Тақырыбы: «Жұлдызды сәт»



жүктеу 26.32 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі26.32 Kb.
түріСабақ

Тақырыбы: «Жұлдызды сәт».
Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды сәт.
Сабақтың мақсаты: Балалар білімін, есте сақтау қабілетін, ақыл-ойын дамыту.
Сабақтың көрнекіліктері: Әріптер, сандар, жұлдызшалар, карточкалар.
Сабақтың жүрісі:

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Қазір біз «Жұлдызды сәт» ойынын өткіземіз. Ол ойын жұмбақтарға байланысты болады.

1.Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем, табылмас.(Жұлдыз)

2. Аяғы жоқ, алыстан келеді,

өзіңе сәлем береді.(хат)

3. Суда қандай тас болмайды.(құрғақ)

4. Егер ол болмаса, айта алмайсың ештеңе.(тіл)

5. Аяғы жоқ жүреді,

сылқ-сылқ күледі.(су)

6. Жаз бен күз қандай дыбыспен аяқталады.(з)

7. Жер ортасында не бар? (е әрпі бар)

8. Судан туады, судан өледі. (тұз)

-Қазір алғашқы ойнымызды бастайық.

Тақтада жұмбақтардың жауаптары жазылып тұр. Сендер қай жауап дұрыс деп о ойлаған санды көтересіңдер.

1. Кітап 5. Оқу, білім

2. Циркуль 6. Қарындаш

3. Өшіргіш 7. Қоңырау

4. Қалам 8. Сызғыш
1.Дүниеде бір құдық бар беті қатқан,

Бетінде бетегесі шығып жатқан.

Қараса сол құдыққа көз жетпейді.

Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан. (Оқу,білім) (5)


2. Тілі бар үні жоқ,

Өзін адам түсінген

Аяғын жерге қойып,

Шеңбер сызады шыр айналып. (циркуль) (2)

3. Өшірді сүртті.

Өзгені құртты.

Өзін де құртты. ( өшіргіш) (3)

4. Дүниеде тұмсықсыз –аң келеді,

Дегенмен тұмсығынан өледі. (қарындаш) (6)

5. Жоқ өзінде бас та,

Қас та,

Мойын да,



Ұзындығы жазулы түр бойында. (сызғыш) (8)

6. Жүрегі бар да, қаны жоқ

Сөйлеп тұрған ішінен.(кітап) (1)

7. Жез қораның ішінде,

Қайта келіп ісіне,

Темір құлын кісінеп

Кіріседі кісі көп.(қоңырау) (7)

8. Бір ат бар бесеу ара, өзі жорға,

Саламын жорғалатын жолдан жолға

Найзамен қар үстінде су құйып,

Ғажайып бір іс қылдым осы жолда. (сызғыш) (8)
Қай балада жұлдызша аз болады, сол ойыннан шығады.
Енді екінші бөлімін бастаймыз. Қазір 1 минуттың ішінде осы әріптерден сөз құрастырыңдар:

Қ. Ы. Р. М. У. А. Ш. Қ.

Кімде ең ұзын сөз болса, сол жұлдызшаға ие болады. Ал кімде қысқа сөз болса, сол бала ойыннан шығады.
Ал енді үшінші бөлім.

Мындағы жұмбақтар дала жануарларына байланысты.

1.Қасқыр 5. Піл

2.Тасбақа 6. Жолбарыс

3.Қоян 7. Аю

4.Түлкі 8. Кірпі

1. Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. ( Қоян) (3)

2. Өзіне болған қорған.

Орман ішінде бірақ

Етеді қорбаң-қорбаң (аю) (7)

3. Өзі сондай қу,

Жүрген жері шу. (түлкі) (4)

4. «Ну, погоди!» мультфильмінің кейіпкері. (қасқыр) (1)

5. Күнімен түнімен

Көшіп жүр үйімен (тасбақа) (2)

6. Ауыр ағашты тасуға ұста,

Тұмсығы ұзын, құйрығы қысқа (піл) (5)

7. Кілемнің түрлеріндей жүндері бар

Айбатты жан шыдамас үндері бар

Шаршы бой сұлу қурық, қысқа құлақ.

Кететін зиян қылып бір жері бар.(жолбарыс) (6)

8. Өне бойы мың ине. (кірпі) (8)
Кімде жұлдызша аз болса, сол бала ойыннан шығады.
Енді ойын соңында екі бала қалады. Қазір сендер бір минут ішінде «Қазақстан» деген сөздің әріптерінен басқа сөздер құрастыру керексіздер.
Қорытынды:

-Бүгінгі «Жұлдызды сәт ойыны» сендерге ұнады ма? Осы Жұлдызды сәтте жұлдызы жанған оқушыға қошемет көрсетіп алғысымызды білдірейік.


Әр оқушы өз ойын ортаға салады.
Өздері баға беру.
Каталог: uploads -> doc -> 0329
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0329 -> Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың өтілу әдісі : Әңгімелеу (баяндау), сұрақ жауап, талдау
0329 -> Өз білімін жетілдіру
0329 -> «Изобразительно-выразительные средства языка»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет