Тақырыбы: Қыс мезгілін шығарып салу. Мақсаты



жүктеу 58.47 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі58.47 Kb.

Тақырыбы: Қыс мезгілін шығарып салу.



Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну. Ағаштардың бейнесін дұрыс бейнелеу, дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы, суретке қарап әртүрлі түстерді байқауға, олардың түсін ажырата білуін, алған әсерлерін сөзбен
жеткізе білуге, ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Қыс бейнесі суреттері, орман бейнесі бейнеленген сурет.

Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң Алтын күн!


Қайырлы таң Көк аспан!
Қайырлы таң – апайлар!
Қайырлы таң достарым!

Аппақ қыстың бояуы


Аппақ қыстың бораны
Ақ көрпеге орайды
Ақ қар байтақ даланы - осы өлеңде не туралы айтылған?
- Қыс мезгілі туралы
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай бар. Қане балалар атап айтайықшы.

Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан


- Қыста күн қандай болады?
- Суық, аяз, боран.
- Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр?
- Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты

Сендер мына суреттен не көріп тұрсыңдар?


- Ағаштар, орман іші, айнала аппақ қар.
- Осы суретке қарап әңгіме құрайықшы.
- Ағаш бұтақтарын қырау басқан. Ағаштардың бәрі ақ тон, ақ қалпақ киіп алғандай.
- Ағаштар, қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.
- Қыста серуен кезінде ағаштың бұталарын сындырмау керек. Ағаштың түбіне қар үйінділерін үю керек.

Әнуарбек Дүйсенбиевтың «Қыс» әнін балалар орындайды.


Аппақ, аппақ жапалақтап


Қар жауады тынбастан
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды қысқы орман

- Орманда нелер болады?


- Ағаштар, құстар, аңдар болады
- Мынау қандай ағаш?
- Шырша

- Қар қалай жауады? (қимылмен көрсетеді)


- Жапалақтап, борандатып жауады
- Қар қандай болады?
- Қар суық, жабысқақ, жылтыр болады
- Қар неге ұқсайды екен? (ақ мақтаны алып алақандарына салып үрлейді)
- Жұлдызшаға, әдемі өрнекке, шырша ойыншығына ұқсайды
- Дұрыс балалар қар, әдемі өрнектелген жұлдызшаға ұқсайды екен.

Енді балалар қыздардың биін тамашалайық.

«Ақша қар» биі
- Балалар, орнымыздан тұрып, шеңбер жасап «Көлеңке» деген ойын ойнаймыз. Бір аңды айтамын, сендер сол аңның жүрісін саласыңдар?
Көлбең - көлбең көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем. Аю қалай жүреді, жүрісін салайық. Мен қоян деймін, сендер қоянның жүрісін саласыңдар.
Балалар аңдар жүрісін салады
Нұрәлінің орындауында ән «Апатайым анашым»

Санагулдің орындауында ән « Шырша жыры»


Рахмет балалар бәрің жақсы қатыстыңдар сіздерге бүгінгі кешіміз ұнадыма.

Ұнады.


Ендеше көңіл қойып тыңдағандарыңа рахмет бүгінгі қыс мезгілін шығарып салу музыкалық кешіміз аяқталды.

Сау болыңыздар.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет