Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

25 қаңтардан бастап Telegram-да мектептерде шабуыл жасау туралы көрінеу жалған ақпарат тарады. Елдің 6 қаласында мектепте лаңкестік әрекет жасаймыз деп хабарлама таратылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, хабарламалар Ақтөбе, Атырау, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Қостанай қалаларында тараған. Полицейлер ТМД елдерінен келген адамдардың қауіпті-қатерге қатысы бар екенін мәлімдеді.

Министрлік терроризм туралы көрінеу жалған хабарламалар мен өтірік ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

"Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Алматы, Ақтөбе, Атырау және Павлодар қалаларында бағытталған қатерлер бойынша ТМД елдерінен келген адамдардың қатысы анықталды. Шетелдік әріптестермен бірге олардың қылмыстық әрекеттерін әшкерелеу бойынша тиісті іс-шаралар өткізіледі. Алайда тергеу мүддесі үшін біз бұған әлі толық түсініктеме бере алмаймыз", – деді ІІМ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің басшысы Альбина Махамбетова.

Айта кетейік, Қарағанды және Қостанай қалаларында кәмелетке толмаған кей жасөспірім Telegram-арнасын құрып, шабуыл жасау туралы хабарламалар жіберген. Онда олар қауіпті мәтінді көшіріп, мектептердің фотосуреттерін орналастырған. Ары қарай сыныптастарының чаттарына жалған ақпарат жолдаған.

Қарағанды облысында "оқушыларды жаппай қырамын" деп хабарлама таратқан 13 жастағы жасөспірім болып шықты

 

 

 

"Күнәлары үшін жауап береді": Қостанайда 10 жастағы оқушы мектепте атыс болатынын хабарлаған

 

"Қазіргі уақытта №15 Қарағанды мектебінің 7-сынып және №3 қостанай мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы бұл іске қатысы бары әшкереленді. Оқушылардың қылмыстық жауапқа тартылмайтын жаста екенін ескере отырып, ата-аналарына тәрбие шарасын қолданбағаны үшін әкімшілік жазаға тартылады. Бұдан бөлек, сот шешіміне сәйкес ата-аналар шұғыл қызметтерді жалған шақыруға және білім беру объектілерін тексеруге кеткен шығынды өтейді. Мемлекетке келтірілген залалдың көлемі – 2 миллион теңге", – деді Альбина Махамбетова.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлау 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Мұнда қылмыскерге 18 миллион теңгеден астам айыппұл салынады немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылады. 

Альбина Махамбетова дүрбелеңді болдырмау үшін полиция халық арасында және алдын алу үшін оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Сонымен қатар ол арандатушылық жарияланымдарды орналастыратын анонимді арналар мессенджерлерінің әкімшілігімен жұмыс істеліп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқан анонимді Telegram арнасы бұғатталған. 

Былтыр полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлағаны үшін 215 қылмыстық іс қозғады. 43 адам анықталып, оның ішінде 19-ы кәмелетке толмағаны белгілі болды. 7 адам сотталды, оның ішінде 2-еуі кәмелетке толмаған. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.