан аммиакпен тұндырады.

Осындай тазалауды 2-3 рет қайталайды.

Алдын ала өлшенген сүзгіде жиналған соланиннің ақ тұнбасы 1000 температурада тұрақты салмаққа дейін кептіреді.

Сандық анықтауда ескеру керек, соланинді аммиакпен тұндырғанда 100 мл аммиакта 2,75 мг соланин қалады.

Мысалы. Зерттелген материалды кептіргеннен кейін 665 мг соланин алынған және 200 мл аммиак тұндыруға жұмсалған. Онда соланиннің құрамы (мг %) құрайды:


665 + 5,5*100 223,5

300
Кептірген және ұсақ ұсақталған картоп сабағында және сүрлемде соланинді анықтау ұқсас өткізеді. Жануар ұшаларынан патологиялық материалда соланин анықталған жоқ.

2 Навесканы 50г құрғақ, жұқа ұсақталған картоп түйнегін (немесе

сабағын) кері мұздатқышпен қосылған колбаға салады, 150 мл этил спиртін қосады және 30 минут бойы жиі араластыруымен қайнатады.

Суытылған экстрактты Бюхнер воронка және бунзенвтік колба

арқылы сүзеді. Қалдықты тағы спиртпен (100-150 мл-ден) экстрагирлеуге ұшыратады. Спиртпен шығаруды 4 рет қайталайды. Барлық алынған спирттік экстракттарды бірге қосады. Спиртті су моншасында қуады. Дерлік құрғақ қалдыққа 150 мл сірке қышқылмен қышқылданған дистильденген су қосады.

Алынған лайлы ерітіндіні центрифугалайды. Жоғарғы қабатты құяды, ал қалдыққа 1%-ды сірке қышқылын қосады және тағы центрифугалайды; жууды 2 рет қайталайды. Алынған жуылған суларды бірінші вытяжкамен қосады және біртіндеп 5%-ды аммиак ерітіндісін лакмусқа сілтілі реакцияға дейін құяды. Содан кейін 30 минут қайнаған су моншасында қыздырады. Егер қыздырған кезде барлық аммиак ұшып кетсе, оны қосады. Қыздырған кезде соланиннің жапалақ тәрізді тұнба түседі. Соланиннің тұнбасын центрифугалайды. Содан кейін оны спиртте ерітеді, спиртті қуып шығарады. Қалдықты сірке қышқылмен қышқылданған суда ерітеді және центрифугалаудан кейін аммиакпен тұндырады. Осындай тазалауды 2-3 рет қайталайды. Соңғы рет соланинді алдын ала өлшенген қағаз сүзгі арқылы сүзеді. Сүзгідегі тұнбаны 1%-ды аммиак ерітіндісімен жуады және 1000 температурада тұрақты салмаққа дейін кептіреді. Алынған навескада шығарылған соланиннің салмағы пайыздық құрамға есептейді.


Бақылау сұрақтары:

1 Соланинды сапалық анықтау?

2 Соланинды сандық анықтау?
Тақырып: Госсиполмен улану кездегi токсикологиялық анализ

Сабақтың мақсаты: Госсиполды анықтау әдістерімен танысу

Госсиполды анықтау әдістері. Мақта күнжарасында бос госсиполды анықтау.


  1. Анилиндік әдіс. Госсиполдың алуы ауалы-құрғақ күнжарадан

Сокслет аппаратында 72 сағат ішінде сусызданған күкіртті эфирмен өткізіледі.

Экстракция аяқталғасын эфирдің бір бөлігін жояды және экстрактқа 2 мл анилинді құяды. Қайтадан эфирді айдап шығарады. Қалдыққа 4 мл пиридинді құяды. Қоспаны жақсылап сілкіп, 4 тәуілікке қалдырады. Содан кейін ерітіндіні Гуч тигелі арқылы сүзеді және сүзгідегі тұнбаны петролейді эфирмен жуады. Тигельді дианилин-госсипол тұнбамен бірге 1000 температурада тұрақты салмаққа дейін кептіреді. Тұнбаның салмағын 0,775-ке көбейтеді және осылай алынған күнжара аспасында госсиполдың санын анықтайды.

Егер тигль жоқ болса, кішентай шыны құйғышты және кәдімгі бүрмелі сүзгіні қолдануға болады. Сүзгі алдын ала эфирде ұзақ тұрған, 100 0 температурада кептірілген және өлшенген болу керек.


  1. Күкіртті қышқылды әдіс. Әдіс госсиполдың күкірт қышқылдың

әсерінен ал-қызыл түске боялуының қабілетіне негізделген. Қолдануға бірнеше плиткалардың әр түрлі жерден күнжараның кішкентай кесектерін (200 гр) ыдыста ұсақ ұнтаққа ұсақтайды. Біркелкі араластырған күнжара ұнтақтан 20-40 мг аспаны өлшейді және заттық шыныға салады. Барлық түйіршіктерді ұсақтайды, ал тұқым дәннің қауызын алып тастайды. Күнжара аспасын тең бөліктермен 20-30 заттық шыныға бөліп салады, 1-2 тамшы концентрленген күкірт қышқылмен сулайды, препаратты араластырады және жабынды шынымен жабады.

Осылай дайындалған препаратты кіші үлкейтумен микроскоп астында қарайды және күкірт қышқылдың әсерінен боялған алқызыл сұйықтық ағатын дөңгелек және сопақ темір кесектерді, сонымен бірге көрінетін қабық қалдықтармен дөңгелек алқызыл дақтарды санайды.

Осы жұмысты күндізгі жарыққа немесе күндізгі жарық лампамен мүмкіндігінше тез өткізу керек. Әр бөлек препаратты микроскоп астында қарағаннан бұрын күкірт қышқылмен сулау керек.

Барлық препараттарда (20-30) жалпы боялған дақтардың санын санайды. Осыдан кейін күнжарада госсиполдың пайызын формула бойынша есептайді:


Х = 64/20 * 0,085 = 0,272

бұнда, 0,085 – госсиполдың тұрақты коэффициенті;

64 – заттық шыныда есептелінген алқызыл дақтардың саны;

20 – күнжара аспасы (мг).


Бауырда госсиполды анықтау. Анықтау өзгерген бауырға темірсинеродисті калийдің әсерінен темірлі-гемосидериннің пайда болуына негізделген.

Реактивтер

1 Темірсинеродисті калийдің 2%-ды су ерітіндісі (қызыл қанды тұз – К3Fe(CN)6).

2 Тұз қышқылының 1%-ды ерітіндісі.

Реактивтерді 1:15 қатынасында араластырады, алынған қоспаға бауырдың жіңішке кесіндісін салады. Госсипол бар болса бауыр көк түске боялады (энцефаломиелитпен ауырған жылқыларда да сынама оң болады). Сосын сау жануарлардың бауырымен сынаманы қояды (салыстыру үшін).



Несепте госсиполды анықтау.

Несепке тең көлемде сары қанды тұздың тұзды-қышқылды ерітіндіні

қосады (2,0 г сары қанды тұзды + 100 мл тұз қышқылдың 1%-ды ерітінідіні). Госсипол бар болса несеп берлин көкшіл түске боялады немесе несеп тұнбасының көк түске боялуы өтеді.
Бақылау сұрақтар:

1 Мақта күнжарасында бос госсиполды анықтау?

2 Бауырда госсиполды анықтау?

3 Несепте госсиполды анықтау?


Тақырып: Жусанмен улану кездегi токсикологиялық анализ

Сабақтың мақсаты: Ақ тышқанда жусанды анықтау әдісін оқып білу

Қажетті заттар:

  1. 50мл сыйымдылығымен колба

  2. Жусанның құрғақ бұтақтары.

  3. Спиртшам

  4. Дәке

  5. Зертханалық жануар (ақ тышқан).

Жусанның токсикалығын келесі әдіспен анықтайды. 50мл сыйымдылығымен колбаға 10г ұсақталған жусанның құрғақ бұтақтарды салады және жиі араластырып 15минут бойы суда қайнатады. Алынған қайнатындыны дәке арқылы сығады, содан кейін сұйықтықты 1:1 (10мл) дейін булайды, 0,25-0,3мл алынған экстрактты ақ тышқанға тері астына енгізеді (20-23г). Жусан токсикалық болса, ақ тышқан 30-35 минуттен кейін өледі. Өлім улануға мінезді сіңір тартылуымен өтеді.


Бақылау сұрақтары:

1 Зертханалық жануарларда жусанды анықтау?

2 Жусанмен уланғанда клиникалық белгілер?
Тақырып: Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктермен уланудың лабораториялық диагностикасы

Сабақтың мақсаты: Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктермен уланудың лабораториялық диагностикасын зерттеу
Улануға күдікті мал болса, зертханаға азық сынамаларын жібереді және патолого-анатомиялық материалды жібереді.

Алкалоидтарды табу және идентификациялау үш деңгейде өткізіледі: изоляция, оқшауланған қалдықта табу, хроматографиялық идентификация.



Алкалоидты изоляциялау. 100г ұсақталған азықты дистильденген сумен 1:4 қатынасындай құяды және 1:10 қатынасындай құрғақ азыққа. Араластырып, 10% күкірт қышқылды ерітіндісімен рН 3 дейін қышқылдайды, су моншасына 2 сағатқа 400С температураға қояды. Шырынды азықтан бірден, ал құрғақ азықтан вытяжкасын 24 сағ кейін фильтрлейді және екі рет 30мл хлороформмен өңдейді.

Хлороформды бөлгеннен кейін вытяжканы 10% аммиак ерітіндімен рН 9 дейін сілтілейді және үш рет 50, 30, 20мл-ден хлороформмен өңдейді. Қағаз фильтрі арқылы фильтрлейді және сорғыш шкафқа қояды. Алкалоидты табу үшін сулы сілтіден алынған хлороформды вытяжкасын қолданады.



Патматериалдан алкалоидтардың изоляциясы. Ұсақталған патматериалды 100г 750мл колбаға салады, 1:4 қатынасындай су құяды және рН 3 дейін шарап, қымыздық қышқылмен қышқылдайды. Содан кейін 400С температурада 1сағат су моншаға қояды. 2 сағаттан кейін сұйықтықты фильтрлейді және 25мл-ден 10минут бойы хлороформмен өңдейді. Егер хлороформды қабаттың бөлінуі қиындай түссе, онда оны 10минут бойы центрифугалайды.

Хлороформды бөлгеннен кейін вытяжканы 10% аммиак ерітіндімен рН 9 дейін сілтілейді және азықтан жасалған алкалоидтың изоляциясы сияқты өңдейді.



Оқшауланған қалдықта алкалоидтарды табу. Бірнеше әдістер бар, ең кең қолданылатын ол Драгендорф реактив көмегімен табады. Оқшауланған қалдықта хлороформды буландыруын тездету үшін химиялық стақанның құрамын вентилятор көмегімен желдетеді. Қоюлағаннан кейін вытяжканы тамшымен 3х7см өлшемді хроматографиялық қағаздан жасалған сызықтарға салады. Вытяжканы төрт нүктемен салып, қарындашпен 1, 3, 5, 15 сандарды белгілейді.

Құрғағаннан кейін қағазды дайын реактивтің бірі көмегімен анықтайды:



реактив 7:8,5г нитрат висмутын 400мл суда ерітіп, 100мл сірке қышқылын қосады. Бөлек 80г калий йодидын 200мл суда ерітеді. Екі ерітінділерді араластырып, қараңғыда бір ай бойы ұстайды. Анықтауға арналған реактивті дайындайды 20мл негізгі ерітіндіден, 20мл сірке қышқылдың 100мл суда. Реакция сезімталдығы 3-5мкг;

реактив 2:200г шарап қышқылды және 17г нитратты висмутты 100мл суда ерітеді; 160г калий йодидын 400мл суда ерітеді. Екі ерітіндіні араластырып және қараңғы жерде сақтайды. Анықтауға арналған реактивті 10мл негізгі ерітіндіден, 10г шарап қышқылды және 50мл судан дайындайды. Реакция сезімталдығы 1-3мкг.

Алкалоидтар болса, қағазда қызыл немесе малина дақтары пайда болады. Көп алкалоидтар құрамында болса, ол бірінші тамшыдан пайда болады, аз болса – келесіде пайда болады.

Хроматографиялық идентификациясын қағазда өткізеді. Осы әдісте алкалоидтық таза эталонды үлгілер бар болуын қажет етеді.
Бақылау сұрақтары:

1 Алкалоидтардың изоляциясы?

2 Алкалоидтарды табу?

Тақырып: Гликозид және сапониндерді анықтау

Сабақтың мақсаты: Азық және патматериалда гликозидтерді табудың сапалық әдістермен студенттерді таныстыру
Қажетті заттар: Азық сынамалары, оймақ гүлдің жапырақтармен алдын ала уланған қоян асқазанның құрамы, керекті реактивтер және ыдыс жиынтығы.

Өсімдіктерден гликозидтерді алу. 100 – 200 г ұсақталған материалды колбаға салады, 960 спиртті құяды және виннокаменді қышқылдың спирттік ерітіндісімен қышқылдайды. Колбаның ішіндегісін шайқайды және бір сағаттан кейін лакмус қағазымен оның реакциясын тексереді. Сілтілі реакция кезінде сұйықтыққа тағы виннокаменді қышқылдың ерітіндісін қосады және бір сағаттан кейін тағы реакцияны тексереді. Егер реакция қышқыл болса, онда колбаны мақталы тығынмен жабады және оқтын-оқтын ішіндегісін шайқап Т – 25-300 бір тәуілікке қалдырады. Вытяжканы қышқыл реакцияның барына тексереді және абайлап құйып алады, колбада қалған материалды тағы спиртпен құяды және екінші тәуілікке қалдырады. Спирттік вытяжкаларды біріктіреді және сүзеді. Сынаманың қалдығын колбадан сүзгіге алып барады және вытяжкаға қосатын спиртпен екі рет жуады. Алынған вытяжканы фарфор ыдыста су млншасында Т – 400 сұйық сироп күйге дейін булайды.

Буланған сұйықтыққа ақуызды тұндыру үшін, тұнбасының пайда болуы тоқтатқанша дейін этил спиртін (960) араластырып тамшылап құяды. Тұндырудан кейін сұйықтықты сүзеді және сұйық сироптың қоюлығына дейін булайды. Спирттің қосылуы лай бергенше дейін, ақуыздардың тұндыруын өткізеді. Осыдан кейін сұйықтықты толық спирт жойылғанша дейін булайды, ал қалдықты 50 мл суда ерітеді. Егер ерітінді лай болса, оны сүзеді. Топтық гликозидтерді табу үшін келесі реакцияларды қолданады:



1 Фелингті сұйықтықпен реакция. Сынаушы ерітіндіні қандай

да болмасын сұйылтқан қышқылмен (күкіртті немесе тұзды) қайнатады және сүзеді. Фильтратқа фелингті сұйықтықты қосады. Ерітіндіде гликозидтер бар болса, фильтрат фелингті сұйықтықты қалпына келтіреді, себебі қайнағанда қышқылмен өтетін гидролиз қалпына келтіретін қасиеттерге ие болатын глюкоза немесе басқа қанттың пайда болуына әкеледі.

Фелингті сұйықтық мыс купоросы, сегнетті тұз және ащы сілті ерітінділердің қоспасы түрінде болады, көк түсті; қалпына келтіргенде көк түс жойылады және осында мыс тотығының гидратының сары тұнбасы пайда болады, ол қыздырғанда қызыл болады.

2 Өгіздің өтінің реакциясы. 1 мл суда пробиркада кішкене

өгіздің өтін ерітеді, тең көлемде концентрленген күкірт қышқылын қосады және абайлап осы қоспаға сынаушы ерітіндіні қабаттастырады. Гликозидтер бар болса, сұйықтықтардың шектескен жерде қанды-қызыл сақина пайда болады, ал шайқағанда барлық сұйықтық қызыл болады.



3 Биологиялық сынама. Қозғалмайтын бақаны алады, тақтайға оны түйрейді және жүректі босатады. Жүрек қысқартулардың санын минутына санайды, ал сосын лимфа қапшығының облысына 0,5 – 1 мл зерттелген нәрді енгізеді. Бақылауды бір сағат ішінде жүргізеді, оқтын-оқтын жүрек қысқартуларды санап. Гликозидтер бар болса, жүрек қысқартулардың сирегіреуі келесі систола сатысында жүректің тоқтатылуымен байқалады.

Сапониндерді табу. Сапониндерді өсімдіктерден ыстық спиртпен (метилмен жақсырақ) алады, өсімдіктерден олар суыған кезде ақ ұнтақ түрінде түседі.

1 Концентрленген күкірт қышқылы оларды қызыл түске боялады.

Оларға дегиталинді сынама деп аталатын мінезді, ол мынаған негізделеді, қоспалардың тең көлемде концентрленген күкірт қышқылын және спиртті қыздырғанда және темір тотығының күкіртқышқыл ерітіндінің бір тамшысын қосқанда сапониндер көк – жасыл боялуды береді.


  1. Көбік пайда болу реакциясы. Сынаушы материалды 1-2 мл көлемде

пробиркаға салады, 5 мл су қосады және қатты сілкиді. Үлкен тұрақты көбіктің пайда болуы сапониндердің бар екенін көрсетеді.

  1. Гемолитикалық тексеру. Эритроциттердің 5%-ды аспаны

дайындайды (қанды дефибриндейді, физ.ерітіндімен жуады).

Екі пробирканы алады, біреуге 2 мл фильтратты қояды, ал басқаға – 2 мл

физ.ерітіндіні. Екі пробиркаға 0,5 мл эритроциттердің 5%-ды аспаны қосады. Сілкиді және 5 – 10 минутка қалдырады. Сапонин бар болса, фильтратпен пробиркада гемолиз басталады, ал бақылау пробиркада өзгерістер болайды.
Бақылау сұрақтары:

1 Гликозид- және сапонин алып жүретін өсімдіктерді атаңыз?

2 Вегетацияның қандай сатыда ең қауіпті гликозид- және сапонин алып жүретін өсімдіктер?

3 Гликозид және сапонин құрамына азық дайындау шарттары қалай әсер етеді?

4 Гликозид және сапонинмен улануына күдіктегенде жануарларға қандай көмек көрсету керек?

5 Азықта гликозид және сапониндерді табудың экспресс әдістерді атаңыз?


Тақырып: Азықтарда және өсімдіктерде сапониндерді анықтау әдістері

Сабақтың мақсаты: Азықтарда және өсімдіктерде сапониндерді анықтау әдістерімен студенттерді таныстыру
Сапалық сынама. Гемолитикалық сынама.

Сынама эритроциттердің гемолизіне негізделген.



Реактивтер: 1 Хлорлы натрийдің физиологиялық ерітіндісі: 9 г хлорлы натрийді 1000 мл дистильденген суда ерітеді.

2 Эритроциттердің 5%-дық аспасы.

Қанды кез келген жануардың күре тамырдан шыны стақанға алады, 10 минут ішінде ағаш шыбықпен айналма араластырумен оны дефибриндейді. Фибринді шыбықпен бірге жояды, ал плазманы дефибринирленген қанның эритроциттерімен дәкенің 2 қабаты арқылы сүзеді. Фильтратты ас тұзының физиологиялық ерітіндінің 2-3 көлемімен араластырады және 8-10 минут ішінде центрифугадан өткізеді. Центрифугадан өткізген кезде эритроциттер пробирканың түбіне шөгеді, ал үстінде қызғылт түске сәл боялған сұйықтық қалады. Сосын эритроциттердің қабатын тимеуге тырысып, мөлдір қызғылт сұйықтықты сақтықпен сорады, содан кейін оған алғашқы деңгейге дейін ас тұзының физиологиялық ерітіндісін құяды және қайтадан центрифугадан өткізеді. Егер екінші жуудан кейін эритроциттердің үстіндегі сұйықтығы түссіз және мөлдір болса, онда осымен эритроциттердің жууын аяқтайды, болмаған жағдайда жууды үшінші рет қайталайды. Содан кейін жуылған эритроциттердің 0,5 мл тұнбасын алады және оған 9,5 мл физиологиялық ерітіндісін қосады.

Материалды зерттеу келесі әдіспен өткізеді. Колбаға 1 г ұнтақталған шөп, ұн немесе кебекті салады және 10 л ас тұзының физиологиялық ерітіндісін қосады, ұнтақталған шөпті 10 минут қайнаған су моншасына қояды (жиі араластыруымен), ал ұнды немесе кебекті оқтын-оқтын сілкіп, бөлме температурасында 15 минут экстрагирлейді. Содан кейін қағазды сүзгіш арқылы сүзеді. Алынған фильтратты 2 мл мөлшерде пробиркаға қояды. Натрий хлордың физиологиялық ерітіндісінің дәл осындай көлемін басқа пробиркаға құяды. Сосын эритроциттердің 5 %-дық аспасын 0,5 мл-ден екі пробиркаға қосады, сілкиді және штативте қалдырады. 5-10 минуттан кейін нәтижені ескереді. Зерттелген шығаруда (бірінші пробирка) сапониндер болса, эритроциттердің гемолизі басталады, онда бақылау пробиркада (екінші) гемолиз болмайды.


Бақылау сұрақтары:

1 Сапонинға патматериалды зертеу?


Тақырып: Өсімдік тектес азықтарда госсиполды табу

Сабақтың мақсаты: Өсімдік тектес азықтарда госсиполды табу әдістермен студенттерді танысу

Тапсырма: 1 Тәжірибелердің жұмыс жүруін жазып алу.

2 Тәжірибелерді өткізу және шешімдер шығару.


Әдіс өсімдік материалдан госсиполят натрий түрінде шығаруға, коэкстрактивті заттардан экстрактты тазартуға, госсиполят натрийді бос госсиполға ауыстыруға, оны хлоформмен алуға, келесі талдаумен құрғақ қалдықтың түсті реакцияның госсиполға хлороформды айдауға негізделген.

Талдаудың жүруі. 5 г ұсақталған және илеуіш арқылы иленген сынамаларды 250 мл колбаға салады, 80 мл экстрагирлейтін қоспаны құяды (70 мл ацетон 30 мл 0,2%-ды ащы натрийдің сулы ерітіндісімен) және шыны кішкене моншақтарды енгізеді. Колбаны жабады және жиі шайқаумен тұндыру үшін соратын шкафқа 24 сағатқа қалдырады содан кейін экстрактты қағазды сүзгі арқылы бөлінген воронкаға сүзеді. Колбаның ішіндегісін 15 – 20 мл экстрагирлейтін қоспамен жуады және сүзеді.

Бөлінген воронкаға 20 мл петролейді эфирді енгізеді және араластырады; тұндырғаннан кейін төменгі қабатты химиялық стақанға құяды, ал жоғарғы қабатты лақтырады.

Төменгі қабаттың тазартуын 3 рет қайталайды, ал шөпті ұн болса – 5 – 6 рет.

Тазартылған экстрактты сұйықтықты бөлінген воронкаға құяды, оған 50 мл күкірт қышқылдың 2%-дық сулы ерітіндіні қосады. Қоспаны 15 минут ұстайды, осыдан кейін госсиполды үш рет переэкстрагирлейді 15, 10 және 10 мл көлемі хлороформмен. Хлороформды экстрактты қағаз сүзгі арқылы шыны төменгі бюкске сүзеді және сору үшін соратын шкафқа қояды. Құрғақ қалдықты жабық бюксте қараңғы құрғақ жерде сақтайды.

Зерттеу үшін құрғақ қалдықты 1 мл хлороформда ерітеді.


Госсиполды табу сапалық реакция. Құрғақ қалдықтың 0,1 мл хлороформды ерітіндіні хромотографиялық қағаздың жолына (10Х4 см) сол жақта, шетінен 3 см шегініп салады. Сынамадан 3 см қашықтықта 0,1 мл стандартты госсиполды (5 мг госсиполды 50 мл хлороформда ерітеді) салады. Құрғағаннан кейін ерітінді салған жерді айқындауыш ерітінді (20 г флороглюцин, 100 мл этил спирті, 10 мл концентрленген тұз қышқылы) арқылы өткізгіш жолымен айқындайды. Зерттелген сынамада қызыл немесе таңқурайлы дақ бар болса (госсиполдың стандартты ерітіндіде сияқты) сынамада госсипол бар екені туралы қорытынды береді. Әрі қарай хромотографиялық талдау өткізеді.
Бақылау сұрақтары:

1 Өсімдік материалдан госсиполды шығару

2 Госсиполды табу сапалық реакциясы.
Тақырып: Патогенді саңырауқұлақтардың улылығын анықтау

Сабақтың мақсаты: Патогендді саңырауқұлақтардың улылығын анықтау әдістермен студенттерді таныстыру
Микотоксикоздардың дифференциалды диагностикада удың улылығын анықтау маңызды рөл атқарады. Осы мақсатпен агарда өсірілген патогенді саңырауқұлақтардың олардың улы өнімдермен өсіндіні ауру шыққан жануарлардың азығына береді. Биологиялық сынаманы зертханалық объектілерге қояды.

Алдымен өсінділердің тығыз орталарда өсірілген экстракттарды дайындайды. Саңырауқұлақтың жұқа қабығын пробиркаға салады, суды құяды және 4 – 100С темрепатурада 24 сағатқа қалдырады.

Бір тәуіліктен кейін заттық шыныға бір тамшы қарапайымдылардың аспасын (парамециум каудатум) және екі тамшы зерттелген экстрактты тамызады, содан кейін 24 сағат бойы оқтын-оқтын зерттелген объектіні микроскоптың кіші үлкеюінен қарап бақылайды. Патогенді саңырауқұлақтардың жоғарыулы экстракттар парамецийді алғашқы 3 минутта өлтіреді. Токсикалық экстракттар парамецийге 8 – 10 минут бойы жоюмен әсер етеді, әлсіз токсикалық саңырауқұлақтар морфологиялық өзгерістерді, парамецийдің өлімін шақыртпайды.

Жануарларда саңырауқұлақтардың улылығын анықтау. Саңырауқұлақтың өсіндіден стерильды экстракттарды дайындау керек. Ол үшін өсіндінің аспасын алады және оған 1:3 қатынасында стерильды физиологиялық ерітіндіні құяды, жиі араластыруымен 1 сағат ұстайды. Алынған эстрактты дәкенің бірнеше қабаты арқылы сығады және Зейц сүзгі арқылы сүзеді.

Зертханалық жануарларға (ақ тышқандарға, егеуқұйрықтарға, қояндарға, көгершіндерге, мысықтарға) оны 0,5 – 3 мл көлемде теріастына, 0,5 – 2,0 мл құрсақішіне енгізеді. Жануарларды 2 апта бақылайды. Егер саңырауқұлақтың өсіндісі улы болса, онда оларда токсикоз дамиды (жалпы нашарлығы, тремар, парездер). Теріастына енгізгенде жергілікті қабыну реакция болуы мүмкін, ал құрсақішіне енгізгенде перитонит байқалуы мүмкін.

Патогенді саңырауқұлақтың уларын табудың химиялық әдістерден тұз және үшхлорсірке қышқылдармен сынаманың тәжірибесі үшін қолайлы.

Пробиркаға саңырауқұлақ өсіндіден бірнеше тамшы эфирді экстрактты алады және 1 – 2 тамшы қышқылды қосады. Фузариум түрінің саңырауқұлақ токсиндердің оң реакциясында тұз қышқылды қосқанда пробирканың ішіндегісі ашық қызыл түске, ал үшхлорсірке қышқылды қосқанда жасыл түске боялады.



Азықтың улылығын анықтау әдістері. Ең белгілі – тері сынамасы. Экстрактты дайындау үшін 50 г азықты алады, ұсақтайды, егер керек болса кептіреді, содан кейін Сокслет аппаратында эфирмен токсиндерді экстрагирлейді 6 сағат бойы, экстрактты 10 – 15 минутке дейін булайды. Токсиндерді шыны банкаларда немесе колбаларда алуға болады. 100гр шөпті алады, ұсақтайды, 200 мл эфирді құяды, бөлме температурасында 24 сағат тұндырады және қою консистенцияға дейін булайды.

Содан кейін қоянның қырқылған теріге бір тәуілікте екі рет аралығымен алынған экстрактты береді, қоян зерттелген экстрактты жаламау үшін шараларды қолданып. Реакцияның есебін 3 – 7 күн бойы өткізеді.



Улылығының дәрежесі бойынша айырады: бірінші дәреже – терінің қызаруы, сезгіштіктің жоғарылуы – қызаруы, ауырсыну, қабыршақтану; екінші дәреже – қызаруы, ауырсыну, қабыршақтану, терінің жуандануы, қоңыр бояумен көпіршік түрінде ұсақ бөртпелер; үшінші дәреже – қызаруы, тері жуандығының көрінуі, ауырсыну және қатпаршақтану, сыртқы некроз, струптың пайда болуы; төртінші дәреже – қызаруы, терінің төменгі шекарасында валик түрінде қатты ісіну, құрғақ некроз, жаппай жуан струп.

Азықтың улылығын сонымен бірге жануарларға биосынамамен клиникалық белгілерден және патологоанатомиялық өзгерістерден қойылады. Бұл ақ тышқандарды алдын ала аш қарында ұстап, оларға бүлінген азықты азықтандыру жолмен немесе тері астына зерттелген азықтың экстракттарды енгізумен жетеді. Кейде сынаманы тауықтың сақалында өткізеді. Зерттелген экстрактты сақалдың біреуіне енгізеді, ал екіншісі бақылау болады. Сақалдың қабыну реакциясының дәрежесі экстракттың улылығының көрсеткіші болып табылады.

Хромотографияның жұқа қабаты әдісі микоздық шығуының құрамын және удың мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Микотоксикоздардың алдын алудың жалпы шаралар үйлесімді мерзімде дайындалған сапалы азықтарды жануарларға азықтандыруды ескереді. Астық тектес өсімдіктерді гүлденуге дейін шауып алу керек, жақсы кептіру, шөпті қабықпен немесе сабанның қабатымен жауып, маяда дұрыс сақтау. Ерекше назар ең жоғары қоректі және бағалы концентрленген азықтардың сақтауына аудару керек.

Аммиактың 25% ерітіндісі консервіленген қатаң азықтың пішен немесе сабанның 10л/ц есеппен көп саңырауқұлақтың өсуін алдын алады. Пішен және сабанды консервілеу мақсатында каустикалық, кальцинирленген содасын, сөндірілмеген әкті пайдаланады. Дәннің улағыштығын төмендету үшін натрий пиросульфатын (5 – 10кг/т) немесе фузариум түріне жататын саңырауқұлақпен зақымданған жемшөптен басқа термикалық өңдеу қолданылады.

Пенициллиум, ризопус, мукор саңырауқұлақпен зақымдалған І және ІІ деңгейдегі у қасиеті бар дәндер құрғақ термикалық өңдеуге АВМ – 0,65, СБ – 1,5 көмегімен 10 – 15 минут ішінде, сонымен қатар 1 – 1,2 атмосфералық қысыммен қазанда ұстайды.

Микотоксикоздардың алдын алу шараларының ең негізгі шарты – мал азығындық дақылды егіп өсіру, агротехникасын қарау, ол өз уақытында аңыздардың сыдыра жыртуға, сүдігерді жыртуға әкеледі, пішен және сабанның маялау тәртібін сақтау болып табылады.

Жануарларды жайылуға тек өсімдік қалдықтарына зиянсыздық анализден ғана болады.



Бақылау сұрақтары:

1 Микотоксикоздардың дифференциалды диагностикасы.

2 Жануарларда саңырауқұлақтың улылығын анықтау әдісі.

3 Патогенді саңырауқұлақтардың уларын табудың химиялық әдісі.

4 Қояндарда тері сынама бойынша азықтың улылығын анықтау
Тақырып: ТМТД препаратымен уланған кездегi токсикологиялық талдау

Сабақтың мақсаты: ТМТД препаратымен уланған кездегi токсикологиялық зерттеу

1 Патологиялық материалда ТМТД ны анықтау. Үйкелеген тығыны бар банкаға 50гр. жақсылап ұтақталған бауыр, бүйрек, қарый құрамына бiрдей көлемде ацетон қосады. 2-3 сағат бойы экстарктайды, периодты араластарады. Содан кейiн фильтрлейдi. Фильтратты сумоншасында буландырады, құрғақ болған дейiн. Алынған құрғақ қалдықты, салқындағанан кейiн 1-2% күкiрт қышқылында ерiтедi. Егер ерiтiндi май болса, онда оны фильтерлейдi. Пробиркаға алынған филтраттың 2-3 мл салады, оған 5% мыс сульфат ерiтiндiсiсн және 5 тамшы 10% күкiрт қышқылы қосылады. ТМТД болу жағдайында ерiтедi ақшыл-жасыл түсте болады.

2 Сүтте ТМТД –нi анықтау. Пробиркаға зерттелетiн сүттiң 2-3 құяды, оған 5 тамшы 5% мыс сульфат ерiтiндiсi қосылады, жақсылап араластарылады. Сұйықтық көк түске боялады. Содан кейiн 5-7 тамшы күкүрт қышқылы (10% етрiтiндi )қосылады, сүт бұл жағдайда ұйиды, көк болу жоғалады, ортақ ТМТД болу жағдайынға ақшыл-кызыл болу пайда болады, қыздырғанда қанығады.

3 Жемде ТМТД-ны анықтау. Үйкелген пробкасы бар, көлемi 500мл колбаға 200 гр және немесе 100 гр кебекке 100 мл хлороформ қосады, тығынмен жабады және 5 минут бойы сiлкиейдi. Сосын фильтрлейдi алынған 15 мл фильтратка 15 мг мыс хлорын қосып, оны 15 минут бойы араластырады. ТМТД болу жағдайында фильтрат сары- қоныр түске боялады.


Бақылау сұрақтары:

1 Тетраметилурандисульфат қандай қышқыл өндiрушуге жатады?

2 Қандай түрде ТМТД шығарылады.

3 ТМТД –ң негiзгi техникалық мiнездемесiн атаныз?

4 ТМТД-ның улану кезiнде токсикодинамикасы.

5 ТМТД-ның улану кезiнде клиниклық белiлер.



6 ТМТД-ның улану кезiнде емдеу.
Тақырып: Азықта және патматериалда пестицидтердің қалдығын табудың биологиялық әдістері

Сабақтың мақсаты: Биологиялық материалды зерттеу
Биологиялық анализ. Ботаникалық, микологиялық, химиялық анализдің негізінде уланудың себебін анықтай алмайды. Кейде биологиялық әдістерін қолдану керек және тәжірибелі жануарларды жасанды уландыруы болады. Ол үшін күдікті азықты жануарларға береді немесе азықтың вытяжкасын енгізеді.

Жәндіктерге пестицидтерді сынау. «Құрғақ пленка» әдісі (А.В.Николаев). Тәжірибелі жәндіктерді токсикалық заттың «құрғақ пленкасында» ұстайды. Зерттелетін улы химикатты кристалл немесе ерітінді түрінде салады.

Маса көмегімен пестицидтерді табу. Зерттелетін объектіні (25-50г) ацетонмен құяды, жабады және 8-10сағат бөлме температурасында ұстайды. Ацетонды экстрактын Петри чашкаға фильтрлейді және ацетон буланғанша дейін қалдырады. Чашкаға 20-30масаларды салады. Бақылауға тағы сондай масаларды басқа чашкаға салады және онда улы емес экстрактан ацетон қалдығы болады. Нақты нәтижелерді алу үшін 2-3 сынамаларды және бір бақылаулы сынаманы қояды.

Фосфорорганикалық пестицидтермен уланған масалардың клиникалық белгілері. ФОҚ өңдеген бетпен масалар әрекет еткенде, олардың белсенділігі артады. Бірнеше уақыттан кейін жәндіктер ұйқылы, аяқ салдануы пайда болады. 10сағаттан кейін өлген масаларды санайды. Әдіс 0,5кг тиофосты, метафосты және басқа ФОҚ сынамада анықтайды.

Хлорорганикалық пестицидтермен масалардың уланудың клиникалық белгілері (ДДТ). Масаға ДДТ әрекет еткенде, масалар қозу күйінде болады. Содан кейін парез және паралич байқалады, масалар арқаға құлайды, тұра алмайды. Паралич барлық аяқ-қолды қамтиды.

Масалардың азығында пестицидтердің қалдығын табу. Эфирды экстрактты жоғарыда айтылғандай дайындайды. Оны қантпен араластырып, құрғатады. 24сағаттан кейін тәжірибе нәтижелерін оқиды.

Гексахлоранды және ДДТ анықтау. Кристаллизаторға 25г зерттелетін материалды салады және дәкемен жабады, оған 10-20 масалар жібереді. Дәл сондай кристаллизаторға зерттелетін материалсыз және масаларды қояды. 8-12 сағаттан кейін масалар өледі, себебі гексахлоран және ДДТ бар екенін дәлелдейді.

Көз қарашығының ұлғаюы және тарылу реакциясы. Атропин. Хлороформды аммиакты ерітінді вытяжкасының қалдығына тұз қышқылдың бірнеше тамшысын қосады. Ерітіндіні су моншасында буландырады. Алынған қалдықты бірнеше тамшы суда ерітеді және мысықтың конъюктивасына салады. Атропин болса, көз қарашығы ұлғаяды.

Эфедрин. Зерттелетін өсімдіктен немесе қарындағы құрамынан тұнбаны дайындайды, буландырады және мысықтың конъюктива қапшығына концентратты жібереді. Эфедрин болса, конъюктива бозарады және көз қарашығы ұлғаяды. Әсер 2 сағат бойы созылады.

Ареколин, пилокарпин, физостигмин. Зерттелетін қалдықты бірнеше тамшы суда ерітеді, алынған ерітіндіні мысықтың көз конъюктивасына енгізеді. Ареколин, физостигмин, пилокарпин болса, көз қарашығы тарылады.

Жусанның улығына сынама. 10-15г жусанды суда 10-15мин қайнатады. Оны дәке арқылы фильтрлейді және 10-15мл сұйықтық қалғанша буландырады. 0,25-0,5мл қайнатындыны тышқанға тері астына енгізеді. Тышқан 35-55 мин кейін өледі.

Никотин болуына сынама. Көлбақаға тері астына фильтратты енгізеді. Никотин дозасы (0,5мг) болса, бұлшықеттердің дірілі болады, алдыңғы аяқтар төс алдында айқастырады, сандар омыртқаға қарай тартылады.

Улы утамырға реакция. Улы етпен мысықты азықтандырылса, мысық 15 мин кейін өледі. Ол биологиялық сынама ретінде қолданылады. Егер көлбақаға 0,5мл эфир экстрактын тері астына енгізсе, онда тонико-клоникалық құрысу дамиды.

Оймақгүлде гликозидтерге сынама. Буланған фильтратты зерттейтін ортада көлбақа жүрекке қояды. 1-2г оймақгүл глткозидтің болуынан оның жүрегі систолада тоқтайды.

Сарғалдаққа сынама. Анамен жеген сарғалдақ онша улы емес, ал сүт арқылы улы заттарды еметін бұзауға қауіпті. Сүт өсімдік жегеннен кейін 10-12 сағаттан кейін улы болады. Бұзау сүтті еміген соң уланады.
Малшаруашылық жануарлар азығында уақытты рұқсат етілетін пестицидтердің қалдық мөлшері (мг/кг)


Пестицидтің аталуы

Азықтың аталуы

Лактациялайтын жануарлар, жұмыртқалайтын құстар

Бордақылайтын жануарлар, құстар

Хлорорганикалық пестицидтер

Техникалық ДДТ

Концентрленген азықтар. Ірі азық (пішен, сабан). Шырынды азық (сүрлем, тамыржемістілер, т.б.)

0

0

0



0,5

0,5


0,5

Техникалық гексахлоран

Концентрленген азықтар. Ірі азық (пішен, сабан). Шырынды азық (сүрлем, тамыржемістілер, т.б.)

0

0

0



1,0

1,0


0,5

Полихлорпинен және полихлоркамфен (токсафен)

Концентрленген азықтар.

Ірі азықтар.

Шырынды азықтар.


0

0

0



1,0

1,0


0,5

Алдрин

Гептахлор



Барлық азық

« «


Жіберілмейді

« «


Фосфорорганикалық пестицидтер

Карбофос

Хлорофос


Рогор (фосфамид)

Трихлорметафос-3

Метилмеркаптофос

Тиофос


Октаметил

М-81 препараты



Барлық азықтар

« «


« «

« «


« «

« «


« «

« «


3,0

2,0


2,0

2,0


1,0

Жіберілмейді

« «

« «


3,0

2,0


2,0

2,0


1,0

Жіберілмейді

« «

« «


Құрамында мышьяк бар препараттар

Мышьяк болатын барлық препараттар

Барлық азықтар

Жіберілмейді

Сынаптыорганикалық препараттар

Гранозан

Меркуран


Барлық азықтар

« «


Жіберілмейді

« «


Карбамид қышқылдың туындылары

Севин

ТМТД


Барлық азықтар

« «

Жіберілмейді


3,0

Жіберілмейді



Нитрофеннің туындылары

Динитроортокрезол

(ДНОК)


Нитрофенол

Барлық азықтар
« «

Жіберілмейді
« «


Бақылау сұрақтары:

1 ФОҚ уланудың себебін ата?

2 Тірі организмге ФОҚ токсикалық әсердің негізінде не жатыр?

3 ФОҚ интоксикацияланған мінезді белгілері бар амалсыз сойылған малдың етімен не істейді?

4 (1) ХОҚ интоксикацияланған мінезді белгілері бар амалсыз сойылған малдың етімен не істейді?

5 (2) ХОҚ интоксикацияланған мінезді белгілері бар амалсыз сойылған малдың етімен не істейді?

6 (2) ХОҚ интоксикацияланған мінезді белгілері бар амалсыз сойылған малдың етімен не істейді?
Тақырыбы: Санитарлық ережелер, нормалар және гигиеналық нормативтер

Сабақтың мақсаты: Санитарлық ережелер, нормалар және гигиеналық нормативтермен танысу
1 Қолдану ережелері

1.1 «Азық-түлік шикізат пен азық өнімдердің сапалық гигиеналық талаптар» санитарлық ережелер мен нормаларды сапалық гигиеналық нормативтер және азық-түлік шикізат пен азық өнімдердің адам үшін қауіпсіздігін, сонымен қатар азық өнімдерді реализация кезінде нормативтерді қолдану талаптарын белгілейді.

1.2 Осы Санитарлық ережелер «тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық сәттігі туралы», «Азаматтың денсаулығын қорғау туралы ҚР негізгі заң жинағы», «ҚР Заңына өзгерістерін енгізу және қосымшалар туралы», «Тұтынушының қорғау ережелері туралы» ҚР Заң негізінде және ҚР мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет туралы ережелер құрылған.

1.4 Санитарлық ережелер мемлекеттік орындау билік органдарға және кәсіпорындардың, организациялардың, т.б. жергілікті өзін өзі басқару органдарға, жеке және заңды тұлғаларға арналған, Қазақстанның мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет организациясы және атқарушы биліктің органның санитарлық-эпидемиологиялық қызметке арналған азық өнімдердің міндетті сертификациялау сферасында жұмыс істейтін, мемлекеттік және ведомстволық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізетін, сонымен басқа да азық өнім сапасына мемлекеттік бақылау жүргізуі іске асырылады.


4 Жалпы ережелер

4.6 ҚР территориясына әкелінген азық өнімдер осы Санитарлық ережелер талаптарына сай болу керек.

4.6.2 Әкелінген өнімдердің көрсеткіштері және оның гигиеналық нормативтер гигиеналық сертификатта белгілейді.

4.6.3 Импортқа шығарылатын азық өнімдерді сату және әкелуін жүргізілетін организациялар Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызмет организацияларда гигиеналық сертификатты ҚР территориясына әкелу, бұрын алуға міндетті.

4.11.1 Азық өнімдерді, азық шикізат пен олармен контакті болған материалды сатуға рұқсат етілмейді:

а) сапалық және қауіпсіздік жағынан санитарлық ережелерге және нормаларға сәйкес келмейтің;

б) даярлаушының сапалығы туралы куәлігі болмаса.

4.12 Осы Санитарлық ережелерде белгіленген азық өнімдерді гигиеналық нормативтерге сәйкес келмесе, оларды өндіру, елге әкелу, сақтау, тасымалдау және тұрғындарға сату тыйым салынады.

4.13 Гигиеналық нормативке сай келмейтін азық өнімі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізетін органдардың қаулы бойынша реализациядан алынады және басқа мақсаттарда қолданады, утильдейді немесе жояды.

4.13.1 Азық өнімнің қолдану, утильдеу немесе жою жағдайын иесімен жүргізіледі, ал азық мақсатында жарамды емес өнімдер Қазақстанның мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдардың келісіммен жүргізіледі.

4.13.3 Алынған өнім қолдануға, утильдеу немесе жоюға дейін жеке бөлмеде резервуар ерекше есепте, оның нақты көлемімен қолдану әдістер және жағдайлармен утильдеу немесе жою нақты көрсетіліп сақталуы тиіс.

4.13.5 Өнімдердің иісі органдарға алу жөнінде қауылып, қолдану, утильдеу немесе жою актін, ал мемлекеттік ветеринариялық бақылау органдарға азықты, жануар азығына беруін туралы көрсетеді.

4.14.1 Азық өнімнің сапа және қауіпсіздік гигиеналық нормативтерін сақтау жөнімен өндірістік бақылау жүргізуін осы өнімнің сату сферасында істейтін оганизациялар іске асырады.
5 Азық-түлік шикізаттың және азық өнімдердің сапасына және қауіпсіздігіне гигиеналық талаптар

5.2.2 Азық-түлік шикізаты және азық өнімі бөтен иіссіз, дәмсіз, консистенциясы және түсі бойынша айырылмайтын болу керек.

5.4 Гигиеналық нормативтерге потенциалды қауіпті химиялық қосылулар және биологиялық объектілер кіреді, олар азық өнімінде рұқсат етілетін деңгейден аспау керек.

5.5.2.1 Астық өнімдердің ластануы – дезоксиниваленол, жаңғақ және май тұқымдарға – В афлатоксин, жеміс және көкөністерге – патулин болып табылады.

5.5.2.2 Балаларға және диеталық тамақтануға арналған өндірістік шикізат және азық өнімінде микотоксиндердің болуына рұқсат етілмейді.

5.5.3 Барлық өндірістік шикізат және азық өнім түрлерінде пестицидтермен улануы нормаланады – гексахлорциклогексан (- және -изомерлері), ДДТ және оның метаболиттері. Кейбір өнімдерде (балық, дән) жиі анықталатын пестицидтер: сынап органикалық, 2,4-Д қышқыл және оның тұздары мен эфирлері.

5.5.3.2 Өсімдік шикізатын өндіруге белгілі тәртіпте, тіркелмеген пестицидтерді, тыңайтқыштарды және басқа агрохимикаттарды қолдануға рұқсат етілмейді.

5.5.4 Мал шаруашылық өнімдерде ветеринариялық препараттардың құрамы жазылады.

5.5.4.1 Мал шаруашылықта қолданатын антибиотиктердің қалдық көлемі жануарды семіртуге, емдеуге және алдын алу мақсатында жануар текті өнімдерде нормаланады.

Етте, сойған малдың субөнімінде, сонымен құста ауыл шаруашылықта қолдануға азық антибиотиктері – гризин, бацитрицин, ем антибиотиктері, ветеринарияда жиі қолданылатын тетрациклин топ антибиотиктері, левомицетин рұқсат етіледі.

Сүт жән сүт өнімдерде пенициллин, стрептомицин, тетрациклин топтың антибиотиктері, левомицетин жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерде бацитрацин, тетрациклин топтың антибиотиктері, стрептомицин, левомицетин нормаланады.

5.5.4.2 Ветеринариялық препараттарда және басқа антибиотиктерде, гормональды препараттардың құрамын импорттық өнімдерде ел-экспорт сертификатты және фирма өндіруші бойынша, эксперттердің біріккен комитеттің ұсыныспен басшылық етіп қадағалайды.

5.5.4.3 Жануар шикізатын өндіруге рұқсат етілмейді, азық қоспалары, ветеринариялық емдеу заттары және жануарды өңдеуге арналған препараттарды қолданбайды.

5.5.5 Балық және балық өнімде – бифенилдің полихлорирді, дәнде, сүрленген етті және балық өнімде – бензпиреннің нормасы енгізіледі.

5.5.5.1 Балаларға және диеталық тамақтануға арналған азық шикізатта және өнімде бензпиреннің болуы рұқсат етілмейді.

5.5.6 Өндірістік шикізат және азық өнімдерде азот құрамды қосылыстардың құрамы нормаланады: гистамин – лосось және скумбрий тұқымдардың балықтарында, тунец тобындағы; нитраттар – жеміс көкөністі өнімдерде; N-нитрозамин - балықта, етте және қайта өңдеу өнімдерде болады.




III Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар

Тақырып: Ингаляциялық наркотикалық заттар

Сабақтың мақсаты: Хлороформ және эфирдiң рефлекторлық әрекетiмен танысу
Тәжірибе № 1 Хлороформ және эфирдiң рефлекторлық әрекетi

Қажеттi заттар: көжек, ленталы кимограф, тынысты бақылап отыратын маска капсуласымен, көз тамызғышы, 2 мл-лiк шприц инемен, эфир және хлороформ, мақта, 5 мл 10-тiк дикоин ерiтiндiсi, 10 мл – 1:1000 атропин сульфатының ерiтiндiсi, төгетiң ыдыс, секунда өлшеiш, өлшегiш циркуль және сызығыш.

Жұмыс тәртiбi: көжектiн тумсығына тынысты бақылап отыратын капсулалы масканы кигiзедi де кимографты тынысты жазып отырады. Бір минуттағы тынысын кимографтағы тiсшелер арқылы анықтайды. Хлороформ және эфирдiң буынан кейiн жануар тынысы 1-2 демнен кейiн тоқтайды. Осымен бiрге жүрек қоса әсер етедi. Препаратты қолданба қоса әсер етедi. Препаратты қолданбаған жағдайда жануар тынысы мен жүрек соғыны тез қалпына келедi. Бұл тәжiрибенi келесі көжектін мұрына10-тiк дикаин жағып, қайталайды. Келейде хлороформ және эфирден тыныс пен жүрек соғынының тежелуi байқалмайды. Келей жануарға атропин сульфат ерiтiндiсiн терi астына және тамырға енгiзгенде жүректе реакция болмайды.
Тәжірибе № 2 Эфир наркозы

Қажеттi заттар: көжек және мысық, шыны қалпақ, эфир, мақта, төгетiн ыдыс.

Жұмыс тәртiбi: Жануарды шыны қалпақтың iшiне салып, оған эфир жағылған мақтаны салады. Жануарда эфир буының әсерiнен наркотик тез әсер ете бастайды. Басында босанады, содан кейiн қозғалысы төмендейдi; көз қарашығы үлкейi ағады. Ал мысықтар мазасызданып қозғалысы күшейедi. Препаратты одан әрi иiскеген сайын, тыныштанады да, ұйқыға кетедi, сүйтiп наркозға ауысады. Осы кезде бұлшықеттер босанды, рефлекс жайылады, көз қарашығы кiшiрейедi, ақырын дем алады. Егер жануарды қалпақтан алса, наркоз тез жайылады.

Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрілік заттарға рецепт жазу: 1) итке хлороформ, наркоз үшін; 2) мысыққа эфир, наркоз үшін; 3) хлорэтил ампулада, теріні жансыздандыру үшін.
Бақылау сұрақтары:

1 Наркоз деген не?

2 Ингаляциялықтан ингаляциялық емес наркоздан айырмашылығы неде?

3 Ингаляциялық наркоздың оң және терiс жақтары




Тақырып: Ингаляциялық емес наркотикалық заттар

Сабақтын мақсаты: хлоралгидрат, гексенал әрекетiмен танысу

Тәжірибе № 1 Хлоралгидраттық жансыздандыру



Қажеттi заттар: Ит, тәжiрибе тақтасы, хлоралгидраттын 10 пайыздық ерiтiндiсi – 100 мл, 20 мл инесiмен шприц, қыйсық қайшы, фонендоскоп, вазелин, мақта, ыдыс.

Жұмыс тәртiбi: Иттiң демалу қозғалысын санайды, жүрек қағысын есепке алады, санайды, денесiнiң қызуын өлшейдi, ауру сезiмталдығын анықтайды. Содан кейiн жануардын, дене салмағының әрбiр килограмын 0,2 – 0,3 грамм есебiмен жана дайындалған 10 пайыздық хлоралгидрат ертiндiсiн вена тамырына жiбередi.

Жiберiлетiн наркоздың 1/1 – 1/2 мөлшерiн жиберген сон иненi суырмай жамбас бұлшық еттерiнiң тонусына, көздiң маңын жыбырлатқандағы сезiмталдығын байқады. Жануардың ұйықтай бастағаның байқаған соң наркоздың қалған бөлiгiн жiбередi. Бұл тәжiрибеде бұлшық еттердiң ширақтығына, көз сезiмталдығына ауру сезiмталдығына, дене қызуына, жүрек соғысына, тыныс алуына әсерін байқайды.

Нәтижесiн мынадай кестеге түсiредi.


Байқау уақыты

Пульс

Демалу

Жауап

рефлек.


Бұлшық ет

шырақтын


Жануардың жалпы қалпы

Дәрi жiбергенге дейiн

Дәрi жiбергеннен кейiн (мин)

2

10

20



30

40


50

60

















Хлоралгидратты венаға жiбергенде тынышсыздану қалпы байқалмай жануар бiрден ұйқыға кетедi. Ұйықтаған кезде тыныс алу төмендейдi, ауырғанды сезбейдi, бұлшық ет ширақтығы төмендейдi.

Наркоз мөшерiн көбейтсе жансыздану күшейеді, жануар ештене сезбейдi наркоздың толық мөлшерiн бергенде оның әсерi 2 сағатқа дейiн созылады. Бұл уақытта дененiң қызыуы өте төмендейдi, қызудың шамасы сол бөлменiң температурасына да байланысты.

Тәжірибе № 2 Венаға берiлетiн гексенал наркозы



Қажеттi заттар: үй қояны, гексенал құйылған ампула, инесiмен 2 мл шприц, таразы гирлер, 4 пробиркасы мен таған (штатив), мақта, 50 мл айдалған (дистилирленген су).

Жұмыс тәртiбi: алдын ала дайындалған 5 пайызды гексенал ерiтiндiсiн бiртiндеп қоянның құлақ қалқанының венасына жiбередi. Жiберу мөлшерi жануардың 1 кг салмағына 0,01 граммнан. Наркоз өте тез әсер етедi. Тыныс алуы баяулайды, журек соғысы аздап төмендейдi. Жануардың оянуы 10-15 мин кейiн байқалады. Жануарды бақылау алдыңғы тәжiрибедегідей.
Тәжірибе № 3 Қиыстырылған (комбинирленген) наркоз

Қажеттi заттар: мысық, ақ тышқан, ампуладағы гексенал. веса гирлерiмен, 4 пробиркасымен штатив, айдалған (дистилирленген) су, эфир, мақта, шыны қалпақ, кафельдiк тiреу, ине мен 5 мл шприц, ақ тышқан, барбамилдiң 0,5 пайыздық ертiндiсi, шыны қалпақ, наркоз үшiн эфир, мақта, ыдыс.

Жұмыс тәртiбі: гексеналдың 10 пайыздық ерiтiндiсiн мысықтың венасына жiбередi. Жiберу мөлшерi – мысықтың 1 кг салмағына 0,75 мл ерiтiндi. Жануар қырынын жата бастағанда, оны шыны қалпақтың астына жатқызып эфирмен наркоз иіскетедi.

Тiтiркену болмайды, наркоз тез әсер етедi. Бақылау жоғарыдағы тәжiребе сияқты жүргiзiледi.

Ақ тышқанға iшiне барбамил ерiтiндiсiнiң 5 пайыздық түрiн жiбередi 1 кг тiрi салмағына 50 мг дәрi жiберiледi. Натрий хлоридiнiң изоникалық ерiтiндiсi сол мөлшерде екi тышқанға жiбередi. Содан кейiн тышқандарды шыны қалпақтың астына орналастырады. 10 мин өткесiн эфир иіскетедi. 2 тышқанда ұйықтайды. Бiрақ екiншi тышқан аз ұйықтайды.

Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрілік заттарға рецепт жазу: 1) жылқыға 15,0 – 45,0 мг мөлшерде хлоралгидратты натрий хлоридтың ерiтiндiсiнде вена ішіне наркоз үшiн;

2) жылқыға наркоз үшiн хлоралгидратты алтей тамырынынан жасалған қайнатпа ретiнде. Мөлшерi 30,0 – 60,0; 3) 0,4 – 0,6 мөлшерде гексенал итке наркоз үшiн.


Бақылау сұрақтары:

1 Наркоз деген не?

2 Наркоздың түрлерi?

3 Ингаляциялық емес наркоздың оң және терiс жақтары?


Тақырыбы: Алкоголь тобы

Сабақтын мақсаты: Алкогольдiң жалпы әсерiмен танысу
Тәжірибе № 1 Алкогольдің жалпы әсерi

Қажеттi заттар: үй қояны, әтеш, өнештiк сүнгi диаметрi 4 мм, 30%, 95%, этил спиртi, қарындық сүнгi, айдалған (дистилирленген) су.

Жұмыс тәртiбi: 1 Әтешті қанаты мен аяғынан ұстап, жай әдiсiмен бекiтедi. Екi саусақпен аузының бұрыштарын қысып, және ашық тұрған тұмсыққа вазелинмен жағынған зонд тығады, соның арқасында шприцтiң көмегiмен зобқа 25 мл 30%-нттi этил алкоголiн енгiзедi. Жануардың күйiне қарайды. Бiрнеше минуттан кейiн тауықтың мазасызданғаны байқалады. Әтеш айғалайды, содан соң қозғалыс кординациясының бұзылуы және ұйқы байқалады. Көп мөлшерде енгiзсе, наркоздың әсерi байқалады.

2 Қоянға қарын зонды арқылы 1 кг жануар массасына 5 мл есебімен 4есе сумен араластырылған 95 % спирт құяды, наркоздың әсері байқалады,құлақ тамырларының кеңеюі байқалады

Тәжірибе № 2 Алкогольдың токсикалық әсерi

Қажеттi заттар: екі қөлбақа, 20 % этил спирті, 20 % амил спирті, шприцті ине.

Жұмыс тәртiбi: Бір бақаға 1мл 20% этил спиртін. Екінші бақаға осындай көлемде этил және амил спиртінің қоспасын құямыз.Екінші бақада наркоз тезірек болады және жүрек жұмысы әлсіреп, тоқтауы да мүмкін. А бірінші бақада жүрек тоқтауы байқалмайды

Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрілік заттарға рецепт жазу: 1) Натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде этил алкогольды тамыр ішіне, сиырға; 2) Ешкіге ішке арналған үш рет қолдануға асқорыту жолдарын жақсарту үшін этиль алкоголі;

3) Жылқыға жалпы әлсіреуде этиль алкогол ішке.


Бақылау сұрақтары:

1 Алкогольдын әсері?

2 Алкогольдын концентрациясы ішке, сыртқа, тамыр ішіне?

Тақырып: Анальгетикалық заттар

Сабақтын мақсаты: Антипириннің қызу басу әсерімен танысу

Тәжірибе № 1 Иттi емдеу мөлшерiндегi промедолдiң жалпы әсерi



Қажеттi заттар: 2 мл 0,1 пайыздык промедол ерiтiндiсi шприц пен

инесi, фонендоскоп, термометр.



Жұмыс тәртiбi: Иттiң дене қызуын өлшейдi. Бiр минуттағы жүрек соғысын, тыныс алуын санайды. Жануардың жалпы ширақтығын, қозғалысын, ауруға сезiмталдығын байқайды.


Бақылау мерзiмi

Темпера-турасы

Жүрек соғуы

Дем алуы

Жануардың жалпы қалпы

Дәрi жiбергенге дейiн.

Дәрi жiбергеннен кейiн (мин)

10

20

30



40

50

60



Т

П

Д






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет