Таќырыбы: Ингаляциялыќ наркотикалыќ заттар



жүктеу 0.9 Mb.
бет4/5
Дата04.03.2018
өлшемі0.9 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5

Иттiң терiсiнiң астына промедолдың 2 мл 0,1 пайыздық ерiтiндiсi жiбередi. Бүдан кейiн әр бiр 10-15 мин сайын ерекше протоколға түсiредi.

Промедол жiберген соң 10-20 мин кейiн ит салбыр тартады, тынышталады, жатқысы келеды. Басын салбыратады, ұйықтап кетедi. Ауырғанды нашар сезедi не мүлде сезбейдi. Промидол итке көп уақыт әсер етедi.


Тәжірибе № 2 Фенилсалицилат және ацитилсалицил қышқылдарының ыдырауы

Қажеттi заттар: пробиркалар, 2 колба, шыны таяқша, фарфор ыдысфенилсалицилат (спирт шамы, натри гидрооксiнiң 10 пайыздық ерiтiндiсi, 50 мл күкiрт қышқылы ерiтiндiсi, 10 мл түз қышқылы ерiтiндiсi, ыдыс фенилсалицилат және ацетилсалицилат қышқылы).

Жұмыс тәртiбi: пробиркаға 0,2 г фенилсалицилат салады, оған 2 мл 10 пайыздық натрийгидроокисын қосады. Түнба болып түбiне салицил қышқылының ине тәрiздес кристаллдары түседi. Фенолдың иiсi созiлады.

0,5 г ацетилсалицил қышқылын, 5 мл 10 пайыздық натрий гидрооксын мен араластырып 3 мин қайнатады. Салқындаған қоспаға бiрнеше тамшы күкiрт қышқылының ерiтiндiсiн тамызады. Ақ кристалл түрiнде салицил қышқылы түнбаға түседi. Сiрке қышқылының иiсi бiлiнедi.

Тәжірибе № 3 Қояндардың қызуын жасанды түрде жоғарлатқанда антипириннiң қызуды төмендететiң әсерi

Қажеттi заттар: 2 қоян, 10 мл антипириннiң 10 пайыздық ерiтiндiсi, шприц пен ине 5 мл , термометр, вазелин, мақта, 1 г пептон, 5 мл қайнаған сүт.

Жұмыс тәртiбi: 3 сағат бұрын қоянға терiсiнiң астына 1 г пептон не болмаса бұлшық етке 1-2 мл қайнаған сүт жiбередi. Қоянның дене қызуы 1-2 градусқа көтерiледi.

Сабақтың басында тәжiрибелi және бақылау қоянның, оның дене қызуы өлшеп, тыныс алуы мен пульс жиiлiгiн байқайды. Сосын антипириннiң 0,1 г-нан 1 кг жануардың салмағына немесе амидопириндi 100 мг терi астына еңгiзедi. 30 мин және 1 сағаттан кейiн температурасын өлшеп, пульсiн және дем алу жиiлiгiн санайды. Берiлген таблицаға жазады.




Жануарларды бақылау мерзiмi

Тәжiрибие көжек

Бақылау көжек




Ескерту

Т

П


дем алу

Т

П


дем алу

Тәжiрибиеден бұрын

Антипирин жiбергеннен кейiн

30 мин кейiн

1 сағ. кейiн
























Алынғанды берiлгенмен салыстырады. Тәжiрибиелi жануарға антипириндi еңгiзгеннен кейiн дене температурасы 1-3 градусқа дейiн төмендейдi, ал бақылау жануарында – температурасы аздап төмендейді немесе мүлдем төмендемейді. Антипириндi еңгiзгеннен кейiн пульс және тыныс алуы баяулайды.

Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрілік заттарға рецепт жазу: 1) анальгин таблетка түрiнде итке (мөлшерi 0,5-1,0) 6 рет қолдануыға, (1 таблетканың мөлшерi 0,5); 2) натрий салицилат болюс түрiнде сиырға (15,0-60,0 г) үш рет қолдануға.

Бақылау сұрақтары:

1 Аанальгетикалық заттардың әсер ету механизмі?

2 Наркотикалық емес анальгетиктардың 3 топқа бөлiнуi, механизм әсерi.?

3 Наркотикалық емес анальгетиктардың қолдануы?



Тақырып: Орта жүйке жүйесін қоздыратын заттар

Сабақтың мақсаты: Орта жүйке жүйесін қоздыратын заттармен танысу

Кофеин және камфора тобы

Тәжірбие №1 Орта жүйке жүйесіне кофеиннің тигізетін әсері



Қажеттi заттар: қоян, 25 этил спирті, 1 кофеин-бензоат натрий ерітіндісі, инесi мен шприцтер, термометр, фонендоскоп, мақта

Жұмыс тәртiбi: Тәжірбиенің алдында қоянның тыныс алу жиілігін және пульсін санайды, дене қызуын анықтайды.Содан кейін зонд арқылы асқазанға 25% этил енгізіледі (1 кг салмағына 16 мл спирт қажет). Малдың әлсіреуі байқалады. Тамырға 1% кофеин-бензонат енгізіледі (0,5 мл/кг). Қоянды рефлекторлы қозу қалыпқа келеді, ұйқысы жойылады, тыныс алуы тереңдейді, және жиілейді. Нәтижелері протоколға жазады:


Организм жағдайының көрсеткіштері

Қалыпты жағдай

Наркотик

Кофеин

Қызуы










1мин.саналатын пульсі










1мин.саналатын тыныс алуы










Рефлекторды қозу









Тәжірбие №2 Кофеиннің тыныс мүшелеріне тигізетін әсері



Қажеттi заттар: қоян, кимограф лентасымен 25 этил спирты, 1 кофеин-бензоат натрий ерітіндісі, шприц пен ине, термометр, фонендоскоп, мақта

Жұмыс тәртiбi: Кимограф лентасымен қоянның 1 мин тыныс алуын санын санайды. Содан кейін тамырға 10% хлоралгидратының ерітіндісі 1 мл көлемінде енгізіледі. Тыныс алуының әлсіреуі байқалады. Хлоралгидты енгізгесін тамырға 1% кофеин-бензонат 1 мл енгізеді. Тыныс алуының күшеюі байқалады. Нәтижелері протоколға жазады:


Малды зерттеу уақыты

1 мин тыныс алуы қозғалысының саны

Тыныс алуы қозғалысының амплитуда көлемі

Алғашқы жағдайы







Хлоралгидрат ерітіндісі тамырға енгізгеннен кейін,

2 мин кейін









Кофеин ерітіндісін тамырға енгізгеннен кейін 2мин

5мин


10 мин








Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрілік заттарға рецепт жазу: 1) жылқыға, кофеин-бензоат натрий тері астына ампула түрінде 5 рет қолдануға; 2) жылқыға, камфора майлы ерітіндісін ампула түрінде 3 рет тері астына қолдануға; 3) сиырға, камфора майын мастит кезінде; 4) итке, кордиамин ішке ерітінді түрінде 6 рет қолдануға.

Бақылау сұрақтары:

1 Орта жүйке жүйесін қоздыратын заттардың әсер ету механизімі?

2 Орта жүйке жүйесін қоздыратын заттардың қолдануы?

3 Жүрек жұмысына және тамырларға кофеиннін әсері?



IV Эфференттік және афферент жүйелеріне әрекет жасайтың заттар

Тақырып: Холиномиметикалық және холинолитикалық заттар Сабақтың мақсаты: Пилокарпин мен атропин қарашықтық көлеміне тигізетін әсерлерімен танысу
Тәжірибе № 1 Пилокарпиннің және антропинның көз қарашығы ұлғаюына әсері

Қажеттi заттар: 1 қоян немесе мысық, 2 пипетка, 1% атропин сульфаты – 5 мл, 1 % пилакарпин гидрохлориды – 5 мл.

Жұмыс тәртібі: Тәжірибеге алынған жануардың жарыққа көздің қарашығының көлемін және оң, сол көздің домалақ денесінің біркелкі жағдайын өлшейді. Көзді ақырын басып, көздің ішкі қысымының дәрижесін анықтайды. Содан кейін оң көздің канъюктива қапшығына 1 рет 2 тамшы атропин ерітіндісін өңгізеді. Екінші көзге – 2 тамшы 1% пилокарпин гидрохлорид ерітіндісін енгізеді. 10-15 минуттан кейін оң және сол көздің қарашығының көлемін өлшейді. Препараттар әсер еткеннен кейін пилокарпин енгізген көзге атропин сульфат ерітінісінің 2 тамшысын енгізеді, ал атропин енгізілген көзге 2 тамшы пилокарпин гидрохлорид жіберіледі. 10 минут бақылайды.

Атропинның әсерінен көздің қарашығы кеңейеді, көздің қысымы көтеріледі. Пилокарпинның әсерінен қарашығы тарылады. Атропин әсерінен кенейген көз қарашығы пилокарпин әсерінен тарылмайды. Атропин пилокарпин әсерін жояды және пилокарпинленген көз қаращығың кеңейтеді.

Тәжірибе № 2 Пилокарпинның және атропинның жалпы әсері

Қажеттi заттар: Ит (дененін массасы 12-15 кг): 8 мл атропин сульфат ерітіндінің 1 %-ті, 3 мл 1% пилокарпин гидрохлорид ерітіндісі, 2 және 5 мл-ға шприцтер инелермен, фонендоскоп секундомер.

Жұмыс тәртібі: Тәжірибе алдында ішіктің перистальтикасын фонендоскоп арқылы итте тыңдаймыз, 1 минут ішінде пульсты және тыныс алу санын санаймыз. Мінез-құлқыны, қарашықтың көлеміне назарын аударады; сілкей аққан кезінде оның дәрежесін анықтайды. Препараттың әсерінен белгілерін анықтап, жануарларда зерттеп және тері астына 1 мл 1%-ті пилокарпин гидрохлорид ерітіндісін еңгізеді. Жоғарғы эффект кезінде пилокарпиннен итке тері астына 1-2 мл 1%-ті атропина сульфат ерітіндісін еңгізеді және бақылайды. Берілген мәліметті мәжіліс хатқа енгізеді.



Заттың мөлшері

Минуттан кейін уақыттың бақылауы

Пульстің 1 мин. ішіндегі соғылудың саны

1 мин. ішіндегі тыныс алу саны

Жалпы күйі

Бастапқы күйі 1%-ті пилокарпин гидрохлорид ерітіндісі 1 мл, тері астына; 1%-ті атропин сульфат ерітіндісі 1-2 мл тері астына













Пилокарпин гидрохлоридті тері астына еңгізгеннен кейін итте жас және сілекей безінің сикрециясы көбейеді. Жүрек айыну (есінеді, жиі жалайды), содан құсу байқалады. Перистальтикасы күшейеді, дефекация белгіленеді. Тыныс алу жиіленген. Қарашық тарылған. Бастапқы препараттың жерінен тыныс жиілігі жиіленеді, әрі қарай бәсендейді.

Тері астына еңгізген атропин бездің секрециясын тоқтатады. Ауыздың, мұрынның, көздің кілегей қабықтары құрғақтанады. Егер итке қатты нанның үзілігін берсе, оны шайнайды, бірақ жұта алмайды, өйткені ауыз қуысында сілекей жоқ. Ішетің перистальтикасы әлсіреген. Жүрек соңғуы жиіленген. Қарашық кеңейген. Тыныс алу жиі болады. Жарықтан қорқуы байқалады.



Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау

2 Келесі дәрілік заттарға рецепт жазу: 1) жылқы қарынының атониясы мен солған перистальтикасы болғанда карбохолин ерітіндісі 1%, 2 мл. мөлшерде тері астына; 2) пилокарпин гидрохлоридің сиырға тері астына инъекцияға, 0,03-0,3 1 % ампула, 1 мл. ісікке қарсы жасайды; 3) ареколинмен уланған жылқыға, усыздандыруға қарсы атропин сыльфаты, дозасы- 0,02-0,04,атропин сульфаты 1% - 1 мл., доза 0,02-0,04.
Бақылау сұрақтары:

1 Эфеференттік инервациядағы қозу қалай өтеді?

2 Холинергиялық инервацияда медиатор не болып келеді?

3 МХМ қолданған кезде байқалатын фармакологиялық эффект?

4 МХБ қолданған кезде байқалатын фармакологиялық эффект?

5 Пилокарпин атропинның жануарға жалпы әсері?


Тақырып: Адренергиялық заттар

Сабақтың мақсаты: Адреналин және эфидрин әсерлерімен танысу

Тәжірибе №1 Адреналин мен эфидриннің физикалық-химиялық қасиеттері



Қажетті заттар: адреналин гидрохлоридтің (1:1000) 1 флакон ерітіндісі, бір пайздық эфедрин гидрохлоридтің 10 мл. ерітіндісі.10 пробиркамен таған, спиртовка.10%-дық натрии гидрооксидінің 10 мл. ерітіндісі, тұз қышқылының сүйытылған, 10мл. ерітіндісі 5 тамызғыш, пробирка ұстағыш.

Жұмыс тәртiбi: Алдымен студенттер адреналин және эфедринмен, олардың түсі, буылған үлгісімен танысады. Содан кейін тамызғышпен бір пробиркаға 2-3 мл. адреналин гидрохлор ерітіндісін, екінші пробиркаға сол мөлшерде эфедрин гидрохлорид ерітіндісін құяды. Екі пробирканы тағанға қойып, сабақ соңына дейін сақтайды. Адреналин гидрохлорид ерітіндісі бірте-бірте қызғылттанады /тотығады/, ал эфедрин гидрохлорид ерітіндісі өзгермейді. Әр пробиркаға 2-3 тамшы натрий гидрототық тамызады. Адреналин гидрохлорид ерітіндісі ақ түске боялады / дәрі бұзыла бастайды/. Эфедрин гидрохлорид ерітіндісі қайнатқан соң тұнба пайда болады / таза алкалойдтар /. Әр пробиркаға 2-3 тамшы тұз қышқылын тамызып көреді. Ешқандай өзгеріс болмайды.

Адреналин эфедринге қарағанда тұрақсыздау дәрі. Адреналиннің судағы және сілтідегі ерітіндісі жарықта ауада тотығады. Тұз қышқылы адреналин ерітіндісін тұрақтандырады. Сілті ерітіндісінде эфедрин түүнбаға түсіп алкалойд негізге айналады.

Тәжірибе № 2 Адреналин мен эфедриннің көздің қарашығына, көз қабағынан қан тамырына әсері

Қажетті заттар: 2 үй қояны, адреналин гидрохлоридтің /1:1000/ - 3 мл. ерітіндісінде, 5 %-ті эфедрин гидрохлорид ерітіндісі, 2 тамызғыш /пипетка/.

Жұмыс тәртiбi: Тәжірибие жасаудан бұрын жануарлардың көз қарашығы, көз қабағының түсін көлемін байқап алады. Содан кейін қоянның оң көз қабағына 2-3 тамшы адреналин гидрохлорид тамызады. 10 мин. кейін оң, сол көзде байқап, өзгерісті байқайды. Эфедрин жіберген көздің қабығы қан тамыры жіңішкерген соң бозара бастайды. Адреналин қан тамырларын өте тарылтады, көз қабығы тез бозарады. Сондықтан дәрі ақырын сініп, көз қарашылығына көп әсер етпейді.
Тәжірибе № 3 Көлденең жолақты бұлшықет тонусына дитилиннің әсері

Қажетті заттар: үй қояны, 1 % -ті дитилин ерітіндісі, 70%-ті этил спирті, шприц, ине, мақта.

Жұмыс тәртiбi: Үй қоянға құлақтың шеткі тамырына 0,12-0,18 мл/кг дитилинді еңгізеді. Аденамияны және мойының жүйке бүлшықеттерінің әлсіреуін байқалады. Осы тәжірибені мысыққа қоюға болады, бұлшықет астына 0,8 мг/кг мөлшереді. 1 % дистилин ерітіндісі немесе сол ерітіндіні 1,5 мг/кг мөлшереде егеуқұйрыққа енгізеді.

Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрі заттарға рецепт жазу: 1) Натрий гидрохлорид изотониялық ерітіндісіне адреналин гидрохлоридті сиырға тері астына; 2) Сиырға өткізгіш анестезияға адреналин гидрохлоридті новакаин ерітіндісімен; 3) Итке, ұсақ қан тамырлардан қанды тоқтатуға эфедрин гидрохлорид.
Бақылау сұрақтары:

1 Холинегиялық иннервацияда медиатор не болып келеді?

2 Адренергиялық зат әрекетінің механизмі?

3 Жүрек тамыр жүйесіне адреналиннің әсері?

4 Ганглеоблокаторларға, миорелаксантторға анықтама бер?

Тақырып: Жергілікті анестетикалық заттар

Сабақтың мақсаты: Новокаиннің және лидокаиннің жалпы әсерімен танысу

Тәжірибе №1 Анестетиктердің жалпы әсері



Қажеттi заттар: 2 ақ тышқан, новакаиннің және лидокаиннің 2 % ерітіндісі, шприцтер инерлермен, мақта, қайшы, ыдыс, 50 % этил спирті.

Жұмыс тәртібі: тәжирибе алдында жануарларда жалпы қалпың анықтайды, денесінің кеністікте үстау қалпына көніл аударамыз, сыртқы ортаға реакциясы, дем алуының жиілігі. Содан кейін 1 тышқанның тері астына 0,2 мл 2 % новакаин ерітіндісі енгіземіз. Екінші тышқанға тері астына 0,2 мл 2 % лидокаин ерітіндісін енгіземіз.

Лидокаинді енгізгеннен кеиін жануарда ақырындап жылжудың қозуы дамиды, демігу байқалады.

Новокаин енгізген тышқанның, улану себептері аз дәрежеде белгіленеді.

Тәжірибе №2 Новакаин және лидокаин көздің мүйізгек қабығының жоғарғы бетін анестезиялау



Қажетті заттар: көжек, новакаиннің, лидоқаиннің 0,5% ерітіндісі, пипеткалар, қайшы.

Жұмыс тәртiбi: қоянның көз аймағындағы жүнің қырқады. Жүнмен тигізгенде көздің мүйізгек қабығында жануардың кірпік қағуы тіркіндіргіштігі жақсы көрсетілген.

Пипетка көмегімен оң жағындағы конъюктивальды қапшыққа 2-3 тамшы 0,5% новакаин ерітіндісін енгізеді, ал сол жағына 0,5% лидокаин ерітіндісін сондай мөлшерін енгізеді. 5-10 мин кейін жүнмен қоздырамызда 2 көздің көздің мүйізгек қабығының рефлексін анықтаймыз.

Алынған қорытындыларды таблицаға енгіземіз (рефлекс болуы белгі +, болмауы -).


Тәжірибе

Қалыпты

Инстиляция ерітіндісін кейін, қарау уақыты минуттар

5

10

20

30

Он көзі (новакоин)

Жүнмен тітіркендіргенде

реакциясы
Сол көзі (лидокаин)

Жүнмен тітіркендіргенде реакциясы




















Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрі заттарға рецепт жазу: 1) жылқыға, дикаин 0,5 % ерітіндісін кілегей қабыққа анестезия үшін; 2) жылқыға, кокаин 2 % ерітіндісін тамыр ішіне, хлоралгидратты наркоз басу үшін; 3) сиырға, анестезин 10% май түрінде.

Бақылау сұрақтары:

1 Новокоиннің әсері?

2 Лиокоиннің әсері?

3 Жергілікті анестетиктердін түрлері.



Тақырып: Тұтастырғыш, бүркегіш, сіңіргіш заттар

Сабақтың мақсаты: Тұтастырғыш, бүркегіш, сіңіргіш заттармен танысу
Тәжірибе №1 Танинге реакциясы

Қажеттi заттар: Танин, 1% окись хлоридтін ерітіндісі араластырылған күкүрт қышқылы, штатив пробиркалармен, дистелденген су, веса (разновестермен), чашка.

Жұмыс тәртiбi: 1% танинді 9 мл. Суда ерітедіде араластырады.

Алынған ерітінді қышқылды реакциясы болу керек. Осы ерітіндінің 1 мл-не араластырылған 1 мл. күкүрт қышқымен қосады. Осының нәтижесінде танинің сары тұнбасы бөлініп шығады.

Осы ерітіндіні 0,1 мл-н сумен 10 мл-ге дейін араластырады және бірнеше тамшы 1% темір окись ерітіндісін қосады, сосын қара көк түспен пайда болуын бақылап, 1 мл. аралыстырылған күкүрт қышқылын қосқанда оның жойылуын байқаймыз.
Тәжірибе №2 Танинің ақуызбен реакциясы

Қажеттi заттар: штатив пробиркалар мен, 2 [таниң ерітіндісі, жұмыртқа белогінің ерітіндісі, пипетка.

Жұмыс тәртiбi: Пробиркаға 2-3 мл. фильтленген жұмыртқа белогінің ерітіндісі құяды [І жұмыртқа белогін] 100 мл. суға араластырады және абайлап қабырғамен ақырындап 2 % танин ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосады. Тұнба пайда болуын байқайды.
Тәжірибе №3 Белсендірілген көмір және ақ саздың адсорбциялық қабілеті

Қажеттi заттар:: штатив пробиркалармен, су, өлшейтін цилиндр активтелінген және ағашты көмір, ақ саз, 0,15% мителен көк ерітіндісі.

Жұмыс тәртiбi: 4 пробиркіге 10 мл-ден 0,15% -к метилен көк ерітіндісі құяды. 1 пробиркіге 0,1 г активтегінген көмірді қосады, ал 3-сі 0,1 г ақ саз , 4-ші бақылау пробиркасы болып есептеледі. Ішіндегі затты жақсылап араластырады, 10-15 мл. тұрғаннан кейін түсінін өзгеруін байқаймыз: 1 пробиркада ерігінді түссіз, 2-ші нашар боялған, ал 3-сі боздау көк, 4-сі өзгермеген.

Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрі заттарға рецепт жазу: 1) жылқыға, емен қабығының қайнатпасың ішке, үш рет қолдануға; 2) бұзауға, танаформ бес рет қолдануға; 3) құлынға, танин фенилсалицилатпен болюс түрінде үш рет қолдануға.
Бақылау сұрақтары:

1 Тұтастырғыш, біріктіргіш, сіңіргіш заттардың әсер ету механизімі?

2 Ең жақсы адсорбциялық зат?

3 Тұтастырғыш, біріктіргіш заттарға не жатады?

4 Тұтастырғыш, біріктіргіш, сіңіргіш заттардың қолдануы.

Тақырып : Тітіркендіргіш заттар

Сабақтың мақсаты: Тітіркендіргіш заттармен танысу
Тәжірибе №1 Горчичниктің теріге әсері

Қажеттi заттар: қоян, қисық қайшы, бритва, сабын порошогі форфор чашкасы, горчица қағазы, бинт, жылы су, чашка, мақта.

Жұмыс тәртiбi: Қоянда іштің маңайындағы жүнді қырқады. Қағаз горчицамен (5-6 см). Жылы суға батырып қырқылған жерге басып бинтпен фиксироватьтеді. Содан кейін қоян мазасызданады, ал горчичникті 10-15 мл. алғанан соң тамыр кенеюінен тері қызарады. Қолмен тигенде қоянның терісінің сезімталдығы жоғарланған.
Тәжірибе №2 Аммиактың қоздыру әсері

Қажеттi заттар: қоян, шыны воронка, мақта, ношатыр спирті

Жұмыс тәртiбi: Воронка ішіне мақта орнатады, нашатырлар спиртке батырып қоянға иіскетеді. Ең алдымен қоянның демалуы тоқтайды содан кейін оның тереңделуі және жиелеуі.
Тәжірибе №3 Терпентинті майдың қоздыру әсері

Қажеттi заттар: ақ қоян, қисық қайшы, мақта, шыны калпак, терпентитті тазарылған май.

Жұмыс тәртiбi: Тәжирибе үшін ақ қоянды алып құлақ раковинасының сыртқы жүнін қырқады және тамыр тамырдың қанға толуын қарайды.

Бір құлақ қалқаншасына терпентинті тазарылған маймен мақта тампон көмегімен жоғады.

Жануарды шыны қалпақ арасына орнатады және тамырдың қалпын байқаймыз тамырдың кенеюін байқаймыз.

Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрі заттарға рецепт жазу: 1) ешкіге, дәрілік түймедағынын гүлінін тұнбасың ішке, үш рет қолдануға; 2) жылқыға, құрамына терпентин майы, хлороформ және қүнбағыс майы кіретін линимент; 3) шошқаға, аммиак ерітіндісі терпентин майымен жағу үшін.
Бақылау сұрақтары:

1 Тітіркендіргіш заттардың әсер ету механизімі?

2 Тітіркендіргіш заттар?

3 Аммиактың қоздыру әсері?

4 Тітіркендіргіш заттардың қолдануы

Такырып: Құстыратын, қақырық түсіретін және руминаторлык заттар Сабақтың мақсаты: Құстыратын, қақырык түсіреін және руминаторлық заттармен танысу

Тәжірибе № 1 Апоморфинің физико-химиялык қасиеттері



Қажетті заттар: Ұнтақ түріндегі апоморфин гидрохлориді-0,2г., 4 пробирка

мен тығын, айдалган су, гирлер мен таразы, капсула, 20 мл тұз қышқылы,

тамызғыш.

Жұмыс тәртiбi: 0,1 г апоморфин гидрохлоридін өлшеп алады, оны

пробиркаға-10 мл суда ерггеді Ерітіндінің жартысын баска пробиркаға

құйып алады. Соңғы пробиркадағы ерітіндіге бірнеше тамшы тұз қышқылын

тамызады. Сабактың соңында байқалады: тұз кышкылы тамызылмаған ерітінді жасыл түске боялады. Екінші пробиркадағы ерітіндінің түсі өзгермейді.


Тәжірибе № 2 Апоморфиннің үй коянына әсері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет