Тақырыбы: Керамикалық тақталар (плитка) Сабақтың оқу мақсаты



жүктеу 53.13 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі53.13 Kb.
түріОқулық

Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі

арнаулы пән оқытушысы

Рыспанбетова Гүлнұр

Тақырыбы: Керамикалық тақталар (плитка)

Сабақтың оқу мақсаты : Керамикалық тақталардың (плиткалар) түрлерімен қасиеттері туралы түсінік қалыптастыра отырып, олардың құрылыс саласындағы сапасы туралы мағлұмат беру. Қыш материалдары жайлы білімдерін жүйелеп тереңдету.

Дамытушылық: Студенттердің өзіндік ізденіс, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Студенттерді өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке, шапшандыққа, тез шешім қабылдауға үйрету.

Оқулық / әдебиет: «Табиғи және жасанды тас материалдар» К.А.Ақмалаев, М.С.Садуақасов. «Құрылыс материалдары және бұйымдары» Қ.А.Бисенов

Құрал – жабдық : оқулықтар, көрнекілік құралдар.

Сабақтың барысы :

I.Ұйымдастырушылық кезең

II.Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа материалды түсіндіру

IY. Жаңа материалды бекіту

Y. Үй тапсырмасын беру

YI. Сабақ/ оқу қортындысын жасау, бағалау

I Ұйымдастырушылық кезең 2-3(мин)

Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.

Назарларын саббаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Материалдарының қасиеттерін ата?

2.Керамикалық материалдарды қалай аламыз?

3.Керамикалық материериалдар қолдану түріне байланысты нешеге бөлінеді?

4.Керамикалық материалдардың қасиеттері қандай?

5.Керамикалық шликер мен сұйықтардың қоюлығын анықтайтын құралды ата?

6.Құрылыс матриалдарының тығыздығын анықтайтын құралды ата?

III.Жаңа материалды түсіндіру.

1.Керамикалық тақталар ең алғаш қай елде дамыды ?

2.Керамикалық тақталар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді ?

3.Керамикалық тақталар жасалынуына неше түрге бөлінеді ?

4.Керамикалық тақталарға сипаттама бер ?

5.Керамикалық тақталардың құрамдарын ата?

6.Казақстанның қай өңірінде қерамикалық тақталар шығарылады ?

7.Кернамикалық бұйымдардың негізгі қасиеттері ?

Керамика деп -минералды  заттардан (балшықтан) немесе олардың  қоспасынан қалыптау және күйдіру арқылы өндіретін қолтума тас материалдарды  айтады.

Ежелгі грек тілінде «Керамос»  құмыра балшықтан қалыптап кептіріп және күйдіріп алынған бұйым дегенді  білдірген. Кейінірек «Керамика» деген  сөз балшықтан жасалған бұйымдардың  бәріне таралған.

Керамикалық тақталар (плиткалар) –  бұл әртүрлі өлшемдегі пластинкалар. Оларды балшықты және фаянсты массадан қалыптау және күйдіру жолымен алады. Керамикалық тақталар (плиткалар) жоғары эксплуотациялық  қасиетімен ерекшеленеді, сондықтан, олар құрылыста кең қолданылады. Олар тұрғын ғимараттарының санузелдерінде, емханалардың операция бөлмелерінде, душтарда, моншаларда, тамақ өндірісінің  цехтарында және метрода  төселеді. Керамикалық тақталар ұзақ ғұмырлығымен және жоғары декоративті қасиеттерімен басқа қаптама заттардан асады. Оларды тұрғын үйлердің, өнеркәсіптік және қоғамдық ғимараттар мен үймереттердің ішкі және сыртқы  қаптамасы үшін қолданады. Тақталар үш түрлі болып шығарылады: фасадты, еденге тақталар және қаптама (қабырғаларды қаптауға арналған).

Қазіргі уақытта да керамикалық тақталар  деген сұраныс өсуде. Сондықтан, қабырғалардың ішін қаптауға арналған және фактуралы ірі өлшемді  еденге арналған түрлі-түсті және декоративті  плиткалардың өндірісі ұлғаю керек. Керамикалық плиткалардың әлемдік  практикасындағы өлшемі, формасы  және декоративтілігімен ерекшеленетін  ассортимент әрқилы. Керамикалық еденді тақталар кейде оны метлах плиткасы деп атайды, ол тас қаңқалы /піскен/ бұйым.

Бұл плиткалардың ерекше сипаттамасы жоғары тығыздығы, аз желінетіндігі, отқа жанбайтындығы, кеңістік әсеріне тұрақтылығы. Еденді плиткалар әйнекейленген, беті тегіс, кедір-бұдырлы болуы мүмкін. Әйнекейленбеген, бір түсті  /мрамор, порфир сияқты, өрнекті/ болып бөлінеді: Әйнекейленбеген плитканың қаңқасы ақ болуы мақсат емес, өйткені әйнекейленгеннен соң қаңқаның түсі әйнекеймен толық жабылады, Ол әйнекейлер әдейі таңдалады. Керамикалық еденді тақталарды режимі ылғалды және өте таза, қозғалысы көп бөлме дүкендерінде, вокзалдарда, дәлсіз сатылы клеткаларда, кейбір өндіріс ауруханаларда, асханаларда қолданылады. Қышқылға өте төзімді болуы себебінен еденді плиткаларды кейбір кезде қышқылдарды сақтайтын ыдыстарды және аспаптарды астарлау үшін қолданады.

Әйнекей қызуға төзімді болуы  керек. Әйнекейленген тақталар 100оС дейін қыздыруға және оны температурасы 15-20оС ағылған суға төзу керек. Әйнекейде шаш тәрізді кішкене жарықшақтар, үлкен жарықшақтар, әйнекейдің бөлінуі болмау керек. Әйнекейленген және жартылай әйнкейленген плиткалар жылтырақ немесе күңгірт, ашық немесе қаңқаның түсін жауып тастайтын әйнекейлермен жабылады. Тақталардың сыртқы беті және кілемдердің түсі, суреті, беттік өрнегі бекітілген үлгі эталонға сай болуы керек. Тақталарды қайталанбайтын суретпен өндіргенде (шашыратып-шаңдатып) үлгі эталонды көрнекті етіп бекітеді.


Қазақстандағы керамикалық  плитка өндіретін жалғыз зауыттың қуаты  артып келеді. Ендігі жерде жергілікті өнім нарықтан Қытайда өндірілген плиткаларды  ысырып шығаруы ықтимал.

Қарағанды облысы – Қазақстандағы  ең ірі қала және индустриялы-өндірістік орталықтардың бірі болып табылады. Бұл аймақ құрылыс өндірісіне қажет шикізат қорларына бай, сонымен қатар инфрақұрылымы  дамыған, әсіресе көлік-тасымал жүйесі реттелген. Сонымен қатар, Қарағанды  қаласында және оған жақын орналасқан Республикамыздың басты қаласы Астанада құрылыс индустриясы жоғары қарқынмен  дамуда. Сол себептен, керамикалық  бұйымдарды  шығару зауыты Қарағанды қаласында орналастыру барлық көрсеткіштері бойынша өте тиімді. Керамикалық бұйымдар өндірісіне қажет барлық шикізаттар мен жартылай фабрикаттар ресурстары жеткілікті  болып табылады.  Адам ресурстары жергілікті аймақтардан, яғни жақын орналасқан қалалардан алынады.  Жобаланатын зауыттың өнімділігі жылына 20 мың м3-ді құрайды. Еденге арналған керамикалық плиткалар өндіру зауыты Қазақстан республикасында өте аз болғандықтан бұл жобаланатын зауыттың өнімділігі жергілікті тұтынушылардың  қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 



Керамикалық массаның берілген шихталық құрамы, % :

Балшық...................................30 Каолин..........................41,6



Дала шпаты..........................13,3 Кварцты құм...................15,1



.

IY.Жаңа материалды бекіту.

1.Керамикалық тақталар ең алғаш қай елде дамыды ?

2.Керамикалық тақталар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді ?

3.Керамикалық тақталар жасалынуына неше түрге бөлінеді ?

4.Керамикалық тақталарға сипаттама бер ?

5.Керамикалық тақталардың құрамдарын ата?

6.Казақстанның қай өңірінде қерамикалық тақталар шығарылады ?

Y. Үй тапсырмасын беру .

1. Оқу қайталау



2. Конспекті қайталау

YI. Сабақ/ оқу қортындысын жасау, бағалау.

Студенттердің білімін бағалау
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет