Таќырыбы: Ингаляциялыќ наркотикалыќ заттар



жүктеу 0.9 Mb.
бет5/5
Дата04.03.2018
өлшемі0.9 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5

Қажетті заттар: Үй қояны, апоморфин гидрохлоридінің ерітіндісі,1-2 мл

шприцті ине, ағаш жаңқасы.



Жұмыс тәртiбi: үй кояныньң терісінің астына апоморфин гидрохлорид

Ерітіндісін жіберіп бақылау жүргізіледі. Бірнеше уақыттан кейін үй қоян ды

тынышсызданып, тордың ішінде жүгіре бастайды, жаңқаларды кеміреді.

Еркек коян артқы аяғымен еденге тебінеді. Қорқақтық пайда болады, көз

қарашығы үлкейеді, дем алуы күшейеді.

Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрі заттарға рецепт жазу: 1) итке, апоморфин гидрохлоридін үш инъекцияға; 2) Чемерица тұнбасың сиырға екі рет қолдануға: 3) шошқаға, чемерицаның қайнатпасың құсу зат ретінде; 4) сиырға, вератрин төрт бұлшықет инъекцияға.
Бақылау сұрақтары:

1 Құстыратын, қақырық түсіретін заттарға сипаттама ?

2 Тұрақтылықты арттыру үшін апоморфин ерітіндісіне не қосады?
Тақырыбы: Іш жүргізетін дәрілер

Сабақтың мақсаты: Іш жүргізетін дәрілермен танысу
Тәжірибе №1 Эмодин барлығын байқау

Қажетті заттар: пробиркалар мен таған, ревень өсімдігінің 1:20 тұнбасы, тамызғыш, мензуркалар, нашатыр спирті, ыдыс.

Жұмыс тәртібі: Пробиркаға 5 мл. ревеннің 1:20 тұнбасын құйып алып, оған 3-5 тамшы нашатыр спиртің тамызады. Пробиркада қызыл түстің пайда болуы эмодиннің бар екендігін білдіреді.
Тәжірибе №2 Іш жүргізетін дәрілердің ішекті тазарту жылдамдығын әсері

Қажетті заттар: 3 ақ тышқан, кастор майы, крушинаның сұйық сығындысы, 0,25 пайыздық натрий хлоридінің ерітіндісі, өткір емес инесін бар шприц, шыны воронка не шыны қалпақ, фильтр қағазы.

Жұмыс тәртібі: Бірдей салмақты ақ тышқан алады. Бұдан бір тәулік бұрын үшеуі бірдей тамақтандырылған. Бір тышқанның қарнына 0,2 мл. кастор майын шприц пен жібереді. Екіншісінің қарнына 0,2 мл. крушина сығындысын, үшіншісінің қарнына 0,2 мл 0,25% натрий хлоридін жібереді. Тышқандарды шыны қалпақтың астына қояды, астына фильтр қағаз төсеоген іш өтуін бақылайды. Алдымен кастор майын жібергеннен іш жүреді, содан кейін крушина сығындысын жібергеннен іш жүреді.

Тәжірибе №3 Іш жүргізетін дәрілердің жіңішке ішектің жиырылуына әсері



Қажетті заттар: Мысық, кастор майы, канюля, мензурка.

Жұмыс тәртібі:Мысықты бір тәулік тамақ бермей ашықтырады. Содан кейін хлорал гидрат наркозын беріп кимограф лентасына жіңішке ишектің қозғалысын жазады. Канюля арқылы ішекке 50 мл кастор майын жібереді. Біраз уақыттан кейін ішектің жиырылу шегінің ұлғайғанын байкаймыз, оның тонусы көбейді.

Тәжірибе №4 Магнии сульфатының ішектің қызметіне тигізетін әсері



Қажетті заттар: ішек шумағы жекеленген ит, пробиркалар мен таған, резина түтік, қысқыштар, резина түтік жалғанған 10 мл шприц, магнии сульфатінің жылы ерітіндісі термометр, электроплита, итті байлап қоятын станок, варонкалар мен бірнеше пробирка, мензурка.

Жұмыс тәртібі: Итті станокқа байлап ішек шымағының бір ұшыны резина түтікті қысқыш пен жауып қояды. Екінші түтік арқылы шприцпен жіңішке резина түтік пен 5 мл. 37-380 температурадағы натрии хлорид ерітіндісін жіберіп қысқыш пен жауып қояды. 5 мин. Кейін қысқыштарды алып тастайды. Әр бір түтікке бөленген сұйықты жинау үшін воронка мен пробирка қояды. 5 мин. Бойы сұйықты жинап, шамасын мензурка мен өлшейді. Тәжірибиені қайталайды. Бұл жолы 5 мл 10% магнии сульфатын жібереді. 5 мин. өткен соң қайтадан сұйықты жинап шамасын мензуркамен өлшейді.

Натрии хлоридінің біраз бөлігі ішектің ішінде сіңіріледі, магниисульфат сіңбейді. Ішектің ішінде жоғары осматикалық қысым пайда болады. Ол қысым ішектің бөлінген шырынын сіңірмей ұстап қалуға әсер етеді. Сондықтан ол сұйық фистула арқылы сыртқа төгіледі, ал натрии хлоридінде біраз сұйық сыртқа төгілмей бойға сіңеді.



Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрі заттарға рецепт жазу: 1) жылқыға, сабурды болюс түрінде, екі рет қолдануға; 2) итке, сенна тұнбасың үш рет қолдануға; 3) сиырға, итшомырт қабығының қайнатпасың ішке 5 рет қолдануға; 4) бұзауға, ревень тұндырмасың рет қолдануға.
Бақылау сұрақтары:

1 Қандай май жіңішке ішектің жиырылуын күшейтеді?

2 Ішекте осматикалық қысым неліктен көбейеді?

V Физиологиялық процесстерге әсер ететін заттар

Тақырып: Қанға, каң тамырына әсер ететін жүректі қысатың заттар

Сабақтың мақсаты: Қанға, каң тамырына әсер ететін жүректі қысатың заттармен танысу
Тәжірибе №1 Натрий нитрит екендігін анықтау.

Қажетті заттар:4 фарфор ыдыс, натрии натриты, сұйытылған тұз, күкірт қышқылы, өте күшті күкірт қышқылы, ыдыс, тамызғыш.

Жұмыс тәртібі: Жұмысты улы затты тартып шығатын ерекше шкафта өткізеді. Фарфор ыдысқа натрии нитритының бірнеше түйірін алады, оған тұз немесе күкірт қышқылы ерітіндісін қосады. Нәтижесінде азот тотықтарының сары-қоңыр түстегі булары пайда болады.

Тәжірибе № 2 Нитриттердің қоянның құлақ қалқаннындағы қан тамырларына әсері



Қажетті заттар:Ақ үй қояны амилнитрат құйылған ампула, ыдыс, мақта.

Жұмыс тәртібі:Қоянның құлақ қалқанындағы қан тамырларының шамасын, демалысын байқайды. 10-15 секунд қоянға амилнитрат искетеді. Қоянның құлағындағы қан тамырлары кеңее бастайды, демалысы жиелене бастайды.
Тәжірибе №3 Нитриттердің уландыру әсері

Қажетті заттар: Ақ тышқан, шприц инесі мен натрий нитриті ұнтақ түрінде, таразы гірлері мен пробирка, су, мақта, ыдыс.

Жұмыс тәртібі: 1 Ақ тышқанның терісінің астына 0,3-0,5 мл. суға ерітілген 0,1 г. Натрии нитриттің жіберледі. Тышқанды 15-20 минут шыны қалпақтың астына жауып қояды. Содан кейін сойып көргенде ішкі органдар қара-көк, қоңыр түске айналғаны, қанның түсі қара-қоңыр шоколад түсіне боялғаны байқалады.

2 Бір көлбақаның терісінің астына 1 мл. 10 пайыздық натрий нитритінің ерітіндісін, екінші көлбақаға 1мл. 10 пайыздық ас тұзы ерітіндісін жібереді. 10-20 минут кейін көлбақалардың жүрегін ашып, олардың фильтр қағаздарға бірнеше тамшы қан тамызып алады.

Нитрит жіберілген көлбақаның қанының түсі, шоколад түстес болады.
Тәжірибе №4 Дәрі-дәрмектердің қаның ұйуына әсері

Қажетті заттар: Үй қояны; шприц инесі мен сағат шынысы, шыны таяқша, тамызғыш, натрии нитратының 0,9 пайыздық ерітіндісі, гепарин, 0,9 пайыздық натрии хлориды.

Жұмыс тәртібі: Үй қоянның құлақ қалқанындағы вена тамырынан қан алып бірнеше тамшыдан 3 сағат шынысына тамызады. Бірінші шыныға 1 тамшы 0,9 пайыздық натрии нитраты, екіншісіне – гепарин, үшіншісіне – тамшы 0,9 пайыздық натрий хлорид ерітіндісін тамызады. Шыны таяқша мен қоспаларды араластырып, үшінші шынының үстінде қоспаның құрамында талшықтар пайда болады. Басқа екеуінде талшықтар пайда болмайды.

Тәжірибе №5 Гепариннің қан ұю жылдамдығына тигізетін әсері



Қажетті заттар:Үй қояны, шприц инесі мен зат салатын шыны, шыны таяқша, мата, қалдық заттарды төгетін ыдыс, сағат.

Жұмыс тәртібі: Үй қоянның құлақ қалқанындағы венадан бірнеше тамшы қан алып, оның ұю жылдамдығын анықтайды. Содан кейін венаға жануардың әрбір килограмм дене салмағына 0,1 (5000) есебінде гепарин жібереді. Содан кейін қан алып, оның ұю жылдамдығын анықтап салыстырады.
Тәжірибе №6 Осматикалық қысым біркелкі ерітінділердің қызыл қан түйіршіктерін сақтауға маңызы

Қажетті заттар: Пробиркалар мен таған, 0,5 мл-к тамызғыш, 10 пайыздық, 0,9 және 0,4 пайыздық натрий хлорид ерітіндісі, дисьт, су, таза қан микроскоп, Горяев камерасы.

Жұмыс тәртібі: Пробиркаларға 4 мл. 10-0,9-0,4 пайыздық натрий ххлориді ерітінділердің құяды және 4 пробиркаға 2 тамшыдан таза қан тамызып, шайқайды. Бір сағат бойы әр пробирканың мөлдірлігін бақылайды, сұйықтың түсін байқайды, микроскоп пен қызыл қан түйіршігін байқайды.

Бір пробиркадағы қызыл қан түйіршіктері түбіне тұнып, сұйық мөлдір болады. Горяев камерасында микроскоп арқылы қызыл қан түйіршіктері бырысып, жиырылып қалғаны байқалады.

Екінші пробиркада қызыл қан түйіршіктері түбіне тұныды, сұйық мөлдір, бірақ микроскоппен қарағанда қызыл қан түйіршіктері қалыпша жиырылмаған.

Үшінші пробиркада қызыл қан түйіршіктері толық тұнбаған, сұйық қызғылт түсті. Микроскоппен қарағанда қызыл қан түйіршіктерінің біраз бөлігі үлкейген, ісінген.

Төртінші пробиркада гемолиз байқалады (гемоглобинның эритроциттен шығып кетуі) сұйық ал қызыл. Микроскоппен қарағанда ісінген, түрін жоғалтңан қызыл қан түйіршіктері.
Тәжірибе №7 Викасолдың қан ұюға әсері

Қажетті заттар: Үй қояны, шприц инесі мен 0,3 пайыздық викасол, мақта, заттық шыны, шыны таяқша, қалдық құятын ыдыс.

Жұмыс тәртібі: Қоянның құлақ венасынан қан алып заттық шыныға тамызады. Қанның ұю жылдамдығын бақылайды. Қоян венасына 4 мл. викасолды 0,3 пайыздық ерітіндісін жібереді. Бір сағаттан кейін қан алып, оның ұю жылдамдығын салыстырады.

Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрі заттарға рецепт жазу: 1) шошқаға, синиль қышқылымен уланғанда натрия нитритін тері астына 5 рет қолдануға инъекция ретінде; 2) итке, викасол ерітіндісін ампула түрінде бес рет қолдануға. Ампула көлемі 1 мл 1%. Итке дозасы 0,02-0,04.
Бақылау сұрақтары:

1 Қан тамырларының кеңеюіне не әсер етеді?

2 Нитрит жіберілген көлбақаның қанының түсі?

3 Қанның ұю жылдамдығы неліктен төмендейді?




Тақырып: Диуритикалық заттар

Сабақтың мақсаты: Меркузал, темисал және тиофиллин әсерлермен танысу
Тәжірибе № 1 Диурезеге меркузаланың және темисаланың әсері

Қажетті заттар: Павлов-Цитиович арқылы ит шығарылған несеп ағарымен, итті фиксациялауға арналған станок, 3 ақ тышқан,штатив пробиркаларымен, шыны воронкалар, цилиндр өлшеуіштері, 0,9% -ті натрий хлорид ерітіндісі, 1:10 меркузала ерітіндсі, 1%-ті және 3%- ті темисал ерітіндісі, шприц инемен, аналитикалық таразы, асқазан зонды, вазелин, мақта, фильтр қағазы, шыны аяқ.

Жұмыс тәртiбi: 1 Итті аш қарынға станокқа қояды. Қарын үстіне (шығарылған несепағарға қарама-қарсы) воронка және несепті жинауға раналған цилидрді байлайды. Сабақтың басында 30 минут ішінде несеп жинағына бақылау жасап, сонымен оны әр 15 минут сайын мөлшерін белгілейді. 1 кг. жануарға 0,01-0,015 г. Есебінде итке зонд арқылы ішіне 1% -ті темисал ерітіндіні енгізеді. 45-60 минуттан кейін өзінің максимумына жететін, 20-25 минуттан препаратты енгізгеннен кейін несептің бөлінгені байқалады. Несеп мөлшері көбейген кезде оның түсі өзгереді. Соңғы 2 сағатта несеп бөлінуі азаяды және бастапқы нәтижеге келеді. Берілген нәтижелерді протоколға келесі түрде енгізеді.


Бақылау уақыты

(мин. кейін)



Несептің мөлшері, мл

Ескерту

Бастапқы күйі:

15

30



Препаратты енгізгеннен кейін:

15

30



45

60








2 Үш ақ тышқандарға бірдей массада (18-20г) 1мл-нан қарын ішіне натрий гидрохлоридінің изотониялық ерітіндісін енгізеді. Содан бірінші жануарға тері астына 1:10 концентрацияда 0,1 мл. меркузаланы, екінші 0,1 мл. мөлшерде 3%-ті темисал ерітіндісін енгізеді. Аналитикалық таразыда екі қабаттап қойылған және өлшенген фильтр қағазына жануарларды шыны воронкалардың астына орналастырады. Несеп шығаруынан кейін қағазды өлшеп және жаңамен ауыстырады. Бірінші екі тышқанды несептің көп бөлінгені дәлелденеді.

Тәжірибе: № 2 Диурезеге теофилиннің әсері



Қажетті заттар: үй қояны (еркек) қуыққа тігуге арналған канюме, байлауларымен фиксация станогы, қисық және түзу қайшы, Плана пинцеті, пинцеттер, әріптер, скальпель, зонд құлағымен, мақта, төгуге арналған шыны аяқ, шприц инемен, уретан және теофиллин ерітінділері.

Жұмыс тәртiбi: Қуыққа канюланы тігуге үй қоянға еркекке уретанған наркоз арқылы (1 кг тірі жануарға 1,5г) операция жасайды. Ол үшін жүнді қырқады және симфиздан сәл жоғарырақ қарынның ортаңғы сызығынан кеседі. Грелкамен жабып және жылытып, үй қоянды қарынмен төмен канюлға жырықпен станокқа орналастырады. Канюлядан ағатын 5 мин. Ішінде несептің тамшыларының мөлшерін санайды. Содан құлақ өалқанның шеткі тамырына 4-5 мл 1% -ті теофиллин ерітіндісін енгізеді және тағы несепті жинайды. Несептің көп бөлінгені байқалады. 1% -ті теофиллин 2 тамшы 5% -ті NaOH-ты косады, содан 10 мл Ринген ерітіндісін (глюкозсыз) және сәл жылытады.

Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрі заттарға рецепт жазу: 1) итке диокарбты үнтақ түрінде 3 рет қабылдауға; 2) сиырға темисал болюс түрінде 2 рет қабылдауға; 3) жылқыға ампулада меркузалды 2 инъекцияға.
Бақылау сұрақтары:

1 Диуретикалық әсер ету механизмі?

2 Диуретиктерді қабылдауға көрсеткіш?

VI Ұлпаның ауысу процесіне әсер ететін заттар

Тақырып: Гормондар мен витаминдер

Сабақтын мақсаты: Питуитриннің, инсулиннің және никотин қышқылының әсерімен танысу
Тажірибе №1 Питуитриннің антидиуретикалық әсері

Қажетті заттар: 2 ақ тышқан, воронкалар торлармен, градуирларған пробиркалар немесе мензуркалар, 2 штатив, шприц инелермен, питуитрин ерітіндісі, натрии хлодтің изотониялық ерітіндісі, мақта, шыны аяқ, қисайған қайшы, 10 мл 50 % -ті этил спирті.

Жұмыс тәртiбi: бірінші ақ тышқанға қарын ішіне 0,9 мл. натрий хлоридтің изотониязық ерітіндісі және 0,1 мл. питуитринді екіншіге 1 мл. натрийй хлоридтің изотониялық кертіндісін еңгізеді. Әрбір жануарды торшалармен воронкаларға орналастырады, ұштары градуирлерген пробиркаларға немесе мензуркаларға түсірілген.

Сабақ барысында әрбір жануардан несепті жинап, оның мөлшерін протоколға белгілейді. Питуитринді қолданған жануар, аз мөлшерде несепті шығарады.

Тәжірибе №2 Инсулиннің токсикалық әсері

Қажетті заттар: 3 ақ тышқан, 3 шприц инелермен, 50 %-ті спирті, мақта, 3 қалпақ немесе воронкалар, инсулин, 10 %-ті глюкоза ертіндісі, ампуладағы адреналин.

Жұмыс тәртiбi: Бір күн аштықтан кейін үш ақ тышқандарға тері астына 1,5 ЕД инсулин еңгізеді және қалпақтың астына немесе шыны воронкаларға орналастырады. Бірнеше сағаттан кейін жануарларда тыныс алу жиі, теңселу, атксия, клоникалық ет тартылуы байқалады. Улысыздану кезінде (гипогликемиялық талықсу) бірінші жануарға қарын ішіне 0,5- 1 мл 10 %-ті ерітіндісін еңгізеді. Үшінші тышқанды бақылауға қалдырады. Глюкоза және адреналин еңгізген жануарлар тез нормаға келеді, ал үшінші тышқан өледі.

Организмге еңгізілген инсулин қандағы қантты төмендетеді. Гликогеннің антогонист инсулин қабілетті. Жануардың еңгізілген глюкоза және адреналин қанда қантты құрамын жоғарлатады және сонымен инсулинмен шыққан гипогликемиялық талықсуды жоғалтады.


Тәжірибе №3 Қан тамырға никотин қышқылының әсері

Қажетті заттар: ақ үй қояны, мақта, 1:5000 никотин қышқылының ерітіндісі, шыны аяқ, шприц инелермен.

Жұмыс тәртiбi: Үй қоянда жарықта құлақтың қан тамырын қарайды, сосын тамыр ішіне жануардың 1 кг масса есесбіне 1 %-ті никотин қышқылын еңгізеді. Құлақтың қан тамырларының кеңеюін байқайды, содан ол бастапқы күйіне келеді.

Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрі заттарға рецепт жазу: 1) жылқыға тамыр ішіне натрий хлоридтің изотониялық ерітіндіде никотин қышқылын еңгізу; 2) сиырға питуитринді тері астына 3 инъекция; 3) жылқыға инсулинді тері астына 5 инъекция.

Бақылау сұрақтары:

1 Питуитриннің әсері және қолдануы.

2 Инсулин қандай ауысуына әсер етеді.

3 Инсулиннің қолдануы және әрекет механизмі.

4 Никотин қышқылының қолдануы және әрекеті.

VII Микробтарға және паразиттерге қарсы заттар

Тақырып: Сульфаниламидтер. Антибиотиктер

Сабақтын мақсаты: сульфаниламидтердің және антибиотиктердін әсерімен танысу

Тәжірибе №1 Сульфаниламидтердің ерігіштігі



Қажетті заттар: Көлбақалар, норсульфазол, фталозол, сульфацил-натрий, салмақ өлшегіш, гірлер, пробиркалар, мен таған, мензурка, айдалған су, натрий сілтісінің 10 пайызды ерітіндісі, жінішке резина түтіске, шприц, ұстағын, ыдыс, мақта.

Жұмыс тәртібі: 1 мл норсульфазол, фталозол, сульфацил-натрий өлшеп алып жеке пробирқаға құйып алады. Олардың әр қайсына 2-3 мл айдалған су қосады. Сульфацил натрий құйылған пробирқада дәрі тез ериді, қалған екі пробирқаға 1-2 мл 10% натрий гидроокисін қосқанда дәрілер толық еріп кетеді.

Тәжірибе №2 Сульфаниламидтердің асқорыту жолындағы сіңімділігі



Қажетті заттар: Көлбақалар, сульфадимезин, фталозол, сульфацил-натрий, пробиркалар, мен таған, қайшы, ыдыс, мақта.

Жұмыс тәртібі: Салмағы, жынысы бірдей үш көлбақаның аузы арқылы 100 мл сульфадемизин, фталозол, сульфицил- натрий жібереді. 20 мин кейін көлбақаларды наркоз беріп қозғалмайтын қылады. Пробирқадан жасалған тақтаға салып өнешін, қарнын, ішегін ашып көреді. Дәрілердің бар, жоғын анықтайды.
Нитрофуранға тітіркену қабілетін анықтау (В.С. Хоменкс бойынша)


Дәрінің керекті мөлшері мг/мл

Фурацилин, фурадо

Фурагин

Фуразалидон

Көректік орта, мл

Жұмысты ерітін, мл

Көректік орта, мл

Жұмысты ерітін, мл

Көректік орта, мл

Жұмысты ерітін, мл

5

10

15



20

2

2

2



2

0,05

0,1


0,15

0,22


2

2

2



2

0,15

0,2


0,5

0,75


2

2

+



+

0,4

0,7


0,6

1,0

Тәжірибе № 3 Пенициллинің, стрептомициннинің және тышқандарға ауыз арқылы грамицидинниң жалпы әркеті

Қажетті заттар: 3 ақ тышқан, бензилпенициллин-натрий, стрептомицин сульфат және 1 флаконың 2 %-ті грамицидин ерітіндісі, шприц инелермен, шыны қалпақтар немесе воронкалар, шыны аяқ, мақта, дистиль суы ампулада.

Жұмыс тәртібі: бірінші тышқанға 0,5 мл дистиль суында 10000 ЕД бензилпенициллин натрийді тері астына, екеншіге сол көлемді 100000 ЕД стрептомицин сульфатты, үшіншіге-0,4 мл дистиль суында арастырылған 0,1 мл 2 %-ті грамицидин ертіндісін енгізеді. Жануарлардың шыны қалпақтардың астына немесе воронкаларға орналатырады және сабақ бойы бақылайды. Жықында жануарларда демігу, езу, қышу байқалады. 1-2 сағаттан кейін осы құбылыс бірте өбірте басылады, біріншіден стрептомицин енгізден жануарларда.
Тәжірибе № 4 Пенициллинің, стрептомициннің және грамецидиннің токсикасына байқауы

Қажетті заттар: Массасы 18-20 грамм 15 ақ тышқандар; флакондар бензилпенициллин натр тұзымен 250000, 0,25 г. стрептомицин сульфатпен флаконда 2 % грамицидин ертіндісі, ампуладағы дистирлинденген су, 5 % йод ертіндісі, стерильді, шприцтер инелермен, мақта.

Жұмыс тәртібі: Бастапқында антибиотиктердеді бақылауға тест ертіндісін жасайды. Флаконға 12,5 мл. стерилді дистерленген суына 250000 ЕД бензилпенициллин натр тұзын құяды: 0,54 мл суға концентрация 1:10000 ЕД пенициллин ертіндісін алады.

Флаконға стрептомицин сульфатқа 12,5 мл стерильді дистерленген суын қосады. Стерильды ыдыстағы осы 1 мл. ертіндіге 9 мл дистерлеген суын құяды; 0,5 мл алынған ертіндісе 9 мл суды қосады; 0,5 мл суда алынған ертіндіде 0,1 мл дәрі бар.

Әрбір тышғандарға бензипенициллин натрий және стрепомицин сульфат жасалған ертінділері 0,5 мл-нан құйрық тамырына және 0,5 мл грамицидингі тері астына еңгізеді. Пенициллин және стрептомицин еңгізеді. Пенициллин және стрептомицин еңгізген тышқандарды 24 сағат, ал грамицидин енгізген тышқанды 48 сағат бақылайды. Бір тышқан ғана өлсе, тәжірибені 10 тышқандарға қайталайды. Егер қайталанған тәжірибеде барлық тышқандар тірі қалсы, дәрі жарамды деп саналады.

Антибиотиктарды токсикасын анықтауға биологиялық әдісті қолдануға болады.



Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрі заттарға рецепт жазу: 1) жылқыға сульфадимезин болюс түрінде 3 рет қолдануға; 2) бұзауға таблетка түрінде (0,5) этазолды жеті күнге үш рет қабылдауға дозасы 3 граммнан; 3) итке бициллин бұлшық етке 2 инъекция, флаконда 300000 ЕД-дан; 4) жылқыға 0,5 %-ті новокаин ерітіндіде бензилпенициллин натрийді бұлшық ет ішіне 4 инъекцияға, флакондар 1000000 ЕД –дан; 5) сиырға стрептомицин сульфатты бұлшық етке жеті күнге күніне екі рет, флакондар 0,25; 0,5 және 1,0; 6) итке тері зақымданған кезінде 5 %-ті леворин майы.
Бақылау сұрақтары:

1 Антибиотиктер дегеніміз не?

2Пенициллин, тетрациклин, аминогликозид, макролид антибиотиктер топтарындағы механизм әрекеті.

3 Сульфаниламидтер деген не?

4 Сульфаниламидтердің қолдануы және әрекен түрі, механизм әрекеті.

Тақырып: Протозойға қарсы заттар

Сабақтын мақсаты: Флюресциннің және этакридин лактатының әрекетімен танысу
Тәжірибе № 1 Офтальмология флюресцинниң диагностикалық қолдануы

Қажетті заттар: жануар (ірі немесе ұсақ мал, үй қояны, мысқы және т.б. жарақатпен) (сызат, эрозия, язвалар) көз пипеткасы, 5 %-ті флюресцин ерітіндісі (сулы 5 %-ті натрий биокарбонатымен қосылған).

Жұмыс тәртiбi: Конъюнктивальді қапқа 5 %-ті флюоресцин ерітіндінің бірнеше тамшыларын тамызамыз. Жарықаттанған кезінде көз мүйізшесі жасыл түске баялады. Зақымданбаған көз мүйізшесі бөлшегінің түсі өзгеріссіз қалады.

Тәжірибе № 2 Қарапайымдыларды этакридин лактатының әрекеті



Қажетті заттар: Қөлбақа, эфир, этакридин лақтата ерітіндісі (1:500) және изотониялық натрий хлорид; қалпақ, мақта, препоровальдық тақтай, қайшы, скальпель, пинцет, зат шыны.

Жұмыс тәртiбi: Наркоздалған көлбақанын тік ішектің кілегейді қарынды жасайды және зат шыны алдын ала тамшыланған натрий хлорид изотониялық ерітіндіге орналастырады. Микроскоп астында гельминттердің қозғалуын байқалады. Этакридин лактата ерітіндісінің тамшысын еңгізген кезде гильминттердің қозғалуы тоқтатылады.

Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрі заттарға рецепт жазу: 1) жылқыға тамыр ішіне натрий изотониялық ерітіндіде флавакридинді еңгізу; 2) жылқыға тамыр ішіне изотониялық ерітіндіде натрий хлорридтің наганинді енгізу; 3) сыртқы күйе кезінде 60 %-ті этил спиртінде метил көгі және бриллианттык жасыл.
Бақылау сұрақтары:

1 Заттың механизм әрекеті?

2 Органикалық бояулар қандай әрекетіне ие болады?

3 Антипротозой заттарды қолдану.


Тақырып: Фенол

Сабақтың мақсаты: фенолдың ашу процесі мен теріге әсерін меңгеру

Тәжірибе № 1 Фенолдың ашу процессі



Қажетті заттар: сахарометр немесе U- тәріздес пробиркалар, 10% қант ерітіндісіндегі ашытқының салмағы, 1%-к фенол ерітіндісі, термостат, су, пипеткалар, ыдыс.

Жұмыс тәртiбi: Бір жағы тығынмен жабылған екі сахарометрге немесе 2 U- тәріздес пробирканың жартысына дейін 10% қант ерітіндісін, ал екіншісін сумен толтырады. Осы шыққан қоспаны пробирканы толтыра сілкиді. 2 сахарометрді термостатқа 37С температурада 50-60 минут қойып, кейін пайда болған көмірқышқыл газын белгілейді

Фенолдың әсерінен сахарометрдегі ашу болмайды және көмірқышқыл жоқ.

Бақылау сахарометрде көмірқышқыл болады.

Тәжірибе №2 Фенолдың теріге әсері



Қажетті заттар: Бақа, таза фенолдың ерітіндісі,шыны немесе воронка,мақта, ыдыс.

Жұмыс тәртiбi: бақа арқасының терісін фенолдың әлсіз ерітіндісімен жағады және оны қалпақ астына салады. Препаратты жаққан жерінде терінің құрғақтылығы және секрет бөлінуінің тоқталуын белгілейді.

Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрі заттарға рецепт жазу: 1) қойға, фенилсалицилатты ишке үш рет қабылдауға; 2) таза фенолды бұзаухананы дезинфекциялау үшін ; 3) жылқыға, ихтиолды, валериан тұнбасың ішке асқазанның жіті ауруында.
Бақылау сұрақтары:

1 Фенолдың бактерицидтік және инсектицидтік әсері?

2 Фенолдын жергілікті және резорбтивті әсері?

3 Фенолдын қолдануы?


Тақырып: Формальдегид тобы. Оттегі беруші заттар

Сабақың мақсаты: формалиннің жергілікті әсері мен перекись суының қанға әсерін білу
Тәжірибе № 1 Формалиннің жергілікті әсері

Қажетті заттар: бақа, формалдегмдтің 10% ерітіндісі, мақта, пинцет, шыны қақпақ.

Жұмыс тәртiбi: бақаның терісін 10% формалин ерітіндісін жағамыз. Препарат қолданған жердің терісі құрғап, секрет бөлінуі жойылады
Тәжірибе № 2 Формальдегидтің токсикалық әсері

Қажетті заттар: бақа, 10% формальдегид ерітіндісі, мақта, шыны қақпақ, пинцет, қайырылған қайшы, тақтай, төгуге арналған шыны ыдыс

Жұмыс тәртiбi: 3-5мл формальдегид ерітіндісінде жібітілген мақтаға бақаны қалпақ астына орналастырады. Алғашқыда терінің құрғақтануын,қозуын, содан тез әлсіреуі байқалады.

Тәжірибе№ 3 Сутек тотығының қанға әсері



Қажетті заттар: қан, сутек тотығының ерітіндісі, штатив пен пробирка, көзді пипетка.

Жұмыс тәртiбi: пробиркаға 3 мл қан құямыз, оған бірнеше тамшы сутек тотығының ерітіндісін қосамыз. Газдың көпіршіктері көрінеді, олар ерітінді үстінде көпіршік болып жиналады.

Тапсырма:

1 Тәжiрибе жүргiзу және қорытынды жасау.

2 Келесі дәрі заттарға рецепт жазу: 1) вагинит кезінде калий перманганат ерітіндісін қынапты жуу; 2) патологиялық материалды консервілеуге формальдегид ерітіндісі
Бақылау сұрақтары:

1 Формальдегидтің токсикалық әсері?

2 Сутек тотығының қанға әсері?

3 Формалиннің жергілікті әсері?



Әдебиеттер тізімі
1 Баженов С.В. Ветеринарная токсикология.-Л.: Колос,1970.

2 Гусынин И.А. Токсикология ядовитых растений. М.: Колос, 1962.

3 Жуленко В.И. Ветеринарная токсикология. – М.: Колос, 2001.

4 Кожабеков З.К, Сансызбай А.Р., Сұлтанов А.А. Ветеринарлық фармокология. Алматы Каз НИВИ 2000

5 Мозгов И.Е Фармакология.- М. Колос 1981г

6 Соколов В.Д., Рабинович М.И. Фармакология. М.:Колос, 2000

7 Соколов В.Д. Клиническая фармакология. М.:Колос, 2002

8 Хмельнитский Г.А. Ветеринарная токсикология. - М.:Агропромиздат, 1989.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет