Ұйымдастырушы
лық ізденістік
|
-Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық.
Тәрбиеші үш топқа құрастырғыш қағаздар таратады.
-Балалар, сендер нені құрастырдыңдар? Яғни балалар, бұл үй құстары екен.
Біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Үй құстары»
Тәрбиеші үй құстарының суреттерін тақтаға іле отырып, оларды атап шығады.
-Мынау не, балалар? Дұрыс, мынау әтеш, оның басында айдары бар. Әтештің түсі қандай?
-Әтештің екі көзі, екі қанаты, екі аяғы, тұмсығы болады және құйрығы бар екен. Әтеш қалай дыбыс шығарады?
-Балалар әтешті орыс тілінде петух- деп атайды, ал ағылшын тілінде
-Ал, мынау не? Дұрыс айтасындар, бұл –тауық, ол да үй құсына жатады. Олар жем жеп, су ішеді.
-Тауықтың түсі қандай?
-Олар қалай дыбыстайды?
-Балалар тауықты орыс тілінде курица- деп атайды, ал ағылшын тілінде
-Мынау не? Бұл балалар – қаз. Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Ал мынау қанаттары. Қаз тауықтарға қарағанда үлкендеу болады.
-Балалар қазды орыс тілінде гусь- деп атайды, ал ағылшын тілінде
-Ал мынау не? Бұл – үйрек. Үйректер суда жүзгенді ұнатады.
-Балалар үйректі орыс тілінде утка- деп атайды, ал ағылшын тілінде
-Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан туады. Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды. Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.
Сергіту сәті:
Үнтаспадан «Балапандар биі» орындалады.
Тәрбиеші бейнетаспадан деректі фильм көрсету арқылы балапанның пайда болуын көрсетеді.
-Балалар, тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?
-Балапанның түсі қандай?
-Балапан қандай дыбыс шығарады?
-Балалар балапанды басқа жыртқыш құстар мен ит, мысық жеп кетпеу үшін оны қорғау қажет екен.
-Балалар балапанды орыс тілінде цыпленок- деп атайды, ал ағылшын тілінде
Ойын «Балапандар мен машина»
Ойынның шарты: тәрбиеші тауық болады, ал балалар балапан болады. Балапандар жайылып жүреді де, алдарынан машина шыға келгенде, балапандар тауықтың қанатының астына келіп тығылады.
-Балалар, сендерге ойын ұнады ма?
-Енді, балалар кәзір біз дидактикалық ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Үй құстарының өнімдері»
Ойынның шарты: берілген суреттердің арасынан үй құстарынан алынатын өнімдердің суретін іріктеу.
|
Балалар орындарына отырады.
Балалар құрастыруға кіріседі.
Балалардың жауабы.
Балалар назарын суретке аударады.
-Мынау әтеш.
-Түсі қызыл.
-Ку-ка-ре-ку!
Балалар қайталайды.
-Ол тауық.
-Түсі ақ.
-Қыт-қыт-қыттайды.
Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.
Тәрбиешімен бірге қайталап, балалар би билейді.
Сергіту жаттығуын жасап, орындарына отырады.
Балалар таңырқап, балапанның жұмыртқаны жарып шыққанына қуанады.
-Балапан.
-Сары.
-Шиқ-шиқ –дейді.
Балалар қайталайды.
Балалар қимылды ойын ойнайды.
-Ия ұнады.
Балалар орындарына отырады.
Балалар құстың етінен, жұмыртқадан жасалған тағамдар мен мамығынан жасалған заттардың суреттерін іріктейді.
|